Көктемнің осы бір айын әр-бір қазақстандық ерекше ықыласпен қарсы алады. Өйткені мамыр айы қасиетті мерекелер айы. Бірінші мамыр – Еліміздің татулықты ту еткен күні болса, 7-ші мамыр – Елімізді қорғаушы күні, ал 9-ші мамыр – нағыз баға жетпес Ерліктің ту тіккен күні. Мерекелердің айтылуы әртүрлі болғанмен идеясы біреу яғни бірлік пен елжандылық қашанда біздің барлық игіліктеріміздің темірқазығы екендігін айқындау. Бірінен кейін бірі келетін айтулы мерекелерді өз дәрежесінде ұлықтап, өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, жүрегінен өшпес орын алынуына аға ұрпақ қажырылық пен еңбектеніп келеді. Соның бірегей көрінісі Қазақстан – Ресей медициналық колледжнде өткен «Есімдері ел есінде» атты 11-ші сәуір Халықаралық фашистік концлагерь тұтқындарын азат ету күніне және 9-шы мамыр Жеңіс күніне арналған «Ұлы жеңіс – ұлы той» іс-шарасы. Бүл іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақтың өмірге деген құштарлығын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырумен қатар, студенттердің өткен тарихтағы аға ұрпақтың ерен ерлігіне тағызым етіп жадында мәнгі сақтауға баулу.
Он бірінші сәуір – Халықаралық фашистік концлагерь тұтқындарын азат ету күні. Соғыс жылдарында Германия Жерінде Освенция, бухенвальд, Холокост секілді ондаған ірі концлагерлердің болғаны мәлім. Зуламат жылдары жергілікті тұрғындар бұл жерді «ашал фабрикасы» деп те атап кеткен болатын. 1945-ші жылдардың 11-ші сәуірінде Бухенвальд концлагерінің астыртын комитеті қарулы көтеріліс ұйымдастарып, азаттық алды. Әлем тарихындағы бұл ерекше дата жылда аталып өтеді.
Алматыда сол азапты кезеңнің куәсі болған 50-ге жуық адам тұрады. Дәстүр бойынша олар жылда 28 гвардиялық панфиловшылар саябағында мәңгілік алау жанына жиналады. Биыл, Қазақстандағы фашизм тұтқындары қауымдастығының құрылғанына да 30 жылдан асты.
«Бала кезде көрген азапты ұмыту мүмкін емес» дейді олар. Алайда бейбіт өмірде еңсесін түсірмей, жиі бас қосып, жастармен кездесу олар үшін бақыт. Біздің, колледж ұжымы мен студенттеріне қауымдастықтың председателі Артемьев Вячеслав Михайлович бастаған бір топ ардагерлердің жастармен кездескен бақытты кезеңінің куәсі болу бұйырды.
Шара барысында мерекемен қонақтарын педагогикалық ұжымды, білім алушылар қауымын колледж директоры Қ. А. Жакенова құттықтады.
Студенттер мерекеге байланысты ақындардың, сазгерлердің патриоттық өлең, әнін, биінен шашу шаштық.
Бүгінгі жастардың болашағы, бақыт үшін , қан төккен әкелер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді, - деген нық сеніммен кешті аяқтадық.
Ұлы Жеңістің 74 – ші көктемі құтты болсын !
Қазақстан – Ресей медициналық колледжінің тарих пәнінің мұғалімдері: Ұзаққұлова Алтынгүл Садыққызы, Садуақасова Мақпал Болатқызы