Просмотр содержимого документа
«Шығармашылық. Жапстыру»
Бөлімі: Жапсыру Тақырыбы: Сыйлықтық гүл. Мақсаты: Ұжымдық жұмысқа үйрету. Міндеті: Көлемді жапсыру жұмысын орындап үйрену. Білімділігі: Гүлді жапсырудың әдіс - тәсілдерін қолдануда білімдерін толықтыру. Балалар шаттық шеңберінде тұрып, бір - бірлеріне гүлді беріп жақсы тілектерін айтады - Деніміз сау болсын! - Аспанымыз ашық болсын! - Ойыншығымыз көп болсын! - Көңілді бала болайық! - Бәріміз дос болайық!
Тілектерін айтып болған соң гүлді құмыраға салады - Өсімдіктердің қандай пайдасы бар? - Оны не үшін өсіреді? - Мына гүл қалай аталады?
- Мына гүлдер қайда өседі? - Оны не үшін өсіреді? - Кімдерге сыйлайды?
Көлемді гүлдерді жасау тәсілімен таныстыру. Ұжым болып жұмыс істеудегі әр топтың міндетімен таныстыру. Әр топтың жасаған гүлдерін, жапырақтарын біріктіріп, композиция құрастыратындықтарын айту. Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып алу. Жапырақтар мен гүл күлтелеріне арналған қабаттап бүктеу. Қарындашпен жапырақтар мен гүл күлтелерінің суретін салу. Бөлшектерді белгі бойымен қию. Гүлдің ортасын қиып алып, тілектер жасау. Тілектерді ұқыппен шашақтау. Гүл күлтелері мен жапырақтарының ұшын қарындаштың көмегімен сәл иіліп көтеру. Негізгі қағаз бетіне бөлшектерді үйлестіріп орналастыру. Барлық бөлшектерді ретімен жапсыру.
Сергіту сәті Гүлдің ортасына Біздер тату баламыз, Гүл - гүл жайнап аламыз, Жақсы сергіп қаламыз. Ұжымдық жұмыстың орындалуын, әр баланың өз міндетін дұрыс атқаруын қадағалау. Балалар жұмыс дәптерінде берілген орындалу үлгісіне сүйене отырып, жұмыстарын орындайды. Жұмыстарын қадағалап қиналған балаларға көмектесу. Балалардың жұмыстарын қарап шығып, қажетті кеңестерді беру. Бұл жұмысты бөлме қабырғасына немесе сыйлауға болады. Гүл туралы тақпақ, өлең айтқызу. Балалар бағалау, мадақта
Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
№1 "Балдырған " орта топқа арналған
Күні, айы, жылы:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы:Гүлдер.
Мақсаты: Гүлдер туралы түсініктерін дамыту, қалыптастыру. Табиғат туралы түсінік беру. Бірлесіп, ұжыммен жұмыс істеп отырып шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: орман, ағаштар, гүлдер т.б.
Көрнекілік: гүлдерге байланысты суреттер т.б.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің
іс -әрекеті
Балалардың
іс -әрекеті
Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі
Шаттық шеңбер.
Армысың асыл күн,
Армысың ашық аспан,
Армысың достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
Балалармен бірге шеңберге
тұрып, өлең шумақтарына сәйкес
қимыл - қозғалыстар жасау.
Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі
- Балалар бізде қазір қандай сабақ?
- Балалар біз бүгін жапсыру сабағында гүлдерді жапсыру арқылы жапсырамыз.
- Балалар орман деген не?
- Ал, орман нелерден құралған?
- Қандай гүлдердің аттарын білесіңдер?
- Ал, біз гүлдерді кімдерге сыйлаймыз?
- Балалар гүлдерді аяқпен басуға болама?
- Ал, олады жұлуға болама?
- Гүлдерге біз не құйсақ өседі?
- Дұрыс айтасыңдар балалар.
- Бізде қазір жапсыру сабағы.
- Балалар мұқият тындайды.
- Орман ол сұлу табиғат, ауасы таза.
- Орман ағаштардан, гүлдерден құралған.
- Қызғалдақ, раушан, түймедақ, қоңырау гүлі, жауқазын т.б.
- Біз гүлдерді анамыз бен әжемізге, әпкелерімізге сыйлаймыз.
- Гүлдерді аяқпен басуға болмайды, жұлуға болмайды.