kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Смволды? шамалармен амалдар орындау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  Символды? шамалармен амалдар орындау

Саба?ты? ма?саты:

         Білімділігі:         О?ушыларды символды? шамалармен орындалатын

                                      амалдармен таныстыру. символды? м?ліметтерді енгізу,

                                      шы?ару ерекшеліктерін т?сіндіре отырып, программа

                                      ??ру?а да?дыландыру.

         Дамытушылы?ы:  Символды? шамаларды Паскаль тілінде программалау

                                      ар?ылы ??деу т?сілдерін ж?зеге асырып, о?ушыларды?

                                      логикалы? ой-?рістерін дамыту.

         Т?рбиелік:         О?ушыларды тияна?тылы??а, ??ыптылы??а,

                                      жауапкершілдікке т?рбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Смволды? шамалармен амалдар орындау »

Мұғалімі: Хабидуллина Айгул Гарифоллаевна

Мектебі: Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебі

Теректі ауданы, Батыс Қазақстан облысы

Пәні: Информатика

Сыныбы: 9-сынып



Сабақтың тақырыбы: Символдық шамалармен амалдар орындау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын

амалдармен таныстыру. символдық мәліметтерді енгізу,

шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа

құруға дағдыландыру.

Дамытушылығы: Символдық шамаларды Паскаль тілінде программалау

арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың

логикалық ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа,

жауапкершілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, практикалық жұмыс, сұрақ-жауап

Пән аралық байланыс: Ағылшын тілімен

Көрнекілігі: ДК, проектор, жұмыс дәптері

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару



ІІ. Өткен материалды қайталау.







ІІІ. Жаңа білім беру.

Мәндері мәтін болатын шамалар және тырнақшаға алынған ASCII кодындағы кез келген символдар тізбегі символдық шамалар деп аталады. Символдар жолы string қызметші сөзімен белгіленеді. Бір символдан тұратын жол тұрақты деп аталады. апостроф арасында бірде бір символ болмаса, онда ол нөлдік жол деп аталады.

Мысалы: а=‘turbo‘: b=‘dom’ c=‘’

Жазылуы:

var

a:string[5]

b:string[3]

c:string[0]

Жолдық шамаларға біріктіру және салыстыру амалдары қолданылады.

Біріктіру амалын конкатенция деп атайды, ол "+" белгісімен белгіленеді. осы амалдар арқылы символдардан жаңа мәтіндер құралады.

Мысалы: ‘8’+’сынып’=‘8сынып’

‘2’+’0’+’1’+’4’+’жыл’=2014жыл

Салыстыру амалдарына , =, =, , белгілері жатады. Жолдық шамалардың салыстыру амалдарының нәтижесі логикалық шама.

Мысалы: ‘CCC’’CC’ TRUE ‘100’’101’ FALSE

‘MAN1’’MAN2’ FALSE ‘red’

Символдық шамалар үшін келесі стандартты функциялар қолданылады:

Атауы

Типі

Әрекеті

Length(s)

s –string

s – сөзінің ұзындығын анықтайды

Copy(s, p, n)

s-string

p, n-integer

s-сөзінен р нөмірінен бастап, п символды көшіріп алады

Delete(s, p, n)

s-string

p, n-integer

s-сөзінен р нөмірінен бастап, п символды өшіреді

Concat(S1, S2, … SN)

S1, S2, …-string

S1, S2, … SN – айнымалылар мәндерін тұрған орындары бойынша біріктіреді

Insert(s1, s2, n)

S1, S2,-string

n-integer

S1 сөзін S2 сөзіне п нөмірінен бастап, тіркеп жазады

pos(s1, s2)

S1, S2,-string

S1 кіші сөзі S2 ұзын сөздің ішінде бар ма, жоқ па соны анықтайды. Жоқ болса нәтиже 0 болады

Str(I, s)

s-string-

i-integer

і- санын символ типіне өңдеп, нәтижесін s мәні ретінде жазады

UpCase(c)

c –char

Кіші латын және орыс әріптерін бас әріпке ауыстырады



ІҮ. Практикалық жұмыстар:

1-тапсырма

А жолы “пернетақта”-ға тең:

  1. copy(A, 6, 5) (тақта)

  2. copy(A, 1, 1)+copy(A, 7, 1)+copy(A, 3, 1)+copy(A, 6, 1)+copy(A, 10, 1) (парта)

  3. copy(A, 7, 1)+copy(A, 9, 2) (ата) мәндерін табу керек

2-тапсырма

“Монитор” сөзі берілген. Осыдан ОРАМАЛ, АЛМА, ТОР сөздерін құрастыру керек

1) copy(a, 2,1)+copy(a,7, 1)+'a'+ copy(a, 1,1)+'л'

2) 'a'+'л'+ copy(a, 1,1)+'a'

3) copy(a, 5,3)

3-тапсырма.

“Тышқан” сөзіндегі “Ты” буынын “Ұ” әрпіне ауыстыру керек.

delete(a, 1, 2)+insert(b, a, 1)+copy(a, 3,4)

4-тапсырма.

“Принтер” сөзі берілген функцияларды пайдаланып, төмендегі тапсырмаларды орындау керек.

  1. Сөздің ұзындығын табу

  2. Сөзге “лер” жалғауын жалғау

  3. Сөзден “Принт” сөзін кесіп алу

  4. Сөздің алдына “БІЗДІҢ” тұрақтысын кіргізу

  5. Сөз ішіндегі “н” әрпінің орналасу номерін табу.

5-тапсырма.

“Ку”, “шка”, “юшон”, “пила” сөздерінен “кукушка кукушонку купила капюшон” сөйлемін құрастыратын және ол сөйлемнің ұзындығын табатын программа құру керек.





Program soilem

Var

a: string[2];

b: string[3];

c: string[4];

d: string[4];

t: string[100];

l: integer;

begin

a:=‘ку’; b:=‘шка’; c:=‘юшон’; d:=‘пила’;

t:=a+a+b+’’+a+a+copy(c, 2, 3)+a+’’+a+d+’’+copy(b, 2, 2)+copy(d, 1 ,1)+c;

l:=length(t);

end.

Ү. Сабақты қорыту.

"Лото" ойыны арқылы қорытындыланады.

ҮІ. Үйге тапсырма беру

  1. Оқулықтағы 10 параграфты оқып, түсініп келу.

  2. Сыныпта орындалған 2-ші және 3-ші тапсырмаға Паскаль тілінде программа құру

ҮІІ. Бағалау

Оқушыларға сабақ бойына тапсырма орындағандарына компьютер суреті таратылады, сол суреттің санына қарай бағаланады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Смволды? шамалармен амалдар орындау

Автор: Хабидуллина Айгул Гарифоллаевна

Дата: 25.04.2015

Номер свидетельства: 205582


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства