kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: "Графикалы? объектілерді ж?не жазуларды кірістіру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Графикалы? объектілерді ж?не жазуларды кірістіру. 
Саба?ты? ма?саты: 
Білімділік: О?ушылар?а Paint редакторында сурет салып, Word Pad редакторына ?алай кірістіру керектігін ?йрену. О?ушыларды? информатика п?нінен ал?ан білімдерін жина?тау, ба?ылап ба?алау, ?з беттерінше білім де?гейлерін к?теруге жа?дай жасау. 
Дамытушылы?: 
Логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту. ?з ойларын сауатты т?рде айта білуді ?алыптастыру, Word Pad м?тіндік редакторына ж?не Paint графикалы? редакторына деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру. 
Т?рбиелік: 
О?ушылардына?тыбіріс-?рекетке, шапша?ды??ат?рбиелейотырып, ??ыптылы??а, тияна?тылы??а, шы?армашылы?ж?мысжасау?ат?рбиелеу. 
Саба?ты?т?рі:Жа?асаба? 
Саба?ты?типі:практикалы?элементтері бар демонстрациянык?рсете- т?сіндіру,саяхатсаба?.
Саба?ты??дісі: с?ра?-жауап, т?сіндірме,ойынэлементтері, рефлексия, топпен ж?мыс
К?рнекіліктер: компьютер,  тапсырмалар, мысы?, карточкалар, Б?йтерекмонументіні?суреті,??мса?ат
Саба?ты?барысы: 
І. ?йымдастыруб?лімі 
ІІ. ?йтапсырмасынтексеру (Ой ?оз?ауар?ылы) 
ІІІ. Жа?асаба?
І?. Практикалы?ж?мыс 
А) сурет салу 
?) мысы?ты?тапсырмасы 
Б) логикалы?с?ра?тар 
В) «К?кпар» ойыны 
Г) Сергітус?ті 
?. Рефлексия 
?І. Ба?алау 
?ІІ. ?йгетапсырма 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: "Графикалы? объектілерді ж?не жазуларды кірістіру"»


Сабақтың тақырыбы: Графикалық объектілерді және жазуларды кірістіру. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға Paint редакторында сурет салып, Word Pad редакторына қалай кірістіру керектігін үйрену. Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау. 
Дамытушылық: 
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз ойларын сауатты түрде айта білуді қалыптастыру, Word Pad мәтіндік редакторына және Paint графикалық редакторына деген қызығушылықтарын арттыру. 
Тәрбиелік: 
Оқушыларды нақты бір іс-әрекетке , шапшаңдыққа тәрбиелей отырып, ұқыптылыққа , тиянақтылыққа, шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ 
Сабақтың типі: практикалық элементтері бар демонстрацияны көрсете- түсіндіру,саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірме,ойын элементтері, рефлексия, топпен жұмыс
Көрнекіліктер: компьютер, тапсырмалар, мысық, карточкалар, Бәйтерек монументінің суреті,құмсағат
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру бөлімі 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Ой қозғау арқылы) 
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Практикалық жұмыс 
А) сурет салу 
Ә) мысықтың тапсырмасы 
Б) логикалық сұрақтар 
В) «Көкпар» ойыны 
Г) Сергіту сәті 
Ү. Рефлексия 
ҮІ. Бағалау 
ҮІІ. Үйге тапсырма 

І.Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылардың қатысы мен дайындығын тексеру 
2. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару 

3.Топқа бөлу

Мұғалім:-Балалар, бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше саяхат сабақ. Яғни «Арманға саяхат» жасаймыз. Біздің еліміздің астанасы- Астана қаласы екенін жақсы білеміз. Астана қаласы өзінің Бәйтерек монументімен белгілі. Бәйтеректің ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» компизициясы орналасқан. Осы компизицияда бейнеленген алақанға өз алақанымызды қойсақ арманымыз орындалады деп сенеміз. Сол тапсырмаларды топқа бөлініп орындап «Аялы алақанға» жетейік. Орындалған тапсырмалар шкаламен көрсетіліп тұрады. Біздер Бәйтеректің биіктігін және диаметрін білуімізге де септігін тигізеді. Сәт сапар! 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Ой қозғау» арқылы 
М: -Менің қолымда әртүрлі жазылған сөздер бар. Бұл сөздер үй тапсырмасында кездеседі. Осы сөздерге анықтама берейік. 
Кесте Ұяшық Баған Жолдар Сан Әріп Сақтау Ашу Сурет Tab пернесі 
1. омкпютьер – компьютер
2. утрес- сурет
3. рагфиак- графика

ІІІ. Жаңа сабақ. 
1. Күн жадысын жазу 
2. Жаңа сабақтың мақсатын айту 
3. Дәптермен жұмыс 

Мақсаты: Оқушыларға Word Pad редакторына Paint редакторында салынған суретті және мәтінді кірістіріп, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру 

Графикалық редакторлар: Paint, Power Point , Pagemaker 
Мәтіндік редакторлар: Microsoft Word, Word Pad , Блокнот 
Мәтіндік процессорда тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі суреттерді кірістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін енгізіп те жұмыс жасауға болады.
Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер кітапханасынан қоюға немесе өздерің білетін графиктік редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге де болады.
Сурет кірістірудің жолы: Вставка - Рисунок мәзірінен шыққан менюден біз картинки, из файла, со сканера или камеры, создать рисунок, автофигуры, обьект WORDART, организационная диаграмма, диаграммма әмірлері орналасқан. Соның ішінде картинки, из файла және обьект WORDART әмірлерін өтеміз.
Сонымен, сурет кірістірудің екі жолы бар,
Вставка - Рисунок - Картинки
стандартты офисте орналасқан суреттерді қоямыз, ал
Вставка - Рисунок - из файла
әмірі арқылы компьютерде сақталған, яғни басқа графиктік редакторлар арқылы немесе ендірілген суреттерді қоя аламыз. 

1. Word Pad редакторын іске қосу 
2. Paint –та сурет салып , мәтіндік редакторына кірістіру 
3. Сақтау 
4. Баспадан шығару 
ІҮ. Практикалық жұмыс 
Қауіпсіздік ережесі дәптерлерін толтырту 
Оқушылар өз беттерімен сурет салып үйренеді 

М:- Қане, біздерге мысық деген досымыз хат жазыпты. Ол бізден көмек сұрайды екен. 

Тапсырма: 
1. Мен қатарынан бірнеше күн Paint графикалық редакторында сурет салдым. Оны Күшіктің туған күніне сыйламақшы едім. Суретім дайын болған кезде, менің бояуым төгіліп барлық салған суретімді бүлдіріп алдым. Басқа сурет салатын уақытым жоқ. Уақыт болса таяп қалды. Туған күнге қалай барам?Мен қатты өз өзіме ренжіп отырмын. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Балалар! 
2. Сендерге рахмет! Достарым! Осы салған суреттің үстіне Күшік туған күніңмен! Деп жазып көмектесесіңдер ме? Мен сендерге өзімнің мультфильмімді көрсетемін! Келістікпе балалар! 

Логикалық сұрақтар:
Шарты: Сұрақтарға оқушылар мұқият жауап беру керек. Мына қояндардың астында сұрақтар берілген.Сол сұрақтарға екі топ бірге жауап беріп көрейік.
1. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (жоқ)
2. Бес адам кездесіп қалып, бір-бірімен қол алысты. Барлық қол алысу саны қанша? (20)
3. Термометр аяз болғасын үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? (3)
4. Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (3)
5. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камаз кездестірді. Ауылға қаншы машина бара жатыр? (0)
6. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін? (52)

«Көкпар» ойыны 
Білімдіден шығар алғыр, шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем .
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы ,
Қалмасын бұл жарыста сенің есең.


Шарты: Компьютердің пайдасы мен зияны туралы 
Қызыл карточка алғандар мақтайды Жасыл карточка алғандар даттайды.Уақыт бір минут (құмсағат көмегімен)
1.Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады .
2.Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа , жүйелі ойламауға итермелейді 
3. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді 
4. Компьютерге ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін сәулелерді көп тұтады. 
5. Компьютермен қорықпай жұмыс істеуге үйретеді 
6. Көз көру қабілеті нашарлайды 
7. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді 
8. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басға үйретеді 
9.Білімді құштарлығын оятады 
10.Робот тәрізді жұмыстарға баулиды 
11.Электр қуатын алады 
12. Барлық жұмысты тоқтатады 

Сергіту сәті 
«Қызыл өрік» әніне сергіту сәтін жасаймыз 

Ү. Рефлексия:
1. Бүгінгі сабақта Графикалық объекті туралы не білдік?
2. Сіздерді графикалық редакторлардың қандай ерекшеліктері таңқалдырды?

Мұғалім: 
-Жақсы оқушылар тапсырмалардан сүрінбей өттік. Енді ең соңғы сәт қалды. Ол «Аялы алақан» компизициясына жету. Қане, қолдарыңызға қазір мен стикер беремін. Сол стикерге арман жазып, Бәйтерекке орналастырайық. 
Қане қараңдаршы, Бәйтерек монуметінің биіктігі неше метр болған екен?
Биіктігі-97 м 
Диаметр-27 м 

Енді балалар алдарыңыздағы шарға бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар соны смайликпен бейнелейміз.

ҮІ. Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын! 

ҮІІ. Үйге тапсырма: 
«Жыл басы-Наурыз» тақырыпқа шығарма жазу және суреттер кірістіру. 

-Сабақ аяқталды!
-Сау болыңыздар!






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: "Графикалы? объектілерді ж?не жазуларды кірістіру"

Автор: Сабырова Эльвира ??рман?азы?ызы

Дата: 09.04.2016

Номер свидетельства: 316900


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства