Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат – міндеттері: А) ақпараттық: Ә)коммуникативтік: Б) проблеманы шешу: | Оқушыларға Word мәтіндік редакторында кесте құру түрлері, оны өңдеу және форматтау бойынша білім-біліктілік қалыптастыру. Кестемен жұмыс жасаудың мүмкіндіктерін игерте отырып практикада кеңінен қолдануға және ақпараттық –технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз ойларын ,пікірлерін тұжырымды түрде қорғай білуге , сыпайы қарым-қатынас жасауға, ұжымдық-топтық сезімді ояту, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу. |
ІІ. Өткенді қайталау. | Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтауға байланысты деңгейлік тапсырмалар орындату. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар тарату: Қызыл,көк,жасыл, тест тапсырмасын тарату. Жаса, жайна,Зайсаным! Зайсан – күншығыстағы тұлғаланған, нұрға оранған, гүлге тұнған, әсемдік пен сұлулықтың құндағында тербелген әсем өлке. Керілген Сауыр,Сайхан, асқаралы Алтай, маңғаз Маңырақ таулары, сыңғыр қағып, қыз шолпысындай сылдырап аққан Жеменей көз тұндырар көк майсалы, шалғынды жайлауы тұнып тұрған аймақ. Алыста жүрсем – аңсарым менің, Шөліркей қалсам – кәусәрім менің. Кеудемде жүрек жарыла жаздап, Сүйемін сені, Зайсаным менің! Тапсырма: Мәтіннің тақырыбын Қою,Көлбеу, беттің ортасынан және қаріптің түсін қызылмен, өлшемін 20 етіп жаз. Бірінші абзацты белгілеп, қаріпті көлбеуге/курсивке/ауыстыр. Екінші абзацты белгілеп, қаріпті көлбеуге/курсивке/ауыстыр. Төрт жол өлеңді Қою,Көлбеу, беттің ортасынан және қаріптің түсін қызылмен жаз және бетке рамка қой. Мәтіннің тақырыбына Әсерлеуді/Анимация/ қой. Өткен тақырып бойынша тест жұмысын орындайық: Microsoft Word- ты іске қосу. А) Іске қосу-Жұмысты аяқтау Б) Іске қосу-Программалар- Microsoft Word В) Іске қосу-Word Pad Microsoft Word-ғы меню жолы –тізімі А) Файл.Түр.Сервис Б) Файл.Өңдеу.Терезе.Формат В) Файл. Өңдеу. Түр. Қою.Формат. Сервис.Кесте. Терезе. Мәтінді сақтау операциялары А) Файл... деп сақтау- Тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз Б) Сақтау- Файл –ОК В) Файл- ... деп сақтау меңзердің оң жақ батырмасын шертеміз Мәтінді форматтау А) Формат – Қаріп –Анимация Б) Формат – Қаріп – қаріп диалог терезесі арқылы В) Формат – интервал Қатар аралық интервал А) Формат –Абзац – Жоларалық тізімі және «Біраралықты, Екіаралықты, Біржарымаралықты, Минимум, Максисмум,Дәлме-дәл» мәндерінің біреуін таңдаймыз Б) Формат – Қаріп- Аралық (интервал) В) Формат – Абзац-Бетке қою Тасымалды қою А) Автоматты масымалды қою Б) Язык – Сервис – Тасымалды қою В) Сервис – Язык- Тасымалды қою –Автоматты тасымалдау опциясына жалауша орнатамыз Мәтінді жылжыту және көшіру А)Ctrl батырмасын басу арқылы Б) Мәтінді ерекшелеп. Өңдеу- Көшіру- курсорға апарамыз В) Мәтінді ерекшелеп. Өңдеу – Көшіру, курсорды ақпарат көшетін жерге жылжытып Өңдеу- Қою командасын орындаймыз Бетті нөмірлеу А) Курсорды беттің жоғары басына әкеліп нөмірлейміз Б) Қою – Бет қою В)Бет қою – Қою Мәтінге графикалық кескін енгізу А) Іске қосу – Paint Б) Қою – Сурет – Обьект Word Art В) Қою – Сурет –Картиналар Құжаттарды басу А) Файл – Алдын –ала қарап шығу Б) Файл- Баспа В) Формат -Қаріп (Тест тапсырмасын тексерту: І-ІІ-ні, ІІ-ІІІ-ті, ІІІ-І –ді тексереді, слайдта тестің жауаптары шығып тұрады) | 1.Б 6. В 2.В 7 .В 3.А 8. Б 4.Б 9. В 5.А 10 Б | Берілген тапсырма бойынша салыстыра-ды, қорытындылайды. Тапсырма түріндегі есепті өз бетімен шығарады. Білімді қабылдау, түсіну қолдану. Мұғалімнің сұрақтарына білімдерін пайдалана отырып жауап береді. Оқушылар оқулықтары мен дәптерлерін ашып,сабаққа бар зейіндерін аударады. Берілген тапсырманы тәртіппен орындайды. Талдау оқушылар жауабын салыстыру |