Хал?ымыз жан - жа?ты адамды « сегіз ?ырлы бір сырлы»,- дейді. Адамны? сегіз ?ырыны? бірі - оны? а?ылы, имандылы?ы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамны? к?кірегі ояу болады, жаман мен жа?сыны айыра біледі. Міне, біз б?гін «Имандылы? – т?рбие бастауы» деген та?ырыпта ?з ойларымызды орта?а салатын боламыз. Осы пікірталасымызды? сарапшыларын орта?а ша?ырайы?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Имандылы?-т?рбие бастауы" »
Саламатсыздар ма құрметті семинарға қатысушы ұстаздар,қонақтар,ата-аналар!
Халқымыз жан - жақты адамды « сегіз қырлы бір сырлы»,- дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі. Міне, біз бүгін «Имандылық – тәрбие бастауы» деген тақырыпта өз ойларымызды ортаға салатын боламыз. Осы пікірталасымыздың сарапшыларын ортаға шақырайық.
Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті. Қазіргі кезде ата - анасын қарттар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп, жүрген алаяқтар, маскүнем, ұрылардың көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын. Сондықтан, мектепте имандылық тәрбиесінің берілуі оқушылар бойына ізгі қасиеттерін сіңіру үшін, өзін мұсылман деп тануға ұлтының озық дәстүрін, әдет - ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне игі әсер етеді деп сенеміз. Ендеше бейнесюжетті көрейік. «Иманды бол»
Сұрақ:Имандылық деген не, иманды адам деген кім екені туралы заңды сұрақтан бастасақ.
Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз.
С:БАҚ жастарды ізгіліктен гөрі басқа нәрселерге тәрбиелеп жатқан жоқ па?
Жастарға ұлттық салт-дәстүрді үйретуде, басқа этностардың салт-дәстүріне құрметпен қарайтын иманжүзді, саналы жастарды тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр деп ойлайсыздар ма?
Мал – мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Қазіргідей «мал үшін біреуді алдап, біреуді арбаған» жандар кездесіп отырған кезде мұндай сөздің маңызы да жоғары.
Иман – қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата – бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі – осы. Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Абай атамыз да адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталатынын айтып,иманигүл деп атау берген.. Халық түзеуді жол қылайық» деген кемеңгер Мұхтар Әуезов те жас жеткіншектерге кемел тәрбие беру үлгісін имандылықтан іздеген. Бесікте жатқан жас сәбидің жүрегіне имандылық нұрын құйған жөн деп есептеген.
«Неге» видеоролик.
С:Имандылықтың негізгі тірегі не деп ойлайсыздар? Қандай ұрпақты иманды деп айтамыз? Қоғамға береке беретін осы имандылық десек қателеспейміз бе? Имандылық қасиеттің сырына тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы имандылықтың үш негізін өздеріне тірек еткен. Ол, біріншіден, дін. Яғни, ерте ғасырлардың өзінде – ақ ұлан – ғайыр қазақ сахарасына кең тарап, жергілікті ұлттардың (оның ішінде түркі тектес тайпалардың) арасына сіңіп, олардың өмір – тіршілігімен қабысып кеткен ақиқат дін – Ислам діні. Пайғамбарымыз Мұхаммед жайған діннің ең тазасын қаймағын бұзбай, сол қалпында елдің санасына жеткізген әулие аталарымыз. Халқымыз имандылық нұрының бастауларын сондай жүрек көзі ашылған перзенттерінен алды деп толық сеніммен айта аламыз. Екінші тірегі – салт – дәстүр. Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке» дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі. Имандылықтың үшінші тірегі – ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан – ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды.
Атамыз қазақ ежелден мәдениетті, байсалды, ұстамды, әдет-ғұрпы белгілі бір жолға түскен, ұлттық сана-сезімі бар иманжүзді халық. Сол кездегі жастарымыз үлкеннің алдынан кесіп өтпейтін, сөзге тоқтайтын, сөз қадірін бағалай білетін иманы жоғары жандар еді. Сонын да нәтижесі болса керек, ел ақсақалдары тәрбиелі бір қызметті бітіргенде немесе бір қайырымдылық іс жасағанда «тәңірі жарылқасын», «иманды бол шырағым», «көп жаса», «көсегең көгерсін», «жаныңа жамандық бермесін» деп, тілек айтушы еді.
С:Ұрпақ тәрбиесінде әке-шешенің рөлі? Әрбір ата-ана балам жақсы, тәрбиелі болса екен дейді, ал баласы керісінше қисық бұтақтай қисайып, жаман атқа душар болып жатады. Негізгі себебі не?Дұрыс тәрбие дегенді ата-аналар қарны тоқ болса, киімі көк болса, оқу орнына түсірсем, оқуда озат болса міндетім орындалды дейді. Басқа ұлы негіздерді ұмыт қалдырып жатқан жоқпыз ба?
Хадистер- мұсылман әлеміндегі адам құқының негізгі ережелері. Үш түрлі қасиет бар, осы үшеуіне ие болған адамдарға Тәңірім қиямет күні мейіріммен қарап, жәннатқа кіргізеді: Үш түрлі адамдар бар,- оларға бейіштің есігі жабық: Үш түрлі адамдар бар, Тәңір о дүниеге барғанда олармен сөйлеспейді, рахымы да түспейді, кінәларын да кешпейді: Тату-тәтті тұрған жұбайлар. Ата-анасына мейірімді болған адамдар. Қол астындағыларға қадірлі болған адамдар.
Ата-анасының қарғысына ұшырағандар. Ішкілікке мүлде салынып кеткендер. Берген қайыр –садақасын не жақсылығын міндет қылушылар.
Қу медиен шөлде келе жатқан адамға бір жұтым су бермеген адам. Тәңірінің атын айтып, өтірік су ішіп, сатушы адам. Өз патшасымен пайда көрсе, сертінде тұрып, пайда көрмесе, қиянат іс жасайтын адам.
Қоғамымызда осындай адамдар кездесетіні өкінішті...... (пікірлесу) «Жетімнің монологы»көрсетіледі.
М.Әуезов адамдардың өмір жолын екі түрге бөледі бірі – хайуани салахият (қабілет, шама), яғни, хайуан тектес өмір, екіншісі – инсаният, яғни, адамдық жолы. Тіршілік қамын ғана ойлап, сонымен ғана өмір сүру, ақыл парасатқа жүгінбей, тек ішсем, жесем, ұрпақ қалдырсам деп өмір сүру, біреуден артық болсам деу хайуанға да тән нәрсе.
С:Рухани байлығымыз жоғалып бара жатқан жоқ па? Еліктеушілік, жалпы ерлердің әйелге, әйелдердің ерге ұқсауы иманның әлсіреуіне алып келмей ме?
Отбасындағы тәрбие маңызды рөл атқарады. Себебі, әрбір отбасындағы адам өз қоғамының мүшесі. Қоғамының жақсы болуы, әр адамның қоғамға мүше болғанға дейінгі алған тәлім-тәрбиесіне байланысты. Иманды ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғамға қосу - әр ата-ананың міндеті.
«Иманды бол» деп үлкендер бата беріп жатады. Бірақ сол имандылықтың жолын үлкендер жастарға, ата-ана балаларына көрсете алып отыр ма? Өткен дәуірдегі ата-ана тәрбиесімен қазіргі отбасы тәрбиесінің арасында алшақтық бар ма?
Жалпы имани тәрбиенің артықшылығы неде? 1. Аллаһты тану ілімі арқылы көп жаманшылықтардан алыстатады; 2. Аллаһтың ризашылығында ата-ананың разылығы барын ұғындырып, оларды құрметтеуге үйретеді; 3. Туысқандық, ағайындық қарым-қатынастың, бауырластықтың қадірін ұқтырады; 4. Көркем мінездің қалыптасуына ықпал жасайды; 5. Қуанышта шүкір, қиындықта сабыр қылуға шақырады;
Топтар қысқа ғана тұжырымдарыңызбен қорытындылап кетсеңіздер. Сарапшыларға кезек берейік.
Мүмін болсаң алдымен иманды бол, Адамға иман өзі ашады жол,- деп Абай атамыздың тағдырымыздың бұл дүниеде де, ақыретте де бақытты болуымыздың керемет жолын нұсқап бергені осы сөздерден көрінеді.
Сондықтан келеңсіз құбылыстармен мәселелерді шешіп беретін ұлы байлық-иман байлығы. Бұл дүниеде дүниенің байлығы материалдық игіліктер байлығы бар,оларды ешкім жоққа шығармайды. Бірақ ең ұлы қорғауға тиісті болған астың дәмін келтірген тұз секілді өміріміздің мәнін кіргізетін нәрсе иман.
Сөз соңында, ел президенті Н.Ә Назарбаев «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде – оларға жастайынан имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген сөзін басшылыққа алып, пікірталасты қорытындылай келе, Иманды болайық дегім келеді.
Кері байланыс: Қатысушылар«Екі жұлдыз - бір тілек» Алма ағашына пікірталас туралы ұсыныс сын-пікірлерін жазады. «Ата-ана парызы» әні орындалып тұрады.