А?т?бе облысты? арнайы (т?зетім) есту ?абілеті б?зыл?ан балалар
мектеп-интернат-колледжіні? тарих п?ні м??алімі
Та?ырыбы: ?аза? ханды?ы
Ма?саты:
Білімділік: ?аза? ханды?ыны? ??рылу тарихымен таныстыру, ?аза? жеріндегі т???ыш дербес мемлекетті? жаулап алушылы? со?ыстар н?тижесінде д?ниегекелгенін т?сіндіру. Керей мен Ж?нібек ханны? билік саясатына т?сінік беру.
?орытынды: Жалпы ?лтты? ??ндылы?ты біз жастарды? бойына сі?іре білуіміз керек. Президент д?ст?рлі жолдауында «М?нгілік ел» ?а?идасына айры?ша к??іл б?луі тегін емес. «Н?рлы жол» болаша??а бастар жол.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"?аза? ханды?ы" Кластан тыс шара»
Аребаев Т.Қ.
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар
мектеп-интернат-колледжінің тарих пәні мұғалімі
Тақырыбы: Қазақ хандығына 550 жыл «Ұлы дала дүбірі»
Мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниегекелгенін түсіндіру. Керей мен Жәнібек ханның билік саясатына түсінік беру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық:Өз бетінше қорытынды жасауға , өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Коррекциялық: түзетім жұмыстарын жүргізу; байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
Түрі: Пікіралмасу
Әдісі:Ой - қозғау
Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта, музыкалық аспаптар, жиналмалы бетшелер.
Жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Кіріспе сөз.
«Қазақ елі» бейнеролигі
Тарихқа үңілсек бөлімі.
Қорытынды
Мұғалім сөзі:Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» Нұрсұлатан Әбішұлы Назарбаев. Биылғы жыл – қалың қазақты бір жасатып тастады. Армысыздар бүгінгі тәрбиелік шараға жиналған құрметті оқытушылар, студенттер. Бүгінгі өткелі отырған тәрбиелік шара тақырыбы - «Қазақ хандығының құрылуы». Осы ерекше датаның бүгінде маңызы зор. Бүгінгі шара Дүбірлі тойдың өз деңгейінде атап өтілуі үшін бізідің қосқан үлесіміз болып табылады.
Жүргізуші
Армысыздар осы кештің қонақтары
Халқымның ашық болсын атар таңы
«Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл атты кешіміздің
Беделін көтерейік тарихтағы.
Жүргізуші
Сәлем бердік кешіміздің көрермені
Қазақтың ол анық қой өнер кені
Тарихи кешімізге қош келдіңіз
Алдарыңда болашақтың өрендері
1 жүргізуші
Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері , Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші.
Сіздердің назарларыңызға «Қазақ елі» атты видео ролигін ұсынамыз.
Жүргізуші
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт береке қашпасын деп,
Еліміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Жүргізуші
Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата мекенін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қатанда отаншыл, ұлтжанды болмақ.
«Өрнек» би тобының орындауында «Қазақ биі»
1 - жүргізуші: Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті. Көрініс. «Сұлтандар кеңесі» /Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/ - Ассалаумағалейкум, ағалар. - Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер. Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен? Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді. Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін. Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді? Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік. Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз. Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз. Керей: Жолыңды Алла қолдасын, Жаманшылық болмасын. Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы, Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы. Барған жерде құшақ жая қарсы алсын Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы. Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын, Көңілің шат, ат - көлігің арымай, Отбасыңмен аман - есен табысқын. Әумин.
1 - жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
Нұрғалиева Құндыз: Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.»
Уәйісова Гүлден:
Мырза Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.» 870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 - 1466 жылдары.
«Самға» әні - Хасанов Радмир
Жүргізуші
Арманы жүзеге асып бабалардың,
Рухы асқақтады даналардың.
Есімі қайта қауышты ұрпағымен ,
Нақақтан шәйіт болан ағалардың.
Жүргізуші
Аманаты Абылайдың орындалды,
Әлемге қазақ елі мойындалды.
Тілііні, дәстүрі халқымыздың,
Төрінен лайықты орын алды
Жүргізуші
Өркендеп алға басты Қазақстан,
Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.
Қуатты, берекелі, бейбіт елмен,
Санасатын болды енді дос пен дұшпан.
Қосқұлақов Нұрболат - «Алға, Қазақстан»
Жүргізуші
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы
Қорытынды: Жалпы ұлттық құндылықты біз жастардың бойына сіңіре білуіміз керек. Президент дәстүрлі жолдауында «Мәнгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» болашаққа бастар жол.