kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары "Копмьютер ?леміне саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. П?н: Информатика Сынып: 4

    Та?ырыбы: Копмьютер ?леміне саяхат

    Ма?саты: О?ушыларды? информатика п?ніне ?ызы?ушылы?ын арттыру, білім де?гейін к?теру, саба?та ал?ан білімдерін бекіту.

    Жарыс?а екі топ ?атысады, ?р топты? ?з аты, ?раны, эмблемасы болуы керек. Топ басшысы, ?діл ?азылар ал?асы та?айындалады. Топтар екіге б?лініп, отыр?ызылады.

    Білімділігі : Бала бойына б?гінгі та?ырыпты ?ту барысында білімдерін арттыру.

    Т?рбиелігі : ?р о?ушыны іскерлікке, на?тылы??а, ынтыма?тылы??а т?рбиелеу.

    Дамытушылы?ы : О?ушыны? ?рбір саба??а ынтасы мен ?аблетін біріктіріп, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.

    Саба?ты? т?рі : жа?а саба?ты ме?герту саба?ы

    Саба?ты? к?рнекілігі : компьютер, интерактивті та?та, флипчарт

    Саба?ты? барысы :

    а) ?йымдастыру кезе?і

    б) жа?а саба?

    д) бекіту

    е) ?йге тапсырма

    ж) ?орытынды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары "Копмьютер ?леміне саяхат"»

Пән: Информатика Сынып: 4

Тақырыбы: Копмьютер әлеміне саяхат

Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру, сабақта алған білімдерін бекіту.

Жарысқа екі топ қатысады, әр топтың өз аты, ұраны, эмблемасы болуы керек. Топ басшысы, әділ қазылар алқасы тағайындалады. Топтар екіге бөлініп, отырғызылады.

Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .

Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, флипчарт

Сабақтың барысы :

а) ұйымдастыру кезеңі

б) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздерме, құрметті оқушылар! Бүгін біз сендермен күнделікті сабаққа ұқсамайтын, сабақтан тыс іс-шарада кездесіп отырмыз. Бүгін сендер информатика пәнін басқа жағынан көріп, өздерінің білімдерінді тексересіңдер. Бұл іс-шараның аты «Компьютер әлеміне саяхат» деп аталады.

Балалар сендер ойынның атына қарап, түсінген шығарсындар – бүгін біз сендермен – саяхатқа аттанамыз! Әр адам саяхатқа аттанар алдында өзіне керекті заттарды, нәрселерді жинап бірге алады, ал сендер өз білімдерінді және біліктіліктерінді бірге алыңдар. Ал сәт сапар тілеймін!


Бүгін бізге спутниктен мынадай хабарлама келді, жаңа арал пайда болыпты.

Сендер осы аралға барасыңдар. Бұл аралды зерттеп, ең үздік зерттеушілерді анықтайсыңдар.






1 кеме:

  • Backspace батырмасы

  • Shift батырмасы

  • Num Lock батырмасы

2 кеме:

  • Caps Lock батырмасы

  • Delete батырмасы

  • Enter батырмасы

1-тапсырма: «Сиқырлы пернелер» бухтасы

- аралды зерттеу барысында, оқушылар қорап тауып алды. Бұл қорапта пернелер белгісі жазылған карточкалар жатыр.

Әр топтан үш баладан шығып, пернелердің қызметі туралы баяндап береді.

Бұл тапсырманы орындап болған соң, сендердің алдарында сарқырама пайда болды.


2-тапсырма: «Сөзжұмбақ» сарқырамасы. Сарқырманың жанында нұсқағыш тұр, онда былай деп жазылған: «Сөзжұмбақты шешсең, аралдың атын білесің»

Топтарға кроссвордтар беріледі (әр жауапқа 1 балл, аралдың атың тапса + 1 балл)

Сөзжұмбақтың сұрақтары

1.Кез келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға негізделген құрылғы

2.Компьютердің жадына графикалық ақпарат енгізу құрылғысы

3.Ақпараттарды енгізуге арналған құрылғы

4.Телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпараттарды алмасуға арналған құрылғы

5.Мәтіндік және графиктік ақпараттарды бейнелеу құрылғысы

6. Диск түрі

7.Қоршаған орта туралы мәлімет

8.Кез келген символдар тізбегі немесе мәтін сөзінің синонимі


- Аралдың атың тауып, оны ауызша айтқан соң, аралда бір сиқырлар басталды. Сендердің алдарында аралда саяхаттау үшін, жолдар ашылды. Жолдың басында мына қағаз жатты, ашып көріңдер. Бұл аралдың картасы (Тақтада картаның суреті көрсетіледі)

3-тапсырма: «Қызықты тапсырмалар» тауы

Жолмен келе жатып, сендер «Қызықты тапсырмалар» тауына тірелдіңдер. Оны өту үшін тапсырмаларды орындау керек. ( бір тапсырма үшін – 1 балл)

  • Тақтада сөзер берілген, олардың анықтамаларын беру керек.

  • Ребустарды шеш

Тапсырмаларды орындап болған соң сендердің жолдарын ары қарай жалғасты. Сендердің алдарында өзен жатыр. Бұл өзеннің жағасында екі қайық ағашқа байланып тұр.













4-тапсырма: «Логикалық тапсырма» өткелі

Қайықпен өзеннен өту үшін, роботқа мына тордан шығуға көмектесіңдер. Робот тек оңға – солға, жоғары – төмен командаларын түсінеді. (Тапсырма орындалса – 3 балл)

Жүзу құралдарын қолданып, сендер өзеннің төменгі ағысымен жүзіп келесіңдер.









5-тапсырма: Өзен

Бұл өзеннің аты «Көркем сурет». Өзеннің жағасына шығып, әр кеме басшысы - капитан компьютерден Paint графикалық редакторында тапсырма орындайды. (5 балл)

1 кеме: «Компьютер құрылғылары»

2 кеме: Теңіз әлемі

Ал қалған оқушылар информатика сабағына байланысты 8 жол өлең шығарып, Microsoft Word программасында теру керек. (5 балл)

Ал енді балалар, картаға қарасақ біздің зертеуіміз жақсы жүріп, соңына таяп қалған сияқты. Бірақ толық аяқтау үшін сендерге, «Анықтамалар» батпақты жерден өту керек.

6-тапсырма: «Анықтамалар» батпақты жер. Бұл жерде мына қағаз жатыр.

«Ары қарай жүргін келсе, сұрақтарға жауап бер».

Әр топқа жылдамдыққа 10 сұрақтан қойылады. Топтар жауап бере алмаса, «келесі» дейді. Әр сұрақ 1 балға тең, егерде қайтып келетін болса – 0,5 балл.

Жарыстың сұрақтары:


1.Paint қандай редактор? (графиктік)

2.Принтердің неше түрі бар? (3)

3.Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта)

4.Жыпылықтап тұрған тік сызықша (меңзер)

5.Ақпаратты шығару құрылғысы (монитор, принтер)

6.Қарапайым есептеулер жүргізетін программа? (калькулятор)

7.«Компьютердің миы» деп нені атайды? (процессор)

8.Компьютер жанындағы өсімдік (кактус)

9.Информатика нені зерттейді? (ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, беру заңдылықтарын)

10.Ең ұзын перне? (бос орын – пробел)


Бағалау:

Үй тапсырма:

Рефлексия:

Қортындылау:






















Нығыман Алшынов атындағы Жалаулы орта мектебі
















Тақырыбы: Копмьютер әлеміне саяхат













  1. Орындаған:Әбдікәрім Н.Н















2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Саба? жоспары "Копмьютер ?леміне саяхат"

Автор: ?бдік?рім Назым Ны?ымет?ызы

Дата: 15.04.2016

Номер свидетельства: 319091


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства