Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Файлдар, бумалар ж?не жарлы?тар»
№11сабақ
Күні_____
Сынып: 5
Тексереген:____
Сабақтың тақырыбы : § 11 Файлдар, бумалар және жарлықтар
Сабақтың мақсаты : Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары туралы оқушыларға түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: «Файл», «бума», «жарлық», «бумалар иерархиясы» анықтамаларын, файл мен бума атауларының ережелері мен шектеулерін, бумаларды, жарлықтарды құру тәсілдерін.
Оқушылар үйренуі тиіс : Windows нысандарына, олардың типтеріне анықтама беруді, нысандарға атау беруді, бума мен жарлық жасауды.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІV Білімді өзектендіру
Сұрақтар :
ОЖ дегенімізне ?Ол қандай функцияларды орындайды ?
Windows ОЖ интерфейсінің негізгі нысандарын және басқарушы элементтерін атаңдар.
Жұмыс үстелінің негізгі элементтерін атаңдар.
Тапсырмалартақтасында не орналасқан ?
Терезені басқарудың қандай элементтерін білесіңдер ?
V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар. Файл – байттардың әлде бір атауы бар тізбегі.
Бумалар. Windows – та бума құрылымыныңиерархиялықұстанымынтүсчіндіру.
Жарлықтар. Жарлыққа ерекше көңіл бөлінеді. Мынадай сәттер бойынша ұсыныстар құрастыруға болады:
Жарлық – программа немесе құжатты көрсететін, нысан туралы ақпарат салынған белгі. Жарлық программа құжаттың төменгі бұрышындағы бағдаршасымен ерекшеленеді.
Жарлық қасиетін ашу арқылы нысанның қайда орналасқанын көруге болады. Жарлықтарды пайдалану кездей соқ жойылған ақпараттан сақтандырады. Жарлық жойылса да, файл немесе бума жойылмайды.
Ойындар бумасының үлгісі
Ойындар бумасының жарлығы
Буманы құру
Жаңа бума құру қиын емес. Өздерің таңдаған жерде. Жаңа бума бұйрығын таңдасаңдар жеткілікті. Жаңа бума (Новая папака) деген жыпылықтаған атауы бар буманың белгішесі пайда болады. Сендерге тек перне тақтадан буманың жаңа атын теріп, Enter пернесін басу ғана қалады. Жаңа бума бос болады. Осы буманың ішіне өз қалауларыңша файлдар мен басқабумаларды орналастыруыңа болады.
Жарлық құру
Құжаттар бумасын ашыңдар. Кез келген файлдың үстінде контекстік мәзір шақырыңдар. Жарлық құру бұйрықтарын табыңдар.
Қажетті нысанның үстінде шақырылған контекстік мәзірде. Жарлық құру бұйрығы бар. Бұл бұйрық бойынша бастапқы нысан орналасқан жерде жарлық құрылады. Мысалы, егер сендер жарлықты. Құжаттар бумасындағы файлға құратын болсаңдар, онда жаңадан құрылған жарлық. Құжаттар бумасында орналасады.
Таңдалған нысанға жарлық құрып, оны Жұмыс үстеліне орналастыруға арналған бұйрық: Отправить Рабочий стол( Создать ярлык ). Жұмыс үстелінде осы нысанды ашатын жарлық пайда болады.
Нысандардың атын алмастыру
Нысанның атын алмастыру үшін нысанның контекстік мәзірін қолданады. Одан Переименовать бұйрығын таңдау керек. Бірден бір неше нысанның атын алмастыруға болмайтынын естеншығармаңдар.