Мен Малаев Нурлыбек Серикбаевич 1992 жылы 2 маусымда ?ызылорда обылысы, ?арма?шы ауданында д?ниеге келдім. ?лтым ?аза?. ?ызылорда облысы, ?арма?шы ауданында?ы №105 А.Жанпейісов атында?ы ?аза? орта мектебіне 1999 - 2010 жылдар аралы?ында білім алдым. 2010 жылы ?ызылорда облысында?ы "Болаша?" университетіні? колледжіні? к?ндізгі б?ліміні? Информатикадан бастауыш білім беру м??алімі маманды?ына о?у?а ?абылдандым. 2013 жылды? маусым айында о?уды "?ызыл дипломмен" ая?тадым. 2013 жылды? 13 желто?санда ?арма?шы ауданды? о?ушылар ?йіне "Жайдарлы Жас ?лан" ?йірмесіні? жетекшісі болып ж?мыс?а ?абылдандым.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жамбы ату ж?не бес жа?алы?»
Аудандық оқушылар үйі
атты ашық сабақ.
Ұйымдастырушы: «Жайдарлы Жас ұлан» үйірмесінің жетекшісі: Н.Малаев
Жосалы кенті
2015жыл
«Бекітемін»
Аудандық оқушылар үйінің
басшысы: Н.Наурызбаева
«___» «________» 2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Жамбы ату және бес жаңалық.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Үйірме оқушыларына жамбы ату мен бес жаңалық сайысы туралы
. мәлімет беру. Сайыстың шарттарын, қағидаларын таныстыру.
Ә) Дамытушылық: Жамбы ату және бес жаңалық сайысы кезінде оқушылардың тіл
байлығын, жайдарманға деген сүйіспеншілігін, топтасып жұмыс
істеу дағдыларын дамыту.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс
жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Білімділік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, бейнебаян, ой қозғау,топтастыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Ә) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Тізбекті жалғастыр» ойыны бойынша үйге берілген тапсырманы сұрау. Оқушылар үй тапсырмасы мен әуенді сайыс тақырыбынан түсініктерін айтады.
Үй тапсырмасының ерекшелігі неде?
Үй тапсырмасында, әділ-қазылардан берілетін жоғарғы ұпай саны?
Әуенді сайыс неше минуттан аспауы тиіс?
Үй тапсырмасында неше көріністен аспауы тиіс?
ІІІ. Жаңа бөлімді меңгерту. Теориялық бөлім.
ЖАМБЫ АТУ (БИАТЛОН) ЖӘНЕ БЕС ЖАҢАЛЫҚ:
Екі сайыс та әдеби сайыс түріне жатады. Нағыз әзіл жүйрігінің сыналар сәті. Екі-үш сөйлемнен құралған әзілді тек бір ойыншы оқуы керек. Ия, ия, ойнауы емес, оқуы керек! Сайыс қалай өтетінін көріп-біліп жүрсіңдер, ал қалай дайындық жасау керек, құпиясымен бөлісе кетейін. Әзіл оқу кезінде әр команданың жіберетін бірінші қателігі – оқитын адам дұрыс таңдалмайды. Көңілдеріңе келмесін, бірақ көп жағдайларда оқу мәнері (ырғағы) дұрыс емес қыз-жігіттер планшетке жабысады. Басқа команда мүшелері көңілге қарап соны алдыға салады. Бірақ көрермен де, қазылар алқасы да сендердің достарың емес екенін есте сақтаңдар. Сондықтан жеңіске жеткілерің келсе мәнерлеп оқи алатын, дауысы жарқын адам осы міндетті мойнына алғаны дұрыс. Екінші қателік – әзілдерді орналастыру тәртібі. Жамбы ату сайысында көптеген командалар мықты әзілдерін соңына сақтайды. Бірақ басында сапасы төмен әзілдері әділ-қазыға ұнамай, керемет қызығына жетпей ойыннан шығып қалып жатады. Сол себепті әзілдердің барлығы көрерменді шалқасынан түсіретін күлкілі болуы керек, немесе бір ет, бір май қылып, яғни бір мықты, бір нашар әзілді (өз көзқарастарың бойынша) қосақтап отырған жөн. Кім біледі, мүмкін жолың болып кетер.
2) Бейнебаян көрсету. Жайдарман сайысы кезінде жамбы ату мен бес жаңалық ойыны.
ІҮ. Шығармашылық жұмыс.
1) “Әзіл сөз” ойыны.
Ойынның шарты: Мұғалім оқушыларды екі топқа бөледі. Екі топқа әртүрлі сөздер береді. Оқушылар сол сөздерге 3 минут ішінде әзіл құрастырып шығуы тиіс.
Мысалы:
ҚысЖаңбыр Cызғыш Домбыра Нан
\
Тайғақ болады
\
Деген жаңалықты
\
Естіген әжеміз
\
Аяқ киімінің сыртынан
\
Носки киіп алыпты
2) «Бес жаңалық» ойыны.
Ойынның шарты: Топтар берілген тақырыпқа сай 3 минут ішінде бес жаңалық құрастырады.
Ауыл жаңалықтары:
Мысалы: Ауыл жаңалықтары: Ауылда ит атып жатыр деген жаңалықты естіген иттер бронжелет киіп алыпты.
Әртүрлі жаңалықтар:
Мысалы: Спорт жаналықтары: Жақында бокстағы жекпе-жекте жеңіске жеткен Генади Головкин баласын 3 секунтта ұхтатады екен.
Ү. Сабақты бекіту. «Жалғастыр» ойыны: Ойын шарты: Оқушылар жартылай берілген сөздерді 3 минут уақыт ішінде әзіл түрінде жалғастыру керек.
“Сиқырлы ағаш” ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету. Ойынның шарты: Ағашқа қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды.
Жамбы атудың басқаша атауы?
Екі сайыста қандай сайыс түріне жатады?
Жамбы ату қалай бағаланады?
Бес жаңалық сайысының ерекшелігі?
Сайыс кезінде әр команданың жіберетін бірінші қателігі?
Сайыс кезінде әр команданың жіберетін екінші қателігі?
ҮІІІ. Бағалау.
Топбасшылар топтарындағы оқушыларды белсенділігі арқылы өз-өздерін әртүрлі смайликтермен бағалайды.
ІХ. Үй тапсырмасы.
Үй жұмысына жамбы ату сайысына әзіл және бес жаңалық сайысына әзіл мен жаңалықтар құрып келу.
Аудандық оқушылар үйінің «Жайдарлы Жас ұлан» үйірмесінде
«Жамбы ату және бес жаңалық» тақырыбындағы ашық сабақтың
Анықтамасы
18 желтоқсан 2015 жылы «Жайдарлы Жас ұлан» үйірмесінде «Жамбы ату және бес жаңалық» тақырыбындағы ашық сабақ өтті. Сабаққа 11 оқушы қатысты.
Сабақтың мақсаты: Үйірме оқушыларына жамбы ату мен бес жаңалық сайысы туралы
мәлімет беру. Сайыстың шарттарын, қағидаларын таныстыру. Жамбы ату және бес жаңалық сайысы кезінде оқушылардың тіл байлығын, жайдарманға деген сүйіспеншілігін, топтасып жұмыс істеу дағдыларын дамыту.Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқушылардан үй тапсырмасын «Тізбекті жалғастыр» ойыны арқылы сұрадым. Жаңа сабақ «Жамбы ату мен бес жаңалық» сайысы туралы мәлімет беріп, сайыстың қағидаларымен шарттарын және сайысқа дайындалу құпиясы туралы мәлімет бердім. Сабақ түсінікті болу үшін бейнебаянан көрсетім. Шығармашылық бөлімде «Әзіл сөз» ойыны ойнатылды. Ойында оқушылар екі топқа бөлініп, берілген сөздерге әзіл құрастырды. «Бес жаңалық» ойыны кезінде екі топтың топбасшылары «ауыл жаңалықтары» мен «әртүрлі жаңалықтарға» жаңалықтар құрастырды. Сабақты бекіту бөлімінде «Жалғастыр» ойыны ойнатылды. Ойында оқушыларға жартылай жазылған сөздер беріліп, жалғасын әзіл сөзбен аяқтады. Сергіту сәтінде бейнебаянда көрсетілген жаттығуларды оқушылар қайталады. Өткен сабақты қорытындылау бөлімінде «Сиқырлы ағаш» ойыны ойнатылды. Оқушылар алма ағашындағы сұрақтарға жауап берді. Бағалау бөлімінде оқушылар өзін – өзі бағалау әдісі арқылы бағалады. Үй тапсырмасы бөлімінде жамбы ату мен бес жаңалық сайыстарына әзіл мен жаңалықтар құрастырып келу тапсырылды.
Ашық сабаққа оқушылар үйінің әдіскері А.Әбдіреева, «Математика» үйірмесінің жетекшісі Ж.Омарова, «Тарих» үйірмесінің жетекшісі А.Әділов, «Аңсаған» үйірмесінің жетекшісі Н.Нүрпейсов қатысып, талқылап «өте жақсы» деп бағалады.