kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ауғанның от жалыны" Ауған соғысының ардагерімен кездесу кеші

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ауған соғысының ардагері Қосмурзиев Алтай ағаймен кездесу кеші ұйымдастырылды. Оқушыларды патриоттық сезімін оятып, отанды сүюге  деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында өтті. Ардагерден мол мағлұмат алып, оқушылар ер азамат ретінде жігерленді.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ауғанның от жалыны" Ауған соғысының ардагерімен кездесу кеші»

Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылғанына - 30 жыл толуына орай «Ауғанның от жалыны» атты Ауған соғысы ардагерлері мен кездесу кеші .

Кездесу кештің мақсаты: - оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, ағалар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу ; - батырлар туралы ойларын терендету, зерттеу еңбектерін сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету ізденгіштік қасиеттерін арттыру ; - Ауған соғысы туралы оқушыларға мағлүмат беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге , есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу ; Бағыты : азаматтық, патриоттық, құқықтық тәрбие беру. Күні : 8 ақпан 2019 жыл Қатысушылар: Ауған соғысынің ардагері Қосмүрзиев А.Б., 8 – 11 сынып оқушылары, ауыл әкімшілігі, мектеп мұғалімдері. Көрнекілігі : Ауған соғысы жайлы бейнетаспа, слайдтар, альбомдар, кітап көрмесі. Өтетін орны : актовый зал Кездесу кештің барысы : Әнұран орындалады 1 жүргізуші Уахитова Н. Армысыздар, Ауғандық жауынгерлер! Жырым бар жараланған жаныңды емдер, Өлгендердің жанатта болсың жаны, Тірілердің мың жаса дәуірлеңдер!

2 жүргізуші Нухов М. Қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар, «Ауғанның от жалыны» атты Ауған соғысының аяқталғанына -30 жыл толуына орай кездесуімізді ашық деп жариялаймыз. 1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төнкеріс болып, оның артты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп – 10 жылға жуық соғыс жүргізді.

1 жүргізуші Уахитова Н. Ауған елінде 1979 – 1989 жылдары ұрыс қимылдары жүрді. КСРО бойынша бұл соғыста 15 мыңнан астам Кеңес солдаттары мен офицерлері қаза тапты. 35 мың адам ауыр жарақаттанды. Кеңес әскерінің соғыс әрекеттері КСРО-ға 5 миллиард сом шығын әкелді. Қазақстаннан 22 мың адам қатысып, олардың 761қаза тапты, 27 хабар- ошарсыз жоғалды, 35 мың адам ауыр жараланды. Қаза тапқан жауынгерлеріміздің құрметіне 1 минуттық үңсіздік жариалаймыз. 2-жүргізуші Нухов М. Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктін үлгісін көрсеткен барлық кезендегі қахарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес. Бүгінгі еске алу кешіміздің қадірлі қонағы жалындаған жастық шағын, қарулас достарын ала бағанның арғы жағына қалдырған ардагеріміз біздің арамызда. Ауған соғысының ардагері «За Отвагу» медалінің иегері – Қосмүрзиев Алтай Баймүратұлы

1 жүргізуші Уахитова Н. Құрметті қонақтар, оқушылар! Өткенін ескермеген өшеді, өткенін қастерлеген өседі-демекші, берер тәлімі мол, тарихтың тірі куәгері бүгін біздің ортамызда. Экранға назар аударайық. Деректі фильм «Мен көрген соғыс» авторы Бақытбек Смағұл, Ауған ардагерлерлер қоғамының төрағасы, мәжіліс депутаты .

2-жүргізуші Нухов М. Салтанатты кешіміздің ашылуы сөзі мектеп директоры Айгул Оразайқызына беріледі. Ән «Ағаларға ұқсаймыз» орындайтын Сисенгалиева А Т

1 жүргізуші Уахитова Н. Қаза болғандардың құрметіне Қазақстанның 14 қаласына және аудандардың 45 елді-мекеніне ескерткіштер орнатылды. Ауған соғысы ардагерлері ұйым – дарын біріктіру құрылтайы болып өтті. Ардагерлер қауымдастығы құрылды. Қазіргі уақытта төрағасы мәжіліс депутаты Бақытбек Смағүл, Қазақ жазушылар Одағының мүше-сі. Ауған соғысында қаза болғандарға, Ардагерлерге алғыс айта отырып, Ауған жерінде майданда жазылған өлең – жырларға кезек берейік.

Қаң майданда қаң аққан бұлақтардан Кенжеғалиев Д Қаңды кешіп жүреді алда ерлер. Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам, Ассалаумағалейкум, ардагерлер ! Соқыр билік тұсында суман қаққан , Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті Ауғанның көк аспаның тұмандатқан, Сұрапыл майдан бопты қасіретті .


Дүшпанмен бетпе – бет көп шайқастарда, Кереев Е. Жасқанып, шешінбеген, тайсалмаған. Отан үшін бас тігіп айқасқанда , Оққа ұшты қанша қазақ, қанша балаң !? Тастаған енді ер жетер шаққа қырып, Кектерін олар үшін заман алар. Кебенек киген ұлын аттандырып, Қабірін құшып қалған аналар бар!


«Отаным» деп от ішінде өлгендер, Кәрім М. Түсіме еніп, мазамды ала бермендер. Бүгін менің кеудемде тұр жарқырап, Тірі болса солар шығар өреңдер. Қарғыс атқыр, бағасыз арық қойдан, Сұм соғыс ғазиз жанды опырады. Ауғанда неше боздақ қалып қойған, Бұйырмай туған жердің топырағы .


Қырылған адам қаны қара бөктер, Қанатов Н. Медбике зыр жүгіреді жара танып Тірі адам алып келген самолеттер, Қайтарда алып ұшқан қара табыт. Жығылып қайта тұрып, құлап төзген, Батырлар қалған сонда бар ма жасып ? Теңеу жоқ бұл соғысқа, бір – ақ сөзбен, Арыққа қаң сыймаған, арна тасып.


Ел басына күн туған сол заманда, Темірболат М. Ерлікпенен – қорқақтық сыңға түсіп. Соғыстыңдар жан досың боздағанда Сезімді жігер деген қымтап ұстап Болмасын еш уақытта соғыс деген Артпасын адамсаның бейіттері! Ұмытылмас қара жерді қоныс көрген Сәрі, соңғы соғыстың шейіттері.

Қаң кешкен он жыл – Ерлікпен өткен тозақтан, Батыров Б. Баласы елің құтқарар әр кез аэаттан . Атылған оқтар, жаралы достар, айқай – шу Есінде әлі кешегі Ауғанстан . Гүл ұстап келді бір адам тұтып қайғыны, Елжіреп, толқып сезімнің шалқар айдыны. Ескерткіш, Гүлдер... Жылап көріскен адамдар Он бесінші ақпан.... Куанышты күн әлде қайғылы ?!


Ол бір күндер куанышсыз, шаттықсыз, Сатқанов С. Отан үшін мың күнәға баттық біз. Өлтірем деп ойламастан өзгені, Өзгелерді өлмес үшін аттық біз. Қасіретін көзбен көрген жалғанның, Көкірегінде мәңгілік қалған мұн. Алдарында басымды ием, тағзым қып, Соғысында қаң кешкендер Ауғанның!


Кезім болды жүрген Ауған даласында, Орынгалиев А. Өмір менен өлімнің арасында Азаматтық борышты өтеу үшін Құндыз бенен Қандағар қаласында. Көрдік көзбен талай ерді қаза болған, Талай ана көкірегі мұңға толған, Үстен болсын мерейі сарбаздардың Өз еліне аман есен оралған.


Тағдырымды оқ өтіне байлаған, Оразалиева А. Қаң майданнан аман қайттым қайнаған . Қалды солай тау – тасында Ауғанның, Қаңша өмір жауқазындай жайнаған . Ерлігінді, өрлігіңді төрткүл дүние ел көрді Бірге аттанған кей бауырыңды Топырақ жапты, жерленді Енді олар жебейді ғой аруағымен сендерді.


Жүрегі қайсар, қайтпайтын мың сан жаудан да, Кенжебекова Д. Отаны сеніп, бұйрық бергенде қалғанда. Батырлар қанжардай өткір ұландар, Қасіретті ерлік тау – тасы ажал Ауғанда. Жалт ете қап жалғыз оқ жаудан ұшқан, Сен құлаған көл бетін тауды алыстан. Елестейтін кезіне қасірет боп, Қайғым да сен мәңгілік Ауғанстан!


1-жүргізуші Уахитова Н. Құрметті Алтай Баймұратұлы ! Сіздің Ауған соғысы кезінде бастан кешкен оқиғаларыныз жайлы естеліктер тыңдасақ , сізді ортаға шақырамыз. Оқушылар кейін сұрақтар қояды: 1. Сіздермен бірге Орал облысынан қаруластар болды ма ? 2. Сіздің Ауғанстанға аттануыңызды туған туыстарыңыз білді ме ? 3. Соғыстың алдында сіздерге жаттықтыру істері жүргізілді ме ? 4. Ауғанстан жерінде тұратын қазақтар бар екенің білеміз. Сол соғыстың кезінде қаңдастарымызды кездестірдіңіздер ме? 5. Әскери борышын өтеп , үйге – елге баражатқанда, елге келгенде қандай сезімде болдыңыз ? Сол соғыс туралы айтуға құпия болды ма? 6. Ауған соғысының ардагерлеріне мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр?

2-жүргізуші Нухов М. Ауылға хат. Сәлеметсіздер ме, аға – жеңгей, бауырларым, қарындастарым. Қалдерің қалай, ауыл аймақ аман есен бе ? Ауылда жаңалық көп шығар, бізбен оқығандар армиядан келіп жатқан шығар. Менің қалым жақсы. Ауғанстандамын, бұрын хатқа жазғызбайтын. Мені қай уақытта босататыны белгісіз. Егер мен аман болсам, майдың аяғына таман барып қалармын. Хат жазбай-ақ қойындар. Бұл жақта күн ыстық, қысты көргеніміз жоқ. Хош сау болындар. Сәлеммен ұлдарын Болат.... 1979 жыл 25 сәуір. Міне, осылай қысқаша ғана үй ішіне талай боздақтар хат жолдаған, оның кейбірі ешқашан қайтып оралмады да.

Ән «Батырлар ұраны» орындайтын трио 6 сынып оқушылары.

1-жүргізуші Уахитова Н. «Жауынгер хаты» өленімен Борангалиева Дилназ. Бауырым бұл хатымды аласың ба? Ауғанның тауларынан арасында. Бораған қорғасын оқ бас көтертпей, Жатырмыз ессіз – түссіз жар астында. Қоршаудамыз , барады айдан асып, Анталаған жаулармен тайталасып. Іздеп жатқан елде жоқ артымыздан , Шер – қайғынды енді кімге айта аларсың? Күніреніп, жүрсінеді Ауғанстан , Жігіттер де шаршады сүм соғыстан. Түн ортасы басталар қаңды қырғын, Жарылыстан-жарылыс күл боп ұшқан. Күн өтеді осылай жастығымның , Жолдасымның естідім ақтық үнін . Қансырады, құлады командирім , Бірақ сырың алдырмай жатты күліп. Күліп жатты жалғанның барлығына, Өспей жатып жасыл гүл салды сонда! Көтергенмен рухын жауынгердің, Іште қалды-ау өкпесі тағдырына ! Басқа салды, біз көндік амал қанша? Тартысамыз дұшпанмен ала-алғанша. Қай бұрышта қалады бас домалап, Алла білер жортатын сапар қанша? Кейде ойлайсың, сұм ажал алып кетсе, Қопарылып өртеніп, жанып кетсем. Бауырым дән риза мен болар едім Осы хатым еліме барып жетсе! Түсімізге енеді ақ қорымдар , Дегендей ме , сездіріп сақ болындар. Бәрімізде бар арман қоршаудағы , «Сүйегіміз қалмаса екен жат қолында!»

2-жүргізуші Нухов М. Құрметті қонақтар, 2002 жылы туған мектептің ұлдарымыздың әскерге шақырылушылар куәлігін салтанатты түрде тапсыруға рұқсат етіңіздер, Куәлік алушы оқушыларды ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші Уахитова Н. Куәлікті тапсыру рәсімін мектеп директоры және Алтай Баймұратұлына береміз және ортаға көшеметпен шақырамыз.

2-жүргізуші Нухов М. Құттықтау сөэ кезегі Шағатай әкімшілік аппаратының маманы – Куангалиев Ахамат Мержан ұлына беріледі.

1-жүргізуші Уахитова Н. Ән «Атамекен» орындайтын Темірболат Даурен. Поэзияға орын береміз. Ортаға 10 сынып оқушысы Алмашева Раушанды шақырамыз.

Көп ойлап ауыл сені де , Төгілді өлең аманат. Хатым тез жетсе жеріне , Көңілге бұл да қанағат. Мен жүрмін оттың ішінде , Сағынып ауыл хабарын . Елімді көріп түсімде , Жасқа да толды жанарым . Көрісер, шіркін күн бар ма? Аман-сау жетіп ел-жұртым. Шөлейтті мынау құмдар да , Көз ілмей жаттым кейбір түн. Қандағар, Гиндук тау-ағын , Соғысып алға барамын . Мен мұнда қайсар жауынгер, Анама әлі баламын . Оралам менде, әке елге Ұйқысыз көзім толады Минаға түсіп сапер де Әнекей жатыр жаралы Ауылды болмас сұрамау Тұрғанда шығар түрленіп Жете алмасам тұрады-ау Қабірдің басын гүл кетіп Өмірді бір оқ жұма ма? Ол да бір үрей жас жанға Жатырмын бұғып жырады Телміре қарап аспанға.

2-жүргізуші Нухов М. Ұмыт болған,Ұмыт қалған жоқ ешкім Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім Ұрпақ үшін тозбайтұғын бітпейтін Ардагерлер – естелігі соғыстың Қорытынды сөз МДТЖЖО Ләззат Кенжеғали қызына беріледі

1-жүргізуші Уахитова Н. Құрметті Ауған соғысының ардагерлері сіздердің отты жылдардағы ерліктерініз ешқашан ұмытылмайды. Отанды қорғау, Отанға деген махаббат, патриоттық сезімнің шынайы үлгісін көрсете білдіңіздер. Әрбір арайлап атқан таңдарыныз сіздерге тек бақыт, куаныш әкелсін, әрбір арайлап батқан күндерініз өзімен бірге қайғы – мұнды ала кетсін. Әрқашанда бейбітшілік, тыныш заманда мәнді де сәнді ғұмыр кешулерінізге шын жүректен тілектеспіз ! Біздің сізге арналған естелік сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етініз.

2-жүргізуші Нухов М. Жүрегі алып , өзіде алып арыстан , Қарулы қолы жау жағасында қарысқан. Батыр елімнің семсер ұлдары бар әне, Жаралған биік Рух пенен Жігер, Намыстан ! – деп, бүгінгі кездесу кешімізді аяқтаймыз . Қош , сау болыныздар !




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
"Ауғанның от жалыны" Ауған соғысының ардагерімен кездесу кеші

Автор: Шналиев Нуржан Урынгалиевич

Дата: 26.02.2019

Номер свидетельства: 501475

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(179) "Тәрбие сағаты "Руxани жаңғыру-болашаққа бағдар" атты апталық аясында өткен "Ауғанның отты жылдары""
    ["seo_title"] => string(80) "t_rbie_sagaty_ruxani_zhang_yru_bolashakk_a_bagdar_atty_aptalyk_aiasynda_otken_au"
    ["file_id"] => string(6) "500200"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1550425266"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства