1. Сәлемдесу, психологиялық ахуал қалыптастыру, топқа бөлу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Операциялық жүйе дегеніміз не? Операциялық жүйе қалай жүктеледі?
Операциялық жүйенің қандай түрлерін білесіңдер?
Файл деген не?
Бума дегеніміз не? Буманың қандай түрлерін білесіңдер?
Жарлық деген не?
Жаңа сабақты түсіндіру
Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізсек, программа көрсеткен атау бойынша барлық нысандарды тауып береді. Табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шерту арқылы іске қосуға болады.
Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталады. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.
Файлдар – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі. Windows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін.
Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \ / : * | .
Бума қайсыбір тәсілмен ақпаратты және файлдар мен бумаларды реттеу үшін құрылады. Буманың, файл сияқты, аты және мөлшері бар.
Бумалардың түрлері:
Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып, тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге орнын алмастыруға болмайды.
Жұмысшы бумалар. Тұтынушылардың өздері құрады. Оларға Windows-те рұқсат етілген амалдардың бәрін қолдануға болады.
Файлдар мен бумалардан басқа жарлық деген ұғым бар.
Жарлықтың төменгі сол жақ бұрышында сілтеменің суреті салынған.
Құжат бумасының жарлығы Құжат бумасының үлгісі
Бумалар бірінің ішіне бірі салынуы мүмкін. Ақпаратты сақтаудың мұндай құрылымы иерархия деп аталады.
Компьютерде С:, D:, Е: және т.б. латын әріптерімен белгіленген дискілер бар. Әр дискіде өздерінің жаңа файлдары мен бумалары бар. Файлдың атымен бірге жазылған файлға дейінгі жол файлдың толық аты деп аталады.
Буманы құру
Жаңа бума құру қиын емес. Өздерің таңдаған жерде (дискіде немесе басқа бумада) Жаңа бума бұйрығын таңдасаңдар жеткілікті.
Бума құру
Жаңа бума (Новая папка)деген жыпылықтаған атауы бар буманың белгішесі пайда болады.
Жаңа бума
Енді тек пернетақтадан буманың жаңа атын теріп, Enter пернесін басу ғана қалады. Жаңа бума бос болады. Осы буманың ішіне өз қалауларыңша файлдар мен басқа бумаларды орналастыруға болады.
Жаңа буманы құру бұйрығы экранның кез келген бос жерінде шақырылатын контекстік мәзірдің ішінде де бар.
Жарлық құру
Жарлық құрудың қарапайым тәсілдері бар:
Қажетті нысанның (файлдың немесе буманың) үстінде шақырылған контекстік мәзірде Жарлық құру (Создать ярлык) бұйрығы бар. Бұл бұйрық бойынша бастапқы нысан орналасқан жерде жарлық құрылады.
Таңдалған нысанға жарлық құрып, оны Жұмыс үстеліне орналастыруға арналған бұйрық: Отправить – Рабочий стол (Создать ярлык). Жұмыс үстелінде осы нысанды ашатын жарлық пайда болады.
Жарлық құру
Нысандардың атын алмастыру
Нысанның атын алмастыру үшін нысанның контекстік мәзірін қолданады. Одан Переименовать бұйрығын таңдау керек.
Бірден бірнеше нысанның атын алмастыруға болмайтынын естен шығармау керек.
Топпен жұмыс.
1 - топ «Бума» тобы
Бума және жарлық қалай құрылады, олардың аттарын қалай өзгертеміз? Буманың жарлықтан айырмашылығы неде?
2-топ «Жарлық» тобы
Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітабыңызды жоғалтып, оны еш жерден таба алмадыңыз. Бірақ сіз оны ата – анаңыздан сұрауыңызға болады, мүмкін анаңыз оны басқа жерге қойған шығар. Сол сияқты компьютерде де қандай да бір файлды жоғалтып алуға болады, бірақ компьютер оны қайда қойғанын айта алмайды. Бұл жағдайда не істеуіміз керек?.
Сергіту сәті.
Компьютерлік тапсырма:
Жұмыс үстелінде Құжат деген атпен файл құрыңдар.
Құжат файлына мына мақалдарды теріңдер.
Өзін ғана ойлаған, жамандықтың белгісі,
Өзгені де ойлаған, адамдықтың белгісі.
Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
Жұмыс үстелінде өз есімдеріңмен бума құрыңдар.
Өз есімдеріңмен құрылған бумаға Құжат файлын салыңдар.
Өз есімдеріңмен құрылған буманың атауын Мақал деген атпен өзгертіңдер.
Жұмыс үстелінде Мақал бумасына жарлық құрыңдар.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Файлды қалай құрамыз?
Буманы қалай құрамыз?
Жарлықты қалай құрамыз?
Нысандардың атын қалай алмастырамыз?
Нысандарды іздеу тәсілін атаңдар.
Рефлексия (Сабақтан алған әсерлері)
Үй тапсырмасы: ІІІ тарау. 11- тақырыпты оқу, мазмұндау. Сөзжұмбақ құрап келу.