kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Анаргүл Тулагенова "Ауғанның отты жылдары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

мұғалімдерге әдістемелік көмек болады деп ойлаймын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Анаргүл Тулагенова "Ауғанның отты жылдары"»

Ауғанның отты жылдары



Мақсаты: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятуға ықпал ету.

Міндеті: Жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарымызды еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баулу.

Күтілетін нәтиже: Ауған соғысының ардагерлеріне құрметпен қарайды, ардагерлерді және жерлес азаматтарды еске алады, ерлік істерінен үлгі-өнеге алады, елжандылық,отансүйгіштік,ізгілік қасиеттерді бойына сіңіреді.

Әдісі: кездесу, сұхбат

Көрнекілігі: Ауған соғысы ардагерлеріне арналған өлеңдер, қанатты сөздер, буклет, таныстырылым, видеофильм, музыкалық нөмірлер

Барысы:

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар, және кешіміздің қонақтары!

Ерлік саналы әскери тәрбиенің жемісі, өзінді саналы түрде қауіп-қатерге мәжбүр етуге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі,-деп Бауыржан Момышұлы айтқандай бүгін Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған, Ауған соғысына қатысқан барлықжауынгер ағаларымызға және өзіміздің жерлесіміз, Ауған соғысына қатысқан ержүрек ағамыз Құмашев Марат ағамыздың құрметіне арналған «Ауғанның отты жылдары» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Сұрапыл майданда келмеске кеткен қандастарымыздың жанды бейнелері, олардың аты мен жасаған ерліктері ұрпақ жадында мәңгі сақталады, сақталмауы мүмкін емес. Олай болса Ауған соғысында құрбан болған барлық жауынгер ағаларымызды бүгінгі ұрпақтарыолып саналатын мына біздер бір минут үнсіздік жариялап еске алайық.

(Барлығы орындарынан тұрып еске алады)

Жүргізуші: Бейбітшілік заманында Ауғанстанда әскери борышын өтеуге барған ағаларымыз шайқаста құрбан болды.Батырлық пен ерен ерлік жерлестеріміз мәңгі есте қалмақ.

Ән «Қазақ елі»

Жүргізуші:КСРО басшысы Л.Брежнев КОКП ОК Саяси бюросының мүшелері Ю.Андропов, А.Громыко,М.Суслов және Д.Устиновтың келісімімен 1979 жылы 25-желтоқсанда Ауғанстанға кіргізу жөнінде шешім қабылдайды. Ал шешімнің салдары 9 жыл,1 ай, 25 күнге жалғасқан соғысқа әкеліп соқтырды.

Жүргізуші:1989 жылы 15-ақпанда талай ата-аналарымыз боздақтарынан, мыңдаған бауырластарымыз қаза тапқан қасіретті де қайғылы Ауған соғысы аяқталды.Содан бергі аралықта 15-ақпан Ауған жерінде болған жауынгерлер күні болып аталып келеді.

Жүргізуші: Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер Ауған соғысына аттанды.Мұнда қаншама жас қыршынынан қиылған, қаншама жас мүгедек болып оралды. Он жылға созылған Ауған соғысына 22 мың қазақстандық қатысқан, соның ішінде біздің жерлесіміз шығысқазақстандық Құмашев Марат ағайымызға Смағұл Бақытбек ағамыздың мына бір өлең жолдарын арнаймыз:

Жүргізуші:

Армысыңдар ,ауғандық жуынгерлер,

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өлгендердің жаннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жасап дәуірлеңдер.

Жүргізуші:

Ерлік қылған аталарың аспан асты, жер үсті.

Біз сәндікке кимейміз деп шалбар менен бөрікті.

Отан-Ана алдындағы өтеймін деп борышты,

Аттандыңдар,атқардыңдар соғысты.

Жүргізуші:Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын

Қабірлері нұрға толсын, суық көрде жылысын.

Есіл ерлер ескерткішке арналсаң да біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!

Жүргізуші:Құрметті Марат аға, Ауған соғысына қатысып бүгінде ортамызда отырсыз. Сол Ауған соғысы кезіндегі отты жылдар оқиғасынан әңгімелеп берсеңіз.

Сөз кезегі бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы Құмашев Марат ағаға беріледі.

Сұрақ-жауап бөлімі: Оқушылар өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып сұқбаттасады.

Жүргізуші: Ауған соғысы жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер. Ержүрек батырларымызға мың да бір рахмет. Мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеу біздің міндетіміз деп білеміз.

Би «Қазақ биі»

Жүргізуші: Отанды сүю отбасынан басталады, Отанымызды сүйген әрбіржас өрен патриот болып, өз Отанын қастерлейді,сақтай алады. «Елім,жерім» деп еміренген ақын Мағжан Жұмабаев:

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін»,-деп үміт пен сенім артып кеткен.(слайд көрсетіледі)

Ауған соғыс ардагерлері туралы бір сағат, екі сағат айтып тауысу мүмкін емес..... «Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих» деп біледі кейінгі жас буын өкілдері. Жылдар жылжып өткенімен ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады.Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы Құмашев Марат ағамызға «Верх-Березовка орта мектебінің» ұжымы атынан және мектебіміздің қазақ сыныптары таынан кешімізге Ауған соғысының отты жылдарынан әңгіме айтып, сұқбаттасып , ой бөліскеніңізге зор алғысымызды білдіреміз. Және өзіңізге естелік ретінде ұсынғалы отырғанмына кішкентай сый-сыяпатымызды қабыл алыңыз!

Қорытынды.

Үлгі бізге ағалардың ерлігі,

Ұлағатты өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақболар алдің ертеңі.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың әрбір өренінің «елім,жерім,әкем,анам,Отаным» деп соғатын жұдырықтай жүрегі дәл осылай шаттанады.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Искусство

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Анаргүл Тулагенова "Ауғанның отты жылдары"

Автор: Анаргүл Тулегенова "Ауғанның отты жылдары" тәрбие сағаты

Дата: 14.02.2018

Номер свидетельства: 457423


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства