– берілген есепті шешу жолын реттелген амалдар тізбегі т?ріне келтіру.
– берілген есепті шешудегі жасалатын ?рекеттерді? д?л ж?не ?арапайым етіп жазылуы. Бас?аша айт?анда, ал?а ?ой?ан ма?сат?а жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушы?а біртіндеп ?андай ?рекет жасау керектігін д?л к?рсететін н?с?ауларды алгоритм дейміз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Балалар, бүгін біз сендермен информатика сабағының ең қызықты және маңызды – Алгоритм тақырыбымен танысамыз.
Алгоритм деген не?
Алгоритм не үшін қажет?
Алгоритмнің атқарушысы кім? деген сұрақтарға жауап іздеп сабақтың соңына жауабын табатын боламыз.
Енді алгоритмнің шығу тарихына тоқталайық.
«Алгоритм» сөзі 783-850 жылдарда Хорезм қаласында (Қазіргі Өзбекстандағы қала) өмір сүрген Орта Азияның ұлы математигі Әл-Хорезми атының латынша жазылуы «algorithmi» сөзінен шыққан. Ол өзінің «Үнді сандары туралы» кітабында көрсеткен араб цифрларының көмегімен жасаған натурал сандарды жазу және оларды бағанмен ауыстыру ережелері бүгінде әрбір мектеп оқушысына белгілі.
Біз күнделікті өмірде әр түрлі алгоритмдерді қолданамыз: нұсқаулар, рецепттер, ережелер. Әдетте біз оларды ойланбастан орындаймыз. Мысалы, сендер шәй демдеуді білесіңдер, айталық сендерге өздеріңнен кіші іні – қарындастарыңды үйрету керек делік. Олай болса, сендерге жасалатын әрекеттерді нақты, анық, рет – ретімен нұсқау қажет болады.
Суды қайнату.
Шәйнекті ыстық сумен шаю.
Шәйнекке шәй салу.
Ыстық су құю.
Қақпағын жабу.
3-4 минут тосып бықтыру.
Басқаша айтқанда, біз шәй қайнатудың алгоритмін құрдық.
Сендер алгоритм ұғымымен математика, логика курстарынан таныссыңдар. Алгоритм – программалаудың ең негізгі және бастапқы сатыларының бірі. Келесі оқу жылында сендермен бағдарлама құруды үйренеміз. Енді алгоитмге анықтама беріп көрейікші.
Алгоритм – берілген есепті шешу жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.
Алгоритм – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекет жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды алгоритм дейміз.
1-мысал. Есікті ашу алгоритмі
2-мысал. Жарма жасау алгоритмі
Алгоритм орындаушылары
Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атаймыз.
Алгоритмдегі кез – келген іс-әрекет бұйрық деп саналады.
Алгоритмнің дұрыс орындалуы үшін орындаушығадеректердің толық жинағын хабарлау керек.
Алгоритм орындаушыларға: адам, компьютер, автоматтандырылған құрылғы.
Үзіктілік қасиеті
Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек.
Мысалы :
Жылдам даярланатын астың алгоритмі:
1 қадам. Ыдысқа пакет ішіндегіні салу.
2 қадам. Ыдысқа 200 мл ыстық су құю.
3 қадам. Мұқият араластырыңыз.
Айқын, дәл өрнектелу қасиеті
Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болу керек.
Мысалы:
Инженер өз жұмысын жақсы атқара алады. Аспазшы инженер жұмысын нұсқаулық берген күннің өзінде де атқара алмайды.
Формальдылығы
Алгоритм арнайы орындаушыға арналып құрылу керек.
Орындаушы алгоритм командаларында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындалуы үшін командалар орындаушының білім деңгейіне сәйкес болуы керек.
Мысалы:
«Х санын квадратта» деген команданы бастауыш сынып оқушылары түсінбейді, ал соны «Х санын Х санына көбейт» деп айтсақ, онда бұл команданы олар орындай алады.
Жалпылық немесе ортақтық
Алгоритм құрғанда белгілі бір проблемаға ғана арналмай, осы тәріздес мәселелер шешімін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.
Мысалы:
Мазмұны жағынан ұқсас есептердің барлығына ортақ бір формула қолдану.
Нәтижелілігі
Кез келген алгоритмнің нәтижесі болу керек.
Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз керек.
Мысалы :
Сандарды қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар мәні жатады, ал нәтижесі қосынды болады.
Орындаушы жұмысын программалау
Программа – бұл алгоритм, орындаушы тілінде жазылған алгоритм.
ІV. Практикалық жұмыс
V. Сабақты бекіту
Тест (Activate тест орындау)
Алгоритм дегеніміз не?
А) Алгоритм – берілген есепті шешу жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.