Тақырыбы: Кесте, кестені құру. Кестені редакциялау. Кестеге мәліметтер енгізу
және пішімдеу.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға кестелермен және мәтіндік процессор құралдары арқылы оларды құрудың жолдарымен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, жүйелікке тәрбиелеу; Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту Сабақтың түрі: аралас сабақ Әдіс-тәсілдері: практикум элементтерінің көмегімен демонстарциялау, баяндау арқылы түсіндіру Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, таратпа, деңгейлік тапсырмалар, Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушыларға жасырын хат тарату арқылы топтарға бөлу ІІ. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасын өтілген тақырыптардан сұрақ қойып, дұрыс
жауап алу арқылы сөзжұмбақ кешу.Сөзжұмбақты шешу арқылы
жаңа тақырыптың атын тауып алу.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Бағанға сандарды түзу және әдемі етіп қою, түрлі мәліметтерді орналастыру, нысандар мен басқа да элементтерді кірістіру үшін кесте қолданылады.Кесте- бұл бағандар мен жолдардың қиылысы.Кетенің бағаны мен жолдарының қиылысуын ұяшық деп атайды. Ұяшықтар бірігіп кестені құрайды. Ұяшықтағы мәтін кәдімгі құжаттың абзацтары сияқты енгізіледі.
Кестені құру үшін келесі әрекеттерді түрлі тәсілдермен орындаймыз.
Бірінші тәсіл:
Лентаның Кірістіру қосымша бітіндегі Кесте тобынан (60 сурет)Кесте тізімін ашу.
Кестені кірістіру (Вставка таблицы) тізімінен Кестені кірістіру бөлімін таңдау.
Кестені кірістіру терезесінде кесте жолының қатары мен бағанының санын көрсету.
Ок батырмасын басу.
Екінші тәсіл:
Лентаның Кірістіру қосымша бетіндегі Кесте тобынан Кесте тізімін ашу
Кестені кірістіу тізімінен керекті жол мен бағандардыерекшелеу (кестенің ең үлкен өлшемі -10*8).
Кестені редакциялау, кестеге мәліметтерді енгізу және пішімдеу.
Microsoft Word командалары көмегімен кестені әртүрлі етіп әдемілеуге болады. Кестені құрғаннан кейін немесе жанама меню көмегімен кестенің бөліктерін бөліп алған соң шығатын Конструктор және макеттің қосымша беттері қолданылады (61-сурет).
Конструктор қосымша бетінің көмегімен кестені қарындашты пайдалану ардылы сызуға және кетіргішті пайдалану арқылы өшіруге болады. Сонымен қатар түстерін де өзгертуге де болады.
IV. Постер қорғау 2 -3 бет слайд арқылы тақтадан көрсете отырып қорғау
Әр топқа осы тақырып бойынша тапсырма беру арқылы постер қорғату
Бірінші топтың тапсырмасы: Кесте құру және оның жолдары
Екінші топтың тапсырмасы: Кестені редакциялау, кестеге мәліметтер енгізу және пішімдеу.
Үшінші топтың тапсырмасы: Кесте ұяшығында мәтін бағытын өзгерту.
V.Сергіту сәті
VI. Практикалық тапсырма. Әр топтың оқушыларына оқулықтарының 86 бетіндегі 2 , 3, 4 кестелерді сыздырып, ішіне мәлімет толтырту арқылы үш топқа компьютерден тапсырма орындату.
VIIІ. Бекіту сұрақтары:
Кесте дегеніміз не?
Ұяшық деп нені атаймыз?
Баған дегенді қалай түсінесің?
Жол дегеніміз не?
Жол кестедегі қандай сызық?
Кестеге мітінді қалай тігінен жазуға болады?
Кестеге баған қосу үшін қандай әрекеттер орындалады?