Просмотр содержимого документа
«Төменгі сынып оқушысына, шертпе күйдің ерекшеліктерін түсіндіре отырып, орындаушылық техникасын арттыру»
Атырау обылысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің Дамбы өнер мектебінің жоғарғы санатты домбыра- тенор мұғалімі :Салхаденова Зухра Тоқсанбайқызы
Оқушының аты-жөні: Насіпқали Нұртай
Сабақтың Тақырыбы: «Төменгі сынып оқушысына, шертпе күйдің ерекшеліктерін түсіндіре отырып, орындаушылық техникасын арттыру»
Мақсаты:Қ. Ахмедияровтың кәсіби шеберлігі негізінде оқушының орындаушылық қабілетін қалыптастыру.
Міндеті : Шертпе күйлерді үйрете отырып, оқушының шеберлігін жетілдіру.
Дамытушылық : Оқушыға жерлес күйші шығармашылығы арқылы эстетикалық тәрбие беру, өз туған жеріне, оның белгілі тұлғаларына құрметпен қарайтын тұлға тәрбиелеу.
a) Сынып журналы, окушының жеке жоспары, керекті кітап құралдар, аспаптың бұрауын келтіру. отырыс және сабаққа қатысты көрнекіліктер.
б) «Ре» мажор гаммасын арпеджиосымен оқушының техникасын арттыруға, яғни оң қол, сол қолды жаттықтыру үшін бердім. бұл гамманы әр түрлі өлшемде , штрихта дұрыс аппликатурамен ойнаттым.
II. Өткен сабақты қайталау кезеңі.
Н. Тілендиев «Көңілді бикеш » шығармасын аяғына дейін жаттап келу. Ондағы кездесетін тремоло, пиццикато, штрихтарын дұрыс алу. Он алтылық ,нүктелі ноталарды санап, ырғағын сақтап ойнау,жүрдек темпте ойнауға дағдылану , динамикалық белгілерге көңіл бөлу, фортепианоның сүйемелдеуінде өз дәрежесінде ойнау.
III. Жаңа сабақ
Сабақ жоспары (интерактивті тақтада) №2 слайд
1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру .
2.Қ.Ахмедияровтың өмірі мен шығармашылығымен танысу.
3. Күйшінің орындау техникасына шолу(Бейне таспада көру).
4. Күйді тыңдату, талдау, үйрету.
Қаршыға Ахмедияров
Күйші:
Қ.Ахмедиярұлы қазақтың аса бағалы рухани қазынасы санала тын күй өнерінің жүйрік дүлдүлі.Ол қазақтың ұлтаспаптар оркестрі -нде концертмейс- тер, домбырашы, дирижер болып қызмет етті.Оның өнеріне дүниежүзітәнті
Зерттеуші:
Қ.Ахмедиярұлының саз өнеріне қосқан ғылыми үлесі орасан зор. Ол Махамбет, Дина, Құрманғазы, Дәулеткерей күйлерін танымдық үлгілік жақтарымен икемдеп жарыққа шығарды.
Сазгер:
Ұлттық күй өнері мол мұра қалдырған сазгер. Оның елуден аса күйлері бар. Мыс: «Жібек жетісу», «Аққайың», «Сағыныш», «Алтын ұя», «Атырау», «Атамекен», «Нұрғиса», «Қуаныш», «Ақжелең».
Ұстаз:
Асқан шебер орын даушы, ғылыми зерттеуші, ғибратна маның танымды лығымен қатар ол ұлағатты ұстаз. Бүгінде оның тәлі мін алған шәкірт тері әр-түрлі сайыс тарда өнер өрісі нің бар саласында еңбек етуде.Олар: Ғ.Ахмедияров,С. Ер ғалиева А.Тіналиев
Орындау техникасының ерекшеліктері
Бабалар дәстүрлі жолын ұстанған үрпағының ірі, білімдір өкілі- Қаршыға Ахмедиярұлының шығармашылық тақырыбы, ауқымы сан алуан тақырыптық,ладтық, мазмұндық, кұрылымдық,ырғақтық орындаушылық ерекшеліктері көңіл аударарлық .Қаршыға күйлерінде құбылту, дыбысты каныққанды бояумен әсерлеу, оң қолды өте күрделі техникалық қағыстарға бейімдеу басым. Сонымен қатар оның әрбір күйі мазмұнының тереңдігімен музыка тілінің көркемдігімен қағыс әдіс тәсілдерінің өте күрделігімен ерекшеленеді. Қаршыға Ахмедиярұлының орындаушылық шеберлігінің сыры естілмей тұрған әуенді таба білуінде. Он қол қағыстарында нотаға түспейтін көптеген сиқырлы сырларда бар. Олар "жаппай қағыс", «кезек қағыс», «шертпе қағыс», «шұбыртпа немесе сүйретпе қағыс »болып келеді. Оның күйлерінде төкпе және шертпе қағыстарды кезектестіре пайдаланады. Күй желісінде әр буынға қайта оралып өзгертіп, құлпыртып ойнау, домбыра шертуде сан қырлы тәсілдерді алуан шеберлікпен пайдалана білу Қаршыға стиліне тән нәрсе. Орындаушылық өнердің тобықтай түйіні екі қолдың жымдасқан үндестігінде , ойыңның жүректі серпіген сел сезіміңнің саусақ арқылы пернеге тіл бітіріп домбыраны сөйлетуінде. Осындай күйлерінің бірі «Жібек Жетісу»күйі. Бұл күйді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жібек Әмірханованың жібектей мінезіне риза болып, Жетісуға жібектің жібектей мінезін қосып «Жібек Жетісу» деп атаған екен. Мен окушыға бұл күйді бастап түсіндірмес бұрын Қаршыға Ахмедияровтың өзінің орындауында бейне таспа арқылы тыңдаттым.Әрі қарай күйдегі қағыстарды , техникалық қиындықтарды түсіндірдім, ойнап көрсеттім. Күйдің тақырыбы сазды, Жетісу әнінің иірімді мақамы ырғағымен туындаған ,кұлакқа жағымды, ұяң әсем күй. Бұл күйді бірнеше буындарға бөлдім. Әуені ырғағы жеңіл құлаққа жатық, жеңіл жатталады. Күйді талдай отырып ,орындау техникасын динамикалық белгілерін, ноталардың ұзақтығын ,аппликатуралық ерекшеліктерін қағыстарды игеру жолдарын, ырғағы мен әуенін бұзбай дыбыс сапасын таза алу әдістерін үйретіп ,түсіндірдім. Осы сұрақтарды қоя отырып , оқушының сабақ түсінгендігін пысықтадым.
1. Қаршыға қай мектептің өкілі?
2. Қаршығаның қандай күйлері бар?
3.«Жібек Жетісу» қандай күй ?
4. Қаршыға күйлерінің ерекшеліктері қандай?
Сабақты қортындылау
а)Оқущы Қаршығаның әрбір күйі мен мазмұнының тереңдігімен , музыка тілінің көркемдігімен, қағыс әдіс -тәсілдерінің өте күрделігімен ерекшеленеді түсінді.
ә)Қаршыға дәстүрлі күй өнерін жалғастырушы қазақ музыкасында ерекше орын алатын дәстүр қалыптастырған , кейінгі ұрпақ үшін мол мұра қалдырған сазгер екенін білді.
б)Туған топырақта өсіп өнген дарынды тұлғаға ,оның күйлеріне қызығушылығы артты.
Үйге тапсырма.
"Жібек Жетісу" күйін берілген жерге дейін санап ойнау. Ондағы дыбыс сапасына, кағыстарға, лигалы ноталарға, саусақ қойлымдарына көңіл бөлу. Өткен тапсырмаларды қайталау.