" Ереуіл ат?а ер салмай." та?ырыбында 8-сынып о?ушыларымен ?ткен тарихи кешті? сценарийі. Кеш барысында о?ушылар ХІХ ?асырды? бірінші жартысында?ы к?рнекті а?ын, халы?ты? арман – тілегін жо?та?ан, Исатаймен бірлесіп, халы?ты отарлау саясатына, хан - с?лтандар?а ?арсы к?теріліс баста?ан Махамбет ?теміс?лы жайлы білімдерін ке?ейтіп, Махамбетті? тек тарихи т?л?а, батырлы?ымен ?оса ата?ты к?йші, сонымен бірге жалынды а?ын екені туралы м?лімет алып, шы?армаларымен танысады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ереуіл ат?а ер салмай..." /тарихи кеш/ »
Тақырып: «Ереуіл атқа ер салмай...»
Мақсаты: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы көрнекті ақын, халықтың арман – тілегін жоқтаған, Истаймен бірлесіп, халықты отарлау саясатына, хан - сұлтандарға қарсы көтеріліс бастаған Махамбет Өтемісұлы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту. Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге және тәуелсіздігімізді нық ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Махамбет туралы слайдтар, Махамбеттің күйлері, қанатты сөздер.
1-ж:
Алатау өспейді екен, өшпейді екен,
Ауыздан алып аты түспейді екен.
Кәрілер: «Киелі ер-ай!» - деп күрсініп,
Жастары: «Ер ұрпағы – біз», - дейді екен.
2-ж: Иә, дүниені дүр сілкіндіре қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған 1936-1938 жылғы шаруалар көтерілісі болса, сол дүр сілкіністе қол бастап, халыққа жол көрсеткен Исатайдың серігі,
1-ж: Ақын – сері
2-ж: Батыр – алғыр
1-ж: Махамбет Өтемісұлының туғанына – 210 жыл.
2-ж: Ендеше, бүгінгі «ұлы таулар аласармайды, үлы есімдер ұмытылмайды» айдарымен өткелі отырған «Ереуіл атқа ер салмай...» атты салтанатты кешімізді Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығына арнаймыз.
1-ж: Махамбет – таңғаларлықтай табиғи үйлесім тапқан ақындығы мен батырлығын бір ғана мақсат жолына – туған халқының бостандығы мен еркіндігі жолындағы жанкешті күреске арнаған данқты тұлға.
2-ж: Махамабет халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриоттық ақын. Оның өлеңдері – шаруалар көтерілісінің айнасы. Ол өз шығармаларында әлеуметтік өмірдің шындығына көз жібере білді. Сол кездегі қанаушылыққа қарсы наразылық білдірген, айналысына риза болмай, алға ұмтылған, алдағы күннен жақсылық күткен, сол жақсылыққа күреспен ғана жетпек болған. Махамбет ел үшін еңіреген ерді аңсаған, соған бар ақындық жүрегін арнаған.
1-ж: Махамбет туралы айтқанда, оны Исатайдан бөліп – жарып қарауға болмайды. 1836-1838 жылы халық «ереуіл атқа ер салғанда», Махамбетттің өзі айтқандай, «Исатай – басшы, мен – қосшы» деп, екеуі де отаршыл озбырлыққа қарсы халық наразылығын ұйымдастырды.
2-ж: Жалынды ерлігімен, жырларымен халқының көкірегінде қалған ардақты ұлдардың бірі – Махамбет Өтемісұлы алтынмен апталмай-ақ көмілген, кезінде басына ескерткіш те қойылмаған. Өзінің өнегелі істерімен, отты алмас қылышты жырларымен халқының жүрегінде мәңгі сақталып келе жатқан ақын, әрі халқының бақыты жолындағы күрескер ақын жөнінде бүгін ой қозғамақшымыз.
1-ж: Сірә, Махамбеттің орны ең алдымен әдебиетте емес, тарихта сияқты. Өйткені ол елді еркіндікке, тәуелсіздікке талпынтқан ұлт – азаттық қозғалыс басшыларының бірі. Махамбет тұрғызған дауыл Жайықтан басталып, Сарыарқадан Кенесары қозғалысымен аяқталады. Оның ақындық қасиетін де ашқан сол тарихи кезең сияқты.
2-ж: Иә, Махамбет біріншіден, ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, екіншіден, арқалы ақын. Оның отты жырларының өзегі де азаттық тақырыбы болды. Олай болса ендігі сөзді бүгінгі конференцияға жиналған қонақтарға берейік.
1-ж: Құрметті ғалымдар, жазушылар, өздеріңізді арнайы шақырып өткізгелі отырған конференциямызды бастайық. Конференция тақырыбы сіздерге белгілі. Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығына арналады. Бірінші кезекті тарихты зерттеуші ғалымдарға берсек.
1.Тарихшы ғалым: Махамбет 1803 жылы Еділ, Жайық арасындағы Нарын құмында, Бекетай деген жерде дүниеге келген. (Қазіргі Орал облысы) Махамбеттің арғы атасы Қызылбас (парсы) жұртынан деседі. Ел аңызында осылай. Парсының Нәдірше деген патшасының баласы екен, дәрияда серуен салып жүргенінде кемесі жарылып, бергі (қазақ) бетке ығып шығады. Жас ханзаданы Байұлының Беріш руының адамдары тауып алып, еліне алып келеді – мыс. Баланың аты Құлманияз екен. Беріш руының Жауғашар деген кісісі оны бала қылып алып, Құлманияз (неге екені белгісіз) бертін келе Құлмәлі атанып кетеді. Келе-келе осы баладан өргендер бір тайпа ел болады. Құлмәлі балалары: Шыбынтай мен Өтеміс. Өтеміс Айшуақ – Бөкей дәуіріндегі беделді билердің бірі болған. Махамбет бір өлеңінде:
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік, - дейді. Өтемістің он баласы: Тоқтамыс, Бекмұханбет, Махамбет, Исмайыл, Досмайыл, Қожахмет, Әйіп, Хасен, Сүлеймен, Ибрайым.
Махамбеттің ақындық, шешендік таланты елге ерте танылады. Ол жас кезінен батыр, палуан, мерген, домбырашы, ақын атанады.
Хан беделін көтеру үшін талантты адамдарды өз маңына жинайды. Махамбетті де баласы Зұлқарнайынның ақылшысы етпек болады. Бірақ бұқараға істеп отырған хан қатыгездігін көрген Махамбеттің іші жылымайды. Тумысынан батыл, қызу қанды, «от тілді, орақ ауызды» Махамбеттің өзін мақтаушы емес, даттаушы болатынын аңғарып, оны Ордадан қуып жібереді.
2.Тарихшы ғалым: Мен өз сөзімді Исатай мен Махамбет өмір сүрген кезеңнен біраз мағлұмат беруден бастасам.
1815-жылы Бөкей өлді. Жас баласы Жәңгір хан болды. Бірақ жас болғандықтан, ол кәмелетке толғанша, 1823 жылға дейін Орданың істерін Бөкейдің інісі Сығай (әйгілі күйші Дәулеткерейдің әкесі) басқарады. 1823 жылы Жәңгір хандыққа отырады. О заман да бұ заман қазаққа хан болғандардың ішінде ең бірінші де, ең соңғы да білімдісі – осы Жәңгір. Жәңгір Астрахан губернаторы Андреевский дегеннің қолында өсті. Орысша, арапша, парсы тілді жақсы меңгерді. Сауда – саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды. Патша үкіметіне толық арқа сүйеген Ішкі Орда ханы қолына әкімшілік, сот биліктерін шоғырландырып, Орданы басқару жүйесіне бірқатар өзгерістерді іске асырды. Патша үкіметінің қаражатына Жасқұс деген жерде хан сарайын салғызады. Шүрайлы, тәуір жайылымды жерді хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектердің, билердің жеке өз меншігіне беріп, осыны заңға айналдырды.
1801 жылдары патшаның қазақтікі деген жерін өзінікі деп ұқты. 400 мың гектар жерге ие болды. Патшаның шоқпарын соқты. Жәңгірдің заманында ел мен ханның арасы айтқандай болып бөлінді.
Көрші елдер шабуылынан алым-салықтан, штрафтан әбден қансыраған, барар тау, басар жері қалмаған қазақтың ханға, төрелерге, патшаға деген ыза-кегі арта түсті. Ноғай қызына үйленген Жәңгірге ойын-сауық, сән-салтанат керек болды, патша өмірін аңсады. Елдің тыныштығын алуға себеп осылар болды. Елді руға бөліп, бір-бір төреден сайлады. Олар Жәңгірдің айтқанын іске асырды. Елге түскен таршылықты көріп, ханды тура жолға салам деушілер де болды. Бірнеше жиылыстар өткізілді. Сол кезде Исатай көзге түсіп халық мұң-мұқтажын оған айтып, пана тапты. Исатай ханға бағынбады, Қарауылқожа ханға Исатайды жамандаумен болды, хан алдына ел тілегін, көрген зәбірін айтып келген Исатайды Жәңгір тыңдамай, қаматады. Алпыс атан айып алып босатады. Халық екіге бөлінді. Қара халықты Исатай билейді. Исатаймен табысуды ар көрген хан Исатайды орыс әскермен қорқытып көндірмекші болады, патшаға арыз түсіреді.
3. Тарихшы ғалым: Иә, Исатайдың басты мақсаты – халыққа жайлы қоныс табу, хандарды, төрелерді құрту, қазаққа теңдік әперу болса, Ағатай батырдың тұқымы, Исатайдың серігі, ақылшысы, от ауызды, орақ тілді, батыр – Махамбет, Жәңгірдің старшыны болып, елге көмегін тигізе алмаған соң Махамбет Исатайға еріп, қол бастайды. Жан-жақты қыса берген соң, жердің бостандығы, елдің азаттығы үшін атқа қонған азаматтардың айтары, елінің қамы үшін қылыш сермеген Махамбеттің арманы:
Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім,
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Махамбет – Исатайдың жолдасы, шәкірті, жырау. Исатайдай елді сонынан ертіп күреспеді, бірақ өзінің өткір де жалынды жырларымен елді үгіттеуімен көтерді, соңынан ертті. Ел қамы мен ер намысы атқа қондырған ақын. Осыншама бөлекше біткен болмыс пен құдірет тек Махамбетке тән. Қапталған қара бұлттай қамалған жаудан сескеніп, айылын жиюды намыс көрді, өзгелерді де соған үндейді. Ол батырдың қажетінде – қалқаны, сермегенде – семсері бола білді. Исатайдың арманы Махамбеттің өз дауысы арқылы бүкіл қазақ даласына тарап жатты. Махамбет туралы Халел Досмұхамбетов: «Махамбет – қолбасшы, жауынгер емес, ол – жалынды үгітші», - деді. Оған дәлел: Махамбет үнемі Исатайды өзінен биік қойып сөйлейді «Исатай басшы, мен қосшы»,«Исатай деген ағам бар, ақ кіреуке жағам бар», «Теңіздей терең ақылдым, тебіренбес ауыр мінезім», - деп дәріптейді.
1838 жылы 12 шілде күні соғыста Исатай қапыда мерт болды. Махамбет елді артынан ерте алмады. Исатай өлімінен кейін Махамбет оны жоқтаумен сергелдеңге түседі. Шағын тобымен Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды. Махамбет халықты біріктіруге бірнеше рет ұмтылады. Бірақ оған халық ермейді. Махамбет үгіттеуші, ақын, батыр болғанымен, оның Исатайдікіндей үйымдастырушылық қабілеті болмады. Сөйтіп Махамбеттің елді күреске жұмылдырғысы келген әрекеті сәтсіз болады. Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіуіне байланысты қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақов халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, ақынның сыртынан бақылау қояды және патшаға адал қызмет етуге берілгендігін дәлелдеу үшін Махамбетті өлтірудің жоспарын жасайды. Осы ойын іске асыру мақсатында Баймағамбет сұлтан Махамбетті тірідей қолға түсіріп әкелген адамға ескі патша ақшасымен 1000, ал басын кесіп әкелген адамға 500 сом төлейтінін жария етті. Арнайы жасақталған топтың жендеттері ондай опасыздыққа шімірікпей барады да.
4. Тарихшы-ғалым: Қаройдың құдығында жаба-салма құрып қана жалғыз үй отырған Махамбет сырттан ат дүбірін естіп, жүгіре шықса, анадай жерге жиырма-шақты атты келіп қалған екен.
Батыр аулағырақта арқандаулы тұрған атына жүгіргенде, ана топтан бір-екеу бөлініп, одан бұрын барып, аттың арқанын қиып, әрі айдап жібереді. Сөйткенше:
-Әй, Махамбет? Оу, саған не болған? Оу, нағашы! – деп, ана топтан бір жалаң-сары ыржалаңдап, алға шығады.
Өзінің алыс тұмасы, әрі дос-сымағы Төлейдің Ықыласын Махамбет тани кетеді.
Ықылас енді батырды жыланша арбап, жылман сөйлеп, ақыры жәй тұрып-ақ келген шаруасын айтады. Алдында Муат деген адайдың төрт жылқысы ұрланған екен, соны іздеп шыққан жоқшымыз, дегенді айтады. Іштерінде және ақынмен рулас Беріш Боздақтың Жаңабергені, Нуралының Мусасы, Өтеулінің Жүсібі дегендер бар.
Ақынның үйіне барлығы бірдей сыймайды да осылар және бәреулер ішке кіреді. Қалғандары сыртта аттардың қасында қалады. Мосыға мыс шәйнек ілінеді, әңгіме дүкен басталады.
Махамбет әлгі жерде қонақтарына өзінің алдыңғы күні көрген түсін айтады:
-Өз басым өзіме иіліп, сәлем берді. Бұл неге көрінері?
Әркім әртүрлі жориды онысын, қайткенде бірақ ешқайсысы іштеріндегі зұлым пиғылын білдірмей бағады.
Осылай ақынның ақ дастархан, адал дәмінің үстінде отырғанда оң жағында отырған Ықылас «досы» Махамбеттің иығына асыла кетеді. Әп-сәтте опыр-топыр бола қалады. Сонда ғана соғылғанын бір-ақ білген батыр үстіне қонған бес-алтауды «Әуп!» деп көтере тұрегелгенде, бар айтқаны:
-Қатын-баладан аулақ! Қатын-баладан аулақ! – дей беріпті. Барлығы ұмар-жұмар болып сыртқа шығады...
Бір уақыттарда, күн еңкейіп, көкжиек қызара бастаған шақта туыстары естерін жиса, Ықыластар аттарына мініп, кетіп қалған. Анадайда ат қазықтың түбінде батырдың денесі жатыр. Үстіндегі киімі дал-дал, аяғындағы әміркен етігі жоқ. Сосын... басы жоқ!
Қоңыр топыраққа шып-шып тамған қызыл қаны құрғамаған жып-жылы денені құшақтап, дауыс сап жылап, қатын-бала, ынжық іні қала барады.
Сөйтіп, 42 жасында 1845 жылы «қорлықта жүрген халқына... ақырып теңдік сұраған» ақиық ақын, айбынды батыр отаршыл мен олардың қолшоқпары – хан, сұлтандардың қолынан мерт болды.
5.Тарихшы-ғалым: Махамбеттің басын Баймағамбет сұлтанға алып барғанда сұлтанның жанында Шернияз ақын да отырады. Ықылас басты қызыл қолтабаққа салып, бетін матамен жауып әкеледі. Сұлтан: «Қандай сыйлық әкелдің?» - деп матаны қанжардың ұшымен ашып қалғанда қолтабақта Махамбеттің басы жатады. Шернияз әуелі «Бұл кім?» деп ойлады ма, ұзақ қарап, ақынның басын таныған соң, айқайлап далаға жүгіріп шығады.
Ақ патшаға адал қызмет еткені үшін сұлтан Баймағамбет Айшуақовқа генерал-майор атағы беріледі. Бірақ Махамбеттің кегін қуған жақын достарының бірі (кейбір деректерде бажасы деп те көрсетіледі) Санкт-Петербургтен марапатталып келе жатқан сәтінде сұлтанды суға батырып өлтіреді. Баймағамбет сұлтан өлгеннен кейін Махамбеттің Шыңғырлауда жерленген басын ағайындары сұрастырып жүріп тауып, денесі жерленген Индер көлінің маңындағы Қараой деген жерге әкеліп көмеді. Өмірі арпалыспен өткен Махамбеттің дүниеден өткеннен кейінгі жолы да өте ауыр болады. Қайғылы қазаға ұшырағанына 120 жыл өткенде антрополог Ноэль Шаяхметов Махамбеттің тірі кезінегі бет-бейнесін жасау мақсатында ақынның сүйегін қабірінен қазып алып Алматыға алып келеді. Сөйтіп, Герасимов әдісі бойынша мүсіндік бейнесін жасайды. Бірақ халқымыздың ардақты азаматының сүйегі сол мезетте қайта жерленбей, қапқа салынған күйі 17 жыл бойы әр жерде жатады. Тек 1983 жылы ғана қайта жерленіп, 1995 жылы басына кесене тұрғызылады.
«Менің атым – Махамбет»» оқитын 5а сынып оқушысы Құрманәлі Дәулет
«Исатай деген ағам бар» оқитын 5а сынып оқушысы Нұхмеджан Елдар
«Ереуіл атқа ер салмай» оқитын 8а сынып оқушысы Болан Ербол
«Қызғыш құс» оқитын 5а сынып оқушысы Мұңлық Думан
1.Әдебиетші-ғалым: Мен жарқын талант, ер жүрек батыр, ісімен де сөзімен де, кейінгі ұрпақтарды таң қалдырған Махамбет Өтемісұлы жайлы айтпақпын.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады. 1836-1838 жылдардағы көтерілістің жылнамасы да, мәнімен маңызы да Махамбеттің өлеңдерінде тұр. Ол – уақыт желінің қалай соғарын көреген көкірегімен сезетін, заманының ақыны. Махамбеттің атқан оғынан неше адамның өлгенін біз білмейміз, бірақ айтқан сөзінен мерт болғандар тарихта белгілі дейді. Жауынгерлік жырлардың інжу-маржанын ұрпағына мұра еткен. Махамбет – ерлік пен намыстың ақыны. Қазтұған – Шалкиіз, Ақтамберді жыраулардың жалғасы. Махамбет – сан ғасырлар бойғы тәуелсіздігіне ұмтылған бабалар рухының нақты көрінісі. Ерлікті сырттай дәріптеу емес, қан майданның бел ортасында жүріп, қатерлі шақты өз басынан өткерген, жауынгерлік әрекеттердің үлгісін көрсетіп, азаматтығы мен ақындығын қатар үстаған асыл тұлға. Махамбеттің ақындығы батырлығымен тең түседі.
Жалынды сөзі – жаудың оғы. Туындылары тұтастан азаттығы жолындағы күреске құрылған. Махамбет жырлары – ерліктің, өрліктің гимні, қайсарлықтың символы, елдіктің туы. Жасандылық жат, алмас қылыштай қылпып тұрған, ыза мен кекке толы, делебеңді қыздырып, намысыңды сілкіп, жігеріңе от құятын ақын өлеңдері қайнаған қан мен ашынған жанның, ақиқат пен әділет үшін жанталастық, дауылпаз үніндей естіледі. Ерегескен душпанға қызыл сырлы жебедей қадалған Махамбет – жақсыларға еп, жамандарға көп, лапылдаған өрт.
2.Әдебиетші ғалым: Иә, дұрыс айтасыз.
Сүйегім тұтам қалғанша,
Тартылмай сөйлер асылмын, - десе, енді бірде:
Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын,
Шамырқансам, шатынап сынар болатпын,.. – дейді.
Мына жолдар еңіреп жүрген ер бейнесін сомдай түскендей:
Еңселігім екі елім,
Егіз қоян шекелі,
Жараған жазық, мойны ұзын,
Оқ тартарға қолы ұзын,
Душпанына келгенде
Тартылмай сөйлер асылмын.
Құла бір сұлу ат мінген,
Құйрық, жалын шарт түйген,
Құм сағыздай созылған,
Дулығалы бес кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жауды көріп қуанған.
Мен – Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын, - дейді.
Ақын өлеңдерінде мінез бар мінезсіз өлең – өлең емес. Сол мінезділік кез келген өлеңіне тән.
Бірте – бірте ақынның өз образы сомдалып, бітімі бөлек, ерекше тұлғаның автопортретін елестетеді. «...Ағыны қатты Жайықты тіземмен кешіп өтемін». «Мен, мен едім, мен едім», - деп қасқайып тұрып айту үшін де құдірет, мінез керек.
3.Әдебиетші ғалым: Махамбет өлеңдерінде қабырғасын сөгіп, қанын судай төгіп жатса да, өр қалпынан айнымайтын Исатай образы ерекше орын алады. Ерлігіне бас иіп, жаужүректігіне тәнті болады. Әр туындысынан даланы еркін де ерке лебі есіп, тұлпардың дүбірін естігендей боламыз. Осы жолды «Ереуіл атқа ер салмайдағы» «ереуіл» сөзі – Исатай – Махамбет көтерілісімен бірге қалыптасқан, олар көтерілісті «ереуіл» деп атаған. Ол қазақ лексиконына сол кезден енген. Міне бүгін Махамбет ұрпағының тәуелсіздікке қол жетуінің өзі де сол болар.
«Нарында» оқитын 9а сынып оқушысы Сатов Еркебулан
«Әй, Махамбет, жолдасым» оқитын 8б сынып оқушысы Бағашар Мухамедсаит
«Баймағамбет сұлтанға айтқан сөз» оқитын 9а сынып оқушысы Ықылас Д.
«Мұнар күн» оқитын 9а сынып оқушысы Асқаров Аян
1.Мәдениет зерттеуші ғалым: Махамбет тек батыр, ақын ғана емес – сері. Артынан өнерпаз боз балаларды жиып, серілік сергелдеңін балтырдан кешіп, толғауын толғап, әнін шырқатумен қызықты кешті. Оның жырау атауы ауызға ілікті. «Қырымның 40 батырын» түнді-түнге соғып жырлады. Ол – тамаша әнші де болған өнерпаз. «Бес тайпа», «Үш тайға» әндері әлі сақталған. Махамбет өз жанынан әндер шығарған жыршылыққа, күйшілікке әбден ден қойған. Махамбет достыққа адал, ғашықтық азабын да тартты. Махамбет өзінің қандасы ретінде Шалкиізді тірілтті, қайталады, жыраулығын жалғастырды.
2.Мәдениет зерттеуші ғалым: Сонымен бірге Махамбет – Батыр күйші екендігі әуелден белгілі. Халел Досмұхамедұлы Махамбетті «алып ақын, домбырашы» десе, 1937 жылы Мұхтар Әуезов «Махамбет әрі батыр, әрі ақын - жырау, әрі домбырашы» деп жазған. Жалпы, Махамбет күйлері – Батыс Қазақстанның нағыз адуынды төкпе күйлері. Оларда Махамбеттің «Мен, мен, едім» сынды екпінді жырларының сарыны, Мұхит әндерінің иірімдері бар. Күйлерінде поэзиясы сияқты батырлық пен ерлік, бастан кешкен жайттар баяндалады. «Жұмыр, Қылыш» күйі Жұмыр және Қылыш атты жолдастарына арналған. Исатай өлгеннен кейін жалғыз қалған Махамбет тағыда күш жинап, ханнан кегін алу үшін жайық бойындағы Байбақты еліне барады. Ол жақта Жұмыр (шын аты Садыр болған) және Қылыш деген батырлармен кездесіп, жолдас болады. Осылай жасырынып жүрген, жанына қос батырды ерткен Махамбет Байбақты ауылының төрелерімен бір үйде отырған Баймағамбет Айшуақовтың үстінен түседі. Баймағамбет сұлтан Махамбетті ұстауға әрекет жасайды Жұмыр мен Қылыш оны арашалап, ұстатпай, топтан шығарып, аман алып кетеді. Махамбет күйін осы оқиғаға байланысты екі батырға арнаған.
«Жұмыр қылыш» күйі тыңдалады.
«Шілтерлі терезе», «Өкініш» күйлері тыңдатылады.
Көрініс: (Төрде Жәңгір хан. Қасында Махамбет, 1-2 уәзірлері. Қолына кітап ұстаған ұлы Зұлқарнайын кіреді)
Зұлқарнайын: Әке, халқы сүйген Исатайға, ұстазым Махамбетке берген уәдемде сізден сұраймын деп едім, Исатайдай ер тұмас оған, көмек беріңіз.
Жәңгір хан: (естімеген кейіп танытып) Қашан аттанасың? Жолың болсын! Оқимын деген біраз ауыл азаматтарын жаныңа қосамын. Елден де мектеп ашпақшымын. Орыс тілін ұйренсін, білім алсын.
Зұлқарнайын: ...Әке...
Жәңгір: Жә, аттан! Шығарып салыңдар. (Зұлқарнайын шығып кетеді. Махамбет Жәңгірге қарап сөйлейді.)
Махамбет:
Алдияр тақсыр, ханымыз!
Исатай батыр кеткелі,
Келмеді біздің сәніміз
Тілімді алсаң, тақсыр-ай,
Шайтанның мойнын жұлдырып,
Ордаңа қайтып алыңыз.
Арыстан еді-ау Исатай!
Нетсең, тақсыр, табалап,
Құйттайымда өсіп ем,
Бауырында паналап.
Алдымда асқар тау еді,
Соңынан ерсем ағалап.
(Орнынан тұрып тізерлеп отырады)
Әй, тақсыр-ау, әй, тақсыр,
Табаны жалпақ тарланбыз,
Шабарында есінер,
Бір мінезі келгенде
Жібектей жұмсақ езілер.
Жауда қалса жолдасы,
Мақтанады есіне ер!?
Тастай қатты тағдырың
Исатаймен шешілер!
Айтып – айтпай немене, -
Қор болды-ау, қайран, есіл ер!
Жәңгір хан: Махамбет, мен істеудей-ақ істедім ғой! Айтқанға көніп, айдағанға жұрмеген өзі емес па. Енді сұрама!!!
Махамбет: Онда менің орным батырмен бірге, мен кетемін.
Жәңгір хан: Қызбаланба, ақылға сал! Көнбесең, бара бер, бар!
Махамбет: (Махамбет орнынан тұрып, Жәңгірге қарап)
...Мен ақсұңқар құстың сойы едім,
Шамырқансам, тақыр етермін,
Кетпей де нешік етермін
Бұл барғаннан барармын,
Қиядан орын алармын.
Ерегескендей ер болса,
Бірме – бірге келсең де,
Душпанға қылыш ұрармын.
Жазға бір ай қалғанда,
Аласапыран болғанда,
Бөліне көшкен еліңді,
Үріккен қойдай қылармын,
Жарыла көшкен еліңді.
Жаралы қойдай қылармын
Мен кеткенмен тек кетпей,
Сізден артық табармын.
Хан емессің – қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Душпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің – ылаңсың,
Қара шұбар жылансың,
Хан емессің – аянсың,
Айыр құйрық шаянсын!
(Махамбет кетеді де, артынан қаһарын төге Жәңгір отырып қалады)
Жәңгір: Махамбет байқап сөйле. Кетіріңдер мынаны. (Орнынан турып шығып кетеді)
Махамбет: (Ортаға шығып)
Желп-желп еткен ала ту,
Жиырып алар күн қайда?!
Орама мылтық тас ұрып
Жауға аттанар күн қайда?!
Елең-елең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Арғымақтан туған асылды
Баптап мінер күн қайда?!
Алаштағы жақсыдан
Батасын алып, дәм татып,
Түлкідейін түн қатып,
Бөрідейін жол тартып,
Жауырынына мұз қатып,
Жалаулы найза қолға алып,
Жау тоқтатар кұн қайда?!
1-ж: Міне біздің аталарымыз қандай болған! Нағыз ержүрек батыр ұрпағымыз деп мақтануымыз керек екен. Махамбет батырдың ерлігін, жалынды сөзін үлгі еткен жас ақындарға сөз кезегін берейік.
Жас ақындардың арнауы.
2-ж: Исатаймен Махамбеттің замандасы, домбырасын әділетсіздік пен озбырлыққа қару еткен Құрманғазының күйі «Адай» қабыл алыңыздар. Орындайтындар 9а сынып оқушылар Оңалбар Талшын, Ушурова Тахмина, 10а сынып оқушысы Қалиева Самал
1-ж: Махамбеттің басы өзі өмір сүрген ХІХ ғасырда Баймағамбеттің, патша үкіметінің тарапынан 1000 сомға бағаланды. Махамбеттің басын кім алса, бүлікті басуға көмектессе деп сыйлық тағайындады.
2-ж: Бүгін ХХІ ғасырда ақын басы тағы да бағаланды. Ұрпақты отаншылдық, адамгершілік рухта тәрбиелеу, ата-баба мұрасын бойға сіңіру мақсатындағы, шығармалары, өмірбаяны өнеге, үлгі, тәлім – тәрбие.
1-ж: Махамбет аңсаған азаттыққа қолымыз жетті, ендігі мақсат – азат ойдың биігіне ұмтылу. Яғни, демократиялық қоғам орнату – басты парыз.
1-ж: «Қазақ» деп,
Өлу керек ерімізге,
2-ж: «Қазақ» деп,
Ену керек Көрімізге:
1-ж: Жын –
Ойнақ салмау үшін төрімізде,
2-ж: Пері –
Еге болмау үшін мөрімізге!
1-ж: «Қазақ» деп,
Белді бекем буу керек,
2-ж: Тән кірін
Жан жасымен жуу керек!
1-ж: Жаңадан –
Халық болып қалыптасып,
Анадан – Алып болып туу керек!
2-ж: Намыс туын найзадай тік ұстаған, өткір тілді, қайтпас ер, жырдың алмас қылышы – Махамбет анадан осылайша алып болып туғандардың бірі. Сондықтан, жас жеткіншектер!
Байтақ жеріңе қара да,
Батырларыңды бағала! – дер едім.
Ұлы мұратқа ұлы күрестер ғана жеткізеді,- деп,
1-ж: «Ереуіл атқа ер салмай» атты Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығына арналған тарихи – танымдық кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
«Бекітемін»
Мектеп директоры: А.М.Қырықбай
Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесінің Қоғамдық пәндер бірлестігінің (4.02 – 9.02.2013ж.) аралығында өткізетін апталығының жұмыс жоспары
№
Іс – шаралар мазмұны
Мерзімі
Жауапты
1
«Тарих – халық шежіресі» газет шығару
04.02.
Мирланұлы Ғ.
2
«Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары» 8б-сынып