kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бауыржан - рух пен намысты? т?ресі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

    Біз б?гінгі кеш барысында аты а?ыз?а,с?здері на?ыл?а айнал?ан Бауыржан Момыш?лы ?мір жолдарымен,ма?ал-м?тел ж?не ?анатты с?здерімен танысты?.Б?рын?ы білгенімізді? ?стіне біле т?стік.Бауыржан Момыш?лы  - ?рпа??а ?лгі болатын ?лкен т?л?а.Хал?ымыз ер ?лдарын ма?таныш етеді,??рметтейді,м??гілік есте са?тайды.Батыр ?лдарына арнап шы?армалар,?н-жырлар жазады.Оларды есте ?алдыру ?шін аудан,ауылдар?а,к?шелерге,мектептерге аттарын береді,ескерткіштерін ?ойып,м?ражайлар ашады.Б?л ?а?арман перзенттеріне деген халы? ??рметі. Біз де осы батыр атамыз секілді Отанымызды с?йіп,елжанды азамат болып ?сейік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бауыржан - рух пен намысты? т?ресі. »

Бұлақтыкөл орта мектебі



Тақырыбы:

Бауыржан – рух пен намыстың төресі

сыныптан тыс жұмыс



Дайындаған тарих-география пәні мұғалімі Шошанова Алмагүл







2014-2015 оқу жылы




Тақырыбы: «Бауыржан – рух пен намыстың төресі»

Мақсаты:

1.Оқушыларға Б.Момышұлының өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру;

2.Батырдың нақыл сөздерінің мәнін оқушы санасына сіңіру,өзіндік дүниетанымын қалыптастыру;

3.Ұлтжандылыққа,адамгершілікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары:

1.Кіріспе

2. Өмір дастан

(Бейне баян)

3. Жыр жауһар

4. Аманат

5. Бауыржан Момышұлының әдеби шығармашылығы

6. Қорытынды


Өмір дастан

Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған.Атасы Имаш өмірге ұл келді деп сүйіншілеп,жан-жаққа кісі жібертіпті.Шілдехана тойға ұласыпты.Той соңында Имаш атасы ел қарияларынан бата сұраған екен.Сонда қариялар: «Төл немерең,бел немерең ғой,бата беру жөні өзіңдікі» депті.

Сонда Имаш атасы:

Алатаудың қыраны мол еді-

Қырағы болсын құлыным.

Қойнауы суға мол еді-

Бұлағы болсын құлыным.

Елінің тірегі зор еді-

Шырағы болсын құлыным.

Бұл жер батырлар төрі еді-

Сыңары болсын құлыным,-деп батасын берген екен.

Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.

1921 жылы Бауыржан Әулиеата,қазіргі Тараз қаласына келіп, Аса интернатына түседі.Осында үш жыл оқып бастауыш мектепті аяқтайды. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев және Құрманбек Сығындықов оқиды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы қағаз бойынша ақша алатындығын және сол ақшаға ауылға қайтатындығын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді.

Соғыс алдында

1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді.

1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.

Атқару комитетіндегі қызметімен көзге түскен Бауыржан Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болады. Осы қызметте жүрген уақытта 1936 жылы Республикалық банктің меңгерушісі Б.М.Барханның жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсты бітіреді. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындайды.

1936 жылы жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод командирлігіне шақырылады. Бұл кезде рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.

1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары

1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегінен бастап қатысты.Генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады.

1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды.

1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның рота, батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизияның командирі болады.

1942 жылдың 6 маусымында "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады.

1944 жылы денсаулығына байланысты Алматы госпиталіне жіберіледі.

1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу ұйымдастырады. Осы лекцияның стенограммасы кейінрек "Соғыс психология" деген атпен кітап болып басылды. Алғашында тек орыс тілінде жарық көрген бұл еңбек, 2010 жылы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай қазақ тілінде де жарық көрді.[3]

Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Осының негізінде орыстың белгілі жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.

Москва үшін шайқас

Москва түбіндегі шайқас Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болды. Жас сардар, 1073 атқыштар полкінің батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы сарбаздармен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик, психолог еді.

1941 жылдың 16-18 қараша күндері аралығында Вермахтың Мәскеуге екінші дүркін шабуылы кезінде Б.Момышұлы басқарған батальон өз дивизиясынан қашықта Матронино селосының маңында Волоколам тас жолыда аса ерлікпен соғысты. Комбаттың дарынды басшылығының арқасында неміс әскері бұл маңда 3 күнге іркіліп қалды. Бұл ерлігінен соң жас комбат өз сарбаздарын қоршаудан соғысқа қабілетті жағдайда алып шықты.

Алайда аласапыран шақта қысылтаяң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соғады. Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі – Бауыржан басқарған бірінші батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасайды. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарады. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарады.

Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырады. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырған жауынгерлер табандылық пен төзімділік көрсетіп, қалың қарағайлы тоғай ішінің қалың қарын омбылай жүре отырып, екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шығады. Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспағандықтан тың тұрады.

Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В. Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. «Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті» деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алады. Иван Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра құшақтай алып, бетінен сүйіп: «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қағады.

19 гвардиялық атқыштар полкінің командирі ретінде 1941 жылдың 26-30 қараша күндері гвардия капитан Момышұлы Мәскеу облысының Соколово деревнясының маңында неміс әскерінің шабуылын 4 тәулік бойы қайтарып, сәтті ұрыс жүргізді. 1941 жылдың 5 желтоқсанында омыртқаға оқ тиіп, жарақат алды. Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен Аңыз" кітабында Бауыржан өзін санбатқа жеткізгенде дәрігерлер дереу госпитальға апару керек деп шешкендігін, бірақ ол тапаншамен дәрігерді қорқытып, оқты сол жерде шығаруды бұйырғанын айтады. Оқты алып, жараны таңғаннан кейін капитан Бауыржан Момышұлы ұрыс алаңына қайта оралады.

Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерлерін саптан шығарады, жаудың көптеген техникасын жойып жіберді.

1944 жылы Комдив болып жүрген кезінде Дубровка деревнясының маңында болған ұрыс кезінде тағы қатты жараланады. Өз айтуынша құйымшақпен жерден шығып тұрған темірге құлаған екен. Біраз уақыт атқа отыра алмай және шалқасынан жата алмай жүрді, бірақ госпитальге бармады.

Сол уақыттан 1944 жылдың наурызына дейін госпитальде жатады. Сол жылы Бас Штабытың Әскери Академиясының жанындағы офицерлердің біліктілігін арттыру курстарын бітіріп шығады.

1945 жылдың 21 қаңтарынан бастап гвардия полковник Бауыржан Момышұлы Екінші Прибалтика майданының, 6 гвардиялық армиясының, 2 гвардия атқыштар полкінің 9 гвардия атқыштар дивизиясын басқарды. 1945 жылдың ақпан-наурыз айларында Бауыржан Момышұлы басқарған дивизия Приекуле станциясының солтүстік-батыс жағында орналасқан неміс әскерінің үш бекінісін бұзып өтеді. Дивизия шабуылының нәтижесінде 15 елді мекен босатылды, ал жау әскеріне үлкен зиян тиген болатын.

Бауыржан Момышұлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан нақылға бергісіз сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттың мінез-құлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін ерекше бағалай білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырған.

Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді.

Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды.

Соғыстан кейінгі жылдары
1946-1948 жылдары Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдаушысы болады.

1948-1950 жылдары 49-атқыштар бригадысы командирінің орынбасары қызметін атқарады.

1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны тәмамдайды.

1953 жылы академик Ван-Чон-Худың басқаруымен келген Қытай делегациясымен кездеседі.

Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан cоң, елге оралады. Елде біраз уақыт жұмыс табылмайды. Өмірбек Жолдасбеков Қазақ Ұлттық Университетінің әскери кафедрасына жұмысқа алмақ болады. Алайда оған да қарсылық болған көрінеді. Батыр енді толықтай шығармашылықпен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген білгендерін шығармаларына арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығының негізіндегі тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығарылды.

Бауыржан соғыс уақытында "Серігім", "Жазушыға", "Қалыбек аға", "Біреулерге", "Омарбекке", "Жардың мұңы", "Ғ-ға", "Ана тілін ардақта", "Досыма", "Толғау" атты өлеңдер жазған.

1952-1956 жылы "Офицердің күнделігі", "Бір түннің тарихы", "Біздің семья" деген алғашқы кітаптары жарық көрді.

Кубаға сапары

Бауыржан Момышұлы 1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне барады. Сапар барысында Куба басшысы Фидель Кастромен кездесудің реті келмейді, бірақ інісі Рауль Кастромен кездесіп, ол кісіге үлкен әсер қалдырады, Куба әскерилерінің алдында дәріс оқиды. Кубаға барған саяхаты жайында "Куба әсерлері" атты кітап жазады. Бауыржан Момышұлы Фидель Кастро мен Эрнесто Че Гевараның үлгі тұтқан тұлғасы болған.

1963 жылы Куба үкіметінен бірнеше қайтара шақыру келгендіктен, 10 күндік сапармен барып келеді.

1982 жылы 10 маусымда 71 жасына қараған шағында Алматыда дүние салады. "Кеңсай" зиратына қойылды.
1990 жылы Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді. Шешім 1990 жылдың 11 желтоқсан күні шықты. Медаль номері 11637

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Наградалары

Соғыс кезінде

1942 жылы 6 маусымда «Қызыл ту» орденімен;

1944 жылы 6 маусымда «Москваны қорғағаны үшін» медалімен;

1945 жылы шілдеде 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды

Соғыстан кейін

1970 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен

КСРО Президентінің 1990 ж 11 желтоқсандағы жарлығымен Б. Момышұлына 1941-1945 жылдары соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді (медаль №11637).

2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды

Бауыржан Момышұлы туралы

1967 «За нами Москва», Режисеері: Мәжит Бегалин, Бауыржан Момышұлын сомдаған: Кәукен Кенжетаев

2010 - Қазақтың Бауыржаны (Деректі фильм) Қазақфильм. Қалила Нематұлы Омаров[9]

2013 - Бауыржан Момышұлы (телесериал) Режиссері: Ақан Сатаев.

Ақиқат пен аңыз - авторы Әзілхан Нұршайықов

Волоколамск тас жолы - авторы Александр Бек

Восхождение к отцу - авторы Бақытжан Момышұлы

Во имя отца - авторы Бақытжан Момышұлы

Сыновья великого волка - авторы Бақытжан Момышұлы

Шуақты күндер - авторы Зейнеп Ахметова

Жыр жауһар

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ

«Бауыржан»

Бір дауыл сапырды кеп өрт теңізін,

Теңселтіп темір топан дүние жүзін.

Бетіне туған жердің өшпестей ғып,

Ер жазды өз қанымен жүрген ізін.

 

Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін,

Атағы атын алып келді бұрын.

Үстінде туған елдің тұрды толқып,

«Бауыржан Момышұлы» деген бір үн.

 

Ақынның ақ сұңқардай жүрегі бар,

Алқындым бір көруге болып құмар.

Көктемде күркіреген күн даусын

Жер естіп, желкілдеген гүл ынтызар.

 

Қан майдан қаталатып, шөлдегенде,

Кез болдым жалтылдаған екі көлге.

Көл емес көздері ғой Бауыржанның,

Елестеп мың көрінер бір көргенге.

 

Бойы бар бізден гөрі биігірек,

Тіп-тік боп абыройын тұрған тіреп.

Топ жара көрінсін деп екі иығы,

Туған ел жаратыпты оны ірірек.

 

Ойы бар бірде дауыл, бірде жалын,

Теңіздей тебіренткен терең жанын.

Алғандай бойға жиып бар қуатын,

Кешегі өзі кешкен уақиғаның.

 

Кейде ол көк семсерлі генералдай,

Кейде ол күй көңілді ақын жандай.

Өмірдің ол шеті мен бұл шетіне

Өресі өрен ойдың тартылғандай.

 

Жан ұқпас жұмбақ емес бір жасырын,

Айтады ол тіке қарап жұртқа сырын.

Жаратпас жамап-жасқап жұрт ескісін,

Соғады өз дүкені сөз асылын.

 

Ойы бар қиялының қанатында,

Адаспас апарып бір салсаң тыңға...

Бір дәурен ойнап-күліп отырғаны,

Жалтылдап екі көзі қарсы алдыңда.

 

«Батырым - Бауыржаным» дейді халқым,

Алып ұш,ақын жүрек ердің даңқын.

Келешек келе жатыр көремін деп,

Тік басып туған жерде жүрген қалпын.

 

Ағамыз атағына асқар тау тең,

Жау келсе – жаубүйректей етер жәукем,

Емендей ерегісер сұрапылмен,

Басымен бұлтты жайпап біздің Баукен


Сырбай Мәуленов

«Батыр ағам Бауыржанға»

Кешіп өтіп кешегі от-жалыннан,

Дүниеге ерлігімен танылған.

Кең жауырынды,
Талғардай тік иықты,

Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

Қалтыраған атынан жау ордасы,

Панфиловтың жорықтағы жолдасы.

Даңқ туын майдандарда көтерген,

Гвардия бөлімінің қолбасы.

Шежіресін жазып соғыс кезінің,

Бүгін сенің жырға айналды сезімің,

Бүгін тағы естіледі әлемге,

Айкастарда атой салған өз үнің.

Ел аузында ерлігі - аңыз, аты - жыр,

Халкымыздың мақтанышы батыр ұл.

Мерекелі мүшеліңді кұттыктап,

Сырбайыңның жазған сәлем хаты бұл.    

Қайрат-күшін қан майдандар сынаған,

Сенсің менің ардақтайтын бір ағам!

Ескерткіш боп
тұрып қалмай бір жерде,

Алшаң басып жүргеніңе қуанам.


Аманат

  1. Опасызда Отан жоқ,

Отанда опасызға орын жоқ

  1. Тәртіпке бас иген құл болмайды!

  2. Отаның үшін отқа түс күймейсің.

  3. Ептілік пен ерлік -
    Ерге тән қасиет.

  4. Тәрбиелі - тәртіптің құлы,
    Тәртіпті - елдің құлы.

  5. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

  6. Шындық ақиқатты түсіндіруші.

  7. Парыз – арман мен даңқ шыңы.

  8. Ержүректілік пен батылдық жүректен шығуға тиіс.

  9. Тәуекелсіз – жеңіс жоқ.

  10. Тобыр – армия емес, армия да – тобыр емес.

  11. Басқа жазушылар сиямен жазса, біз қанымызбен жазамыз.

  12. Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы.

  13. Ананың әлдиін білмеген – ұл болмайды,

  14. Қайрат – қамал бұзады.

  15. Ана үшін аянба – ант ұрады,

Бала үшін аянба – бетің күйеді.

Ел үшін аянба – жігіттілігіңе сын.

  1. Ел дегенде – езіліп, жұрт дегенде – жұмылып істе.

  2. Батыр – батыр емес, батырларды бастаған батыр.

  3. Атағыңа ақылың сай келсе ғана сыйлы боласың.

  4. Адам бойындағы басты сезім – парыз сезімін ұштап, тәрбиелеу.



Бауыржан Момышұлының әдеби шығармашылығы

Шығармалары

Ұшқан ұя (1974 жыл)

Москва үшін шайқас,

Жауынгердің тұлғасы,

Майдан

Майдандағы кездесулер,

Генерал Панфилов,

Төлеген Тоқтаров,

Куба әсерлері

Адам қайраты (1981 жыл)

Елбасына күн туса

Психология войны


Қызықты дерек

Ұлы Отан соғысы жылдарында екі қазақ қана дивизия басқарған. Оның біріншісі Бауыржан Момышұлы болса, екіншісі Әбілқайыр Баймолдин.


Қорытынды

Біз бүгінгі кеш барысында аты аңызға,сөздері нақылға айналған Бауыржан Момышұлы өмір жолдарымен,мақал-мәтел және қанатты сөздерімен таныстық.Бұрынғы білгеніміздің үстіне біле түстік.Бауыржан Момышұлы - ұрпаққа үлгі болатын үлкен тұлға.Халқымыз ер ұлдарын мақтаныш етеді,құрметтейді,мәңгілік есте сақтайды.Батыр ұлдарына арнап шығармалар,ән-жырлар жазады.Оларды есте қалдыру үшін аудан,ауылдарға,көшелерге,мектептерге аттарын береді,ескерткіштерін қойып,мұражайлар ашады.Бұл қаһарман перзенттеріне деген халық құрметі. Біз де осы батыр атамыз секілді Отанымызды сүйіп,елжанды азамат болып өсейік.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бауыржан - рух пен намысты? т?ресі.

Автор: Шошанова Алмаг?л Аралбаевна

Дата: 29.05.2015

Номер свидетельства: 216306


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства