Просмотр содержимого документа
«Символды? шамалармен ж?мыс »
Уақыты_________________
Бекітемін__________
Сабақтың тақырыбы:Символдық шамалармен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды символдық шамалармен жұмыс жасаудың негізгі
жолдарымен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың символдық шамалармен жұмыс жасаған кезде
ұқыпты болуы.
Дамытушылық: Символдық шамалармен жұмыс жасап, есеп шығару арқылы
ой-өрісін, зейінін дамыту, кеңейту.
Сабақтың уақыты 45 минут
Сабақтың түрі Теориялық
Сабақ көрнекілігі Оқулық, жұмыс дәптері, карточкалар
Сабақ жүрісі I. Ұйымдастыру (1-2 мин)
II. Үй тапсырмасын сұрау (20 мин)
III. Жаңа сабақ (15 мин)
IV. Қорытындылау (2-3 мин)
V. Үй тапсырмасын беру (1-2 мин)
VI. Бағалау (2 мин)
I. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды тексеру, үй тапсырмасын сұрау.
II. Үй тапсырмасын сұрау: Мына сұрақтар арқылы жүргізіледі:
1 Паскаль тіліндегі программа қай сөзден басталады, операторлар қай таңбамен аяқталады, операторлар қандай көмекші сөздердің арасына алынады?
2 қандай операторлар бар?
3 Берілгендердің қандай типтері бар?
4 Стандартты тип түрлері.
5 Айнымалыны бейнелеу қандай сөзден басталады?
6 Қандай алгоритм түрлері бар?
III. Жаңа сабақ: - Символдық (литерлік) шамалар деп мәндері текст болып табылатын шамаларды айтамыз. Турбо Паскаль тілінде мәтінді мәліметтер мәндердің 2 түрлі типімен берілуі мүмкін: символдық және жолдық (тіркестік). Тіркес бұл символдар тізбегі.
Әрбір символ 0мен 255 арасындағы кез келген бір бүтін санмен бейнеленеді, оның негізі болып ASCII кодтары саналадыСимволдық шамаға бір байт орын беріледі.
Символдық типтегі мәліметтер үшін төмендегідей стандартты функциялар анықталған:
CHR (I) – I санына сәйкес символды береді.
Мысалы: chr (97) = ‘a’.
ORD (ch) – ch айнымалысына меншіктелген символдың кодын береді.
Мысалы: ord (‘a’) =97.
UPCASE (ch) – кішкене латын әріптерін соларға сәйкес бас әріптерге алмастырады.
Мысалы: upcase (‘a’) = ‘A’.
Символдық шамалармен кейбір операциялар жүргізуге болады:
Жалғау операциясы
Ол «+» таңбасымен белгіленеді және 2 тексті біреуге жалғайды.
Мысалы: «про» + «грамма» = « программа»
«12»+ «236» = 12236
Текстің ұзындығын анықтау.
Бұл операция ұзын қызметші сөзінің көмегімен жүргізіледі.
Мысалы: ұзын («программа») = 9.
Бірде бір символы жоқ текст бос текст деп аталады.
Қиып алу операциясы.
Бұл операцияның көмегімен текстен үзінді қиып алуға болады.Егер А = «программа» болса, онда А[4, 5] = «грамм»
Мұнда 4 – қиылу басы.
5 – қиылып алынатын символ.
IV Бекіту сұрақтары:
Символдық шама дегеніміз не?
Символдық типтегі мәліметтер үшін қандай стандартты функциялар анықталған?
Символдық шамалармен қандай опрациялар жүргізуге болады?
Тіркес дегеніміз не?
V. Үй тапсырмасын беру. Оқушыларға үйге тапсырма «Символдық шамалармен жұмыс» туралы оқып келу.
VI. Бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасына жауап бергеніне және сабаққа қатысына қарап бағалаймын. (Қоңырау соғылды)-Сау болыңдар!