kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) бағдарламасы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Операциялық жүйе, Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен, «Сілтеуіш» бағдарламасымен жұмыс жасап үйрену.

Негізгі ұғымдар:

Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастыруды, компьютердің аппараттық және бағдарламалық ресурстарын басқаруды және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін бағдарламалар жиынтығы.

Windows – IBM PC  платформалы компьютерлерге арналған алғашқы графикалық операциялық жүйелердің бірі. Мұндағы ең қарапайым және негізгі басқару құрылғылары болып тышқан және пернелік тақта есептеледі. Windows жүйесінің көмегімен компьютерді басқара отырып, шағын локальдық желінің қызметін ұйымдастыруға болады және мұнда Интернет желісімен кіріктірілу мүмкіндігі де қарастырылған.

Файл деп логикалық байланысқа ие сыртқы жадының мәліметтер немесе бағдарламалар жиынтығы орналасқан, өз алдына дербес аты бар атаулы бөлігін айтады. Құрылған файлға ат беріледі және ол файлдық жүйеге тіркеледі. Файлдың аты екі бөліктен тұрады: файлдың атауы және файлдың кеңеймесі (типі), олар бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шакирова Э.А. КазАТК»

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі Информатика пәні оқытушысы Шакирова Элмира Айдакашевна
Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) бағдарламасы»


Мақсаты: Операциялық жүйе, Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен, «Сілтеуіш» бағдарламасымен жұмыс жасап үйрену.

Негізгі ұғымдар:

Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастыруды, компьютердің аппараттық және бағдарламалық ресурстарын басқаруды және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін бағдарламалар жиынтығы.

Windows – IBM PC платформалы компьютерлерге арналған алғашқы графикалық операциялық жүйелердің бірі. Мұндағы ең қарапайым және негізгі басқару құрылғылары болып тышқан және пернелік тақта есептеледі. Windows жүйесінің көмегімен компьютерді басқара отырып, шағын локальдық желінің қызметін ұйымдастыруға болады және мұнда Интернет желісімен кіріктірілу мүмкіндігі де қарастырылған.

Файл деп логикалық байланысқа ие сыртқы жадының мәліметтер немесе бағдарламалар жиынтығы орналасқан, өз алдына дербес аты бар атаулы бөлігін айтады. Құрылған файлға ат беріледі және ол файлдық жүйеге тіркеледі. Файлдың аты екі бөліктен тұрады: файлдың атауы және файлдың кеңеймесі (типі), олар бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады.

Бума (папка, каталог) – бір дискіде орналасқан, белгілі бір қажеттілік бойынша бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығын атау үшін қолданылатын Windows жүйесінің негізгі объектілерінің бірі. Мұндай қызмет атқаратын объектіні MS DOS жүйесінде каталог деп атаса, қазіргі Windows жүйесінде бума деп атайды. Бумада тағы да басқа бумалар, файлдар орналасуы мүмкін. Бумалардың қызметі - есте сақтау құрылғыларында сақталатын өте көп файлдардың арасынан қажет файлды тез іздеп тауып алу үшін, оларды белгілі бір ретпен бағынышты немесе сатылы иерархиялық құрылымда орналастыру.

Жарлық (Ярлык) - нақты бір объектіге апаратын жол (маршрут, путь) сақталатын, бір килобайт көлеміндегі шағын файл. Жарлықтар да қажет объектілерді жылдам тауып алу үшін қолданылады.

Windows операциялық жүйесі графикалық жүйе болғандықтан мұнда негізгі объектілерді, яғни бума мен файлды белгілеу үшін арнаулы белгі - таңбалар (значки) қолданылады. Файлдардың әрбір типіне сәйкес белгілері болады, сондай-ақ жарлықтардың да өзіне тән бағыттауышы (стрелкасы) бар белгісі болады.

Windows операциялық жүйесіндегі графикалық интерфейстің негізі – бұл жақсы ойлап табылған және өте тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін терезелер жүйесі. Терезені операциялық жүйедегі жұмысты басқару элементі деп те, объектілердің жұмыс аумағы деп те қарастыруға болады. Windows операциялық жүйесінде терезенің: қосымша терезесі, құжат терезесі, сұхбат терезесі, белгі (значок) - терезе және т. б. түрлері кездеседі.

Жұмыс үстелі (Рабочий стол) – Windows операциялық жүйесінің бумалары мен файлдары, жарлықтары және тағы да басқа жүйені басқару элементтері орналасатын жоғары деңгейдегі объектісі (немесе бума). Windows операциялық жүйесі іске қосылғанда бірден жұмыс үстелінің терезесі ашылады.

Тапсырмалар панелі (Панель задач) – жұмыс үстелінде орналасқан және қолданушының жасап жатырған тапсырмаларын уақытша қоя тұруына арналған Windows операциялық жүйесінің негізгі басқару элементтерінің бірі.

Файлдық жүйе – дискідегі файлдардың орналасуына және олармен жұмыс жасауды басқаруға жауап беретін операциялық жүйенің құрамды бір бөлігі.

Файлдық жүйеде жасалатын әрекеттер:


  • файлдық жүйе бойынша іздеу

  • қосымшаларды іске қосу және құжаттарды ашу

  • бумалар құру

  • бумалар мен файлдарды көшіру

  • бумалар мен файлдардың орынын ауыстыру

  • бумалар мен файлдарды өшіру

  • бумалар мен файлдардың атын өзгерту

  • жарлықтар құру

  • Сілтеуіш (Проводник)- файлдық жүйеден кез-келген объектіні іздеуге және олармен басқа да әрекеттерді орындауға арналған операциялық жүйенің қызметші бағдарламасы.

  • Алмасу буфері (Clipboard) - операциялық жүйе жұмысы кезінде қосымшалар мен құжаттар арасындағы мәлімет алмастыруды қамтамасыз етуге арналған жедел жадының арнаулы бөлігі.

  • Стандарт қосымшаларға Windows операциялық жүйесінің құрамындағы, қолданушыға ең қажет, қарапайым қызмет түрлерін (қарапайым мәтіндік құжат даярлау, суреттер салу, сақтау, баспаға шығару, математикалық қарапайым есептеулер жүргізу және т.б.) көрсететін келесі қосымшалар немесе бағдарламалар жатады:

  1. Мәтіндік редактор WordPad

  2. Блокнот

  3. Графиктік редактор Paint

  4. Калькулятор

  1. Тышқан құрылғысымен жасалатын әрекеттер:

  • шерту

  • екі рет шерту

  • оң жақ батырмасына шерту

  • жылжыту немесе тасымалдау (перетаскивание)

  • созу немесе ұзарту (протягивание)

  • Жаттығу жұмыстары:

  • 1-жаттығу. Жұмыс үстелін баптау.

  • 1. Жұмыс үстелінің параметрлерін өзгертіңіз. (фон, заставка, безендіру).

  • 2. Пуск - Программы - Стандартные әрекеттерін пайдаланып кез-келген екі стандарт қосымшаны іске қосыңыз. Екі қосымшаның да терезесін экранның көлеміндей қылып ұлғайтып көріңіз, бастапқы қалпына келтіріңіз, каскад түрінде, солға, оңға, жоғары, төмен орналастырыңыз.

  • 3. Бір терезені жабыңыз, ал екінші терезенің өлшемдерін тышқанның көмегімен өзгертіңіз.

  • 4. Қосымша терезесін жабыңыз.

  • 5. Дискіде орналасқан қосымшалардың бірін іске қосыңыз. Осы қосымша үшін жарлық құрыңыз және оны жұмыс үстеліне орналастырыңыз. Құрған жарлығыңызды пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.

  • 6. Қосымшаны немесе бағдарламаны Программы мәзіріне (менюіне) орналастырыңыз. Осы мәзірді пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.Қосымшаны жабыңыз.

  • 7. Windows-дың анықтамалық жүйесінен мына үш терминді: мультимедиа, настройка Главного меню, ярлык тауып алыңыз да, олардың анықтамаларын ретімен Блокнот стандарт қосымшасын пайдалана отырып Справка.txt файлына көшіріңіз.

5



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
«Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) бағдарламасы»

Автор: Шакирова Элмира Айдакашевна

Дата: 20.01.2017

Номер свидетельства: 381600


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства