kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Аты анызға айналған Батыр» Н.С. Майдановты еске алу кеші

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кеңес Одағының Батыры, Ресей Батыры – Н.С.Майдановтың өмірі мен ерлік істерін жас ұрпаққа үлгі ету; өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, әскери анттына адал, қайсар офицер ағамыздың ерлігін үлгі ету өскелен ұрпақты елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында өткізілген еске алу кеші                                                

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Аты анызға айналған Батыр» Н.С. Майдановты еске алу кеші»

«Аты анызға айналған Батыр» Кеңес Одағының Батыры, Ресей Батыры – Н.С. Майдановты еске алу кеші . Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылғанына - 30 жыл толуына орай арналады.

Мақсаты: а) Кеңес Одағының Батыры, Ресей Батыры – Н.С.Майдановтың өмірі мен ерлік істерін жас ұрпаққа үлгі ету; б) өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, әскери анттына адал, қайсар офицер ағамыздың ерлігін үлгі ету; в) өскелен ұрпақты елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу; Міндеті: Батыр есімін мәңгі есте сақтау, ерлікті дәріптеу. Жерлес батыр ағаның ерлігін насихаттау, мақтан ету. Өтетін уақыты: 11 ақпан 2019 жылы. Сағат 13.15 Өтетін орны: Мәжіліс залы: Қатысушылар: 8 – 11 сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, ұстаздар . Көрнекілігі:Н.Майданов туралы альбомы, очерк, мақалалар, деректер, Ауған соғысы туралы кітаптар көрмесі, Батырдың суреті, бюсті, экран, видеопроектор, нақыл сөздер. Жоспары : 1. Кіріспе сөзі ( Тарих пәнінің мұғалімі Шналиев Н.О.). 2. Н. Майдановтың өмірбаянымен таныстыру. 3. Слайдқа шолу, батыр туралы (балалық шағы, мектеп жасы, әскер қатары, курсант кезі) . 4. Видео тамашалау (Ы,Алтынсарин ЖОББМ батырға мемориалдық тақта ашылу салтанатынан үзінді) . 5. «Қыран қанат шәкіртіме» өленің оқу, 9 сынып оқушысы Уахитова Н. 6. Ән «Ағаларға ұқсаймыз» орындайтын 6 сынып оқушылары . 7. Видео тамашалау (Орал қаласында Н. Майдановтың құрметіне ашылған ескерткіш) . 8. . КСРО Батыры Н. Майданов атындағы «Жас Ұлан» әскери-патриоттық клубы мүшелерінің әскери өнерлерін тамашалау. 9. Қорытынды сөзі ( МДТЖЖО Жантемирова Л.К. )

Тәрбие сағатының барысы : 1-жүргізуші Мергенев Е. Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар ! Өз Отанына, әскери анттына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар офицер – батыр ағамыздың ерлігін үлгі ету мақсатында «Аты анызға айналған батыр» атты өткізілгелі отырған кешімізге қош келдіңіздер ! 2-жүргізуші Нухов М. Отансүйгіштік бұл адам бойындағы күш- қуатын, білімі мен өмірлік тәжірибесін халық мүддесіне арнауы, кіндік кескен жеріне, еліне ыстық махаббаты, оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезімі. Олай болса, отансүйгіштік қасиетті бүгінгі жастарымыздың бойына ұялату. Ғұлама М.Ауезовтің «Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ» қнатты сөздерімен, Қаздауысты Қазыбек бидің «Алтын ұян – Отаның қымбат, туып – өскен жерін қымбат» деген аталы сөздерімен тәрбиелей білсек, намыссыз ұрпақтың болмайтыны айдан анық . 1-жүргізуші . Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгі сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, ескерткіштер орнатылып, мәңгілік алаулар жағылады. Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасиеті шексіз екені баршаға аян. Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезендегі каһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес. Солардың ішінде Н.Майдановтың ерліктерін ұмытпау біздің өскелен ұрпақтың қасиетті міндеті. 2-жүргізуші . 2012 жылы Батырдың білім мен тәрбие алған Ы. Алтынсарин атындағы мектебінемемориалдық тақтаның ашылу салтанатынан үзінді тамашалайық экранға назар.

1-жүргізуші . Соғыс – тажал, соғыс неткен сұм еді, Сол соғыстан соқпай қалды қанша адамның жүрегі ? Сол соғыстан өз үйіне оралмады қанша жан, қанша ана аңырады ұлын күтіп аңсаған . 2-жүргізуші. Асыл аға ! Атыңнан айналайын қазақ деген , Қазағым қайсарлығын ғажап дер ем. Сақталсың елдігінді сағын сынбай , Көрсен де талай азап қиындықпен .

1-жүргізуші. Н.Майдановтың өмірбаянымен таныстырады. Полковник Майданов Николай Саинович – 7.02.1956 жылы Б.Қ.О. Жымпиты ауданы Тасқұдық ауылында дүниеге келген. Әкесі Майданов Сайын Сағынғалиұлы – ұлты қазақ, ал анасы Галина Людвиговна неміс қызы. Олар отбасымен 1959 жылдары Шағатай ауылына қоныс аударады. Тамыры тереңге жайып, жапырағы жайқалған байтеректей үлкен отбасы бақыттың базарына айналғандай еді. Сайынның кіндігінен жеті бала өрбиді (5 ұл, 2 қыз). Сол жетеуінің бірі – Николай батыр. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі – Коляның білім әлеміне тұңғыш қадам басқан алтын ұясы. 1973 жылы аталған мектепті аяқтап, Щурихин Алексей досымен бірге Ақтөбедегі азаматтық авиация училищесіне оқуға түсуге барады. Николай түгел сынақтан сүрінбей өтеді, бәрақ досы (оныңшы сыныпта сол Щурихиндердің үйінде жатып оқыды, себебі Майдановтар отбасы сол жылы Чапаев аудандық орталығына көшіп кетті) жарамсыз болып шықты. Центрофуга дейтін пәледен басы айналып құлап қалыпты. Досының көңілін қимай, құжаттарын қайтып алып, екеуі ауылға оралды. Одан кейін жүргізушілер курстарына жазылып, Орал қ. ДОСААФта оқуын бітіріп , әскерге дейін Чапаев ауылында жүк машина айдап еңбекке араласады. 1974 жылы көктемінде Кеңес Армиясы қатарына шақырылып Германияда әскери борышын абыроймен өтеді. 1976 жылы Николай әскери бөлімнің жолдамасын алып әскерден кейін Саратовтағы Жоғары әскери авиация училищесіне оқуға түседі. Төрт жыл ойдағыдай өтіп 1980 жылы бітіріп әскери ұшқыш атанған лейтенант Майданов алдымен Одесса, Венгрия, Забайкалье әскери округында тікұшақ полктарында қызметтерін өтейді. Ауғанстан соғысына екі рет қатысады (1984ж қыркүйектен – 1985ж қарашасына дейін, және 1987ж наурыздан – 1988 ж мамырына дейін). Майданов МИ – 8 тікұшағымен 1250 әскери ұшу сапарын жасап, ұрыс даласынан 100-ден астам жаралы сарбазды алып шықты. Мыңға жуық десантшыны алғы шепке тасымалдап, 100 тонна жүк жеткізді. 1987 жылы 8 желтоксаны Майдановтың экипажына шұғыл ұшуға бұйрық берілді. Хаиркот тауы баурайына десантшылар ұрыс жүргізіп, қоршауға түсіп қалады. Жау жағы басым, күш тең емес. Майданов тікұшағымен шайқастың нағыз ортасына бағыттады. Мұндай көзсіздікті күтпеген дүшпандар ұшаққа оқты қарша боратты. Өмір мен өлім арпалысқан уақытта Майдановтың қаһармандық бет-бейнесі жарқырай көрінді. Сөйтіп қайнап тұрған ұрыстың ортасынан 46 десантшыларды аман алып шықты (үш есе артық салмағы адамдар). Осындай ерліктер жасағаны үшін Н.С.Майдановқа 1988ж. 29 шілдеде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол жылдың 5 қыркүйекте Кремльде оған Батырдың «Алтын Жұлдызы» мен Ленин ордені тапсырылды. 1989 – 1992 жылдары Ю.Гагарин атындағы Әскери – Әуе Академиясын тәмамдаған Майданов Қазақстанға оралып Тараз қ 1994 ж дейін тікұшақ әскери полкінің командирі болды. Кейін Ресейге қоныс аударып Ростов, Ленинград әскери тікұшақ полкінің командирі қызметінде Солтүстік Кавказдағы Шешенстандағы соғысқа аттанды. Бұл жерде батыр өз заманының саясаттың құрбанына айналды деуге толық негіз бар. 2000 жылы 28 қаңтар күні Арғын шатқалында десант түсірген кезде, арнаулы жасақ тосқауылға тап болады. Қаңды көйлек достарын тосқауылға қалдырмай Майданов тікұшақты кейін бұрады. Жараланған десантшыларды және қалған топты тікұшаққа тиеп болған кезде жау мергенінің оғынан ауыр жараланады. Кейін белгілі болғаны оқ, Николайдың жүрек қабын жарақат тапты. Майданов тікұшағын көтеріп, базаға бет алды. Осы кезде екінші оқ мойынан тиіп күретамырын үзіп жібереді. Сондада штурвалдан айырылмаған Николай жолдастарын қалай аман-есен жеткізгені белгісіз. Тікұшақ қонған кезде Майдановтың денесі жансыз болатын. Қайсар қазаққа 10 март 2000 жылы «Ресей Батыры» атағы берілді. Осы тұрғыдан алғанда, біздің жерлесіміз бейбіт заманында екі мәрте батыр атанған жалғыз адам (ұрыс даласында) екендігін айтқан орынды. Марқұмның сүйегі Санкт – Петербург қаласы Серафим зиратындағы Батырлар аллеясында жерленген. 2-жүргізуші. 1988 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алған сәтте Н.Майданов Шағатай ауылына келіп халықпен жүздесті. Батырдың ұстазы ҚР.білім беру ісінің үздігі Сатаева Айжан Ескендрқызы шәкіртіне өленің жазған «Қыран қанат шәкіртіме» арнау 9 сынып оқушысы Уахитова Нүрбикені шақырамыз. «Қыран қанат шәкіртіме» Бала едің сергек жанды, елгезек , Жүрек оты жанарында жайнаған . Алтын жұлдыз өр кеудеңде жарқырап , Ер атандың қараса көз тоймаған . Еңбек жолын, өмір жолын бастадың , Қиындыққа мойымастан, жігермен. Өз жаныңнан «ар-намысым артық» - деп , Орындапсың тапсырманы жіберген . Жолдастарың тар үңгірде қамалған , Сеннен жәрдем, өмір күткен балаша . Өз жаныңды шүберекке түйіп сен , Сан барыпсын, неткен ерлік-тамаша ! Әлі есімде балалығың, бал мінез , Мектебіңде ізің жатыр сайраған . Ұстаздарың мақтанышпен қарайды , Суретіңе күлім қаққан-жйнаған . Арта берсің бақыт, ерлік, мерейің ! Білсін сені бейбіт сүйгіш бар әлем . Отанымның Батыр ұлы Майданов , Сайын ұлы, Коля саған мың алғыс ! Сәлем жаздым ұстаздардың атынан , Шын жүректен шәкіртіміз , қабыл ал . Кең әлемнің қай жерінде жүрсең де , Артыңда бар елің сағынар . Ата-анаңның ел сенімін ақтайтын , Сендей болсын адам ұлы-азамат . Қыран болып ұша берші талмастан , Жүрегейсің тек әрқашан саламат !

ҚР білім беру ісінің үздігі Сатаева Айжан Ескендірқызы

1-жүргізуші . Мен қазақпын даласында думандатқан, Ән , күйменен жүректерден орын тапқан . Талай ақын, талай жыршы, талай күйші , Қазағымды мадақтап жырға қосқан . Ән «Ағаларға ұқсаймыз» орындайтын 6 сынып оқушылары.

2-жүргізуші . КСРО және Ресей Батыры Н.Майданов атындағы «Жас Ұлан» әскери-патриоттық клубының мүшелерінің әскери өнерлерін тамашалауға шықырамыз . АК – 74 көзі байлаулы-жабық күйінде бұзу-шашу - Қанатова Назира ; АК – 74 көзі байлаулы-жабық күйінде жинау - Ибатулиев Саят ; ОЗК – ны уақытқа кию - Файзулин Ермұқан ; Оқжатардан оқты шығару және жинау - Орынбаев Еркеғали ; Жаттығулары барлығы бір сәтте орындалады . 1-жүргізуші . Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім, Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім . Ұрпақ үшін тозбайтұғын бітпейтін , Ардагерлер – естелігі соғыстың . Видеоға назар аударамыз. 2015 жылы Орал қаласында Н.Майдановтың құрметіне ескерткіштің салтанатты ашылуы үзінді тамашалайық .

2-жүргізуші . Бәрін де көрген азаптың , Келер деп алда ғажап күн . Айналған аты аңызға , Майданов Қайыргелді қазақтың . Жасырып ішке намысын , Үндемей кетіп барасын . Түсінде күнде көресің , Ауған – Шешен қаңды даласын . Өксік бар, мұн бар басында , Ұқсайсың кейде жасынға . Іздерін жатыр әлі күн , Ауғанның тау мен тасында . Әскери шен мен мандаттар , Лапылдап жанып қалды оттар... Созады қолын қиналып , Жарақат алған сарбаздар . Өткенді ойлап қамытып , Ойлардан бір сәт арылып . Тұрасын атып орныңнан , Жаңартау құсап жарылып . Келсе де елге азат күн , Келсе де елге ғажап күн . «Бұл далаға мұрагерлік, иелік - Ұрпақтарға ұлы аманат» деп түсін ! Сен – қазақсың, бір Алланың құлысың, Адамға адам құл болғаны құрысын . Жойқын соғыс, зұлматтарда жойылмай Қалған ұлтсың , Қаһармансың, Ұлысың ! – деп Батырға арналған жыр оқылады. 1-жүргізуші. Ерлік – елдің туы. Ер қуаты қару болса,ел қуаты – батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес». Халықтың осы даналығы қайда жүрсек те қашанда жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаттық парызын адал ақтауды ұмытпас. Қорытынды сөзі МДТЖЖО Жантемирова Л.К. беріледі. 2-жүргізуші. Отан үшін күрескен азаматтардың орны қашанда бөлек. Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны , елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған . Жердің аман тұрғандығы Сол намысқой ерлердің арқасы, - деп ақын М. Шаханов жырға қосқандай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай қырағы, ер мінезді азаматтарымыздың қонар тұғыры биіктей берсін деген тілекпен кездесу кешімізді аяқтаймыз.

Н.О. Шналиев , Тарих пәнінің мұғалімі, Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ , Шағатай ауылы, Теректі ауданы, Батыс Қазақстан облысы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
«Аты анызға айналған Батыр» Н.С. Майдановты еске алу кеші

Автор: Шналиев Нуржан Урынгалиевич

Дата: 20.03.2019

Номер свидетельства: 503907


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства