Мен мектепте ?стазды? еткеніме к?п жылдар болды. осы жылдар аралы?ында талай жас ?рпа??а білім н?рін бердім. дінтану негіздері казіргі кезде е? ?ажетті п?н деп ойлаймын. заман ?ажеттілігіне ?арай.осы сайт ар?ылы тарих п?ніні? ?стаздарымен ?з т?жірибеммен б?лісссем, жа?алы?тарды білсем деген ойдамын
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дін ж?не мен (д??гелек ?стел)»
«№ 22 орта мектеп» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Дін және мен
(дөңгелек үстел)
Өткізген: Қаратаева Б.Қ.
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы: Дін және мен (дөңгелек үстел)
Мақсаты: Діни тағылым оқушыларды имандылыққа, ата – анасын сыйлауға, адамгершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, әр істе сабырлы болуға, әділетті жақтауға, рухани тазалықтарын сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Мұсылман дінінің өміршеңдігі, оның басқа діндерден негізгі айырмашылығын түсіндіру. Оқушыларды сұрақ қоя білуге, берілген теориялық білім нәтижесінде ой қорыта білуге, пікір айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Дін адамдарды имандылыққа тәрбиелейтін негізгі құрал екенін жеткізу. Мұсылман дінінің маңызы мен қасиетін ұғындыру.
Көрнекілік: Мекке қаласының, мешіттердің суретері, діни кітаптар, «Дінің тұрсын, дін аман...» діни бұрыш
І. К і р і с п е
Мұғалім:Дін «дәнә» сөзінен алынған.Дәнә биһ дейді, оған сенді, ден қояды.
Дін – қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы. Ол құдай мен адамның байланысы арқылы одан өмірінің мәніне айналған сана формасы. Бұл мәнде дін қай халықтың болмасын мәдениетінің рухани негізі. Дін адамдардың жеке сеніміне қатысты анықталғанымен, оның әлеуметтік топтарда және қоғамда алатын орны ерекше, - дей келе оқушылар имандылық, мұсылман дінінің құдіреті туралы ақпарат хабарлардан алған өз білімдерін, ой-пікірлерін ортаға салып, сіздермен ой бөліскелі отыр. Сіздердің алдарыңызда бүгінгі дөңгелек үстелімізге қатысушы «Шындық» және «Адалдық» топтары. Мақсатымыз екі топты жарыстыру емес, екі топтың тақырыпқа байланысты білгендерін ізденісін, ынтасын, ойларын жеткізу шеберліктерін анықтау.
ІІ. Н е г і з г і б ө л і м
І. бөлімімізді таныстыру рәсімімен басталық
І топ. «Шындық» ІІ топ «Адалдық»
«Шындық» деп атадық біз тобымызды, «Адалдық» топтың аты біз ойлаған
Әділеттік толтырсын деп жолымызды. Адам болмас бұл сөзге ден қоймаған.
Иманды адамшылық жүрекпенен, Өтірік, жалған сөйлеу әдетте жоқ,
Биікке созамыз біз қолымызды. Өмірдің қызығына біз тоймаған.
Және де Нұрсұлтан, Әділет, өзім Бексұлтан Мұхаммедәлі және өзім Ағнұр
Жеткіншек ұрпақпыз біз болашақта, Адалдыққа ұмтылған,
Адал еңбек ететін елге туған. Бүгін біз толғайықшы әдеппенен.
Жүрегіміз, жүзіміз иманды боп, Сәлем жолдап келіп тұр ортаңызға,
«Адалдық» тобына да біз тілейміз.
Сөйлеңіз шешендікпен, дәлдікпен дөп.
ІІ бөліміміз «Дінің тұрсын дін аман...» тақырыбында мағлұмат беру.
Рахиля:Еліміз егемендік алғалы ана тілімізбен, дінімізбен қайта қауыштық. Ислам дінін насихаттауда Елбасымыз Н.Назарбаев «біз-тегіміз түрік, дініміз Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап құран кәрімді насихаттауымыз қажет» деген сөзін әркім жүрегінде ұстаса, иман байлығымыз артып, еліміз гүлденер еді. Имандылықтың бастау алар көзі – Ислам діні сан ғасырлар бойы әдет-гұрпымызбен етене араласып, бірігіп кеткен.. Ислам дініне қанша күйе жаққанымен соңғы уақытта ол өз арнасын тауып, жандана бастады. Дегенмен, ұлт еркіндігінің нысаналы белгісі тіл мен діл десек, ұлтымыздыһң айрандай ұюына кедергі көп болып отыр. Оның үстіне елеміздің ұлттық мәдениеті мен адам санасы заман өзгерген сайын сырттың ықпалына ауып отыр. «Жығылығанға жұдырық» дегендей оған түрлі ағымдардың елімізде еркін жұмыс жасауыда кері әсерін тигізуде.Саналарды жаулаған секталар мен түрлі ағымдар күн санап көбейіп келеді. Жалпы бұл тақырып баспасөз беттерінде сан мәрте сөз етіліп, айта-айта жауыр болған мәселе айналды. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған секталарға тоқтау жасайтын заңға өзгеріс енгізсе деген тілекте орындалмай отыр. Ал билік басындағылар еліміз демократиялық мемлекет, сондықтан кім қай дінді қабылдаймын десе де, өз еркінде екендігін алға тартумен келеді. Соның салдарынан бүгінде елімізде тіркеліп, қанатын кеңге жайған дәстүрлі емес діндердің атынан да, санынан да адам шатасады. «Вайшнавтар», «Бахаи», «бірлестік шіркеуі», «Иегова куәгерлері», «Соңғы өсиет шіркеуі», «Кришнаны тану қоғамы», «Саентология» секілді түрлі бағыттағы ағымдар арбауына кәрі де, жасты да іліндіріп, соңдарынан ілестіруде. Міне осындай діни ағымдардың әрқайсысының етегінде бір-бір қандасымыз кеткен күннің өзінде ұлт қауіпсіздігіне қаншалықты қауіп төнетінін бағамдай беріңіз. Деректерге сүйенсек, 90ж басында Қазақстанда 500-дей діни бірлестіктер мен ұйымдар болса, бүгінде олардың саны 4000-нан асады. Шүкір, мешіттеріміз жамағатқа толып жүр десмек те, иманымыз әлсіз, халықтың діни сауаты өте төмен. Бұрынырықта «руың қандай?» десе қазір «Қай діндесің?» дегенге де жеттік, жүрегімізге ауыр тиетіні рас.
Ақбаян:Негізінде Ислам діні еш уақытта бүлікке, бұзақылыққа, тәртіпсіздікке шақырған емес. Керісінше, өзгенің ақысына қылдай қиянат жасамауға үйрететін үлкен тәрбие көзі. Ислам діні әлемнің 120-дан астам елінде тараған. Сондай-ақ ол рақымдылық, мейірімділік, махаббат, әділдік пен теңдік, ілім мен білім, туралық пен шындық діні. Ислам дініне кіретін адам өзін бақытты сезінеді және одан еш уақытта айырылмауға бел буады. Ислам діні адамды рухани жағынан, яғни әдеп, ынгсап, сабыр, жомарттық, ізгілік тәрізді жан тазалығына тәрбиелеу мектебі.Олай болса сол сөздерге түсінік берейік.
ІІІ бөліміміз Оқушылар ойы. «Имандылық - дінде»
«Шындық» тобының жауабы. Ендеше пікірін тыңдалық.
Сұрағы: 1) Иманды адам деп кімді айтамыз?
Жауабы: Иман деген араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Пайғамбарымыздың Алла атынан түсірілген хабарларымен бұйрықтарын қабылдап, мойындауы мен орындауды иман дейді.
Алла Тағала адамды иман арқылы адам еткен. Демек адамның о бастағы міндеті – талпыну мен жетілу. Имандылық ислам дініндегі бес парыздың бірі. Оның мәнісі – Алланың біреу екеніне, онан басқа Алланың жоқтығына сену. Алланың барлығына сену, кітаптарына сену, жақсылық, жамандықтың тағдырын Алладан деп сену – имандылық, - деген белгілі діндар – ғұлама Халифа Алтай қажы. Өмір заңдылықтарына сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен міндеттерін,мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі көпшіл адамды иманды дейміз.
«Шындық» тобы Бексұлтанға қосатындарыңыз бар ма? Иманды адам деп кімді айтамыз? (оқушылар жауап береді)
ІІ. «Адалдық» тобы жалғастырады.
Сұрақ: 1. Сіздердің ойларыңыз бойынша имансыз адам деп қандай адамды айтады?
Жауабы: Ар-ұяты жоқ, мінез құлқы үстірт, ешнарсеге сенбейтін яғни сыйынбайтын ата-анасын сыйламайтын алдап-арбап ұрлық жасайтын адамды имансыз адам дейміз. Ондай адамдар өз ұжданы алдында азап шегуді білмейді, моральдік нормаларда қара ниеттілікпен аяққа басады. Күнә деп санаған осы қылмыс деп қараған іс-әрекеттерден аулақ жүрсек имандылыққа қол жеткізуге болады деп ойлаймын.
«Адалдық» тобы қосатындарыңыз бар ма?
Сұрақ: 1. Имандылыққа жету үшін нені үйреніп,неден жиренуіміз керек?
2.Дін дегеніміз не нәрсе?
«Шындық» тобының жауабы: Ендеше пікірлерін тындалық
. Дін адамдарды имандылыққа тәрбиелейтін негізгі құрал.
Алла тарапынан жіберілген әмір, міндет және тыйымдардын жиынтығын дін деп айтайды.Пенделердің осы дуниеде рахаттануы үшін керек болатын міндеттер (плакат)
Тиым салған үкімдер.Дініміздің аты Ислам.Ислам діні қоғамғажәне ізгі адам баласын адамгершілікке баулуға қызмет етеді.(Құран кәрімнен үзінді)
Алла-ислам дінінің баршаға бірдей ең құдіретті күшті құдайы.Алла әділ үкім шығарушы, Алла-шексіз әмірші,пәк, үстем данышпан.
Сұрағы: Ислам деген не?
Жауабы:Ислам-Алланың және пайғамбардың бұйрықтарына сеніп,мойындаған, шын берілген деген ұғымды білдіреді.Ислам дінінің қасиетті мекені-Мекке.
І.«Шындық »- тобы
Сұрағы:3)Мұсылман деп кімдерді айтамыз?
Жауабы:Алланың және пайғамбардың бұйрықтарына бой ұсынып, мойындағандарды мұсылман дейді.Ислам- Алланың діні. Бұл діндегілерді «мұсылмандар» деп атайды.
Мұсылмандардың қасиетті және демалыс күні- жұма. Жұма түнінде көктен Құран түсе бастайды.Бұл күні әр үйден аруақтар дұға дәметеді.Мұсылман қауымының жұма күні аруақтарға арнап шелпек пісіріп,құран оқытатын себебі осында.Жұмада қайтыс болған немесе жамбасы жерге тиген адамдар иманды жандар болып саналады.
«Адалдық»-тобы
Сұрағы:Мұсылман діні адамзат баласына қалай келді?
Жауабы: Мұсылман діні адамзат баласына Мұхаммед пайғамбар арқылы келді.Пайғамбарымыз 571 жылы Мекке қаласында дүниеге келді.40 жасына келгенде Алла тарапынан пайғамбарлық берілді.Мұхаммед Алланың жіберген ең соңғы пайғамбары.Мұсылман діні тек бір қауымға немесе бір ұлтқа ғана тән дін емес.Бүкіл адамзат баласына тән дін.Ол ақыл,білім,мінез-құлық,бейбітшілік және ереже діні.
І. «Шындық» - тобының пікір
Сұрағы: 4) Мұсылман дінінің өзге діннен ерекшелігі неде?
Жауабы: Мұсылман діні – адамды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.
Дәлел: Әлемде бұл дінді қабылдап мұсылман боп жатқан адамдардың саны жыл сайын арта түсуде. Былғары қолғап шебері Касиус Клей мұсылман дінін қабылдап, аты жөнін Мұхаммед Әли деп өзгерткен. Әйгілі рок жұлдызы Майкл Джексон да ислам дініне өтіп, күніне 5 уақыт намаз оқыған, мешіт салдырған. Олардың бұл дінді қабылдауына не түрткі болды? Баспасөз бетіне алынған мына мысалдар олардың мұсылмандыққа қалай келгендерінен хабар береді. Капитан Кусто (француз теңізшісі) былай дейді: «Мен Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінің суы бір жерде тоғысқанымен өзара қосылмайтынына көзім жеткен жанмын бұл құбылыс ғылымда дәлелденген. Мұхит пен теңіз суының бір біріне қосылуына мүмкіндік бермейтін, екі арасын бөліп тұрған көзге көрінбес пенде бар екені бұдан 1400 жыл бұрын қасиетті Құранда жазылғанын естігенде таң қалдым. Исламның шынайы таза дін екенінен осылай көзім жетті де, мұсылмандықты қабылдадым» дейді.
ІІ. «Адалдық тобы».
Сұрағы: 4) Сенің ойыңша мұсылман дінінің өзге діннен ерекшелігі неде?
Жауабы: Ал американдық Томас Тайтон:
«Мұсылмандардың арасында нәсілдік кемсітушілік, адамның түр – түсіне, тіліне қарап бөтенсіну жоқ екен. Намаз үстінде кедей де тең дәрежеде, екеуін бір – бірінен ажырата алмайсың. Мен сондықтан да ислам дінін қабылдадым» дейді. Кезінде Американдық ғарышкер Айри айдың бетіне аяғы тиген кезде құлағына бір түсініксіз дауыс келгенін жазған. Дереу магнитафон таспасына дауысты жазып алады. Кейін жерге келген соң сол дауысты зерттеп қараса, азан шықырған адамның даусы екені анықталады. Осы ғажап құбылысқа таң қалған ғарышкер Алланның құдіретіне қалтықсыз сеніп, ислам дінін қабылдапты.Абай атамыз « Алланың өзі де рас, сөзі де рас, рас сөз ешқашанда жаман болмас»,-деген.Мен өзімнің пікірімді осы Абай атамыздың айтқан сөздерімен аяқтаймын.
І. « Шындық»тобы.
Сұрағы:5) Исламның бірінші қасиетті кітабы қалай аталады?
Жауабы:Исламның қасиетті бірінші кітабы Құран-оқығанды қайталау,қайта айту мағынасында.Құраның сөзі- Құдайдың сөзі.
ІІ.« Адалдық»-тобы.
Сұрағы: Исламның екінші қасиетті кітабы қалай аталады?
Жауабы:Мұсылманың екінші кітабы Мұхаммед пайғаамбардың хадистері.Хадистер Мұхаммедтің көзі тірісінде айтқан нақыл сөздері мен өсиеттерінің жинағы.Адамның ақыл ойының бастауы Құран мен Хадис. Хадисте 10 түрлі мәселе туралы айтылады:
Ғылым-білім туралы. 6) Арақ- шарап туралы.
Әйел,ана,қыз туралы. 7)Бала туралы.
Нарық,сауда,байлық туралы. 8)Ауру туралы.
Бақыт,бақытсыздық туралы. 9)Дін туралы.
Жақсы,жаман туралы. 10)Ар-ұят туралы
Ендігі ең соңғы сұрақ-жауап,қорытындыны тындалық.
І «Шындық»-тобы.Шерхан
Сұрағы: Әр ұлттың қандай дінді қалауына өз еркі бар деген пікірге өз көзқарасыңызды білдірсеңіз?
Жауабы: Конституцияның 19 бабында:«Әркім өзінің қай дінге жататынын өзі анықтауға және осы көрсету, көрсетпеуге құқығы бар делінген.Дінде зорлау жоқ.
Осындай қасиетті қазағымның дінін еш дінге де айырбастамаймын,ешкімнің де үгітіне ермес едім, әдемі сөзбен,көптеген уәделермен өздеріне қаратып алып, әке-шешеге қарсы қоятын алдамшыларға ешқашан ілеспес едім.
ІІ. Адалдық:
Сұрағы: Әр ұлттың қандай дінді қалауына өз еркі бар деген пікірге, сен қалай жауап бересің?
Жауабы:Өз міндеттерімізді түсініп біле білсек дініміз бізді Адам етіп сақтап қалады. Оның бәрін біле отырып, мен мұсылманмын, алланың және пайғамбардың бұйрықтарына бой ұсынып мойындаймын. Қазақы тәрбие мен ырым-сенімдері ислам дінімен ұштасып жатыр.
ІҮ бөліміміз Әдеби-музыкалық монтаж
Ү бөліміміз Сұрақ-жауап
Ауылдың имамына сұрақтар қойылады.
Діннің қоғамдағы рөлі
Ислам дінін, шариғат жолдарын толық ұстануды біздің қоғам дұрыс қабылдай ала ма?
Ислам діні жайлы сауатымызды ашу үшін нені білуіміз керек?
Өзге діннің жетегіне кетіп қалмау үшін қандай өсиет айтасыз
Ата-ананы құрметтеу, ұстазға бағыну, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсетуге байланысты сіздің айтарыңыз
ІІІ. Қ о р ы т ы н д ы .
Қазіргі кезде имандылық пен инабаттылық, қайырымдылық пен мейірімділік, осындай адами қасиеттерді негіздеуші дініміздің бар екені біліп оны дәлелдедіңіздер!
Қорыта келгенде, Ислам діні адамзат ойлап тапқан ешбір жүйемен салыстыруға келмейтін жан-жақты толысқан иләһи жүйе!
Ислам діні әлемдік өркениеттің ең озығы!өнерді қолдаған, ақыл-ойды кемеліне келтірген ғылымды дамытқан ұлы дін!
Ислам дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз! – деп елбасымыз айтқандай осындай дігніміз тұрғанда сіздерді басқа дінге еліктемейді деп ойлаймыз, болашақтарыңызға мол сеніммен қарап, адамгершіліктеріңіз үлкен азамат болыңыздар!