kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? ханды?ына 550 жыл. ?деби кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: ?аза? ханды?ыны? дербес мемлекет ретінде ??рылуына негіз бол?ан хандар мен тарихи о?и?алар туралы на?ты т?сінік беру. Саяси о?и?аларды ?з бетінше т?жырымдай білуіне ба?ыт беру.Ханды?ты? негізін ?ала?ан Ж?нібек пен Керей с?лтандар  т?л?алы? ?асиеттері  ар?ылы о?ушыларды?  т?л?алы? ?асиетін ?алыптастыру. Т?уелсіздікті? бізге о?ай келмегенін, т?уелсіздікке жетер жолда ?анша бозда?тарды? ?иыл?ан жаны мен т?гілген ?анын айта отырып, ?з елін, ?з жерін с?юге т?рбиелеу.

К?рнекілігі: слайд – презентация, на?ыл с?здер, шарлар, г?лдер.

А?ырын к?й ойнап т?рады:

1-ж?ргізуші:     Армысы?, ?аза? елі!

2-ж?ргізуші:     ?айырлы к?н,  ?ымбатты ?она?тар,  ?стаздар,  ата-аналар!

1-ж?ргізуші:     Далада думан, ?алада думан жыр б?гін,                                                                

                            ?асырлар бойы а?сай да к?ткен б?л к?нім.
                            Жасай бер, жаса,ас?ардан аса ?р?ашан,
                            Кеудеме ?кеп ?ондыр?ан ба?ыт жыр ?нін.

2 - ж?ргізуші: Еуразияны?  ?а? ортасында орналасып, талай халы?ты?  к?недегі ж?не ?азіргі  кездегі тарихына ку? бол?ан, тарихы  солармен  та?дырлас ?аза? даласы,  ?аза? жері, ?аза? ?лты ?андай ?иыншылы?тарды бастан ?ткізбеді десе?ші.                                                                                                                                                 1 - ж?ргізуші: ?аза? елі - сонау Алтайдан Атырау?а шейін билік еткен Едігені? елі. ?аза? елі - ас?ан батырлы?ымен, а?ыл парасаттылы?ымен Египед еліне билік ж?ргізген Бейбарысты? елі. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? ханды?ына 550 жыл. ?деби кеш »

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 550 ЖЫЛ

Мақсаты: Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар туралы нақты түсінік беру. Саяси оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру.Хандықтың негізін қалаған Жәнібек пен Керей сұлтандар тұлғалық қасиеттері арқылы оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Тәуелсіздіктің бізге оңай келмегенін, тәуелсіздікке жетер жолда қанша боздақтардың қиылған жаны мен төгілген қанын айта отырып, өз елін, өз жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд – презентация, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер.

Ақырын күй ойнап тұрады:

1-жүргізуші: Армысың, Қазақ елі!

2-жүргізуші: Қайырлы күн,  қымбатты қонақтар,  ұстаздар,  ата-аналар!

1-жүргізуші: Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасырлар бойы аңсай да күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса,асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қондырған бақыт жыр әнін.

2 - жүргізуші: Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші. 1 - жүргізуші: Қазақ елі - сонау Алтайдан Атырауға шейін билік еткен Едігенің елі. Қазақ елі - асқан батырлығымен, ақыл парасаттылығымен Египед еліне билік жүргізген Бейбарыстың елі.

2-жүргізуші: Қазақ халқы-жауынгер халық. Олар аттың жалында, түйенің қомында жүріп-ақ ұлан-ғайыр жерді бізге мұра етіп қалдырды емес пе?! Жер болғанда қандай жер! Қазба байлықтың бәрі бар. Ең бай, шұрайлы, құнарлы, әсем жерлер, сұлу айдын көлдеріміз, асқар тауларымыз, шалқар белдеріміз, көз тартарлық табиғат байлығы – осы Қазақстан жерінде!
1- жүргізуші: Бүгін сіздердің назарларыңызға «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» толуына орай дайындаған кешімізді бастаймыз. Мерекелерініз құтты болсын!

2-жүргізуші: Керей мен Жәнібек бабаларымызды ертеңгі қазақ халқының тағдыры алаңдатқан. Дос болғанға құшақ ашар туыстай, қас болғанға қиып түсер қылыштай болған қазақ аталарымыз ер жүректі, батыр, салт-дәстүрімізге сай қонақжай болған.







Автор: Орыс ханның ұрпағы Керей сұлтан-әрі жас, әрі күшті жігіт. Ол басақа да жас сұлтандармен бірге хан кеңесі өтетін Сығанаққа жол тартады.Лауазымына сай сәнді киінген, қару-жарақтарын белдеріне байлап алған, ақсүйек сұлтандар Астананы бетке ұстайды. Жол бой көздеріне түскен үйірлі киіктер мен қызыл түлкілерді қуып, саятшылық құрады.Жолшыбай кездескен ауылдарға түсіп, ертедегі батырлар, баһадүрлер туралы жыр-толғауларды тыңдап, тынығады. Тыңдай отырып ержүрек қолбасшы болуды армандап, қиялға беріледі. Жәнібек пен Керей алғашқы кездесуінен кейін арада бірнеше жыл өтті. Жәнібек жаңа туысына әбден бауыр басып кетті.Соғыс өнерін де, төзімділікті де, даналықты да осы ағасынан үйренді.Екеуі далада кешқұрым оттың басында отырып далада не болып, не қойып жатқаны жайлы көп әңгімелесетін.Сондай-ақ мемлекеттің жаулары аз емес еді.Жаудың ішіндегі ең құдіреттісі өздерін ойратпыз деп атаушы қалмақтар болатын. Олардан бәрі қорқатын, Әбілқайырдан да сескенетін.

1457 жылы Әбілқайыр хан қалмақтардың жорығы туралы естіп, қарауындағы елге жасақ жию туралы жарлық етеді. Сол жылдың күз айларының басында ол қалмақтардан женіледі. Жарлықка құлақ аспағандарды Әбілқайыр хан жеңілудін себебі деп, жазалауға кіріседі

Ұлы жолдың басталуы (көрініс)

Керей мен Жәнібек сұлтандардың ордасы. Шағым айта келген ақсақалдармен әңгімелесіп отыр

Ақсақалдар:

-Шибандық Әбілқайырдың қол астында өмір сүру қиындап бара жатыр.

-Қанша сұлтанның жазықсыз жанын қиды, тіпті өз қандастарын-шибандықтарды да аямады.Ал сендерді баяғыда-ақ күлге айналдырғысы келіп жүр- деді ақсақалдар.

- Сендерді аңға шақырып, сол жерде сұлтандардың бәрінің көзін жоймақшы- деді ақсақалдар.

Керей:

-Тезірек қамдану керек. Бала-шағамыздың, ағайындарымыз бен іні-қарындастарымыздың өміріне қауіп төніп тұр,-дейді.

-Сенің ойың қандай?-деп сұрады Жәнібек.Мүмкін адам жинап шайқасқа шығармыз?

Керей:

-Мерт болған сұлтандар әскер жинап шайқасып көрген жоқ па? Одан не шықты? Бізге қарағанда олардың күші де басым емес пе еді? Әрі қол жинауға уақыттырды да жеткілікті болды.Ал бізде уақыт та тығыз. Әбілқайыр да бізге мұндай мүмкіндік бере қоймас.Тіпті біз сол адамдарды жинақтаған күннің өзінде хан жасақтарымен күш теңестіре аламыз ба?

-Олай болса, өлсек біргі өлерміз,- дейді Жәнібек.

Керей:

-Бұлай етуге болмайды. Біз өзіміздің ғана емес, бүкіл жақындарымыздың басын өлімге тіземіз.

-Онда не істейміз?

-Дала халқында ежелден келе жатқан салт бар. Билеушісіне риза болмаған халық ел шетіне, не басқа мемлекетке көшіп кетеді екен.Болмаса жат жерде жүріп өз мемлекетін құрады.Еркін адамдар деп аталған-қазақтар ең алдымен азаттық пен қаруды жоғары бағалаған.

Жәнібек:

-Айтып тұрғаның көңілге қонады. Қазіргі жағдайда біз үшін бұл жалғыз жол, бабадан мұра болып келе жатқан атамекенімізге қайта оралуымыз керек.

Жәнібек Керейге:

-Біздің руымыз да, қанымыз да бір. Тағдырымыз ортақ.Міне қолым. Бір өзіңе әрқашан қызмет етуге дайынмын. Ешуақытта саған қарсы қылышымды қыныбынан сурып, көтермеймін,-деп, кез –келген жағдайда көмекке, сүйеу болуға әзір екендігін көрсетті.

Керей жауап қатпастан Жәнібекке жақын келіп, досымен төс қағысты.

Автор:Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.Сұлтандардың көшіп кетуі Әбілқайыр ханның ашу-ызасын туғызды.

Шағатай еліне аттанып бара жатқан көш туралы естіген Әбілқайыр долданып, ыздан біресе сазарып, біресе бозарып кетті.

Әкім- бай: «Ойбай-ойбай кетті-кетті» –деп ,айқайлап жатады. Нөкерлері Әкім-байды сүйреп шығады.

Әкім-бай Әбілқайыр ханның «Ләппай, тақсыр»-деп аяғына жығылады:

Әбілқайыр:

-Сен не қарап жүрсің, есектің баласы?!. Сұлтандарды бақылай алмадың-деп айқайлады.Әкім-байдың табақтай бетінен бір тебеді.

Әкім-бай:

-Тақсыр, мені өлтіре көрмеңіз.,-(деп шыр-шыпр етіп)- Кінәлімін, кінәмді білемін, менің жазам-өлім. Осы кінәмді ақтап, қызметімді көрсеткім келеді.

Сәлден кейін өз-өзіне келген хан:

-Сен жаңа не деп мыңғырладың?! Айт. Егер бос сөз болса, шыжғырып, маңдайыңды ағызымын,-дейді зекіп.

Әкім-бай:

Тақсыр, Керей мен Жәнібекті жақтаушылар көп. Олардың арасына от салып,бір-біріне айдап салып, араздастыру керек.Сонда бір-біріне күдігі артып, соңы жауластыққа айналады.

Әбілқайыр:

-Нақұрыс (деп Әкімбайды аяғымен бір теуіп) Дәл қазір сенің қаның сел болып ағуы мүмкін, -дейді хан одан сайын айқайлап.

Әкім-бай:

-Тақсыр, мен сұлтандарды қолдаған ең үлкен тайпалар-арғындар мен қыпшақтарды қырқыстыратын астырытын сөз жайып жіберу керек екендігін айтқым келеді.Сонда бір-бірімен ұстасамыз деп жүріп, көтеріліс жайын естен шығарады.Қасқыр бір-бірімен қырқысса, қой аман қалады деген бар емес пе?

Әбілқайыр:

-Сен жарадың-деп мақтап қойды.Бар іске кіріс.

(Әкім-бай қуанышты еңбектеген күйі әміршісінің етігін сүйіп сыртқа шығып кетеді)

(Бәрі кетеді)

Ұлы жол ( көрініс)

Автор: Керей мен Жәнібек көштің бетін Моғолстанға бұрды. Моғолстан- Жетісудың көрікті шұрайлы жерінен Ертіске дейін, халқы көп Ташкенттен шебер қолөнершілерімен даңқы шыққан Қашқарға дейін созылып жатқан байтақ ел. Моғол әміршісі Есен-Бұғаның да дұшпаны көп болды.Басты жауы- өзінің ағасы-Жүніс-тін.1428 маймыл жылы Жүністі өз мақсаттарына жұмсамақ оймен темірліктер паналатқан.Қазір соның мезгілі туды. Темірлік Абу-Саид Жүністі шақырып , оған:

-Әкең Уәйіс ханның тағын қайтарытын мезгіл туды. Жат жереде қаңғырғаның жетер. Есен –Бұға ініңнің сазайын бер-деген.Жүніс қуанып кетіп, әскерді бастап, Моғолстанға бет бұрды.Осы кезде

Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған көш Шағатай еліне аттанып бара жатқан.Олар қаскүнем Әбілқайырдан дер кезінде қашып үлгеріпті. Тап сол кезде аңға шыққан сұлтандардың бәрі бірдей жазаланғаны жайлы хабар да жетеді.

Керей өзі айтып отырып хат жазғызады. Хатшы араб әріптерімен қаламмен қолынан келгенше өрнектеп жазып , Керейге ұсынады ,хатты қолына алып мұқият оқып шыққан сұлтан саусағындағы тамшыға ұқсас белгісі бар мөр-жүзікті шешіп алып, қағазға басып, бірнеше ақсақалдарды қосып, Жәнібекті Моғолстан ханы Есен-бұғаға аттандырады.

Жәнібек елшілермен бірге ордаға кіреді.Төрде құрметті орында отырған Есен-бұғаға «Алдияр» деп, сәлем береді.Есен-бұға орнынан тұрды да келгендермен амандасып, Жәнібекке жақын келіп, құшақтап қасына отырғызады.

Жәнібек Керейдің хатын береді.

-Мен сенің әкең Барақ ханды көргенмін.Ол менің әкеме , Моғалстанның әміршісі Уәйіс ханға Әбілқайыр таққа отырған жылы келген болатын.

Жәнібек:

-Иә, сол жылы менің әкем Барақ хан өмірмен қоштасты,-деп жакап берді.

Есен-бұға -Жатқан жері жайлы болсын.

-Әумин!-дедіЖәнібек.

Есен-бұға біраз ойланғандай кейіп танытып, былай деп сөз бастайды:

Есен-бұға:-Біз Кереймен сенімен туыспыз.Шыңғыс хан бабамыз бір-бірімізге көмек көрсетіп жүруді өсиет еткен.Сендерге жеткілікті жер беремін. Елдің басын біріктіріп, байрақтарыңды тігіңдер.

Жәнібек:-Тәуекел, бұныңыз дұрыс шешім,-деді Жәнібек.

Екеуі орындарынан тұрып, құшақтасады.

Автор:Есен-бұға өзбек-қазақтарға өз иелігі мен інісі Жүніс ханның иелігі арасынан жер бөліп береді. Бұл жерлер Шу өзенінің аңғары және Қозыбасы деп аталған .Кейін бұл өңір-қазақ елі деген атпен танымал болған.

Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу- рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті.

Моғолстан ханы Есен-бұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мұхамед Хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына , яғни 1465-1466 жылдарға жатқызады.

1-жүргізуші: Иә, қайран қазағым, ұзақ уақыт «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деген астарлы сөздің мәнін ұқсақ та, ашып айта алмадық. Айту үшін тарихқа бойлау керек. Ол сөздің салмағын, маңызын егемендікке қол жеткенде түсіне бастадық.

1-жүргізуші: Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,
Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.
Бұның бәрі дұрыс болмас түсінгің,
Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!
Ән:

2-жүргізуші:

Елің үшін қуанғын және қайғыр,
Даңққа бөлен өзің де данадай бір.
Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,
Аяздарға тоңдырмай аялай біл.
2-жүргізуші:

Тарихтың жадында даусың қалсын,
Дала өзінді жарылқап, тау шыңдасын.
Баста бізді бақытқа, көзіңдегі
Елге деген мейірім таусылмасын!
ӘН:

1-жүргізуші:

Пай - пай, пай!

Киелі неткен жер!

Батырлар дүбірлеп өткен жер!

Тұлпарлар дүрілдеп төккен жер,

Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,

2- жүргізуші:

Сарылып сал сері кеткен жер,

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!

Бұл маңда

Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға,

Тағзым жасаймын қырларға,

Шүкірлік етемін қашанда,

Осы бір Отанда тұрғанға.

Би: Әр ұлттың биі орындалады

1-жүргізуші:

Тәуелсіз-Қазақстаным,Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

2-жүргізуші:

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын

Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп,

Қазағым сен қашанда тұғырдасың.

Ән:

1-жүргізуші:

Жалғанның жартысындай қазақ елі

Алғандай көздің жауын сұлу жері

Ақ пейіл, дархан көңіл халқымыз бар,

Болғанда бірі сері, бірі батыр.

2-жүргізуші.

Әз бабам, азаттықты аңсап өткен,

Ел үшін талай саңлақ шахид еткен.

Солардың құдіретті ой - арманы,

Таңы боп тәуелсіздік бізге жетті.

Ән:

1- жүргізуші:

Көп ұлтты елім, гүлденіп өскен,

Тыныштық тілеп, бірлігін сақтар.

Түсініп терең өмірдің мәнін,

Жалынды жастар, сендерсің сәнім!

Шырқалсын шаттық әнім!

Отаным - ордам, Отаным - анам!

2-жүргізуші :

Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді.
1-жүргізуші: Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Шартарапқа таныстырған Елбасымыз: « Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн», – деді «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп маң–маң басатын болды. Елміз өркениетті замана ағысына қосылды.

Екі жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздік қасиетті туы желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін! Қазақ елі жасасын!

Хор: «Атамекен» Сөзі: Қадір Мырзалиевтікі Әні: Ескендір Хасанғалиевтікі




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? ханды?ына 550 жыл. ?деби кеш

Автор: Салман Назг?л Отар??л?ызы

Дата: 29.10.2015

Номер свидетельства: 245311


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства