Мен Оспанова Асель 2015 жылдан "?.М??ашев атында?ы негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі ша?ын орталы?ымен" коммуналды? мемлекеттік мекемесінде информатика п?ні м??алімі болып ж?мыс ат?арамын.Ж?мыс барысында интерактивті та?таны ?олданамын. О?ушыларым ?ашы?ты? олимпиадаларына ?атысып дипломдармен сертификаттармен марапатталды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Файлдар, бумалар ж?не жарлы?тар»
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар.
Сабақтың мақсаты: Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары туралы оқушыларға түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету.
Білімділік: «Файл», «Бума», «Жарлық», «Бумалар иерархиясы» анықтамаларын, файл мен бума атауларының ережелері мен шектеулерін, бумаларды, жарлықтарды құру тәсілдерін.
Дамытушылық: Windows нысандарына, олардың типтеріне анықтама беруді, нысандарға атау беруді, бума мен жарлық жасауды.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, жауапкершілікке, тиянақтылыққа және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Компьютерлер,үлестірмелі карточкалар, оқулық, тақта, бор
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал орнату
Оқушылармен амандасу, түгендеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) Терезе дегеніміз не?
2) Терезелердің түрлерін атаңдар.
3) Жұмыс үстелінің негізгі элементтерін атаңдар.
4) Ашық терезелердің бірінен екіншісіне қалай ауысуға болады?
5) Жұмыс үстелінде Alt+F4 тіркесімдерінің қызметі қандай?
6) Терезе айналдыру жолақтарынсыз болуы мүмкін бе?
ІІІ. Жаңа сабақ
Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталады. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.
Файл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі, файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін және ол жерде мына символдарды пайдалануға болмайды: \ / : * | .
Бума қайсыбір тәсілмен ақпаратты және файлдар мен бумаларды реттеу үшін құрылады. Бумаға ат қойып, өзіне ыңғайлы қылып, ішіне рет-ретімен файлдарды сақтауға болады. Жаңа бума құру қиын емес. Өздерің таңдаған жерде (дискіде немесе басқа бумада) Жаңа бума бұйрығын таңдасаңдар жеткілікті. Жаңа бума бос болады. Осы буманың ішіне өз қалауларыңша файлдар мен басқа бумаларды орналастыруға болады.
Бумалардың түрлері:
Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып, тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезелерге орнын алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады. Мысалы, мына суреттегідей:
Жұмысшы бумалар. Тұтынушылар өздері құрады. Оларға Windows-те рұқсат етілген амалдардың бәрін қолдануға болады.
Жарлық – нысанға қолжетімділікті жеңілдететін , нысанның сілтеме көрсеткіші, ол құжаттың төменгі бұрышындағы бағдаршасымен ерекшеленеді. Жарлық программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы тез ашуға арналған. Әрбір программа орнатылған кезде оның жарлығы Жұмыс үстеліне және Бас мәзірге орналастырылады. Ақпаратты тасымалдау үшін жарлықты емес файлдың өзін көшіру керек, әйтпесе басқа компьютерде файлдарын ашылмай қалады.
Бумалардың бұтақталуы (иерархиясы).
Айтылып кеткендей, бумалар бірінің ішіне бірін сақтауға болады. Ақпаратты сақтаудың мұндай құрылымы бумалардың бұтақталуы (иерархиясы) деп аталады.
ІІІ. Қорытынды: Оқушыларға компьютермен оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындатып, сұрақтарды талқылап, оларға жауап беру, бағалау
IV. Үй тапсырмасы: §11, бақылау, тест сұрақтарына жауап беру.