Қолданылатын жаңа технология түрі: сыни тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясы;
Қолданылатын жаңа технологияның мақсаты:
1. Оқушыларды ізденушілікке бағыттау;
2. Оқушылардың тақырып туралы алдын – ала материалдар іздеуі;
3. Тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды топтасып жасауы;
4. Көрнекі құралдарды қорғай білуі;
5. Туындаған сұрақтарды ұстазға көрсету;
Қолданылатын жаңа технологияның ерекшелігі:
1. Оқушылардың бір – бірімен тіл табысуын қалыптастыру;
2. Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру;
3. Жеке дара шығармашыллыққа бағыттау;
4. Жеке тұлға ретінде бойында адамгершілік қасиетті қалыптастыру;
5. Өзара қарым – қатынасты жақсарту;
Пәнаралық байланыс: математика, алгоритмдеу, орыс тілі, ағылшын т.б
Ресурс: интерактивті тақта, компьютер, үлестірмелі парақтар, слайд, видео жазбалар; Сабақтың мазмұны
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
Б) оқу-құралдарын түгендеу, реттеу;
В) оқушыларға қауіпсіздік ережесін естеріне түсіру.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Пішімдеу дегеніміз не?
Сендер мәтінді терген кезде, құжаттың мазмұнын және қате кетпеуін ғана емес, сонымен қатар оқуға ынғайлы болуын да қадағалауың қажет. Құжатта бір мәтін әр түрлі көрінуі мүмкін. Мына 1 және 2 суреттерде бір мәтінді құрайтын құжат көрсетілген.1 суретте мәтін жәй терілген, ал 2 суретте мәтін әдемі безендірілген.
Word бағдарламасы құжатты баспаға беру кезіндегі және экрандағы сыртқы түрін жақсартуға мүмкіндік беретін пішімдеудің көптегенген құралдарын қамтыйды. Өлшемін өзгерту арқылы мәтінді ерекшелеу, қаріптің жазылуы және гарнитурасы, беттерді ортаға түзету, осы сияқты безендірудің параметрлерін пішімдеу деп айтуға болады.
Пішімдеу параметрлерін таңдау кезінде бірнеше ережелерді сақтау қажет:
Шрифтің гарнитурасын мәтіннің стилдік ерекшелігіне үйлесетіндей етіп таңдаңыз;
2. Бір құжатта үштен артық гарнитураны және төрттен артық пішінді пайдаланбаңыз;
3. Бір құжат үшін қәріптің төрт түрлі өлшемін ғана таңдаңыз.
Word құжатына графикалық объектілерді кірістіру өте оңай. Сіз кез- келген деректен суретті көшіре аласындар (веб- беттерден немесе басқа құжаттан), одан кейін ағымдағы құжаттың қажетті жеріне алмастыру буферінен суретті кірістіресіңдер. Одан басқа Word бағдарламасында бағдарламадан тікелей әр түрлі графикалық файлдарды ашуға және сақтауға мүмкіндіктер бар. Сіздің қатқыл дискілеріңде сақталған кескінді құжатқа кірістіру үшін лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Сурет батырмасын басыңыз (9 Сурет), Суретті кірістіру терезесінде графикалық файлды таңдаңыз және кірістіру батырмасын басыңдар.
Егер кірістірілген кескінді ерекшелесек, онда лентада Суреттермен жұмыс- Пішім деген жаңа қосымша пайда болады (13 Сурет). Осы қосымшаның көмегімен суретті редактілеудің барлық операцияларын орындауға болады.
13Сурет. Суреттермен жұмыс- Формат қосымшасы
14Сурет. Басқа түске бояу батырмасының көмегімен кескіннің параметрлерін таңдау
Басқа түске бояу менюіндегі Мөлдір түс орнату командасы суреттің кез- келген элементінің түсін мөлдір түске өзгертуге мүмкіндік береді. Оны таңдағаннан кейін курсор пішінін өзгертеді (14 Сурет). Суреттің мөлдір түс орнату қажет элементіне шерту керек (15 Сурет).
15 Сурет. Мөлдір түсті орнату 16 сурет Мониторда графиканың түсі өзгерді
Сурет шекарасы батырмасы суретті жиектеудің параметрлерін орнатуға болатын менюді ұсынады (20 Сурет). Осы менюдің көмегімен контурдың қалыңдығын және түсін беруге болады, сонымен қатар кескінді жиектейтін сызықтың түрін анықтауға болады. Сәйкес келетін бағыныңқы менюде сызықтың және оның қалыңдығының әр түрлі нұсқалары ұсынылады. Егер олардың ешқайсысы сізге сай келмесе, онда Штрихтар немесе Қалыңдық бағыныңқы менюінен Басқа сызықтар командасын таңдаңыз (21 Сурет). Мына параметрлерді штрихтың енін, жалғау түрін, нүкте түрін таңдауға болатын Сурет пішімі терезесі ашылады (22 Сурет).
21Сурет. Сурет шекарасы менюі 22Қалыңдық бағыныңқы менюі
Тапсырма1.
Оқушының Тегі, аты __________________________________________
Практикалық жұмысқа тапсырмалар
1 деңгей
Тапсырма – 18 – наурыз Халықаралық қыз – келіншектер күні мерекесіне орай «8 – наурыз» тақырыбына әңгіме жазыңдар және оны WordArt мәтінін пайдаланып безендіріңдер.
Тапсырма – 28 – Наурыз мерекесіне орай «Ана – әлемдегі қастерлі есім» атты тақырыбына өлең шығарыңдар және оны WordArt мәтінін пайдаланып безендіріңдер.
деңгей
3Тапсырма – 3 «8 – наурыз» мерекесіне байланысты Microsoft Word редакторындағы суреттерді кірістіріп безендіріңдер.
Оқушы әрекеті: ІІ топқа беріледі. М Т П Л О Т Т Н О М И Ы П Р Р Т Е И Д Е К Ш Н И Е Е Р О М М Р Қ А Н Т Р Н Н И Т О Н Т С Ө З Е Т Р О П А И Б А Й Т Т Е З Р М В П И К М Е Р Е О Ә И А Р С О Ұ А Ф Ц Т Р И Х Е Д Я Й Л Е І У В Ж Л И Я И Ц С Н С Д А Ь Ф И К А С О Р А Б О Н Е Н Т
ЖАУАБЫ: 19 сөз (микропроцессор,тышқан,мәтін,плоттер,принтер,сөз,байт,пиксель,жад,абонент, архив, модификация,ұя,файл,терезе,монитор,модем,интернет,антивирус.)
«Ауыстырмақ» ойыны.
Ойынымыздың шарты бойынша орны ауысқан сөздерден компюьтер құрылғыларының атауларын дұрыс құрастыру қажет
1.Терчесвин –
2.Такедис –
Сорцепрос –
Магрампро –
Ретпьюком –
Қаншыт –
Ротмоин –
Ретинпр –
Ренкас -
3. “ Жұбын тап ” ойыны.
Перне
rom
Қатты
тану
Фото
сақтау
Ақпарат
тақта
Мәліметтерді
блок
Файлды
шығару
Жүйелік
диск
Диск
тақша
СD
аппарат
Аналық
жетек
4. Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Пішімдеу дегеніміз не?
2. Суреттерді пішімдеу үшін не қолданамыз?
3. Жазуларды пішімдеу үшін нені қолданамыз?
5. Оқушыларды бағалау
6. Үйге тапсырма: Бүгінгі сабақты оқып, наурыз мерекесіне байланысты суреттер және мәтін теріп келу.