Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін
дамыту.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:Компьютер, оқулық, жұмыс
дәптері
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Техника қауіпсіздігінің ережелері не үшін керек?
Техника қауіпсіздігінің ережелері қанша пунктан тұрады?
Кабинеттегі техника қауіпсіздігінің ережелеріне қандай талаптар қойылады?
Монитор мен көздің ара қашықтығы қанша см болуы керек?
Көзге арналаған қандай жаттығуларды білеміз?
ІІІ Мақсат қою арқылы тексеру
Тапсырмалармен жұмыс
IV Жаңа сабақ
«Ақпарат» термині латынның «information» сөзінен аударғанда «түсіндіру, баяндау, мәлімет» деген мағынаны білдіреді.
Ақпарат – қоршаған орта мен онда болып жатқан құбылыстарды таңбалар мен сигналдар түрінде беретін мағлуматтар.
Ақпарат қасиеттері: дәлдік, толықтылық, бағалылық, түсініктілік.
Егер ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, онда ол ақпараттың дәлдік қасиетін қанағаттандырады.
Егер ақпарат түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда ол ақпараттың толықтылық қасиетін қанағаттандырады.
Егер ақпаратқандай да бір мәселелерді шешуге байланысты пайдаланылса, онда ол ақпараттың бағалық қасиетін қанағаттандарады.
Егер ақпаратты оны пайдаланушылар тілінде жазса, онда ол ақпараттың түсініктілік қасиетін қанағаттандарады.
Ақпараттық процестер деп адамдардың арасындағы қарым-қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процестерін айтады.
Ақпаратты беру. Ақпарат негізінен, пайдаланушыға сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты беру деп аталады.
Ақпаратты сақтау. Ақпаратты сақтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Мысалы, ежелгі заманда ақпаратты үңгірлердің қабырғасында, папируста сақтаса, типографиялық қондырғыны ойлап тапқаннан кейін кітаптарда сақталатын болды. Қазіргі кезде ақпаратты әр түрлі электрондық тасымалдаушыларды сақтауға болады.
Информатикада ақпараттарды өңдеу деп ақпараттарды бір түрден екінші түрге қатаң ережелер арқылы кез келген түрлендіруді айтады.
Нақты бір техникалық құралдарды қолдану арқылы (бәрінен бұрын ЭЕМ-ді) ақпараттарды жинақтау, өңдеу және беру технологиясы ақпараттық технологиялар атауын алды.
Қоғамның дамуында информатиканың алатын орны орасан зор. Ақпараттарды өңдеуге арналған әмбебап машиналардың пайда болуы ақпараттық технологиялар саласындағы революцияны білдіреді.
Тапсырма: Ақпарат деген сөзге қандай мағына береміз?
(Оқушылардың өз ойларын айтуы сұралады.)
Ақпарат деген сөзді біз қалай түсінеміз. Оны қолдану мысалдарын қарастырайық. Ақпаратты ауызша, жазбаша немесе қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз.
Бізді дүние жүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттерді, радио мен теледидарды «бұқаралық ақпарат құралдары» деп атайды. Біз теледидардан жаңалқтарды көреміз, радиодан естиміз, бір-бірімізден қызықтырған нәрселерді сұраймыз, яғни ақпарат аламыз. Бұл мысалдардан біз «ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтың, өткен оқиғаның мазмұнын білдіретінін көреміз.
Ал археологиялық қазба жұмыстары арқылы табылған бұйымдар бізге сол кездегі тұрмыс-тіршілік туралы, адамдар жөнінде, қандай жағдайда өмір сүргендері туралы аса бағалы ақпарат береді.
Тас бөктерлерінде, жер қатпарларында ертеден сақталып қалған хайуанаттар сүйектерін, өсімдіктер жапырақтарын зерттеу нәтижесінде де біз жер бетінде көне заманда өмір сүрген жануарлар, өсімдіктер туралы көп мәлімет аламыз.
Шексіз алыс әлемді, физиканың жұлдыздар жүйесін зерттеу барысында физиктер, астрономдар олардан жерге жетіп жатқан электромагниттік сигналдар арқылы олардың құрылыс, шығу тегі жөнінде көп мағлұматтар алады.
ХІХ-ХХ ғасырларда телеграфтың, радиның пайда болуы ақпаратты кез-келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге, ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүние жүзінде не болып жатқанын көріп-білуге мүмкіндік тудырды.
Ақпарат тек қарым-қатынас нәтижесінде алынып қоймайды. Оны адам миы қабылдаған мәліметтерді, хабарларды өңдеу процесінде де тууы мүмкін. Мысалы «біздің футбол командамыз қатарынан үш рет жеңілді» деген хабардан кейін біздің команда жақсы командалар қатарында емес екен деген ой туады.
Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта да болады, ол тек сөзбен жеткізілмейді, яғни ақпарат алудың сан алуан түрі бар. Ақпарат қарым-қатынас жаса, өз бетімен ойлану, зерттеу және т.б. әрекеттер нәтижесінде пайда болады.
Ақпаратқа үзілді-кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған орта туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады.
Неігізінде ол ғылымдар шегінде анықталмайтын ұғым болып табылады. Бұл ұғым тек материалдық ақпарат тасуыш, ақпарат көзі ақпарат жеткізуші, оны қабылдаушы, көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы арқылы түсіндіріледі.
Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады.
Ал кімде-кім ақпаратты қабылдап алса, онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады.
Ал ақпарат тасуыш: сынып тақтас, журнал, ауа бөлшектері, радиотолқындар, қағаз, ағаш, металл, тас, кассета, дискета, сурет, слайд, перфокарта т.б. бола алады.
Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, ауа да дыбыс толқындарын тасушы бола алады.
Ақпарат көзі мен қабылдаушы жанды (тірі организм), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім-оқушы) және жанама (су шуылы сарқыраманың жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін.
Мысал:
Қабылдаушы
Ортасы
Көзі
Дыбыс толқындары
Үй иесі
Қонақ
Қонақ есікке келіп қоңырау соғып тұр.
Аңшы
Қоян
Қар
Аңшы қоянның ізімен жүріп келеді.
Дос
Сымдар
Дос
Екі достың телефонмен сөйлесуі
(Оқушылардың көмегімен тақтаға схема сызылады)
Ал адам ақпаратпен не істей алады, деген сұраққа жауап берелік.
Біріншіден, адам ақпаратты сақтай алады.
Біз кітап, газет-журнал оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз. Оны бірнеше күнне соң біреуге жеткізе аласыңдар. Ал адамның өмірінде оқитын, көретін, еститін ақпарат мөлшері өте көп болатындықтан адам миы оның бәрін сақтай алмайды. Ұмытып қалуы мүмкін. Сол себептен оларды сақтау үшін сыртқы ақпарат тасуыштар: қағаз, түрлі таспалар, дискілер т.б. қолданылады.
Екіншіден, адам ақпаратты жеткізе алады.
Ақпарат жеткізу мысалдарын біз барлық жерде кездестіреміз. Бір-бірімізбен сөйлескенде, сабақта, теледидар көргенде, кітап оқығанда т.б. Кітап оқығанда сен қабылдаушы, ал автор жолдаушы болады.
Сонымен ақпарат алмасу үшін, жолдаушы мен қабылдаушы болуы керек. Хабар жеткізуге пайдаланылатын құралдарды ақпарат жеткізу арнасы деп атайды. Оған теледидар, радио, компьютерлік желі т.ь. жатады.
Үшіншіден, адам ақпаратты өңдей алады.
Ақпарат өңдеу деп – ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздестіріп толықтыруды айтады.
Мысалы, есепті шешу барысында сендер:
Есептің шартын оқисыңдар – ақпарат аласыңдар.
Есепті шешесіңдер – ақпаратты өңдейсіңдер.
Нәтижесін оқытушыға көрсетесіңдер – оған ақпарат бересіңдер.
Адамның ақпаратты өңдеуі үздіксіз процесс. Ақпарат өңдеу (қиын жағдайдан шығу кезінде)кезінде адам жаңа ақпараттар ойлап табуы мүмкін.
Сонымен адам ақпаратты сақтайды, өңдейді және жеткізе алады. Бұл жағдайда адам қандай да бір әрекеттер жасайды, оларды ақпараттық процесс деп атайды.
Тапсырма:
Сені ойыңша берілген ақпараттық процестердің қөайсысы басым екенін кестеде өзің белгіле. Әр процесте ақпаратты жеткізу, сақтау және өңдеу әр түрлі мөлшерде болады. Мұның ішінде басым түсетінін белгілеу керек. Жауап әр түрлі болуы мүмкін.
Процессс
Жеткізу
Сақтау
Өңдеу
1.Кітап оқу
+
2.Күнделікке баға қою
+
3. Математикадан есеп
шығару
+
4. Есікке қоңырау соғу.
+
5. Компьютерде ойнау
+
+
6. Диктант жазу
+
+
7. Тақпақ жаттау
+
8. Суретке түсу.
+
+
9. Балмұздақ сатып алу.
+
+
Адам ақпарат үздіксіз қабылдап отырады. Адамға ауа, су, жылу қандай қажет болса, қоршаған орта туралы ақпарат та сондай қажет.
Адам сезім мүшелері арқылы көреді, естиді, сезінеді, иісті, дәмді сезеді, яғни ақпарат қабылдайды. Адам ең көп ақпаратты көру мен есту арқылы алады (90 пайыз).
Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп, екіге бөледі.
Бейнелік ақпарат – табиғат көріністері, кескіндер, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы алынатын ақпараттар.
Таңбалық ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түрінде алатын ақпараттары жатады. жиыны болады. Бұл осы тілдің таңбалары.