тәрбиелік: жұппен, топпен жұмыс жасауға, өз уақытын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: түсіндірмелі – пікірталас.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: терминдер арқылы болжау, идеялар жинау, ЖИГСО.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, ДК, слайдтар
Сабақтың барысы:
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ САТЫСЫ
Оқушылардың оқығалы отырған мәтіндерін болжауға итермелеу үшін мәтіннен қандайда бір жолмен байланыстырылатын 4 – 5 сөз таңдап алынады. Мысалы: компьютер, программа, операциялық жүйе немесе компьютер, байланыс, интерфейс. Өз беттерімен ойлануға уақыт беріліп, сонан соң топтарында өз әңгімелерін құрап, плакатқа түсіреді.
МАҒЫНАНЫ ТАНИ БІЛУ САТЫСЫ
Мұғалім әңгімені алдын ала мағыналы бөліктерге бөліп, тапсырмалар жеке қағаздарда жазылуы керек. Оқушыларды топтарға бөліп, әр топтан сарапшы тағайындалады. Сонан соң мұғалім сараптама тобына мәтіндер беріледі. Оқушылар материалды оқиды. Сарапшы ретінде олар материалды жақсылап түсініп талқылау алу үшін уақыт беріледі. Егер тапсырма болса, оны орындау керек. Сонан соң бірлесе отырып материалды тобына қалай жеткізу керектігін ойластырады. Тобына оралған соң сарапшылар өз бөліктері бойынша жалпы талқылауды басқарады. Сонымен қатар олардың міндеттері идеяны жеткізіп қана қою емес, шешім табу үшін топқа сұрақ қою және басқаларды сұраққа тарту.
1 – топ. Операциялық жүйе дегеніміз не?
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және програмалық жасауының жұмысын басқарук үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық жүйе – бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе – ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа. Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.
Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі – операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.
2 – топ. Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.
Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.
3 – топ. Операциялық жүйелердің бөліктері.
Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:
І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.
ІІ. Драйвер – компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.
ІІІ. Интерфейс – пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық, пайдаланушының компьютермен байланысу әдістерін анықтайтын тұтас комплекс.
4 – топ. Операциялық жүйелердің негізгі функциялары.
Операциялық жүйелердің негізгі функциялары:
- пайдаланушыдан тапсырмалар және бұйрықтар қабылдау;
- қажет пргограмманы жедел жадқа жүктеу;
- жадты бөлу (қазіргі заманғы жүйелер және витуалды жад ұйымы);
- программаны іске қосу;
- барлық программалар мен мәліметтерді идентификациялау;
- әртүрлі сұрауларды қабылдау және орындау;
- енгізу – шығару операцияларының барлығына қызмет ету;
- файлдарды басқару жүйесінің (ФБЖ) жұмысын және пргораммалық құралдардың тиімділігін арттыратын мәліметтер қорын басқару жүйесінің (МҚБЖ) жұмысын қамтамасыз ету;
- мультипрограммалау режімін қамту;
- есептерді жоспарлау;
- орындалушы программалар арасындағы мәліметтер мен хаттар алмасу механизмінің ұйымы;
- компьютердегі бір программаны екінші программадан қорғау;
- пайдаланушыларды аудентификациялау және авторизациялау;
- жауап беру уақытында қатал шектеулерді қанағаттандыру;
- пайдаланушылар көмегімен программалау жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
- жүйенің дербес кедергілеріне байланысты қызметтер ұсыну.
ОЙ ТОЛҒАНЫС САТЫСЫ
Оқушылар топтарында талқылауды бітірген соң өз білгендерін қалған топтарға плакаттар, кестелер, сызбалармен түсіндіреді, жазғандарын талқыға салады. Сыныптың ортақ кестесін құрастырылады.
Топта ортақ кестені тақылаған соң плакатта жазылған алғашқы ақпаратқа ораламыз – сәйкес келген пікірлерді анықтаймыз. Сәйкес келмеген ойлар шешімін тапты ма немесе қосымша материалдар керек пе деген сұрақты талқылаймыз.
Сабақ соңында оқушылар қорытынды сұрақтарын қояды, мұғалім сұрақтарды жинайды. Бұл оқушылардың материалды қалай және қаншалықты меңгергені туралы маңызды диагностикамен қамтамасыз етіледі.
Бағалау.
Талқылауға қосқан үлестерін сұрай отырып оқушылардың өздері бағалайды.
Үйге тапсырма.
«Операциялық жүйе 20 жылдан соң» презентация дайындау.