Просмотр содержимого документа
«Симметриялы фигуралармен ж?мыс»
Сыныбы
2Б
2 В
2 Д
Күні
БЕКІТЕМІН
_______________________
Сабақтың тақырыбы: Симметриялық фигуралармен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылармен PAINT графикалық редакторында көшіру, қиып алу, қою және бұру командалармен жұмысты қайталай отырып «Симметрия» ұғымын алу.
Дамытушылық: оқушыларды графикалық редакторда жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың қызығушылығын ояту, оларды техникалық жабдықтарды қолдануда ұқыптылыққа баулу;
Құрал-жабдықтар: ДК, жұмыс дәптері
Сабақ түрі: аралас
Әдіс-тәсілі: Көресете-түсіндіру;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Оқушыларды түгендеу;
Оқушылар назарын сабаққа аудару;
Үй тапсырмасын сұрау:
Шашыратқыш құралы қай кезде қолданылады?
Эллипс дегеніміз не?
Тіктөртбұрыш құралының қызметі неде?
Жаңа сабақ:
Жаңа тақырыпты ашу. Жұмбақтар шешу.
Көктемде көктеп шығады талға,
Күзде сарғайып түседі жерге. (жапырақ)
Гүлден гүлге қонады ара емес,
Ақ, сары боп бау-бақшаға сән береді? Ол не? (Көбелек)
- Бүгінгі жасайтын бұйымдарды білдік (суреттерді іліп қою)
Енді өзіміз айтайықшы,
- менің қолымда не?
- жапырақ
- осыны мен бүктедім
- дәл беттесті
- енді қайта аштым
- екі жағы бірдей.
- ендеше бөліктердің екеуі дәл беттессе оны симметриялы деп атаймыз. Оқушылардың өздерінің мысал келтіруі (алақан, кітап, дәптер т. б.)
Егер суреттегі бейнелердің әрқайысын тең ортасынан бүктесек бөліктер екеуі бір-бірімен дәл беттеседі. Бұларды симметриялы дейді. Сендер жапырақты, көбелекті көріп тұрсындар бұлар симметриялы. Симметрияның көптеген мысалдарын тұрмыстық заттардан көруге болады. Айналадағы заттарға қарап, ойша олардың әрқайысысын тең екіге бөлетін сызық жүргіз. Бұл сызық симметриянның осі деп аталады.