kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары. Вирусқа қарсы бағдарлама.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Электронды пошта

Қазір бір вирустың таратуының негізгілері Жай вирустар электрондық поштаның хаттарында: суретті, құжаттарды, музыканы, сайттарға деген сілтемелерде бүркеледі. Кейбір хаттарда вирустар болмау мүмкін, бірақ сілтемелерді ашқан кезде вирустық коды бар арнайы құрылған Веб сайттарға тап болуымыз мүмкін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары. Вирусқа қарсы бағдарлама.»

Вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары. Вирусқа қарсы бағдарлама.


Жоспар:

  1. Вирустардың компьютерге ену жолдары

  2. Вирустан қорғану тәсілдері

  3. Вирусқа қарсы бағдарламалар



Вирустардың компьютерге ену жолдары

  • Ғаламдық желі Internet

  • Электронды пошта

  • Жергілікті желі

  • «Ортақ қолданылатын» компьютерлер

  • Қарақшылық программалық жасақтамалар

  • Жөндеу қызметі

  • Алмалы-салмалы тасығыштар

Электронды пошта

Қазір бір вирустың таратуының негізгілері Жай вирустар электрондық поштаның хаттарында: суретті, құжаттарды, музыканы, сайттарға деген сілтемелерде бүркеледі. Кейбір хаттарда вирустар болмау мүмкін, бірақ сілтемелерді ашқан кезде вирустық коды бар арнайы құрылған Веб сайттарға тап болуымыз мүмкін.

Жергілікті желі

Жергілікті желі “жылдам жұқтыру” жолы б.т. Егер залалсыздандыру тәсілдерін қолданбаса желіге қосылған кезде файлдарды жұқтыру қаупі жоғары.Келесі күні желі қосылған кезде зақымданған файлдар іске қосылып, компьютерлерге рұқсат алады.

Ортақ қолданылатын компьютерлер»

Оқу орындарындағы компьютерлерге вирустар мынадай жолдармен жұғуы мүмкін. Вирусы бар тасығышты қолданатын болсақ, осы компьютерде жұмыс істеген барлық тасығышқа вирус жұғады.

Қарақшылық программалық жабдықтамалар

Рұқсатсыз көшірмелер, программалық жасақтамалар «қауіпті аймақ» болып табылады. Қарақшылық көшірме дискілерде түрлі вируспен зақымданған файлдар болуы мүмкін.


Қорғану тәсілдері

  • Жергілікті желіні қорғау

  • Вирусқа қарсы базаны уақтылы ауыстыру керек;

  • Компьютерді жүктеу барысында дискі құрылғысында диск қалдырмау қажет;

  • Құнды ақпараттардың қосымша көшірмелерін жасап, жиі сақтап отыру керек;

  • Антивирусты программаларды қолдану

  • Файлдарды үнемі тексеріп отыру

Вирусқа қарсы бағдарламалар

Вирусқа қарсы бағдарлама (антивирус) — компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай-ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарлама.

Бүгінгі таңда вирусқа қарсы бағдарламалардың алуан түрлері бар: Dr.Web, Касперский Антивирусы, Eset NOD32, McAfee, AVG, Panda Software, Norton Antivirus және т.б.

  1. Доктор программалары

  2. Детектор программалары

  3. Ревизор программалар

  4. Доктор ревизорлар

  5. Полифагтар

  6. Сүзгі программалар

  7. Вакцина программалар

Доктор-Программалар-

немесе “фагтар” вирус жұққан программалармен дискілерді “вирус” әсерін алып тастау,яғни “жұлып алу” арқылы емдеп – оларды бастапқы қалпына келтіреді.

Детектор-Программалар- тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді

Ревизор-Программалар- да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.

Доктор-Ревизорлар – Олардың міндеті программалардың, каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау, содан кейін әлсін-әлсін оның ағымдағы күйін алғашқымен салыстырып отыру.Д.Мостов дайындаған прогамма-ревизор ADif жақсы танымал.

Полифагтар.Олардың қызметі-вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы (ауру жұққан) программадан Жалпыға әйгілі полифаг Е.Касперский зертханасы құрған Kaspersky Anti-Virus программасы вирусқа қарсы бірден-бір сенімді программа ретінде бүкіл әлемге әйгілі

Сүзгі-Программалар- компьютердің оперативтік(жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянда әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады.Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.

Вакцина-Программалар – компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус “жұққан” сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.

Касперский Антивирусы (AVP) – ең танымал вирусқа қарсы бағдарламалардың бірі. Компьютерге орнату кезінде Касперский Антивирусы тұрғылықты дискіде орналасқан нысандардың мәтінмәндік мәзіріне құрамдасып, өз тобын Бастау Бас мәзіріне үстейді. Жұмыс істеу барысында амалдық жүйенің жүйелік үстелінде вирусқа қарсы бағдарламаның белгішесі пайда болады.Касперский Антивирусының көмегімен жергілікті, иілгіш, ықшам дискілерде вирустардың бар-жоғын тексеруге болады.

Касперский Антивирусы орнатылған болса, компьютерді вирус жұқтырған-жұқтырмағанына толық тексеру үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

1. Касперский Антивирусы вирусқа қарсы бағдарламасын ашу.

2. Қорғаныс қосымшасын таңдау.

3. Менің компьютерімді тексеру дегенді басу.

4. Тексеру нәтижелері жою немесе емдеу қажет болатын вирустардың бар-жоғын көрсетеді.

5. Содан кейін Касперский Антивирусы бағдарламасы терезесін жабу керек.


Жекелеген нысандарды вирустардың бар-жоғына тексеру үшін оны тінтуірдің оң жақ пернесімен ерекшелеп алып, мәтінмәндік мәзірден Вирустардың бар-жоғына тексеру әмірін таңдаңыз (4.6-сурет).



Вирус табылған жағдайда ашылған сұхбат терезесінде ұсынылған әрекеттердің бірін (дұрысы – емдеу) таңдау қажет (4.8-сурет)


Өз компьютеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:

· Компьютеріңізді вирустардың бар-жоғына кем дегенде екі айда бір рет тексеріп отырыңыз.

· Өз вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтамаңыздың деректер қорын кем дегенде 3 айда бір рет жаңартып отырыңыз.

· Өзіңіз сенімді болмаған кез келген сыртқы тасымалдаушыны вирустар бар-жоғына тексеріп отырыңыз.

· Өз компьютеріңізде бөтен адамдардың жұмыс істеуіне жол бермеңіз.

· Күмәнді бағдарламаларды көшіріп жазбауға тырысыңыз.

· Вирусты өз бетіңізбен залалсыздандыра алмасаңыз, маманға жүгініңіз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары. Вирусқа қарсы бағдарлама.

Автор: Алмат Нұрәділ Ғалымұлы

Дата: 23.02.2021

Номер свидетельства: 574041


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства