kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: «Иnternet желісі. Web бет. Электрондық пошта.»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Internet - əлемдегі ең үлкен компьютерлік байланыс желілерінің бірі. Алғаш АҚШ Қорғаныс министрлігі үшін жасалған бұл жүйенің қолданушылары саны санаулы ғана болған, қазір саны күннен-күнге көбеюде.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Иnternet желісі. Web бет. Электрондық пошта.»»

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 4


Тақырыбы: «Иnternet желісі. Web бет. Электрондық пошта.»

Мақсаты: Internet - əлемдегі ең үлкен компьютерлік байланыс желілерінің бірі. Алғаш АҚШ Қорғаныс министрлігі үшін жасалған бұл жүйенің қолданушылары саны санаулы ғана болған, қазір саны күннен-күнге көбеюде. Internet сөзі қазақша халықаралық желі деген мағынаны білдіреді (International – халықаралық, network - желі). Мұнда пайдаланушы өзін қызықтыратын мəселелері бойынша желідегі дүние жүзі компьютерлерімен байланыс жасай алады. 
Негізгі ұғымдар:

Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бірігуін айтамыз. Барлық компьютерлік желілерін қолданудағы негізгі мақсат – олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету.Интернетке 
қосылу үшін : модем, сымтетік, компьютер қажет.

Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, бағдарламалық жəне ақпараттық. Аппараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы жəне т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қатқыл дискінің көлемі. 
Қашықтықтағы компьютерлерде сақталған мəліметтер ақпараттық ресурстарды құрайды. 
Компьютерлік желідегі аппараттық жəне бағдарламалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты бағдарламалар қызмет етеді. 
Əдетте Интернет серверлері түрлі типті, яғни бір бағдарламалық жабдықтау бойынша жұмыс істей бермейді. Олардың бірі арқылы жіберілген деректерді басқаларының түсініп оқи алуы үшін алдымен олар Интернетте 
қолданылатын бір стандартты тілге аударылады. Ол –жүйелік хаттама деп аталатын TSP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol – Тасымалдауды басқару хаттамасы) атаулы жіберу тілі. Яғни TSP/IP- Интернетпен жұмыс істейтін барлық компьютерлердің негізгі тілі. Хаттаманың қызметі – сервердегі бір тақырыпқа арналған мəліметтерді блоктарға бөліп, бір бумаға кірістіру жəне қабылдаушы сервер дұрыс түсінуі үшін оған тақырып атын жəне жіберуші сервер адресі мен файл адресін енгізіп қою. 
Желіге тұрақты қосулы жəне мəліметтердің жинақталған қоры сақталған компьютерлер Сервер делінеді. Əр сервердің өзіне сəйкес адресі болады.

Мысалы, www.khabar.kz еліміздегі Хабар телеарнасының сервері. Internet желісінен қажетті мəліметті табу үшін сервер адресімен қоса ресурс типін де білу қажет. Көптеген Web-беттерді іздеп табу үшін олардың адрестерін енгізу жеткілікті. Түрлі желілер мен іздеу құралдарының адрестері көп, оларды URL (Uniform resouree locator-ресурстың стандартты адресі) адрестер деп атайды. Мысалы, http://www.rambler.ru/timetable/0002.shtml мұнда 
- http:// - www ресурсының көрсеткіші, Web-ке ену. 
- www.rambler.ru – сервердің Internet желісіндегі адресі, торап серверінің 
(қойма компьютерінің) адресі, яғни төмендегіше. 

Ол нүкте арқылы ерекшеленген бірнеше бөліктен тұрады. Оң жақ шеттегі соңғы бөлік компьютердің қай елге тиістілігін немесе ондағы мəліметтің қай салаға қатыстылығын көрсетеді. Əріптердің жұбымен ел таңбаланады. Мысалы, 
.kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ca – Канада жəне т.б. Үш əріппен мəліметтің тиісті қызмет түрі белгіленеді. Мысалы, .com – коммерциялық, .edu – оқу-ағарту 
саласына қатысты мəліметтер екенін білдіреді. 
Қиғаш сызық араларында жазылатындар – каталогтар мен ішкі каталогтар, 
ең соңында файл аты жазылады. 
- timetable/0002.shtm – ізделінді файлдың сервердегі толық жолы (timetable – 
каталог аты, 0002.shtm –файл аты). 
Internet тек желі ғана емес, оның жұмысы – ақпараттық кеңістікке түрлі пішімта қызмет көрсету. Қызмет ақпарат алмасатын түрлі хаттамаларға негізделген. Олардың ең көп тарағаны – World Wide Web (WWW-дүниежүзілік өрмек). Көбінесе оны қысқаша Web деп атайды. Web-тің негізгі қызметі – қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру жəне оны экранға шығаруды ұйымдастыру.
Web-те бір тақырыпқа арналған Web-беттерді ретімен не оларды байланыстырып, тұтас көрсету де мүмкін. Оны Web-түйін деп атайды. Web-түйін біртұтас ақпараттық бөлім болып табылатын, өзара байланысқан web-беттер қорларынан тұратын жиынтық. Сондай аталған желіде файл күйінде сақтаулы құжаттармен алмасу үшін FTP (File Transfer Protocol) атты файлды тасымалдау хаттамасы пайдаланылады. FTP арқылы жүйелік файлды, сурет не мəтін күйіндегі файлдарды тасымалдауға болады. Қазіргі кезде HTTP (Hypertext Transfer Protocol) атты тек мəтін не сурет күйіндегі мəліметтерді ғана емес, сондай-ақ дыбыстық жəне қысқабейнефильм күйіндегі мəліметтерді тасымалдауға арналған арнайы хаттама кең қолданылуда.

Электрондық пошта 
Желілік байланыстың қазіргі кезде Электрондық пошта (E-mail) деген түрі кең қолданылуда. Мұнда əлемнің түкпір-түкпірімен электрондық хат арқылы байланысуға мүмкіндік бар. Электрондық пошта – компьютер арқылы қашықтықта орналасқан абоненттерге хат, түрлі басқа мəліметтер жіберу мен қабылдау бағдарламасы.Электрондық пошта адресінің жалпы түрі Username@hostname бойынша беріледі. Мұндағы, Username - пайдаланушының аты, @ (ат)- электрондық адрес белгісі, hostname – поштаны абонентке жеткізіп беруші пошталық сервердің адресі. E-mail адресі оңнан солға қарай оқылады. Мұнда да құрамдас бөліктері бір-бірінен нүктемен ажыратылады.


Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу: Интернет желісінің тарихын зерттеу

2-жаттығу: Топологиялар желісі

Өздік жұмыс тапсырмалары:

1. Электронды поштаға тіркелу.
















2. Берілген логинмен және құпия сөз арқылы поштаңызға кіріңіз









3. Келесі хат жіберу батырмасын басып әріптестеріңе мәлемет алмас












4. адресті еңгіз 5. батырмасын басып құжатты пошта арқылы жіберіңіз










Бақылау сұрақтары:

Интернет дегеніміз не?

URL дегеніміз не?

Топологиялар нешеге бөлінеді?

Электрондық пошта?








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Тақырыбы: «Иnternet желісі. Web бет. Электрондық пошта.»

Автор: АЙМАГАНБЕТ АКЕРКЕ

Дата: 14.01.2017

Номер свидетельства: 379129


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства