- Армысыздар, ?стаздар мен о?ушылар! «Білімді ?рпа? б?секеге ?абілетті болма?!» та?ырыбында?ы білім сайысына ?ош келді?іздер!
Тарих тере?інде ?алмай сан м?рте сындарлы кезе?ні? сызатын жарып, д?ние к?шіне ілескен ?аза? еліні? ?ткен жолы алма?айып. Ауызды?пен алысып, етігімен су кешкен ауыр к?ндерге т?теп к?нбіс те болды, «?ой ?стінде бозтор?ай ж?мырт?ала?ан» заманда барын шай?ап, ас та т?к жомарт та болды, ?упірім зор заман?а т?н с?р?ылтай к?йін де кешті. Болмысты? осы кейпін к?ріп, ?лы Абай «?айран елім, ?аза?ым, ?айран ж?ртым» деп к?йзелсе, Ж?бан а?ын «Мен ?аза?пын мы? ?ліп, мы? тірілген» деп к??іренді. ?лан-байта? елімізге к?з салушылар к?п болды. ?аннен ?аперсіз жат?ан елімізге жо??ар ?алма?тары т??иылдан шабуыл жасап, ?алы? ж?ртты ?ан жылатты. Х? ?асырды? басында д?рліккен ел ш?быра ?ашып, «а?табан ш?бырынды» болды. Ж?рт Ал?ак?лге аялдап, ?асиетті ?аратау?а бас сау?алады. Х?ІІ-ХІХ ?асырларда хал?ымыз еркіндік пен т?уелсіздігінен айырылды. ?лан - ?айыр даламыз империя меншігіне айналды. Т?зімді серік етіп, «?нсіздерге к?н бол?ан» лениндік саясат салма?ын, сталиндік а?та?да? азабын, брежневтік то?ырау тоспасын, горбачевтік ?айта ??ру баспасын бастан кешкен хал?ымыз ауыртпашылы?ты? б?рінен ?тіп, а?са?ан к?нге де жетті. Боданды?ты? б??ауын б?з?ан егемендік са?аты сыртылдай со?ып, Т?уелсіздікті? н?рлы та?ы келіп жетті. ?аза?станны? т?уелсіз мемлекеттігін ??ра бастауды? ал?ышарты «?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын» ?абылдау болды. ?зіні? толы? субъектілігін ?аза?стан 1991 жылды? 16 желто?санында «?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік т?уелсіздігі туралы» За?ын ?абылдау ар?ылы р?сімдеді. Сол н?рлы та?мен арайланып, байта? елімізді? алтынмен аптал?ан Ата За?ы ?мірге келді. Ту?ан елімізді? мемлекеттік т?уелсіздігіні? ?асиетті нышандары аспан т?стес зе?гір к?к Туымыз, айшы?ты Елта?бамыз бен ас?а? Гимніміз екенін ?здері?із де жа?сы білесіздер.
«Орнында бар о?алар» дегендей, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлы? жо?. Жер болса, ел болады, ел болса, ер болады. Ерлерімізді? ар?асында ?аза?стан егеменді, т?уелсіз ел болды. 120-дан аса ?лт ?кілдері т?ратын осынау ?асиетті мекенде, ?ндірісі ?ркендеген мекенде ?мір с?руші ?рбір адам ?з Отанын жанындай с?йіп, оны? к?к байра?ын к?кке к?теруді ма?таныш т?тады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Білімді ?рпа? б?секеге ?абілетті болма?!"»
Білімділік: Тәуелсіздік жолындағы күрес шежіресін ұғындыра отырып, білім алушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Білім алушыларды тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Елін, жерін қорғап, Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанның өркендеуіне өз үлестерін қосатын азаматтарды тәрбиелеу.
- Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! «Білімді ұрпақ бәсекеге қабілетті болмақ!» тақырыбындағы білім сайысына қош келдіңіздер!
Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, ас та төк жомарт та болды, әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті. Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым» деп күйзелсе, Жұбан ақын «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп күңіренді. Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. ХҮ ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып, «ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. ХҮІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Ұлан - ғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Төзімді серік етіп, «үнсіздерге күн болған» лениндік саясат салмағын, сталиндік ақтаңдақ азабын, брежневтік тоқырау тоспасын, горбачевтік қайта құру баспасын бастан кешкен халқымыз ауыртпашылықтың бәрінен өтіп, аңсаған күнге де жетті. Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттігін құра бастаудың алғышарты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын» қабылдау болды. Өзінің толық субъектілігін Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдау арқылы рәсімдеді. Сол нұрлы таңмен арайланып, байтақ еліміздің алтынмен апталған Ата Заңы өмірге келді. Туған еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандары аспан түстес зеңгір көк Туымыз, айшықты Елтаңбамыз бен асқақ Гимніміз екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер.
«Орнында бар оңалар» дегендей, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады
“Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып- көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!” деп елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, тәуелсіз ел болу дегеніміз - кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді, әдет-ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін- еркін сөйлеуің. Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген,
Сәлем бердік ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен,-
дей келе білім додасына қатысқалы отырған оқушыларымен таныс болыңыздар (таныстыру).
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
(Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
«Кім жылдам?»
1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі
А)Темір В)Ағаш С)Қола Д)Мыс Е)Тас дәуір
2. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі
10. 1726 жылы бүкіл қазақтың құрылтай жиналысы қайда болды?
А) Ордабасыда В) Бұланты өзені мағында С) Жетісуда
ІІІ тур “Бәйге”
Ғылым 10 20 30 40 50
Тұлға 10 20 30 40 50
Спорт 10 20 30 40 50
Өнер 10 20 30 40 50
“Ғылым”
10. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина )
20. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биология ғылымының саласы (экология)
30. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика)
40. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы (археология )
50. Н.Ә. Назарбаев қай ғылымның докторы? (Н. Назарбаев- экономика ғылымдарының докторы)
“Тұлға”
10. Парсы патшасы Кирді жеңген сақ патшайымы (Томирис)
20. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (Тоқтар Әубәкіров )
30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, ғалым. (Қаныш Сәтбаев )
40. Әйгілі шығыстанушы ғалым, Ш. Уәлихановтың досы (Потанин)
50. Қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері (Абылай)
“Спорт”
10. Петербургте классикалық күрес және цирк өнерін үйренген қазақтың бүкіл әлемге әйгілі ұлы балуаны (Қажымұқан Мұнайтпасұлы)
20. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы (Бахтияр Артаев )
30. 2011 жылы Алматы-Астана қалаларында қандай спорт ойындары өтті? (Қысқы Азия ойындары)
40. 2000 жылы «Сидней» олимпиадасының алтын медаль игері кім?
( Бекзат Саттарханов )
50. Грек- рим күресінен Әлем, Еуропа және Азия чемпионы (Дәулет Тұрлыханов)
Өнер
10- Шәкен Айманов кім? (Әйгілі актер, режиссер)
20- Құрманғазының атақты күйі? («Адай»)
30- Қазақтың кәсіби музыкасының қара шаңырағын көтеруші кім?
(Ахмет Жұбанов)
40-«Қыз Жібек» көркем фильмінің режиссері (Сұлтан Қожықов)
50- Қазақтардың нағыз тарихын бейнелейтін кино («Көшпенділер»)
«Ғажайып төрттік» Тәуелсіздік шежіресі
(слайдтан жыл көрсетіледі, оқушы сол жылғы оқиғаны айтады)
1991ж. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды.
1992ж. Мемлекеттік Рәміздер бекітілді. Қазан айында тұңғыш ғарышкер Т. Әубакіров ғарышқа самғады.
1993ж. Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңге дүниеге келді.
1994ж. Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда ұшқыш Т.Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.
1995ж. 30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды
1996ж. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
1997ж. Елорда Астанаға көшірілді. Қазақстан-2030
жолдауының шығуы. Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргіндерді еске алу жылы.
1998ж. Халықтар тұтастығы мен тарих жылы.
1999ж. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
2000ж. Мәдениетті қолдау жылы.
2001ж. Қазақстандағы Ресей жылы.
2002ж. Денсаулық жылы.
2003-2005ж. Ауыл жылдары
2006ж. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.
2007ж. Қазақ тілін қолдау жылы.
2008ж. Астанаға 10 жыл.
2009ж. Қазақстанның Украинадағы жылы.
2010ж. ЕҚЫҰ самммиті
1.1991 жылы 10-қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
2.1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.
3.1993 жыл қарашаның 15 күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
4.1994 жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.
5.1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
6.1995 жыл 30 - тамыздың Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
7.1996 жыл 30 - қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.
8.1997 жыл қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.
9.1997 жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды
10.1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды
11.1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6-мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті.
12.1999 жыл 10 қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 7-жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
13. 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы.
14. 2000 жыл шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.
16. Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев 2001 жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады.
17.2006жыл Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы аталып өтті.
18.2006-2011жылдарға арналған Білім беру тұжырымдамасы қабылданды.
19.2007жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді.
20. 2008 жыл Халық санағы болды. Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады.
22. 2010 жылы желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды.
23. 2011 жылы VII қысқы Азияда олимпиадасы Астана-Алматы қалаларында болып өтті.
24. 2011 жылы 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы: Шәкен Ниязбеков
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары белгілі суретшілер: Шот-Аман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің авторлары: Сөзін жазғандар: Жүмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн. Сол күні Республика жоғарғы кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасын бекітті.
Республикамыздың мемлекеттік әнұраны 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды.