Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, жұмыс дәптері, экран, оқулық,
электрондық оқулық, оқушыларға тапсырмалары бар кеспе қағаздар
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеу, журнал толтыру,
оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (сиқырлы фигуралар):
Өткен матемариалды қайталау сұрақтары:
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар.
Ақпаратты енгізу – шығару құрылғыларын атаңдар
Принтердің түрлерін атаңдар, олирға сипаттама беріңдер?
Компьютердің сытқы жады дегеніміз не?
Адам қандай заттарды сыртқы жад ретінде қолданады?
Иілгіш және қатты дискілердің айырмашылықтары қандай?
Дискжетек, СD-ROM-ның қызметі қандай?
1. цилиндр 2. Жүрек
3. Куб 4.Ай
Электрондық оқулық 7 класс, тапсырма №9 Электрондық оқулық 7 класс, тапсырма №11
5. Күн
Windows объектілерін әр түрлі құрылғылармен басқаруға болады, негізгі басқару құрылғысы – маус болып табылады. Тышқаның көмегімен Windows объектілерімен әр түрлі әрекеттер орындауға болады: белгілек, жылжыту, қосу, созу, ашу, жабу. Бұл операцияларды орыдау үшін, тышқан басқаруды үйрену керек, яғни тышқан кілемше бетінде жүргізуді, оның оң жақ және сол жақ батырмаларын тез басуды білу керек.
ІІІ. Жаңа сабақ (электрондық оқулық, сөзжұмбақ)
Windows – бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректермен жұмыс жасаудың объектілі - бағдарланған әдістемеге негізделген.
Windows – графикалық операциялық жүйе, оның негізгі объектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді. Windows – тің объектілері – терезе, жұмыс столы, шартбелгілер, жарлықтар, бумалар, тышқан, мәліметтер алмастыру буфері.
Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан.
Шартбелгі – экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұрауы мүмкін.
Жарлық – белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл
Қапшық – экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Бума бұл объектілер қоймасы
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция – экран бетімен сілтеменің қозғалуы болып табылады.
Мәліметтер алмастыру буфері – әртүрлі програмалар немесе құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір – біріне ауыстырып отыру үшін қолданылатын жады бөлігі.
Жұмыс орнының терезесінде объектілерден басқа басқару элементтері де болады. Оралға: «Іске қосу» батырмасы, бас меню, меню жолындағы меню мен командалар жатады. Команда деп осы команданың белгішесіне маус нұсқағышын апарып шерткенде орындалатын әрекетті айтамыз. Командалар қысқа және үзын болады.
Қысқа команда деп белгішенің суреті бар меню жолында шерткенде бағдарламаны қосу әрекетінің орындалуын айтамыз, яғни компьютерге бағдарламаны іске қосу командасы беріледі.
Ұзын команда деп біз белгілі бір нәтижеге бағдарламаны іске қосуға немесе құжатты ашуға әкелетін әрекеттер тізбегіне нұсқауды айтамыз. Мысалы:
Жіберу → бағдарлама → стандартты → ойындар → орамал