Пән: Информатика Пән мұғалімі: Новрузбайқызы Ж Бекітемін:____________
Сабақтың тақырыбы:Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
Дамытушылық : оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, сөйлеу шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік: жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулықтар, дәптерлер, , таратпа карточкалар, Paint графикалық бағдарламасы
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі(2 мин)
(Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.)
ІІ Үйге берілген тапсырманы тексеру (10 мин)
Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
Paint графикалық редакторының құрал-саймандарын ата
Paint графикалық редакторында жасалған жұмысты қалай сақтаймыз?
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин)
Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін – фрагментті ерекшелеп алады.
Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.
Суретті тұтастау ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркемесін пайдалануға немесе Ерекшелеу → Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады.
1. Мөлшерді өзгерту – тышқанның сілтемесін сегіз ерекшелеу маркерінің біріне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып өзгетру.
2. Орнын алмастыру – ерекшеленген фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басып жылжыту, сілтеменің түрі -
3. Тазалау – ерекшеленген аймақ фонның түсімен боялады.
4. Түстерді айналдыру.
Көшіру.
IІІ. Практикалық жұмыс. (12 мин)
А деңгейі
Paint-те жаңа құжат құрыңдар.
Сурет салудың оңтайлы тәсілін таңдаңдар.
Жұмысты «Электровоз» файылында сақтаңдар.
В деңгейі
1.Paint-те жаңа құжат құрыңдар.
2. Мынадай түрдегі сурет салуға арналған рамка дайындаңдар:
3.Paint-ті тағы да іске қосып, Ойыншық файлын ашыңдар.
4. Суреттің мөлшерін рамкаға сыятындай етіп өзгертіңдер.
5. Рамкасы бар құжатқа ауысып, оны ерекшелеңдер және алмасу буферіне көшіріңдер.
6. Рамканы Ойыншық.bmp құжатына кірістіріп, оны фигура ортасына келетіндей етіп орналастырыңдар:
7. Файлды «Рамка» деген атаумен сақтаңдар.
С деңгейі
1.Paint-те жаңа құжат құрыңдар.
2.Баптау → Барлық программалар → Microsoft Office → Office құралдары → Microsoftтыңбейнебаян ұйымдастырушысы бұйрығын орындаңдар.
3. Пайда болған коллекциялар тізімінен Office Коллекциялары → Безендіру (Оформление) бұйрығын таңдаңдар.
4. Шекараны таңдаңдар және оны алмасу буферіне көшіріңдер.
5.Paint-ке ауысып, шекараны алмасу буферінен кірістіріңдер.
6. Кескін →Бұру бұйрығын пайдаланып, шекаралық сызықтар мен әшекейлерден фоторамка құрыңдар.
7.Paint-ті тағы да қосып және Ойыншық файылын ашыңдар.
8. Суреттің мөлшерін рамкаға сыятындай етіп өзгертіңдер.
9. Рамкасы бар құжатқа ауысып, оны ерекшелеңдер және алмасу буферіне көшіріңдер.
10. Рамканы Ойыншық.bmp құжатына кірістіріп, оны фигура ортасына келетіндей етіп орналастырыңдар.
Файлды Рамка деген атаумен сақтаңдар.
ІV. Сергіту сәті. (2мин)
Көз жаттығуын орындайық. Көзге арналған жаттығулар
Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.
Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.
Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.
Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.
Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.
V. Бекіту. (5 мин)
Сұрақтар
1. Фрагменттің және тұтас суреттің ерекшеленулерін қандай тәсілдермен алып тастауға болады?
2.Ctrl немесе Shift пернелерін басып көшірулердің бір-бірінен айырмашылығы неде?
3. Суреттің фрагментін кішірейту әрекеттерінің ретін сипаттаңдар.
4. Ақ, сары, қызыл түстерге қандай түс қарама-қарсы?
5. Фрагментті 900бұру үшін не істеу керек?
VI. Бағалау.(2 мин)
VIІ. Үйге тапсырма. Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.