Білімділік: О?ушылар?а VISUAL BASIC – те ба?дарламалауды? негіздері ж?не н?с?аулары туралы т?сінік беру ж?не ж?мыс істеуге ?йрету;
Дамытушылы?: О?ушыларды VISUAL BASIC – те ба?дарламалауды? негіздері ж?не н?с?ауларын пайдалана отырып, ж?мыс істей білуге да?дыландыру, ал?ан білімдерін практика барысында пайдалану;
Кез келген ?олданба ?р т?рлі жолдармен деректерді ??дейді. Айнымалылар, жиымдар ж?не т?ра?тылар – жадта уа?ытты? шамаларды са?тау?а арнал?ан кез келген ба?дарламалау тіліні? іргелі ??ралдары.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"VISUAL BASIC н?с?аулары. " »
Сабақтың тақырыбы: VISUAL BASIC нұсқаулары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға VISUAL BASIC – те бағдарламалаудың негіздері және нұсқаулары туралы түсінік беру және жұмыс істеуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушыларды VISUAL BASIC – те бағдарламалаудың негіздері және нұсқауларын пайдалана отырып, жұмыс істей білуге дағдыландыру, алған білімдерін практика барысында пайдалану;
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, тиянақтылыққа, тәрбиелеу және эстетикалық талғамы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Өткен материалдарды қайталау
Жаңа материалды түсіндіру
Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Өткен материалдар бойынша сұрақтар:
Негізгі басқару элементтерін атаңдар және оларға сипаттама беріңдер.
Бірнеше қосымша басқару элементтерін атаңдар да, оларға сипаттама беріңдер.
Басқару элементтерінің қасиеттерін қалай өзгертуге болады?
Енгізу өрісінің негізгі қасиеттерін атаңдар.
Жазу (надпись) басқару элементі не үшін қолданылады?
Жалауша (флажок) басқару элементі қандай батырманың көмегімен жасалады?
Пішін дегеніміз не?
Оқиға дегеніміз не?
Обьект дегеніміз не?
Қасиет дегеніміз не?
Қандай басқару элементінің көмегімен графикалық файлдарды жасауға болады?
Жаңа материалды түсіндіру
Деректер түрлері
Кез келген қолданба әр түрлі жолдармен деректерді өңдейді. Айнымалылар, жиымдар және тұрақтылар – жадта уақыттың шамаларды сақтауға арналған кез келген бағдарламалау тілінің іргелі құралдары.
Айнымалылар
Уақыттық шаманы сақтауға арналған жад аймағын белгілейтін шама айнымалы деп аталады. Мұндай шама қолданба жұмысы кезінде өзгере алады.
VISUAL BASIC – те айнымалылар атауларына мынадай шектеулер бар:
Атаулар ұзындығы 255 символдан аспауы керек;
Атауларда нүктелер, бос орындар және %, &, !, #, @, $ символдары болуы мүмкін емес;
Атауда әріптен басталатын кез келген әріптер, сандар және символдар комбинациясы болуы мүмкін;
Атау өздері белгіленген аймақ ішінде бірегей болуы керек;
VISUAL BASIC – тің түйінді сөздеріне және процедуралар атауларына тура келетін аттарды пайдалануға болады.
VISUAL BASIC – те деректер түрлері алатын бірнеше айнымалылар түрлері бар. Әр деректер түрінің өзіндік сипаттамасы бар (2.6 кесте).
Айнымалыларды жариялау (сипаттау)
VISUAL BASIC – те айнымалыларды жарияламауға да болады, өйткені айнымалы түрін оның мәні бойынша тану автоматты түрде болады. Бірақ айнымалыны алғаш рет пайдалану алдында сипаттауды дағдыға айналдырған жөн. Әр айнымалына жариялап отырудың маңызы мынада:
Аттарда шатасуға жол берілмейді;
Түрлері бөлек айнымалылармен кездейсоқ операция жасау мүмкіндігіне жол берілмейді;
Жұмыс жылдамдайды, өйткені VISUAL BASIC жарияланбаған айнымалыға қатынаған сайын оны тануға уақыт аз жұмсайды.
Айнымалыны сипаттағанда қай деректер түрі оған қолданылуы мүмкін екені көрсетіледі. Синтаксистік диаграммасы:
Dim Аты [As Типі]
Аты – айнымалыларды атаудың стандартты қағидаларына сай келетін айнымалы аты.
Типі – айнымалының деректер түрі. Әр сипатталатын айнымалыға жеке As Типі сөйлемін пайдалану керек.
Мысалы, келесі нұсқау integer түрінің айнымалысын сипаттайды.
Dim N As Іnteger
Модульдегі барлық айнымалыларды міндетті түрде сипаттау үшін, оның басында Option Explicit нұсқауын орналастыру қажет. Бағдарламаның орындалу барысында, егер VISUAL BASIC жарияланбаған айнымалыны кездестірсе, онда қате жөнінде хабар береді. «Variable not defined», бұл бағдарламаны теру кезінде орын алуы мүмкін аттарда шатасуды қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
Айнымалылардың көріну аймағы
Осы уақытқа дейін қолданылған айнымалыларды біз Dim түйінді сөзімен жариялайтын едік. Ол айнымалыны процедурада жариялайды. Оның үстіне мұндай айнымалыға тек сол процедурадан ғана қатынауға болады. Бұл жергілікті, яғни тек сол процедурада ғана көрінетін айнымалылар.
Айнымалы модуль деңгейінде көрінетін болуы үшін, оны басқаша жариялау қажет. Біріншіден, жариялау пішіннің немесе стандартты модульдің секциясында (General) (Declarations) болуы керек. Екіншіден, Dim орнына Private түйінді сөзі қолданылады. Мұндай әдіспен жарияланған айнымалы модуль деңгейінде қол жетерлік және де оған сол модульдің кез келген процедурасынан қатынауға болады – оның көріну аймағы жергілікті айнымалылардікінен кеңірек.
Бұған қоса, айнымалы бүкіл қолданба деңгейінде қол жетерлік болуы мүмкін. Олар кеңейтуі BAS модулінде Public түйінді сөзімен жарияланады.
Жиымдар
Жиым дегеніміз - бұл бірден бірнеше мән сақталатын жад аймағы. Жиымдар бағдарламада қолданылмай тұрып жариялануы керек.
Синтаксистік диаграммасы:
Dim Жиым Аты (Индекс) [As Типі]
Жиым аты, Индексі – жиым өлшемдіктері. Жиым индекстерінің тек жоғары шекараларын ғана беруге болады. Мұндай жағдайда индекстерді нөмірлеу 0-ден басталады.
Мысалы: Dim А (5,2) As Іnteger.
Бұл индекстер жолдар бойынша 0-ден 4-ке дейін және бағандар бойынша 0-ден 1-ге дейін екіөлшемді жиым. Жиымды жариялағанда төменгі шекарасын беруге болады. Dim А (1 То 4,0 То 2)
Келесі франгментте бүтін түрлі сандар жиымы жарияланады да, кейін оның элементтеріне мәндер меншіктеледі.
Dim В (3) As Іnteger
В (0) = 22
В (1) = 23
В (2) = 24
Келесі мысалда меншіктеу циклде өтеді.
Dim В (3) As Іnteger
For I = 0 TO 2
B (I) = 22 + I
NEXT
Жиым өлшемі алдын-ала белгіленбеген болуы аз кездеспейді. Мұндай жағдайда бас жиымды жариялау керек. Жариялағанда интекстері белгіленбеген жиым динамикалық деп аталады. Ол кәдімгі жиым қалай жарияланса, дәл солай жарияланады.
Dim Ү ( ) As Іnteger
Өздеріңе қажетінен үлкен өлшемді жиым жасау ысырапшылдық қой. Сондықтан бірде бір элементі жоқ динамикалық жиым жасап алып, кейіннен оған қажетіне қарай элементтер қосып отырған тиімді. Бұл әдістеме әсіресе элементтердің көп мөлшерімен жұмыс істегенде пайдалы.
Жиымға мәндер сақталатын элементтерді қосайық. Ол үшін ReDim операторы қолданылады: ReDim Ү (5)
Жасалған элементтерге мәндер меншіктеу керек. Жиым элементтерінің кейінгі мөлшерін тағы да өзгертуге болады: ReDim Ү (7)
Бұл операторды орындағаннан кейін жиымда сақтаулы мәндердің бәрі жасалады. Оларды сақтау үшін Preserve түйінді сөзін қолданыңдар: ReDim Preserve Ү (7)
Тұрақтылар Константалар
Тұрақтылар айнымалыларға өте ұқсас – оларда жарияланады, оларға да мәндер меншіктеледі. Сонда да, айнымалылардан ерекшелігі, тұрақтылар мәні қолданбаның бүкіл өмірлік циклі барысында өзгеріссіз қалады. Тұрақтыларды пайдалану бағдарламаларды жеңілдетеді – vbModal айнымалысы бар бағдарламаны ұғыну және жөндеу мәні 1-ге тең әлдебір аты жоқ айнымалының тағдырын қадағалап отырғаннан анағұрлым жеңіл. Тұрақтыны жариялаумен бір мезгілде оған мән меншіктеледі. Ол үшін Соnst түйінді сөзі қолданылады:
Соnst conPi = 3.142
Төменде келтірілген фрагмент тұрақтыларды қолдану мүмкіндіктерін көрсетеді:
Соnst conPi = 3.142
Dim Radius As Іnteger Dim Area As Double
Private Sub cmdPrintArea_Click ()
Radius = 3
Area = conPi * (Radius « 2)
Print Area End Sub
Тұрақтыларды процедураларда да, модульдерді жариялау секцияларында да жариялауға болады. Қолданба деңгейінде қол жетерлік тұрақтыны жасау үшін, оны жариялағанда Global түйінді сөзін көрсетіңдер, мысалы Global Соnst Pi = 3.142
Сабақты бекіту сұрақтары
VISUAL BASIC – те айнымалы қандай болып көрінеді?
Айнымалыларға қандай шектеулер қойылады?
Айнымалылар типтерінде қандай типтер бар?
VISUAL BASIC – те айнымалылар сипатталуын түсіндіріңдер.
Локальді айнымалылар деген не?
Модуль дәрежесінде айнымалылар көрінуі қалай іске асырылады?