kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сурет салу, са?тау ж?не ашу. Графикалы? редакторды? сурет салу ??ралдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Сурет салу, са?тау ж?не ашу. Графикалы? редакторды? сурет салу ??ралдары
Саба?ты? ма?саты:
1. Білімділік: О?ушылар?а PAINT графикалы? редакторы туралы ма?л?мат бере отырып, салын?ан суретті са?тау т?сілдерін т?сіндіру. Редакторды? ??рал - саймандарын д?рыс пайдалана отырып, ?з бетімен ж?мыс жасау да?дысын ?алыптастыру.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сурет салу, са?тау ж?не ашу. Графикалы? редакторды? сурет салу ??ралдары»

Сыныбы: 5 «Ә» Күні:9.12.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Сурет салу, сақтау және ашу. Графикалық редактордың сурет салу құралдары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға PAINT графикалық редакторы туралы мағлұмат бере отырып, салынған суретті сақтау тәсілдерін түсіндіру. Редактордың құрал - саймандарын дұрыс пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге, PAINT графикалық редакторына деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды нақты бір іс - әрекетке, шапшаңдылыққа тәрбиелей отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шығармашылыққа баулып үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап
Көрнекіліктері: слайд, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Ой қозғау (суреттердің бас әріптерін алу арқылы, сөздер құрастыру)
III. Жаңа сабақ
IV. Жаңа сабақты бекіту
V. Шығармашылыққа баулу
VI. Үйге тапсырма
VІІ. Бағалау
I. Ұйымдастыру бөлімі Шаттық шеңбері
Оқушылармен амандасып,тақтада ілініп тұрған гүл арқылы оқушыларды топқа бөлу. «Paint»
II. Ой қозғау
1. Әріптерді сандардың кему реттілігіне қарай орналастырса қандай сөз шығады?
2 6 7 9 4 3 8 5 1
Е П М К Ю Т О Ь Р
Жауабы: Компьютер
2. Әріптерді сандардың өсу реттілігіне қарай орналастырса қандай сөз шығады?
1 3 5 2 4
С Р Т У Е
Жауабы: Сурет
III. Жаңа сабақ
PAINT графикалық редакторы туралы түсінік
PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. 
PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін: БАСТАУ→БАРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР→СТАНДАРТТЫ→PAINT (ПУСК→ВСЕ ПРОГРАММЫ →СТАНТАРТНЫЕ→PAINT) әрекеттерін орындаймыз. Сол кезде бізге PAINT графикалық редакторының терезесі ашылады.
Сурет салу 5 кезеңнен тұрады. 1. Құрал таңдау. 2. Кисть түрін және типін таңдау 3. Кескін түсін таңдау 4.Фон түсін таңдау 5. Сурет салу.

Құрал саймандарға саяхат жасайық.
Жұмысқа керектің бәрі Жолақта (Лента) орналасқан. Негізгі (Главная) тіркеме бетінде (вкладка) Алмасу буфері, Кескін (Изображение), Құралдар, Фигуралар, Қалыңдық (Толщина), Түстер (Цвета) топтары орналасқан.

СУРЕТ САЛУ КЕЗЕНДЕРІ 
Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және онда мынандай құрал-саймандар бар: 
— суреттің ерікті аймағын белгілеу; 
— суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу; 
— суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш; 
— тұйық контурды құю; 
— суреттен түс таңдау; 
— экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб; 
— жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш; 
— ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть (қылқалам); 
— түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш; 
— мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін 
атрибуттарының тақтасының көмегімен өзгертіледі, ол меню арқылы 
шақырылады); 
— түзу сызықтарды салуға арналған сызық; 
— қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзу сызық саламыз, содан 
кейін екі рет сызық қисықтығын береміз, бұл маустың сол жақ батырмасын басып жылжыту арқылы орындалады); 
— тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс - қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін 
құрал-саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) маусты 
жылжытқанда Shift пернесін басып ұстау керек. 
— салынған кескінді болдырмау үшін Сtrl+Z пернесін басу керек. 
Жылдам қол жеткізу тақтасы Жолақ

Сурет салу аймағы Жай – күй жолы

  • Қарындаш үшін – жуандық, түс;

  • Фигуралар үшін - , түстер;

Жай – күй жолында ағымдағы жұмыс туралы ақпарат беріледі. Егер суреттің кішкене бөлігін тазалау керек болса, Өшіргіш сайманы қолданылады. Өшіргіш екі режимде болады: қарапайым және түрлі түсті. Қарапайым өшіргіш бәрін өшірсе, түрлі түсті өшіргіш (тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып) тек Қылқаламның пәрменді түсін өшіреді.

Мынадай Қисық сызықты  салған кезде міндетті түрде екі бүгілісті көрсету керек. Сол сияқты, Shift пернесін жібермей ұстай отырып,«дұрыс» фигуралар салуға болады. Тікбұрышты  қолданғанда тіктөртбұрыш, ал Сопақтан  - шеңбер аламыз. Көпбұрыш  былай салынады.

Суретті сақтау: бірінші рет сақтау үшін Файл – Сохранить как командасын орындаймыз.

Суретті ашу: Файл – Открыть

Экранды тазалау: Рисунок – Очистить командасын орындау

Сергіту сәті

Тапсырмалар әлемі:
1 - тапсырма: «Бөгде планеталықтар» Геометриялық фигуралардан (шеңбер, тік төртбұрыш, үшбұрыш, шаршы, эллипс) композициясын құр. Фигураларды бұруға және еңкейтуге болады.
(Оқушылар орындайды)
Осы суретті өз атыңмен сақта.
Суреттерді сақтау үшін мына әрекеттерді орындаймыз:
Салған суреттерді, графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны дискідегі файлда сақтаған жөн. Файлды дискіде сақтағанда, оған ат беру керек, ал файлды кеңейту Paint - тың. bmp программасы автоматты түрде орындайды. Paint программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін Файл – Сохранить как... командасын орындаңдар. Сонда экранда Сохранить как... диалогтық терезесі пайда болады. Имя файла өрісінде файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертіңдер.
2 - тапсырма: салынған суреттерді сақтау
Шығармашылық жұмыс:
3 - тапсырма:
Балалар, Еліміздің Тәуелсіздігіне қанша жыл болады?
ж: 24 жыл
Енді балалар, осы Тәуелсіздіктің 24 жылдығына сурет салып берейікші. (Оқушылар тәуелсіздіктің 24 жылдығына орай сурет салады және оны «Тәуелсіздікке 24 жыл деген атпен сақтайды.»)
IV. Жаңа сабақты бекіту:

Сөзтізбек
Енді, балалар, бүгінгі өтілген тақырыптың атын еске түсіру үшін мына «Сөз тізбекті» пайдаланып, тақырыптың атын шығарайық.
А Г Е P М
С Р П A Я
Т А О I С
Х Ф Б N Ж
Р И В T Г
ЖАУАБЫ: «PAINT»

Өзіңді тексер: 
1. “Paint” сөзі ағылшынның тілінен қалай аударылады? 
А) жобалау  В) оқу, кітап  С) сурет, сурет салу  Д) музыка, ән салу 
2. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады? 
А) кішкене төртбұрыштардан В) нүктелерден  С) сызықтардан  Д) символдардан 
3. Палитраның неше түсі бар? 
А) 256  В) 20  С) 30  Д) қанша керек болса да 
4. Өшіргіштің қандай режимдері болады? 
А) қарапайым және түрлі түсті 
В) қарапайым дәне күрделі 
С) стандарттық және стандарттық емес 
Д) жұмсақ және қатты 
5. Paint редакторында неше құрал-саймандар бар? 
А) 10  В) 12  С) 15  Д) 16 
6. Paint программасын қалай іске қосамыз? 
А) Бастау – Барлық командалар - Стандарттық – Paint 
В) Бастау – Стандарттық – Paint 
С) Менің құжаттарым – Менің суреттерім - Paint 
Д) Жұмыс үстелі – Қоржын - Paint 
7. Терезенің үлкен бөлігі бос кеңістік қалай аталады? 
А) сурет салу алаңы  В) палитра  С) терезенің атауы  Д) құрал-саймандар жиыны. 
VІ. Үйге тапсырма:
Paint графикалық редакторы. Суретті сақтау, осы тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастыру.
VІI. Бағалау. Белсене араласқан оқушыларды бағалаймын


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Сурет салу, са?тау ж?не ашу. Графикалы? редакторды? сурет салу ??ралдары

Автор: Парманова Молдир Даниярбековна

Дата: 08.01.2016

Номер свидетельства: 273780


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства