Дамытушылық: Қолданбалы есептерді шешуде компьютерлік технологияны қолдану мүмкіндігін жетілдіру;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірме, практикалық жаттығу
Бағдарламалық жабдықтама: Visual Basic программасы
Пәнаралық байланыс: бейнелеу
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушыны сабаққа бейімдеу, сабақ мақсатымен таныстыру:
ІІ. Жаңа сабақ баяндау
а). Програмалық код туралы түсінік
Програма қандай да бір әрекет ету үшін, мысалы, есептеу үшін программасы қажет.
Программалық код – программалау тілінің арнайы түйінді сөздері мен символдары енгізу.
Мұндағы түйінді сөздер мен символдар программалау тілінің қатаң ережесімен жзылу керек. Тек дұрыс жазылғанда ғана компьютер қандай программаны атқару керек екені түсінікті болады.
2. Программалық кодты құру
Программалық код терезесі
Программалық код код терезесінде жазылады. Бұл терезе әрбір пішін терезесінле бар.
Код терезесін ашу: 1 тәсіл –Проект сілтеуіштің қажетті пішіннің жанама менюінен таңдау.
2 тәсіл –Проект сілтеуіштің код қосымшасында шерту.
3 тәсіл – пішін терезесінде немесе басқару элементінде үзбей екі шерткенде код терезесі ашылады.
Ескерту: Код терезесі жеке модуль деп аталады.
Программалық код терезесі..
Элементті басқару тізімі
Элементті басқару оқиғаларының тізімі
Процедура (код)
ә) TextBox батырмасы
TextBox
Мәтіндік өріс
Қолданушы енгізетін символды шығарады
ІІІ. Практикалық жаттығу
. «Сәлем Visual Basic» программасын құру
Жұмысты орындау реті:
1. Visual Basic ортасын іске қосыңдар.
2. Пішінге екі басқару элементін орналастырыңдар. Бірінші басқару элементі – TextBox мәтіндік өрісін, екінші - CommandButton басқару батырмасын орнатыңдар.
3. Осы басқару элементтерінің келесі қасиеттерін орнатыңдар:
Объект
Объект аты
Қасиеті
Орнату
Пішін
Form1
Caption
Сәлем Visual Basic
Мәтін өрісі
Text1
Text
(бос)
Басқару батырмасы
Command1
Caption
ОК
4. Command1 басқару элементі үшін Click процедурасын таңдап (Command1 басқару элементін екі рет тышқанмен шертеміз), келесі программалық кодты жазамыз:
Text1.Text= “Сәлем Visual Basic”
5. Қосымшаны іске қосып (F5 басамыз), ОК батырмасын басыңдар. Мәтін өрісінде “Сәлем Visual Basic” хабарламасы шығуы керек.
6. Жобаны сақтап қойыңдар.
IV. Қорытынды.
Visual Basic бағдарламасында пішінге TextBox басқару элементтерін орналастыру жолын ата;