kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы »

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Операциялық жүйе, Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен, «Сілтеуіш» программасымен жұмыс жасап үйрену. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы »»

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 1


Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы »


Мақсаты: Операциялық жүйе, Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен , «Сілтеуіш» программасымен жұмыс жасап үйрену.

Негізгі ұғымдар:

Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастыруды, компьютердің аппараттық және программалық ресурстарын басқаруды және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін програмалар жиынтығы.

Windows – IBM PC платформалы компьютерлерге арналған алғашқы графикалық операциялық жүйелердің бірі. Мұндағы ең қарапайым және негізгі басқару құрылғылары болып тышқан және пернелік тақта есептеледі. Windows жүйесінің көмегімен компьютерді басқара отырып, шағын локальдық желінің қызметін ұйымдастыруға болады және мұнда Интернет желісімен кіріктірілу мүмкіндігі де қарастырылған.

Файл деп логикалық байланысқа ие сыртқы жадының мәліметтер немесе программалар жиынтығы орналасқан , өз алдына дербес аты бар атаулы бөлігін айтады. Құрылған файлға ат беріледі және ол файлдық жүйеге тіркеледі. Файлдың аты екі бөліктен тұрады: файлдың атауы және файлдың кеңеймесі (типі), олар бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады.

Бума (папка, каталог) – бір дискіде орналасқан, белгілі бір қажеттілік бойынша бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығын атау үшін қолданылатын Windows жүйесінің негізгі объектілерінің бірі. Мұндай қызмет атқаратын объектіні MS DOS жүйесінде каталог деп атаса, қазіргі Windows жүйесінде бума деп атайды. Бумада тағы да басқа бумалар , файлдар орналасуы мүмкін. Бумалардың қызметі- есте сақтау құрылғыларында сақталатын өте көп файлдардың арасынан қажет файлды тез іздеп тауып алу үшін, оларды белгілі бір ретпен бағынышты немесе сатылы иерархиялық құрылымда орналастыру.

Жарлық (Ярлык)- нақты бір объектіге апаратын жол (маршрут, путь) сақталатын, бір килобайт көлеміндегі шағын файл. Жарлықтар да қажет объектілерді жылдам тауып алу үшін қолданылады.

Windows операциялық жүйесі графикалық жүйе болғандықтан мұнда негізгі объектілерді, яғни бума мен файлды белгілеу үшін арнаулы белгі- таңбалар (значки) қолданылады. Файлдардың әрбір типіне сәйкес белгілері болады, сондай-ақ жарлықтардың да өзіне тән бағыттауышы (стрелкасы) бар белгісі болады.

Windows операциялық жүйесіндегі графикалық интерфейстің негізі – бұл жақсы ойлап табылған және өте тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін терезелер жүйесі. Терезені операциялық жүйедегі жұмысты басқару элементі деп те , объектілердің жұмыс аумағы деп те қарастыруға болады. Windows операциялық жүйесінде терезенің: қосымша терезесі, құжат терезесі, сұхбат терезесі, белгі (значок) -терезе және т. б. түрлері кездеседі.

Жұмыс үстелі (Рабочий стол) – Windows операциялық жүйесінің бумалары мен файлдары, жарлықтары және тағы да басқа жүйені басқару элементтері орналасатын жоғары деңгейдегі объектісі (немесе бума). Windows операциялық жүйесі іске қосылғанда бірден жұмыс үстелінің терезесі ашылады.

Тапсырмалар панелі (Панель задач) – жұмыс үстелінде орналасқан және қолданушының жасап жатырған тапсырмаларын уақытша қоя тұруына арналған Windows операциялық жүйесінің негізгі басқару элементтерінің бірі.

Файлдық жүйе – дискідегі файлдардың орналасуына және олармен жұмыс жасауды басқаруға жауап беретін операциялық жүйенің құрамды бір бөлігі.

Файлдық жүйеде жасалатын әрекеттер:


  • файлдық жүйе бойынша іздеу

  • қосымшаларды іске қосу және құжаттарды ашу

  • бумалар құру

  • бумалар мен файлдарды көшіру

  • бумалар мен файлдардың орынын ауыстыру

  • бумалар мен файлдарды өшіру

  • бумалар мен файлдардың атын өзгерту

  • жарлықтар құру

  • Сілтеуіш (Проводник)- файлдық жүйеден кез-келген объектіні іздеуге және олармен басқа да әрекеттерді орындауға арналған операциялық жүйенің қызметші программасы .

  • Алмасу буфері (Clipboard) - операциялық жүйе жұмысы кезінде қосымшалар мен құжаттар арасындағы мәлімет алмастыруды қамтамасыз етуге арналған жедел жадының арнаулы бөлігі.

  • Стандарт қосымшаларға Windows операциялық жүйесінің құрамындағы, қолданушыға ең қажет, қарапайым қызмет түрлерін (қарапайым мәтіндік құжат даярлау, суреттер салу, сақтау, баспаға шығару, математикалық қарапайым есептеулер жүргізу және т.б.) көрсететін келесі қосымшалар немесе программалар жатады:

  1. Мәтіндік редактор WordPad

  2.   Блокнот

  3.   Графиктік редактор Paint

  4. Калькулятор

  1. Тышқан құрылғысымен жасалатын әрекеттер:

  • шерту

  • екі рет шерту

  • оң жақ батырмасына шерту

  • жылжыту немесе тасымалдау (перетаскивание)

  • созу немесе ұзарту (протягивание)

  • Жаттығу жұмыстары:

  • 1-жаттығу. Жұмыс үстелін баптау.

  • 1. Жұмыс үстелінің параметрлерін өзгертіңіз. (фон, заставка, безендіру).

  • 2. Пуск - Программы - Стандартные әрекеттерін пайдаланып кез-келген екі стандарт қосымшаны іске қосыңыз. Екі қосымшаның да терезесін экранның көлеміндей қылып ұлғайтып көріңіз, бастапқы қалпына келтіріңіз, каскад түрінде, солға, оңға, жоғары, төмен орналастырыңыз.

  • 3. Бір терезені жабыңыз, ал екінші терезенің өлшемдерін тышқанның көмегімен өзгертіңіз.

  • 4. Қосымша терезесін жабыңыз.

  • 5. Дискіде орналасқан қосымшалардың бірін іске қосыңыз. Осы қосымша үшін жарлық құрыңыз және оны жұмыс үстеліне орналастырыңыз. Құрған жарлығыңызды пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.

  • 6.Қосымшаны немесе программаны Программы мәзіріне (менюіне) орналастырыңыз. Осы мәзірді пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.Қосымшаны жабыңыз.

  • 7 Windows-дың анықтамалық жүйесінен мына үш терминді: мультимедиа, настройка Главного меню, ярлык тауып алыңыз да, олардың анықтамаларын ретімен Блокнот стандарт қосымшасын пайдалана отырып Справка.txt файлына көшіріңіз.

  • 2 – жаттығу. Сілтеуіш программасымен жұмыс жасау.

  • 1. Сілтеуіш қосымшасын немесе программасын іске қосыңыз.

  • 2. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі мәзірдің командаларымен танысыңыз.

  • 3. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі панельдердің көмегімен дискілердің мазмұнын қараңыз, қасиеттерімен танысыңыз .

  • 4. Ағымдағы жұмысшы дискінің түпкі каталогында бума құрыңыз, оған ат ретінде өз фамилияңызды беріңіз.

  • 5. Құрған бумаңыздың көшірмесін Жұмыс үстеліне бірнеше тәсілді пайдаланып орналастырып көріңіз.

  • 6. Справка.txt құжатыңызды түпкі каталогтағы өз бумаңызға көшіріңіз.

  • 7. Жұмыс үстеліндегі бумаңыздың атын өзгертіңіз.

  • 8. Жұмыс үстеліндегі аты өзгертілген буманы диск түпкі каталогына апарып орналастырыңыз.

  • 9. Справка.txt құжатты аты өзгерген бумаға көшіріңіз.

  • 10. Аты өзгерген буманы жойыңыз.

  • 11. Дискі түпкі каталогындағы doc. (*.doc) кеңеймелі файлдарды іздеңіз.

  • Өздік жұмыс тапсырмалары:

  • (Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

  • 1-кестедан алынады)

  1. С дискісінде өз нұсқаңызға сәйкес файлдық құрылым жасаңыз /Кестедегі 1- тапсырма/.

  2. Справка.txt файлын кестедегі өз нұсқаңыздағы құрылымға сәйкес орналастырыңыз /2-тапсырма/.

  3. Справка.txt файлын сәйкес бумаға көшіріңіз және атын өзгертіңіз /3-тапсырма/.

  4. Зертханалық жұмыс тақырыбын, бумалармен, файлдармен жасалған жұмыстардың алгоритмін, жиі қолданылатын амалдарға сәйкес Windows жүйесіндегі жедел пернелер комбинацияларын дәптерге жазыңыз .

  • 1-кесте

    • Нұсқа №

    • 1- тапсырма
    • 2- тапсырма

    • 3- тапсырма
    • 1

    • С:\Работа_2\Р2\Справка.txt

    • Р1 бумасына

    • аты Термины.txt

    • 2

    • С:\Работа_1\Р2\Справка.txt

    • Р21 бумасына

    • аты Сведения.txt

    • 3

    • С:\Работа_2\Р21\Справка.txt

    • Р1 бумасына

    • аты

    • Понятия.txt

    • 4

    • С:\Работа_1\

    • Справка.txt

    • Р2 бумасына

    • аты

    • Сводка.txt

    • 5

      Р21

      Справка.txt

      Р2

      Р1

      Работа_2

      Работа_1

      С:\

    • С:\Работа_1\Р2\Справка.txt

    • Работа2

    • бумасына

    • аты

    • Список.txt

  • Бақылау сұрақтары: 1) ДЭЕМ үшін операциялық жүйенің қандай қызмет атқарады? Компьютердің жұмысын толық басқаратын программа.

  • 2) Windows операциялық жүйесіндегі негізгі объектілер қалай аталады? Жұмыс столы, белгі (ярлык), файл, папка (бума), Бастау менюі, тышқан көрсеткіші.

  • 3) Объектілермен жұмыс істеудің негізгі ережелерін көрсетіңіз. Белгілеу, бір рет шерту, екі рет шерту, орнын ауыстыру, көшіру, жылжыту

  • 3) Терезелердің түрлерін атаңыз. Тереземен жұмыс істеу ережелері қандай? Терезені үлкейту, кішірейту, қалпына келтіру, жабу.

  • 4) Сілтеуіш (Проводник) қосымшасы не үшін қолданылады? Ақпарат сақтаушы құрылғыларда (диск, флэшка) папка құрылымын бейнелеп, оларды басқару үшін қажет.

  • 5) Қолданбалы стандарт қосымшаларды (программаларды) атаңыз. WordPad, Paint, Калькулятор, Командалар қатары, Блокнот

4



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Нурханова Гулраушан Мейрамбекқызы

Дата: 14.01.2017

Номер свидетельства: 379134

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "Windows операциялы? ж?йесі. Негізгі объектілер.  Сілтеуіш (Проводник) программасы "
    ["seo_title"] => string(88) "windows-opieratsiialyk-zhuiiesi-nieghizghi-obiektilier-siltieuish-provodnik-proghrammasy"
    ["file_id"] => string(6) "238269"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444533909"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства