Просмотр содержимого документа
«РАСТРЛЫ? ГРАФИКА. РАСТРЛЫ? ГРАФИКАНЫ ??ДЕУ БОЙЫНША ПРОГРАМММА ИНТЕРФЕЙСІ. »
Сабақтың өтілетін күні: 01.04.2015ж
Сыныбы: 7а,б,в
Сабақтың тақырыбы:РАСТРЛЫҚ ГРАФИКА. РАСТРЛЫҚ ГРАФИКАНЫ ӨҢДЕУ БОЙЫНША ПРОГРАМММА ИНТЕРФЕЙСІ.РАСТРЛЫҚ БЕЙНЕЛЕРДІҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
2.Оқушылардың компьютерлік графика¬мен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін да¬мыту;
3.Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану бары¬сында жүйелілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі:Интерактивті тақта арқылы, тапсырмалар
Көрнекілік:Интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасы
3.Жаңа сабақты баяндау. Мәтінмен жұмыс
4.Ой қорыту.Сабақты бекіту
5.Компьютермен жұмыс.
6. Бағалау. Үйге тапсырма беру.
I. Ұйымдастыру (оқушы мен мұғалім диалогі)
-Сәлеметсіздер ме?!
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Сабаққа дайындық қалай?
-Мен сендерге сәттілік тілеймін.
Отшашу
Оқушыларды компьютердің құрылғылары арқылы топқа бөлу. (компьютердің құрылғылары тұрған суреттерді теріс қаратып қоямын, оқушылар бір-бірден таңдап алған суретіне байланысты сол топқа отырады, отырған топтары туралы мәлімет айтады)
1-топ «ЖҮЙЕЛІК БЛОК»
2-топ «МОНИТОР»
3-топ «ПЕРНЕТАҚТА»
Топ басшыларын сайлау, «бағалау парағын» тарату.
II.Үй тапсырмасы Білу (жаңа тақырыпқа дайындық)
Cұрақ - Жауап
1. Компьютерлік графика деген не?
2. Пиксель дегеніміз не?
3. Компьютерлік графика түс ерекшелігіне қарай нешеге бөлінеді?
4. Нүкте, сызық, формула - қандай графиканың минималды элементтері?
5.Сурет салу жағдаятымен айналысатын ин¬форматика бөлімі қалай аталады?
Берілген суреттердің қай графика түріне жа¬татынын анықта
III.Түсіну (жаңа тақырыпты меңгерту)
1-топ
Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады.
Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
2 - топ
Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін ар¬найы программалар - графикалық редактор¬лар пайдаланылады. Графикалық редактор¬ларды екі категорияға бөлуге болады:
растрлық және векторлық.
Анықтама:Графикалық редактор
-бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарапшығуға арналған программа.
Растрлық графиканы өңдеу редакторла¬ры: Paint, AdobePhotoshop, Corel PhotoPaint Графикалық редакторлар графикалық кескіндерді құру және редакциялау үшін құралдарды таңдау мүмкіндігін беріп, оларды бір құрал - саймандар тақтасына біріктіреді. Объектілерді салу құрал - саймандарына төмендегілер кіреді: сызық, қисық, эллипс, көпбұрыш, құю құралы, қарындаш, өшіргіш т.с.с
3-топ
Растрлық графикалық редакторлар пайдаланушыға мынадай мүмкіндіктер береді:
• графикалық примитивтерді( сызықтар, төртбұрыштар, эллипстер және
басқаларды) қолмен (тышқанның көмегімен) салу;
•кескіннің кез-келген бөлігін кесіп алу, желімдеп жапсыру;
•сурет салу және бояу үшін кез-келген түсті пайдалану;
•ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу үшін кескін фрагменттерін үлкейту;
•мәтінге суреттер қоса отырып,көркем ха¬барландырулар даярлау;
•алынған кескіндерді сақтау және редакци¬ялау;
IV. Қолдану (білімдерін пысықтау) бекіту сұрақтары:
3. Суреттің өлшемін үлкейтіңіз. Қандай өзгеріс байқадыңыз. ( Суреттің пиксель деп аталатын ұсақ нүктелер жиынынан тұратынына назар аударыңыз). Суретті сақтап қойыңыз.
V.Сабақты қорытындылау.Бағалау. Топ басшыларын тыңдау.
VI.Үй тапсырмасы.
Компьюетрдің құрылымы
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Бағалау
1. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)
Амандасу. Сыныпты түстер арқылы топқа бөлу. (қызыл, жасыл, сары). Топ басшысын топпен ақылдасып сайлау. Әр оқушы өзінің қай деңгейде дайындалып келгендеріне орай бағдаршаммен бағалау. (жасыл-жақсы, сары-орташа, қызыл-нашар)
Амандасады. Түстер арқылы топқа бөлінеді. Топпен ақылдасып топ басшысын сайлайды. Әр оқушы өздерін бағдаршам көмегімен дайындық деңгейлерін бағалайды.
2. Білу. (3 мин)
Миға шабуыл
Сұрақтар
1. Ақапарат дегеніміз не?
2. Ақпаратпен адам не істей алады?
3. Ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажетті құрылғы қалай аталады?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Бағалау парақашасы
1 сұрақ 1 балл
3. Түсіну.
Оқу
Талдау
Постер жасау
Қорғау
Бағалау
Топтарға оқулықты пайдаланып тапсырма беру.
- берілген бөлімді оқу
- топта талқылау
- постер жасап қорғау.
І. компьютер – 31 бет
ІІ. компьютерді қолдану. -32 бет
ІІІ. компьютер түрлері – 33-34 бет
Топтар берілген бөлімдерді оқып танысады, топта талқылайды, оны постерге салып, постерді қорғайды.
Топтар бірін бірі бағалау криттерилері бойынша бағалайды.
- тақырыбы
- безендірілуі
- сөздік қоры
0,5-1 балл қою.
4. Қолдану.
* Барлық топ 35-36 беттегі «Заманауи компьютерлердің қолдану салалары» деген қызықты ақпаратты оқып шығу.
Тапсырма. «Компьютерді үйде қалай қолданамын» деген тақырыпты
І топ – ертегі, ІІ топ – комедия, ІІІ топ – трагедия түрінде жеткізуі керек.
Барлық топтар 35-36 беттегі «Заманауи компьютерлердің қолдану салалары» деген қызықты ақпаратты оқып шығады. Берілген тапсырма бойынша қойылымдар қояды.
Топтар бір-бірін саусақтар арқылы бағалайды.
5. Талдау, жинақтау.
Компьютерде деңгейлік тәжірибелік жұмыс жасау.
А деңгейі
Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып беріңдер.
В деңгейі
Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазу. «Компьютерді қолдану», «Компьютердің түрлері»
С деңгейі
Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар.
Компьютерде өздері таңдап алаған деңгейлік тәжірибелік тапсырмаларды орындайды.
Бағалау парақшасына қою.
А – 1 балл
В - 2 балл
С – 3 балл
Сергіту.
Тақтадан көз және дене жаттығуларын жасау
Дене және көз жаттығуларын жасайды.
Бағалау.
Бағалау парақшалары бойынша жинаған балдарын санау.
Топ басшысы бағалау парақшасындағы балдарын санап, қорытындысын шығарады.
Бағалау парағы
Кері байланыс
Стикерлер тарату. Бүгінгі сабақ туралы өз ойларыңды жазыңдар да тақтаға іліп кетеміз.
Стикерлерге бүгінгі сабақ туралы өз ойларын жазып, тақтаға іледі.