Просмотр содержимого документа
«Саба? та?ырыбы: Беттерді? параметрлері. »
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
№2 мектеп-гимназия
Аленова Бақыт Рахметуллақызы
информатика пәні мұғалімі
Сабақ тақырыбы:Беттердің параметрлері.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: MS Word бағдарламасымен жұмыс істеу, оқушыларға мәтін абзацын пішімдеу, туралау, жоларалық интервалдарды үйрету барысында оқушылардың білімін жүйелей, жетілдіре отырып, өз бетінше еңбектенуге, компьютерлік білімділікке үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында өз бетінше жұмыс жасай алуын, іскерлік, шығармашылық ойлау қабілетін және компьютерлік сауаттылығын дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік мәдениеттілікке және уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Кариб теңізінің алыстағы “Microsoft Word-та беттердің параметрлері.” жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен гүлдерге толы, құстары сайраған, елік-маралы көсілген жер болған. Сол апаттың кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып, хайуанаттары жоғала бастаған. Ал олардың құруы — адамдар өміріне де қатерлі. Біз бүгін бұл жағалауды, ондағы адамдарды апат зардабынан құтқару үшін көрсетілген маршрут бойынша сапар шегеміз. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек. Тіпті Кариб теңізінің қарақшылары да бізге бөгет болуы мүмкін, сондықтан бір-бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетуіміз керек.
Құжат мәтіні қағаз бетіне жақсы шығу үшін оның бетінің параметрін, яғни жоғары және төмен, сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төменгі колонтитулының орналасуын қоя білу керек. Ол үшін Файл →Беттің параметрлері (Файл → параметры страницы) командасы орындалады. Терезеге қойлатын беттің өрістеріне Өріс (Поля) қосымшасы қолданылады: Жоғары, Төменгі ,Солжақ, Оңжақ (Верхнее, Нижнее, Левое, Правое) өрістері. Үлгі рамкасында параметрлері таңдалынған беттің сыртқы түрі көрсетілген. Таңдалған өрістер дұрыс болса, ОК батырмасы шеріледі. Жиек. Мәтіннің жиегін әр-түрлі сызықтармен белгілеу, бояу, беттерді тізімде бар әртүрлі суреттермен қоршау мүмкіндіктері бар. Осы әрекеттерді Формат---Шекаралар және бояу (Границы и заливка)командасын орындау арқылы жүзеге асырамыз.
Тұтас мәтінді немесе оның бөлігін белгілеп алған соң, Формат---Шекаралар және бояу командасын орындаймыз.
Ашылған сұхбат терезесінде қажетті шамаларды енгіземіз. Бұл сұхбат терезесі Шекара, Бет, Бояу үш астарлы бетінен тұрады.
Егер таңдап алынған түс, сызықтың түрі, сурет т.б. ұнамаса, осы Шекаралар және бояу сұхбат терезесін ашып, әр параметрдің Жоқ қатарын тағдау арқылы алып тастауға немесе басқа параметрлерге өзгертуге болады.
ІV. Жаңа сабақты меңгеру
1. Информатикалық диктант
(Әр оқушыға тапсырма таратылады, бос орынға керек сөзді жазу керек)
Тапсырмамен жұмыс.
Беттің параметрін өзгерту үшін ............ →............. (Файл → параметры страницы) командасы орындалады. Терезеге қойлатын беттің өрістеріне ........ (Поля) қосымшасы қолданылады: ........., .......... ,........., ..............(Верхнее, Нижнее, Левое, Правое) өрістері. Үлгі рамкасында параметрлері таңдалынған беттің сыртқы түрі көрсетілген. Таңдалған өрістер дұрыс болса, .......... батырмасы шеріледі.
2. «Кім жүйрік» ойыны. Пернелердің қызметін еске түсіру.
1. Келесі жолға өту батырмасы
2. Бірыңғай бас әріптерге немесе кіші әріптерге ауыстыратын батырма
3. Бас әріппен жазу үшін қай батырманы басу керек?
4. Мәтіндегі сөздердің арасын ашу батырмасы?
5. Мәтіндегі символдарды өшіру үшін қай батырмаларды қолданады?
6. Қандай пернелердің көмегімен тілді өзгертуге болады?
3. Компьютермен жұмыс
Мәтіннің жиегін әр-түрлі сызықтармен белгілеу, бояу, беттерді тізімде бар әртүрлі суреттермен қоршау мүмкіндіктері бар. Осы әрекеттерді Формат---Шекаралар және бояу (Границы и заливка)командасын орындау арқылы жүзеге асырамыз.
Жұмыс барысы:
1. Құжат бетінің параметрлерін келтір: жиек өлшемдері: сол жақ — 3 см, оң, жоғарғы және төменгі жиектері – 2 см.
2. Қаріп өлшемі – 14, сызбасы – қоюланған, мәтір түзету – ортасы бойынша (по центру).
3. Caps Lock батырмасын қосып, бас әріптер регистрімен мәтінге тақырып енгіземіз. Тақырып: «Microsoft Word мәтіндік редакторы» деп жаз.
4. Enter пернесі арқылы төменге түсіп, мәтінді сол жағы бойынша түзету қажет.
5.Берілген мәтінді тер
6. Жұмысты аяқта.
4. Сергіту сәті
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
· Алақанды уқалау.
· Қолды қысу
· Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
· Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
· Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса.
· Соншалықты айналым солға қарай жаса.
V.Қорытындылау
Оқушылар жаңа сабақта игерген білімдерін Инсерт кестесіндегі «білдім» бағанына жазады.
Білемін
Білдім
Білгім келеді
VІ. Үйге тапсырма
1. “ Беттердің параметрлері ” тақырыбына сөзжұмбақ құру
2. Қосымша мәліметтер алып келу. Инсерт кестесінің «Білгім келеді» бағанын толтыру.