Сонымен балалар өткен соңғы тарауымыз Paint графикалық редакторы болды. Paint графикалық редакторы жөнінде кім не біледі екен?
Графикалық редактор дегеніміз не?
Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.
Paint графикалық редакторына аныұтама бер?
Paint (ағылшынша сурет,сурет салу) – бұл растрлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
Paint программасын қалай іске қосамыз?
Іске қосу Барлық программалар Стандарттық Paint
Барлық растрлық кескіндер неден тұрады? (Нүктелерден)
Жаңа сабақты түсіндіру.
Мәтіндік процессор-бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішмдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіндігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана DOS-ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ.
Казіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланылады.
Пуск = Программы = Стандартные =WordPad( Жіберу = Бағдарламалар =Стандартты = WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.
Құжат құру. Жаңа құжат құрады
Ашу. Бар құжатты немесе үлгіні ашады
Құжатты сақтау.Активті құжатты немесе үлгіні сақтайды
Баспа. Активті құжатты ағымдағы үнсіз келісімді
пайдаланып басып шығарады
Басылымды қарап шығуБеттерді қалай басылатын
болса, соны көрсетеді.
ТабуҚұжаттағы қажетті мәтінді тез табады
Буферге жіберуБелгіленген мәтінді қиып алады да,оны
алмасу буферіне орналастырады
Буферге көшіру Белгіленгенді алмасу буферіне көшіреді
Буферден қою Алмасу буферіндегіні енгізу нүктесіне
қояды
Болдырмау Соңғы әрекетті болдырмайды немесе алып
тастайды
Мерзім/уақыт Құжатқа ағымдағы мерзім мен уақытты
қояды
Қаріп Белгіленген мәтіннің қарпін өзгертеді
Қаріп өлшемі Белгіленген мәтін қарпінің өлшемін өзгертеді
Қалың жазу Белгіленген мәтінді қалың қаріппен жазады
Курсив жазу Белгіленген мәтінді көлбеу қаріппен жазады
Асты сызылған жазу Белгіленген жолдардың астын үздіксіз
сызықпен сызады
Түс Белгіленген мәтіннің түсін өзгертеді
Сол жақ шеті бойынша Абзацты сол жақ шеті бойынша туралайды
Ортасы бойынша Абзацты екі шеттің тура ортасына келтіреді,
яғни центрге орналастырады
Оң жақ шеті бойынша Абзацты оң жақ шеті бойынша туралайды
Маркерлер Ағымдағы үнсіз келісім бойынша бюллетень-
тізімді құрады
Компьютермен жұмыс.
Карточкамен тапсырмалар тарату
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2.Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын қалың жазумен ауыстыр.
3. Тақпақтың әр жолындағы бірінші сөздің түсін ауыстыр.
№2
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2. Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.
3. Өлеңді сақтап, файлдың атын сақта.
№3
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2. Ер қанаты - ат,
Сөз қанаты - хат.
Мақал – мәтелін теріп, тақпақтың жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.
3. Мақал – мәтелді жаттап алып, мәтінді қызыл түске ауыстыр.
№4
1. WordPad мәтіндік редакторын ашып, кез келген тақырыпта шығарма жаз.
2. Жазған шығарманы ерекшелеп, оны астын сызып жазуға ауыстыр.
3. Шығарма соңына өзіңнің аты-жөніңді жаз. Содан соң аты-жөніңді курсивті жазумен ауыстыр.
№5
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
3. Өлеңді сақтап, файлдың атын «А. Құнанбаев» деп сақта.
№6
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2. Мәтінді тер, бірінші жолды бас әріппен және өлшемі 18-қаріппен, ал қалған мәтінді өлшемі 14-қаріппен теріңдер.
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау
Сендердің жұмыс орындарыңда компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор, тышқан. Жұмыс кезінде монитордың сәулелік түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді. Аппаратураны, кабельдерді және мониторды дұрыс пайдаланбаса, электр тоғы соғып кетіп, ауыр жарақаттануға немесе аппаратураны күйдіріп алуға болады.
3. «Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау» жолын белгілеп, Қалың қаріп режимін қосыңдар.
№7
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2. Мәтінді тер. Бірінші жолды бас әріппен және өлшемі 18-қаріппен, ал қалған мәтінді өлшемі 14-қаріппен теріңдер.
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау
Жұмыс кезінде:
1)аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс істемей тұрғанын сезсеңдер немесе онда өзгеше дыбыс пайда болса, сондай-ақ пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар. Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар;
2)пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар;
3)пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын;
4)аппаратураның ақауын ешқашан өз беттеріңмен жөндеуге ұмтылмаңдар.
3. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауында «Жұмыс кезінде» сөзін белгілеп, қалың қаріппен және астын сызу режиміне ауыстырыңдар.
№8
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2 Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау
Сендердің жұмыс орындарыңда компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор, тышқан. Жұмыс кезінде монитордың сәулелік түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді. Аппаратураны, кабельдерді және мониторды дұрыс пайдаланбаса, электр тоғы соғып кетіп, ауыр жарақаттануға немесе аппаратураны күйдіріп алуға болады.
3. «Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау» жолын белгілеп, оның түсін қызылға аустырыңдар, Қалың қаріп және астын сызу режимін қосыңдар.
Сабақты бекіту.
Тест тапсырмаларын шешу.
1. WORDPAD программасы қандай мақсатқа арналған ?
А) есептеулер жүргізуге
Ә) мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауға
Б) сурет салуға
2. WORDPAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерінің бірі
А) кесте құру
Ә) графикалық объектні кірістіруге
Б) сурет салу
3. WORDPAD-қа графикалық объект кірістіру үшін … командасы орындалады?
А) файл - объект
Ә) Сурет кірістіру
Б) кірістіру – объект
4. Мына батырманың міндеті қандай?
А) Жаңа құжат құру
Ә) Баспаға шығару
Б) Құжат ашу
5. Мәтінді пішімдеу кезінде қолданылатын «көлбеу» түрге өзгерту батырмасы ?
А) К
Ә) Ч
Б) Ж
6. Меңзердің оң жағындағы символды өшіру пернесі ?