Открытый урок с элементами игры Аукцион знаний. При опросе домашнего задания обучающимся раздаются логики для проведения торга. У каждого обучающегося в начале торга имеется 3 логика, самая низкая ставка 1 логик, самая большая - 3. Если обучающийся ответил неверно и при этом поставил 3 логика, то он удаляется с игры. Всего в акционе 14 лотов, из них один белый и один черный ящик. в белом ящике находится тег, а в черном ящике картинка вакуумной лампы. После акциона знаний подсчитываем количество логиков каждого обучающегося. При объяснений новой темы опираюсь на базовые понятия SQL. Для закрепления новой темы провожу практическую работу, вначале которой объясняю как создают запросы, а после чего обучающиеся приступают к самостоятельной работе. После выполнения практической работы провожу игру вопрос-ответ.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК
АШЫҚ САБАҚ МАТЕРИАЛДАРЫ
Пән: «Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамтамасыз етуін құру және жүргізу»
Тақырыбы: «SQL кестесінің түсінігі. Кестелерді құру және қолдану»
Топ: 4 қысқартылған ВТ
Оқытушы: Несвельдинова С.М.
2014 – 2015 оқу жылы
Ф.219
№22. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)
Топ
Күні
4 қысқ ВТ
19.01
Пән: Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамтамасыз етуін құру және жүргізу
2 бөлім. РНР бағдарламалау тілі
Курс тақырыбы: №4.1. SQL кестесі
Сабақтың тақырыбы: №22 SQL кестесінің түсінігі. Кестелерді құру және қолдану
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру
Сабақтың түрі: Дәріс
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Базалық құзыреттілік
Техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау;
Үздіксіз өз бетімен білімдену қабілетін көрсете алу және кәсіби мамандығын жаңарту;
Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану, мәліметтер қорына арналған бағдарлама жазу және сайт құру;
Ақпаратты әртүрлі жолмен алу көздерінің жұмысын ұйымдастыру-табу, өңдеу, сақтау, көрсету, шығару;
Жұмысты нәтижелі түрде орындаудың шешімін табуда ұжыммен қатысу;
Белгілі бір мақсаты қойылған нақты есепті орындау мен жоспарлау.
Кәсіптік құзыреттілік
Есептер шешу кезінде мәліметтерді басқару және бағдарлама қатесін табуды жүргізу;
Әртүрлі ғылым, техника, экономика, өндіріс салалар аумағынан есептерді барлық кезеңі бойынша, яғни берілуінен бастап нәтиже алуына дейінгі математикалық әдіспен шығаруды есептеу техникасының көмегімен жүзеге асыру және нәтижесін ЭЕМ-де көру;
Дейт К. Дж. Введение в системы баз данных. Издание седьмое, Москва, Санкт-Петербург, Киев, 2001
Гончаров А.Ю. Access 2003. Самоучиетль с мысалами – М.: Кудиц-образ, 2004
Қосымша
Харитонова А. Самоучитель Office Access. Питер, 2004
Майк Гандерлой, Сьюзан Сейлз Харкинз. Автоматизация MS Access с помощью VBA. Издательский дом «Вильямс». Москва 2006
Сабақ мазмұны
Эле-мент №
Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,
оқытудың әдістері мен тәсілдері
Қосымшалар, өзгерістер
1.
Ұйымдастыру (2 мин)
Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру
Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Сабақтың мақсатымен таныстыру
2.
Үй тапсырмасын сұрау (20 мин)
Білім ауционы
Шарты:
Балалар, үй жұмысын сұрау білім аукционы түрінде өтеді.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «информатика» сөзімен байланысқан «Логик» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр студент қорында 3 логиктен бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.
Аукционға сұрақтар қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы – 1 логик. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол студентке беріледі, ал қате жауап айтылса, онда студент өз капиталынан сол ақшаны қайтарады.
Ескерту: егер студент қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол студент аукционға қатыса алмайды.
3.
Жаңа сабақ (25 мин)
Пән: Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамтамасыз етуін құру және жүргізу
Курс тақырыбы: №4.1. SQL кестесі
Сабақтың тақырыбы: №22 SQL кестесінің түсінігі. Кестелерді құру және қолдану
4.
Жаңа сабақты бекіту (25 мин)
Тәжірибелік жұмыс (карточка)
Сұрақ-жауап ойыны
SQL тілінің аббревиатурасы қандай?
SQL тілі қашан, қай корпорацияда пайда болды?
SQL құрамына кіретін стандартты командалар неше категорияға топтастырылады?
Сұраныстарды құрудың неше тәсілі бар?
SQLтілінің неше формасы бар?
SQL тілінде кестені құру үшін қандай операторды қолданыламыз?
SELECT операторы не үшін қажет?
5
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (6 мин)
6
Үйге тапсырма беру (2 мин)
Байшоланова Қ.С. Ақпараттық жүйелер теориясы78-82 бет
ОқытушыС.М.Несвельдинова
КЕЛІСІЛДІ
Әдіскер
Рахматуллина Р.М.
(қолы) Т.А.Ә.
«»2014 ж.
Білім ауционы
Шарты:
Балалар, үй жұмысын сұрау білім аукционы түрінде өтеді.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «информатика» сөзімен байланысқан «Логик» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр студент қорында 3 логиктен бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.
Аукционға сұрақтар қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы – 1 логик. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол студентке беріледі, ал қате жауап айтылса, онда студент өз капиталынан сол ақшаны қайтарады.
Ескерту: егер студент қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол студент аукционға қатыса алмайды.
Аукционға №1 лот. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 1 логик. Кім жоғары баға береді? Бір, екі, үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда студент өз қорына логиктер қосады.
Сұрағы: PHP ағылшын тілінен қалай аударылады?
Жауабы: ағылшын тілінен PHP: Hypertext Preprocessor — «PHP: гипермәтінді алдын-ала үдірістегіш» деп аударылады
№2 лот. Сауда жүргізіледі
Сұрағы: PHP дегеніміз не?
Жауабы: Веб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті программалау тілі
№3 лот. Сауда жүргізіледі
Сұрақ: PHP тарихы неден басталды?
Жауабы: РНР дің тарихы 1995 жылы Расмус Лердорф (Rasmys Lerdorf) Perl тіліндегі қарапайым қосымшаны ойлап табуымен басталады.
Жауабы: HTML,XHTML жəне т.б. белгілеу тілдерінде жазылған веб-беттердің сыртқыкөрінісін суреттейтін, əрлейтін тіл болып есептеледі.
№5 лот. Сауда жүргізіледі
Сұрағы: HTML тілі қай жылы шықты, негізін кім қалады?
Жауабы: HTML гипертекстік тілін (Hypertext Markup Language) 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер-Ли ұсынғаны белгілі.
№6 лот. Сауда жүргізіледі
Сұрағы: HTML құжатына бейнелерді қосу
Жауабы:
№7 лот. Сауда жүргізіледі
Сұрағы: CGI технологиясы дегеніміз не?
Жауабы: Common Gateway Interface CGI - Common Gateway Interface HTTP, Web сервер типіндегі ақпараттық сервердің сыртқы қолданбалы бағдарламасының интерфейсінің (байланыс) стандарты болып табылады.
№8 лот. Сауда жүргізіледі
Сұрағы: «HTML» аббревиатурасы нені білдіреді, қалай аударылады?
Жауабы: «HTML» сөзі «HyperText Markup Language» - гипермәтінді құру тілі («язык разметки гипертекста») дегенді білдіреді
№ 9 лот. Сауда жүргізіледі. Қара ящик
Сұрағы: Қара ящикте жатқан тегHTML құжаттарында тақырыптарды білдіреді
Жауабы: to
№ 10 лот: Сауда жүргізіледі.
Сұрағы: Бұл тег арқылы формадағы жазылатын, мәлімет енгізілетін аймақты белгілейміз
Жауабы:
№ 11 лот: Сауда жүргізіледі Ақ ящик
Сұрағы: Суретте не көрсетілген? Ол қайда қолданлады?
Жауабы: Вакуумдық лампа – ЭЕМ дамуының бірінші кезеңінде қолданылды
№ 12 лот: Сауда жүргізіледі
Сұрағы: Apache сервері дегеніміз не және қай жылы жасалынды?
Жауабы: Apache HTTP-сервер (алғылшын тілінен қысқартылған. a patchy server) — бос веб-сервер. Сервер 1995 жылдың басында жасалды
№ 13 лот: Сауда жүргізіледі
Сұрағы: Сервер – бұл
Жауабы: Көпрангілі жергілікті желідегі басты компьютер
№ 14 лот: Сауда жүргізіледі
Сұрағы: Microsoft Access-тің негізгі объектісі?
Жауабы: Мәліметтер қоры
Көп логиктер жинаған оқушыны анықтаймыз.
Дәріс №22
Пән: Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамтамасыз етуін құру және жүргізу
Курс тақырыбы: №4.1. SQL кестесі
Сабақтың тақырыбы: №22 SQL кестесінің түсінігі. Кестелерді құру және қолдану
SQL (Structured Query Language) - бұл құрылымдық сұраныстар тілінің қысқартылған атауы. Ол реляциялық деректер базасында мәліметтерді құру және өңдеу құралдарын береді. Компьютерлік технологиялардан ерекшелігінен тәуелсіздігі және SQL-ді реляциялық мәліметтер базасының технологиясы облысындағы өндіріс жетекшілерімен қолдауы оны деректер базасының стандартты тіліне айландырды. SQL тілі деректер базасының реляциялық типімен ғана жұмыс істейді. Төменде SQL жұмысының сұлбасы бейнеленген. Есептегіш жүйеде маңызды ақпарат сақталған деректер базасы болады. Егер есептегіш жүйе кәсіпорынның кадрлар бөліміне қатысты болса, онда деректер базасында кәсіпорында қызмет ететін адамдар жайлы ақпарат (аты-жөні, туған жылы, телефоны, қызметі және т.б.) сақталуы мүмкін.
Деректер базасын басқаратын компьютерлік программа деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталады. Егер қолданушыға деректер базасындағы мәліметтерді оқу қажет болса, онда оларды SQL көмегімен ДББЖ-нен сұрау керек. ДББЖ сұраныстарды өңдейді, қажет болған мәліметтерді тауып оларды қолданушыға жібереді. Мәліметтерді сұрау және нәтиже алу процесі деректер базасында сұраныстар деп аталады, яғни сұраныстардың құрылымдық тілі.
SQL тілі (сұраныстардың құрылымдық тілі) 70 жылдың басында ЭЕМ фирмасында өңделген. Бұл берілген базамен жұмыс істеу үшін арналған жаңа тәсіл берілген базада қолданылады (құру, іздеу, өзгерту, жанарту, берілген хабар). SQL тілі Американың ұлттық стандарттау институты мен Халықаралық стандартау ұйымында компьютерлік спецификадан тәуелсіз берілген базалар үшін ресми стандарттау негізінде 1986 жылы бекітілген. SQL тілі командаларының типтері SQL тілі командалардан тұрады. Нақты іс-әрекеттерді орындау берілген база жұмысын басқару үшін, SQL командасының әрекет ету объектісі бір кесте және де кестелер тобынан тұруы мүмкін. MS ACCESS автоматты түрде эквиваленттік команданы құрады, SQL конструкторы режимінде сұраныс уақытында жасалады.
SQL командасы (нұсқау, операторы) 2 топқа бөлінеді:
1 топ.
Create Table - жаңа кесте құру.
Create Index – жаңа индекс құру.
Alter Table – кестедегі индексті немесе жаңа алаңды толықтыру.
2 топ.
Select – берілген базаға дейінгі сұраныс;
жазбаларды жинау түрінде берілгендеге қайта сұраныс;
Select Info – берілген базаға дейінгі сұраныс;
сұраныс берілгенде жаңа кесте түрінде қайтарады.
Update – бірігуге сұраныс;
сұраныс кесте алаңынын мағынасын өзгертеді;
Delete – бір немесе бірнеше кестедегі сұраныс жазбаларды жою.
SQL тілінің екі формасы бар:
SQL-дің екі түрі бар: Интерактивті және Енгізілген. Екі формада бірдей жұмыс істейді, бірақ әр түрлі қолданылады. Интерактивті SQL, сіз команданы енгізгенде, ол сол сәтте орындалады және сіз нәтижені бірден көре аласыз (егер ол орындалса). Енгізілген SQL жалпы SQL-дің программаларының ішінде орналасқан командаларынан тұрады, олар жалпы басқа тілде жазылады ( КОБОЛ немесе Паскаль сияқты).
Бұл осы программаларды бұрынғыдан эффектілі және қуатты жасайды. Бірақ, бұл тілдерді қолдана отырып, SQL-дің структурасымен және мәліметтерді басқару стилімен жұмыс істеуге әкеледі, ал ол интерактивті SQL-дің кейбір кеңейтілуін қажет етеді.
Әр команда өзіне сәйкес тізім параметірін таңдау үшін қосады, топтастырып және жинақтап жазады, бір немесе бірнеше кестені. Әр команданың өз пішіні бар. (синтаксис).
Командалардың құрылымы кілттік сөздер жиыны арқылы беріледі, олар: CREATE TABLE («кестені құру»), INSERT («қою»), SELECT («таңдау») және басқалары. Ең таралған алғашқы және жалғыз мәліметтер қорымен жұмыс істей алатын стандартты тіл – SQL тілі.
Microsoft Access-те мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін SQL қолданылады. Сұраныстарды конструктор, кесте және SQL арқылы құруға болады.
Сурет 1. Сұраныстарды құру тәсілдері
Microsoft Access-те сұранысты конструктор көмегімен құрып, оны көруге және өзгертуге SQL режимінде болады. Ол үшін сұранысты таңдап тышқанның оң жақ батырмасын басып таңдаймыз.
Сурет 2. Режимдерді ауыстыру тәсілдері
Сұранысты құрып жатқан кезде автоматты түрде оған жазбаны қоса аламыз және жоя аламыз, жаңа кесте құра аламыз.
Мәліметтерді таңдау берілген шарттарды қанағаттандыратын өрістерді және жазбаларды алуды білдіреді. Мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден таңдап алуға болады. Ол SELECT инструкциясының көмегімен орындалады.
SELECT - SQL тілінің негізгі операторы.
Жазылу форматы:
SELECT [DISTINCT] немесе *
FROM
[Where ]
[ORDER BY ]
[GROUP BY ]
[HAYING ]
[UNION .]
Негізгі командалардың кестесі:
Мәліметтер жиынында жазбалар қайталанбас үшін DISTINCT сипаттаушысы қолданылады. Егер мәліметтер жиынына барлық өрістерді қосу керек болса, онда тек «*» символын көрсетуге болады
SELECT операторында FROM операндысы мен өрістер тізімі міндетті түрде болады. FROM операндында жазбалар таңдалатын кесте аттары көрсетіледі.
Егер тізімде бірнеше кестеден алынған өрістер болсы, онда құрама ат қолданады. Яғни,
. .
WHERE операндысында мәліметтер жиынының нәтижесін таңдау шарты жазылады. Таңдау шарты сипатталатын өрнек логикалық өрнек болып табылады. Оның элементтері өріс аттары, салыстыру амалдары, арифметикалық және логикалық амалдар, жақшалар, LIKE, NULL, BETWEEN, IN және басқа да арнайы функциялар болуы мүмкін.
ORDER BY операндысы мәліметтер жиынының нәтижесінде жазбаларды сұрыптау ретін анықтайтын өрістер тізімінен тұрады. Келісім бойынша әрбір өріс бойынша мәндерінің өсу ретімен орындалады. Кему ретімен сұрыптау үшін DESC сипаттаушысы қатар қолданылады.
GROUP BY операндасы нәтижелік мәліметтер жиынтығынжа жазбалар тобын бөліп көрсету үшін қолданылады, топта барлық өрістері мәндері бірдей жазбалар қарастырылады.
HAVING операндысы GROUP BY операндысымен бірге қолданылады және топтың ішіндегі жазбаларды таңдау үшін пайдаланылады.
SELECT инструкциясы күрделі құрылымнан тұруы және бірінің үшіне бірі орналасуы мүмкін. Инструкцияларды біріктіру UNION операндысының көмегімен орындалады. Мәліметтер жиынының нәтижесі екі инструкцияның
WHERE операндысында берілген таңдау шарты орындалу барысында таңдалған жазбалардан тұрады.
Сонымен қатар, SELECT инструкциясы басқа инструкцияның ішінде қолданылады, мысалы, жазбаларды модификациялау инструкциясында және оларды орындау үшін жазбаларды таңдауды қажет етуді қамтамасыз етеді.
Бірнеше мысалдар қарастырайық.
1) Кестеден барлық жазбаларды таңдауға мысал:
SELECT * FROM keste1.db
Бұл сұраныстың орындалу нәтижесінде keste1 кестесінен барлық өрістер мен жазбалар мәліметтер жиынына таңдалады.
2) Кестеден өрістер тізімі бойынша таңдаған мысал:
SELECT FIO,Dolzh,Shtat_sov
FROM keste1.db
Бұл SQL-сұраныстың орындалу нәтижесі keste1 кестесінің FIO, Dolzh,Shtat_sov
өрістері үшін барлық жазбалардан тұратын мәліметтер жиыны болады.
3) Жазбаларды таңдауда қарапайым өрнектерді пайдалануға болады. Өрнектер өрістер атынан, функциялардан, тұрақтылардан, мәндерден, амалдар белгісінен және дөңгелек жақшадан тұрады. Мысалы:
SELECT *
FROM keste1
WHERE Num=:Num
Мәліметтер қорының объектілерін басқару
Мәліметтер қорының объектісі дегеніміз мәліметтер қорында анықталған және ақпаратты сақтауда немесе ақпаратқа хабарласуда пайдаланылатын кез-келген объект. Мәліметтер қорының объектісінің мысалдары ретінде кестелер, ұсыныстар мен индекстер қызмет етеді.
Мәліметтер қорының объектілерін басқару үшін SQLтілінің DDL командаларының жиындары пайдаланылады.
Кестелерді құру, түрлендіру және жою
Кесте, ақпаратты реляционды мәліметтер қорында сақтаудың негізгі объектісі болып келеді. Кестені құруда міндетті түрде кестедегі өріс аты, және өрістерге сәйкес мәліметтер типі көрсетіледі. Сондай-ақ, кестені құру кезінде өрістер үшін үндемей қабылданатын шекаралық шарттар мен мәндер ескертілуі мүмкін.
Шектік шарттар- мәліметтер қорының кестесінің өрісінде шама мәнін шектейтін ереже.
Үндемей қабылданатын мәндер- жаңа жазу қосқанда, егер пайдаланушы осы өрістің мәнін көрсетпесе, мәліметтер қорының кестесінің өрісіне автоматты түрде енгізілетін шама.
CREATE TABLE операторы.
Кестені құру үшін CREATE TABLE операторы пайдаланылады. Бұл оператордың синтаксисі келесі түрде болады:
CREATE TABLE
(
. . .
);
Кестелермен келесі амалдарды орындауға болады:
• жаңа кесте құру;
• кестені өшіру;
• кесте өрістерінің құрамын өзгерту;
Бұл әрекеттер SQL тілінің инструкцияларының көмегімен орындалады.
ALTER TRABLE операторы.
Құрылған кестеніALTER TABLE операторын пайдаланып түрлендірге болады. Осы оператор көмегімен кестеге жаңа өрістерді қосуға және жоюға, өрістер мәліметтерінің типін өзгертуге, шектеулерді қосып немесе жоюға болады.
Жалпы түрде ALTER TABLE операторының синтаксисі былай болады:
ALTER TABLE имя_таблицы [MODIFY][имя_поля тип_данных]
[ADD][имя_поля тип_данных]
[DROP][имя_поля тип_данных]
ALTER TABLE операторымен орындалатын әрекет кесте атынан кейін көрсетіоіп негізгі сөзбен анықталады:
MODIFY- өріс анықтамасын береді;
ADD- кесмтеге жаңа өріс қосады;
DROP-кестеден өрісті жояды.
Өрістің мәліметтерінің типін өзгерту үшін ALTER TABLE операторының келесі синтаксисі пайдаланылады:
ALTER TABLE имя_таблицы ADD (имя_поля тип_данных)
Мысалы,STUDENTS кестесінестуденттің электронды почтасынан тұратын өрісті қосу үшін келесі операторды пайдаланған жөн:
ALTER TABLE STUDENTS ADD (E-mail CHARACTER (25))
Егер бар өрістің мәліметтерінің типін өзгерту қажет болса, ALTER TABLE операторымен бірге MODIFY негізгі сөзін пайдаланған жөн:
ALTER TABLE имя_таблицы MODIFY(имя_поля тип_данных)
Мысалы, STUDENTS кестесіне E-mail өрісін енгізгеннен кейін CHARACTER типінің пайдаланылуының тиімсіздігі анықталады-студенттердің көбінде электронды почта жоқ, сондықтан дискілік кеңістіктің бөлігі пайдаланылмай, бос қалады. Бұл өріс үшін VARCHAR мәліметтер типін қолданған дұрыс. Мәліметтер типін өзгерту үшін ALTER TABLE операторын пайдаланамыз:
ALTER TABLE STUDENTS MODIFY(E-mail VARCHAR(25))
Бар өрісті өшіру үшін ALTER TABLE операторын DROP негізгі сөзбен бірге шақыруды орындаумен жүзеге асырылады:
ALTER TABLE имя_таблицы DROP (имя_поля)
DROP TABLE операторы.
Кестелерді жою үшін DROP TABLE операторы пайдаланылады. Бұл оператордың синтаксисі мына түрде болады:
DROP TABLE имя_таблицы [RESTRICT |CASCADE]
Егер DROP TABLE операторын шақыру кезінде RESTRICT негізгі сөзі пайдаланылып, және жойылатын кестеге қандай да бір ұсыныс немесе шектеу сілтелінсе, онда кестені жою операторы орындалуы кезінде қате туралы хабарлама шығарылады (генерацияланады). Егер де CASCADE негізгі сөзін пайдаланса, онда кестені жою орындалады және кестемен бірге оған сілтелінетін ұсыныстар мен шектеулер де жойылады.
ОқытушыС.М.Несвельдинова
Тәжірибелік жұмыс
Пән: Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамтамасыз етуін құру және жүргізу
Курс тақырыбы: №4.1. SQL кестесі
Сабақтың тақырыбы: №22 SQL кестесінің түсінігі. Кестелерді құру және қолдану
Мақсаты: SELECT операторымен біріктіру, сұрыптау және бірнеше кестелерді қолданып танысу
Жұмыс барысы:
Тәжірибелік жұмыс «Журналдарға жазылу» мәліметтер қоры арқылы орындалады.
Сурет 1. «Журналдарға жазылу» мәліметтер қорының құрылымы, кестелері, мазмұны
«Журналдарға жазылу» Мәліметтер қорын консутрктор көмегімен құрыңыз. Содан кейін сұраныстарды SQL режимінде құрыңыз.
№ р/с
Есептің қойылымы
SQL режиміндегі сұраныстар
SELECT опреаторының жай түрі
1
Барлық клиенттер тұралы келесідей ақпаратты шығару: «Тегі», «Аты», «Әкесінің аты».
SELECT Фамилия, Имя, Отчество
FROM Клиент
2
Барлық клиенттер туралы барлық ақпаратты шығару («*» – «барлық бағандар» дегенді білдіреді).
SELECT * FROM Клиент
SELECT операторында бірнеше кестелерді қолдану (INNER JOIN, LEFT JOIN, RIGHT JOIN)
3
Барлық клиенттер үшін «Тегі» және «ЖурналКоды» деген ақпаратты шығару.
SELECT Клиент.Фамилия, Подписка.КодЖурнала
FROM Клиент, Подписка
4
Барлық клиенттерге «ЖурналКоды» туралы ақпаратты «Подписка» кестесінен шығару
SELECT Клиент.Фамилия, Подписка.КодЖурнала
FROM Клиент LEFT JOINПодписка
ON Клиент.КодКлиента = Подписка.КодКлиента
SELECT операторы арқылы біріктіру, сұрыптау, бағандар атауларын қолдану
(COUNT, GROUPBY, AS, ORDERBY)
5
Алдында жасаған сұранысты әр клиенттін тегі бір рет қана шығарылатындай жасау және жазылған журналдар санын шығару
SELECT Клиент.Фамилия,COUNT(Подписка.КодЖурнала) FROM Клиент LEFT JOINПодписка
ON Клиент.КодКлиента = Подписка.КодКлиента
GROUP BY Клиент.Фамилия
Орындаған сұраныстардың нәтижелері:
5. Жеке тапсырмалар
Барлық журналдар туралы барлық ақпаратты шығаратын сұраныс құрыңыз
«НазваниеЖурнала», «НомерЖурнала», «ГодЖурнала» ақпаратты барлық журналдар туралы шығару сұранысы
«КодКлиента» ақпаратты барлық журналдар үшін шығару сұранысы
«Журнала» кестесіне «Добавление» батырмасы арқылы «Новое название журнала» атты бағанды қосыңыз
«Создание таблицы» батырмасы арқылы «Газеты» атты кесте құрыңыз. Онда «Клиенты» кестесінен «КодКлиента» бағаның қосыңыз