Просмотр содержимого документа
«Visual Basic ба?дарламасыны? бас?ару элементтерімен ж?мыс »
Cабақтың тақырыбы: Басқару элементтері: DriveListBox,
DirListBox, FileListBox.
Сабақтыңмақсаты:
1.Білімділік: Басқару элементі туралы түсінікті беру. Оның негізігі жұмыс істеу және атқару қызметтері туралы мағлұмат беру. 2.Тәрбелік: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, бейімділігін ояту 3.Дамыту: Оқушылардың білімін арттыру, VB ортасымен қолдануға үйрету. Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, топтастыру, мағынаны тану, бес жолды өлең, жеке жұмыс.
Көрнекіліктер: компьютер, VB программа ортасы, элементтер суреттері
Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру. 2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен аманадасу, жоқ балаларды белгілеу.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Бұл кезеңде оқушылардан өткен тақырып бойынша топтастыру арқылы алдыңғы сабақтарда өтілген басқару элементтерін сұрау.
ІІІ. Мағынаны тану.
DriveListBox, DirListBox, FileListBox элементтері арқылы формада файлдық жүйе объектілерін орнатып, олармен жұмыс істеуге болады. Компьютерде орнатылған дискілер және оларда жазылған бумалар мен файлдар тізімін шығаруға болады.
DriveListBox, DirListBox, FileListBox элементтері негізгі қасиеттері:
Drive – дискі аттарын көрсету
Path – каталогтың орналасқан жерін көрсету
Parrent – файлдың орналасқан жолын көрсету.
Тапсырма: DriveListBox, DirListBox, FileListBox элементтерімен жұмыс жасау:
Формаға Drive1, Dir1, File1 және Picture1 элементтерін орналастырамыз.
Формадан File1 элементін белгілеп, Parrent қасиетіне *.jpg мәнін береміз.
Dir1 элементін екі рет шертіп төмендегі процедураны жазамыз:
Private Sub Dir1_Change()
File1.Path=Dir1.Path
End Sub
Drive1 элементін екі рет шертіп төмендегі процедураны жазамыз:
Private Sub Drive1_Change()
Dir1.Path = Drive1.Drive
End Sub
Формадан File1 екі рет шертіп төмендегі процедураны жазамыз:
Private Sub File1_Click()
F = File1.Path & "\" & File1.FileName
Picture1.Picture = LoadPicture(F)
End Sub
Оқушылар тапсырмаларды компьютерде орындап, алдыңғы cабақтарда
«Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша элементтердің суреттері арқылы өлең құрады.
V. Оқушыларды бағалау.
Әр кезеңдерде оқушылардың орындаған тапсырмаларына қарай жетондар беріліп отырады. Яғни оқушыларды жетондарының деңгейіне және санына қарай бағалаймын.