kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Читательская конференция «В потоке истории»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Читательская конференция (далее – ЧК) – одна из распространенных форм обсуждения книг с читателями. Читательская конференция является комплексным библиотечным мероприятием и посвящается к Дню Первого Президента.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Читательская конференция «В потоке истории»»

Тақырыбы: «Тарих толқынында» Оқырмандар конференциясы

Мақсаты: Аталған кітаптың мазмұндық идеясын, тәрбиелік құндылығын көрсету.

Әдістемелік қамтамасыздық: компьютер, проектор, экран, слайд– презентация, бейнефильм.

Шақырылған қонақтар:

Барысы:

1-жүргізуші: —Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен студенттер! 1 желтоқсан–Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тарих толқынында» атты оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Бүгінгі оқырмандар конференциясының мақсаты жастардың «Мәңгілік ел» идеясының жүзеге асуына тұлғалық үлесін қосу және Елбасының публицистикалық шығармаларын насихаттау мақсатында «Тарих толқынында» атты кітабының мазмұндық идеясын, тәрбиелік құндылығын көрсету.

1-жүргізуші: «Тарих толқынында» атты оқырмандар конференциясын ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Оқырмандар конференциясының ашылу салтанатына құттықтау сөз колледж директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Матвеева Лариса Ивановнаға беріледі.

1-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз Астана қаласының Білім басқармасының әдіскері Омарова Айша Кемашевнаға беріледі.

1-жүргізуші: Енді оқырмандар конференциясының құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар.

-

-

2-жүргізуші: Бүгінгі таңда Президент–әлемдік көшбасшылардың бірі.
Нұрсұлтан Назарбаев-әлемге танылған басқарушы ғана емес, ол-шешен, ақын, дана тұлғалардың бірі. Елбасы еңбектерінің қандай да болмасын тақырыптарын оқысаңыз ел экономикасын, ел тарихын, ел рухын, халықтың жағдайын, салт–санасын оятар ойлар. Сондықтан да біз бүгінгі күннің саналы азаматтары ретінде Елбасымен бірге үндесіп, көріпкел саясатына қолдау көрсетіп отыруымыз қажет.

2-жүргізуші: Назарларыңызға «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» бейнефильмін ұсынамыз.

1-жүргізуші: Еліміздің еңсесі жоғарылап жатса, халқымыздың мерейі көтеріліп өмірге деген құштарлығы бұрынғыдан да артса, бұл ең алдымен тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың кемел ойы, сарабдал саясаты. Ең баянды бақыт–елімнің бақыты. «Ең биік мәртебе де, ең мәнді, ең мәңгі мәртебе де–мемлекеттің мәртебесі»-деп Елбасымыз айтқандай, «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығар»,-деп данагөй халқымыз айтпақшы, Елбасының жанымызға жақын, жарқын қырларын, жасампаз істерін насихаттауды парызымыз деп санаймыз.

2-жүргізуші: Бүгінгі тақырыбымызға оралсақ, «Тарих толқынында» атты кітабында, автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады. Кітап 2003 жылы Алматы қаласында, Атамұра баспасында, 288 бет болып жарыққа шыққан.

1-жүргізуші: Кітап мазмұны 8 тараудан тұрады:
1. Ұлттық келбетті ұлықтайық

2. Қазақ даласы–ұлы түркі елінің қара шаңырығы

3. Мәдениет келешегі

4. Алаш мұрасы және осы заман

5. Ұлттық бірегейлік туралы

6. Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар

7. Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттері және тарих тағылымдары

8. Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде

9. Қорытынды

2-жүргізуші: Бүгінгі оқырмандар конференциясында осы 8 тарау бойынша ой қозғап, өз пікірлерін ортаға салатын 8 баяндамашы қатысқалы отыр. Ел тарихы, жер тарихы, тіл тарихы, халықтың болашағы мен жарқын өмірін саралап беретін қанатты сөздермен ой бөлісіп, пікір алмасып отырайық.

1-жүргізуші: Олай болса, «Ұлттық келбетті ұлықтайық» атты 1-тарау бойынша сөз кезегін баяндамашы 2РЭС-415 тобының студенті Абдіманапов Игілікке береміз, жетекшісі тарих пәнінің оқытушысы Ахметова А.Т.

2-жүргізуші: «Қазақ даласы–ұлы түркі елінің қара шаңырығы» атты 2-тарау бойынша сөз кезегін баяндамашы 1ПОВТ-214 тобының студенті Алимов Арман береміз, жетекшісі тарих пәнінің оқытушысы Мукажанова А.О.

1-жүргізуші: «Мәдениет келешегі» атты 3-тарау бойынша сөз кезегін баяндамашы 2С-215 тобының студенті Сабырбеков Мейірбек береміз, жетекшісі тарих пәнінің оқытушысы Ахметова Г.К.

2-жүргізуші: «Алаш мұрасы және осы заман» атты 4-тарау бойынша сөз кезегін баяндамашы 1ПОВТ-214 тобының студенті Алимов Арман береміз, жетекшісі тарих пәнінің оқытушысы Нығметова Л.Қ.

1-жүргізуші: «Ұлттық бірегейлік туралы» атты 5-тарау бойынша сөз кезегін баяндамашы 2РЭС-415 тобының студенті Наурызбай Нұрлыбайға береміз, жетекшісі тарих пәнінің оқытушысы Ахметова А.Т.

2-жүргізуші: «Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар» атты 6-тарау бойынша сөз кезегін баяндамашы 2РЭС-215 тобының студенті Умралиева Гаухарға береміз, жетекшісі тарих пәнінің оқытушысы Ахметова А.Т.

1-жүргізуші: «Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттері және тарих тағылымдары» атты 7-тарау бойынша сөз кезегін баяндамашы 1ПОВТ-214 тобының студенті Алимов Арман береміз, жетекшісі тарих пәнінің оқытушысы Бердешова И.А.

2-жүргізуші: «Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде» атты 8-тарау бойынша сөз кезегін баяндамашы 1ПОВТ-214 тобының студенті Алимов Арман береміз, жетекшісі тарих пәнінің оқытушысы Жанабаева Г.М.

1-жүргізуші: Қорыта айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев-ғасыр тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көшімен аман алып келе жатқан қамқоршы. Айналасына нұрын төккен, жылу шашқан Нұрсұлтан Әбішұлындай тұлғалардың қоғамдағы алар орны ерекше. Елбасының бергенінен әлі де берері мол екеніне кәміл сенемін. Елбасыға тілерім көк туымызды биіктерде желбірету жолындағы еңбегіңіз жана берсін!

2–жүрізуші: Оқырмандар конференциясына белсене қатысып, ой бөлісіп, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

1-жүргізуші: Ендігі кезекте бүгінгі іс-шараға белсене қатысқан оқырмандарды марапаттау рәсімін бастаймыз.


Елбасы туралы ән.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Читательская конференция «В потоке истории»

Автор: Ахметова Айгуль Толеубаевна

Дата: 11.05.2017

Номер свидетельства: 414517


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства