Саба?ты? ма?саты: ?аза?станны? ?иын ?ыстау кезе?індегі іс-?ызметіне то?тала отырып, со?ыс жылдарында?ы Ке?ес Ода?ыны? халы?тары сия?ты, ?аза?стан е?бекшілеріні? де жо?шылы? пен ауыртпалы?тар?а ?арамастан, Отанымызды? бостанды?ы мен т?уелсіздігін ?ара?шы жау - фашизмнен ерлікпен ?ор?а?анын ж?не тылда болаша? ?шін тамаша е?бек еткені жайлы толы? т?сінік беру.
Т?рбиелілігі: Отан?а деген шексіз махаббат?а, с?йіспеншілікке т?рбиелеу, досты?, бірлік, татулы?, ынтыма?тасты?, жауапкершілік сезімдерін ?ялату.
Дамытушылы?ы: О?ушыларды? ?лы Отан со?ысы жайлы т?сініктерін ке?ейте отырып, же?істі? о?айлы?пен келмегеніне к?здерін жеткізу ж?не шы?армашылы? ж?мыспен ш??ылдануына ба?ыт беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Біз же?істі? ?рпа?тарымыз »
Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы,Күршім ауылы
Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі КММ
Тарих пәні мұғалімі: Сабырбаева Жаннур Мухамбетовна
Сабақтың тақырыбы: «Біз жеңістің ұрпақтарымыз.»
Сабақтың мақсаты:Қазақстанның қиын қыстау кезеңіндегі іс-қызметіне тоқтала отырып, соғыс жылдарындағы Кеңес Одағының халықтары сияқты, Қазақстан еңбекшілерінің де жоқшылық пен ауыртпалықтарға қарамастан, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қарақшы жау - фашизмнен ерлікпен қорғағанын және тылда болашақ үшін тамаша еңбек еткені жайлы толық түсінік беру. Тәрбиелілігі: Отанға деген шексіз махаббатқа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, достық, бірлік, татулық, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату. Дамытушылығы: Оқушылардың Ұлы Отан соғысы жайлы түсініктерін кеңейте отырып, жеңістің оңайлықпен келмегеніне көздерін жеткізу және шығармашылық жұмыспен шұғылдануына бағыт беру.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, мұғалімдер мен оқушылар! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына биыл 70 жыл толып отыр. Ендеше, бүгінгі «Біз жеңістің ұрпақтарымыз» деп аталатын ауызша журналдың бетін ашайық.
Сабақтың барысы:
Школьный вальс музыка ойнайды.(Оқушылар вальс билейді)
Левитанның сөзімен соғысты хабарлайды.(Сол кезде бір бірімен аңырқап таңғалысып қалады да саханадан шығып кетеді.)
Священная война өлең орындалады( Оқушылар камуфляж киіп шығады 2-3 минут)
Журналдың бірінші беті – «Москва түбіндегі шайқасқа-70 жыл» слайд-1
Марат: 1941 жыл бұл негізгі - Москва шайқасы болған.Гитлердің жоспары бойынша Москва шайқасымен аяқталуы керек еді.Бірақ Гитлердің бұйрығы бойынша «Қала қоршалып және бұл қаладан не бір орыс солдаты, әйел, ер азамат, балада, біреуі де қаладан шықпауы керек еді.» Москва маңайын жермен жексен етті. Кеңес әскерлері ерлікпен бас қаланы қорғап аман алып қалды.Бұған дейін жеңілмеген неміс фашист әскерлері Москва түбінде ең алғаш рет талқандалынды. Ұлы Герман империясы үшін қуатты шикізат және азық – түлік базасын жасау Кеңес елін отарға айналдыру еді.
Еркетаң: Жеңіс мерекесі – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі. Жеңіс мерекесі – жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның мерекесі. Бұл біздің ең қасиетті де қастерлі мерекеміз, Жеңіс күні 9 - мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Бұл шайқастағы жеңіске биыл 70 жыл толады.
Марат: Біздің жас ақындарымыздың Ұлы отан соғысына арналған өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз.Алдарыңызда Бекжан мен Ислам.
Песня « о панфиловцы» орындалады ( 1,27.- минут) Слайд-2 (28-Панфиловшылар туралы)
Еркетаң:Ал енді, 28 – панфиловшылардың ерлігі туралы мәлімет алайық. (Видео)
Ринатқызы Аяулым: Шегінген кеңес әскері Мәскеуге 25-30 шақырым таяп келді. Бұл 1941 жылдың қараша айында болатын.Мәскеуді қорғау үшін Қазақстанда құрылған атақты 316- атқыштар дивизиясы қатысты. Генерал – майор И:В. Панфилов басшылық еткен бұл дивизия Мәскеуді немістерден қорғауда асқан ерлік көрсетті. Панфилов ерлікпен қаза тапқаннан кейін дивизия жауынгерлері оның құрметіне панфиловшылар деп аталды.Осы шайқастардың ішінде 16 – желтоқсанда болған 28 – панфиловшылардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. 28 батыр жаудың алғаш 20, одан кеін 30 танкісін қалаға жібермей 4 сағат бойы ұстап, ерлікпен қаза тапты.
Мадина Ринатқызы Аяулым:Осы ротаның саяси жетекшісі В.Г.Клочковтың: «Ресей кең – байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда Москва!» деген жалынды сөзі бүкіл майдан даласына, кейіннен бүкіл елге тарап жауынгерлерге рух берді. 28 – панфиловшылардың барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Марат: Тастар көкке атылды, Орман шулап, тау құлап. Жиырма сегіз батырды, Жеңе алмайды жау бірақ.
Оқ астында зулаған, Туған жермен бір болып. Жау алдында тұрады, Жиырма сегіз шың болып. Танктер Москваға келді төніп, Ағылды жау әскері желіктеніп. Ұшқыштар біздің сонда түйілгенде, Отына пулеметтің ерік беріп.
Журналдың екінші беті – «Қайталанбасын қасірет»
Еркетаң:Алдарыңызда музыка пәнінің мұғалімі Ахметов Дархан Серікқанұлы.(өлеңнін тарихы жайлы айтады)
Марат: Ұлдар вокалы «Қайталанбасын қасірет»
Журналдың үшінші беті – «Күршімдіктер Москва шайқасында»слайд-4
Еркетаң: Күршім ауылының өлкетану-мұражайының директоры: Нурзия Дукеновнаға сөз кезегі беріледі.
Марат:Қыздар тобының орындауында: «Катюша»
Журналдың төртінші беті – (Ұлы Отан соғысындағы суретшілердің шығармашылығы)
Слайд: картина тұрады.
Еркетаң:Осы картинаның тарихы қандай екен?
Марат:Білмеймін
Еркетаң:сурет мұғалімінен сұрасақ қайттеді?
Марат:Сұрасақ сұрайық
Еркетаң:Сахнаға бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:Сманжина Жадыра Нурланқызын шақырамыз.
Марат:
Дәл осынау жадыраңқы жай күні, Болса дағы қай ғасырдың қай жылы Ұлы Отаным басым иіп бір минут, Есіне алмақ сол бір апат қайғыны. (1 минут үнсіздік слайд-5)
Аяулымның сөзі:
Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән көрік
Жеңіс келді алақай,
Ұмытылмас мәңгілік – дей келе, біз оқушылар еліміздің жарқын болашағын,халықтың бақыты мен өмірін сақтап қалған осы аталарымыз бен апаларымызға көп рахмет айтамыз.Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп,мектепке алаңсыз білім алып жатырмыз.Шаттана күлгеніміз, асырсап ойнағанымыз осы – Ұлы Отан соғыс Жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын!Ел үшін аянбай еңбек етіп,білім алып,өз жеріміздің патриоттары болайық!
Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар,бүгінгі жиының өтуіне Жеңіс үшін өмірін жастық шағын қиған тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан – жылға, күннен – күнге азаюда, олардың тірі қалғандары арамызда жүріп жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай.Сондықтан да болашақ жастарға айтарым дендерің сау болып аспандарың ашық болсын ,ешқашан да сұм соғыстың қара түнек бұлты енді дүние жүзінде болмасын деп тілеймін.Қазақстан тек қана алға деген ұранмен өз сөзімді аяқтауға рұқсат етіңіздер.Барлықтарыңызға көп- көп рахмет.
Еркетаң: «Көк тудың желбірегені» хор.
1 - оқушы: 68 - жыл бейбіт көктем таң атқалы, 68 - жыл шуақты күн таратты әнін. Есімде содан бері 68 рет Ашылды Жеңіс күннің парақтары. 2 - оқушы: Талай құс содан бері қайта оралды, Талай бақ әлеміне қайта оранды. Соғыста өлгендер тек оралмайды, Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді. 3 - оқушы: 68 жыл - үзілмеді құстар әні кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі 68 жыл - жауымыздың ажал оғы біздің ел үстіменен ұшпағалы.
1. Отанынсүйіп, ар- намысын сақтаған,
Жарты Еуропаны жаяу өтіп аттаған.
67 жылда тат баспағанесімін,
Ел қорғаған ерлеріммен мақтанам!
2. От, саз кешіп 5 жылдай толарсақтан,
Тіршіліктің шырағын солар жаққан.
Жанын қиса сан есіл алғы шепте,
Қалғандары ауылға нұрын шашқан.
3. Есіңе ал, достым, есіңе ал,
Есіңде қалмаснесі бар.
Есіңе ал, күңгірткүндерді,
Есіңе майдан кешін ал!
4. Есіңе ал өткенкеткенді,
Әрөзен, әрдөң, өткелді.
Есіңе ал қыстықақаған,
Кешігіп келген көктемді.
5. Батырлығың кем соқпас ешкімнен де,
Өзіңді өзің баулыдың ЕС білгенде.
Шаңырақта шалқайып жата алмадың,
Жау дүбірі алыстан естілгенде.
6. О, бабалар, ерлігіңе бас ұрдым,
Ізбаспауымүмкін емес хас ұлдың!
Еренерлік жасайды, әлі, күмәнжоқ,
Жігіттері жиырма бірінші ғасырдың.
7. Шынында да бұл оралған мыңнан бірің,
Бақ нұрына жүзіңді жуған күнің.
Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі
Майдангерлер бәріңнің туған күнің!
Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28 - ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні, Болса дағы қай ғасырдың қай жылы Ұлы Отаным басым иіп бір минут, Есіне алмақ сол бір апат қайғыны. (1 минут үнсіздік)