kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Работа со строковыми данными на языке Паскаль

Нажмите, чтобы узнать подробности

В данном материале рассматривается  работа со строковыми данными на языке Паскаль. Урок составлен по стратегии Джигсо технологии развитие критического мышления. В этой стратегии учащиеся сами будут изучать новую тему, закрепить тему.  На стадии рефлексии осуществляется анализ, творческая переработка, интерпретация изученной информации. Работа ведется индивидуально, в парах или группах.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Работа со строковыми данными на языке Паскаль »

Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебі Физика-информатика Бекеева Г.М.

Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттармен жұмыс


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіндік ақпарат ұғымын қалыптастыру және оны өңдеу процедураларымен таныстыру;

Дамытушылық: Теориялық білімдерін толықтыра отырып, оны практикада (іс жүзінде) қолдана білу білік-дағдыларын дамыту;

Тәрбиелілік: Өз бетінше білім алуға, ізденуге, топпен және жеке жұмыс істеуге, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, плакат, слайд

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО старатегияларын пайдалану



Сабақтың барысы:


І. Қызығушылықты ояту

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қойылады. Сынып оқушыларын ЖИГСО стратегиясы бойынша алдын-ала жанұяларға (А,В,С,Д жанұялары) бөлемін. А,В,С,Д жанұя мүшелері 1,2,3 болып нөмірленеді.

1. Символдық мәліметтер дегеніміз не?

2. Символдық мәліметтер қалай сипатталады?

3. Символдық мәліметтерді енгізудің ерекшеліктері

4. Символдық мәліметтер үшін қандай стандартты функциялар қолданылады?


ІІ. Мағынаны тану

Әрбір жанұяның мүшелері өз нөмірлері бойынша жұмыс тобын құрады (1-лер 1 жұмыс тобын, 2 - ..., 3 - ...).

Жаңа сабақ материалы 3 бөлікке бөлінген мәтін түрінде әрбір жұмыс тобына бір-бір бөліктен мәтінді оқып, өзара жұмыс тобында талдауға таратылып беріледі. Талдап болған соң әрбір жұмыс тобының бір мүшесі тақтаға шығып, өз мәтіндері бойынша жаңа сабақты жалпы сыныптағы оқушыларға түсіндіріп береді.


1-тобы

Мәтіндік мәлімет, оны сипаттау, енгізу

Мәтін әртүрлі символдардан тұратын жолдар тізбегі. Әдетте, мәтіндермен жұмыс істегенде, тек символдық шамаларды пайдалану тиімсіз, өйткені көбінесе жеке символдарды емес, олардың тізбегін – сөз тіркестерінен тұратын мәтін жолдарын өңдеу қажет болады.

Символдар жолы немесе жолдық тұрақты деп символдарының саны 256-дан (0-255) аспайтын апостроф ішіне алынған символдар тізбегін айтады.

Паскаль тілінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар кеңінен қолданылады, олардың типін көрсету үшін алдымен айнымалы атауы, одан кейін тік жақша ішінде жолдың ең үлкен ұзындығы көрсетілген string түйінді сөзі пайдаланылады.

Var : string [жолдың ұзындығы];

Мысалы:

Var text: string [5];

atay: string [40];

tema: string [250];

simbol: string [279]; қате, өйткені 255

sim: string; егер, жол ұзындығы көрсетілмесе, онда ұзындығы – 256

Тіркестік өрнек деп амал белгілері, тіркестік тұрақтылар, айнымалылар және функция атауларынан құралған, ұзындығы 256 символдан артпайтын тізбекті айтады.

Тіркестік айнымалыға тіркестік өрнектер мәнін беруде меншіктеу амалы (:=) қолданылады. Бірақ мұнда, егер меншіктелінетін мән ұзындығы оны сипаттауда көрсетілген ең үлкен ұзындықтан артық болса, онда артық символдар алынып тасталады. Мысалы:

Сипаттау Өрнек Нәтиже

A:string[5]; A:=’Қазақстан’ ’Қазақ’

B:string[3]; B:=’INFORMATION’ ’INF’

C:string[8]; C:=’COMPUTER’ ’COMPUTER’


2 тобы

Тіркестік өрнектерге қолданылатын амалдар

Тіркестік өрнектерде біріктіру және салыстыру амалдарын пайдаланады.

Біріктіру немесе конкатенция амалы, ол қарапайым «+» белгісімен белгіленеді. Бұл амал бірнеше символдардан тұратын немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады.

Мысалы:

S1:=’Aiteke’; S2:=’ bi’; S3:= S1+S2; S3:=’Aiteke bi’;

Сөз тіркестерін біріктіру амалын Concat() функциясы арқылы да орындауға болады. Мысалы:

S1:=’Aiteke’; S2:=’ bi’; S3:= concat(S1,S2); S3:=’Aiteke bi’;

Салыстыру амалдары, олар: =; ; ; =;

өрнек нәтиже

’ddd’ ’dd’ TRUE

’ddd’

’Tam1’ = ’Tam2’ FALSE

’Tam1’

Мәтін ұзындығын анықтау операциясы. Length функциясы мәтіннің ұзындығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл операция алгоритмдік тілде ұзын (длин-length) түйінді сөзі арқылы орындалады. Мәтін ұзындығы оны құрайтын символдар санымен анықталады. Мысалы:

алгоритмдік тілде ұзын (’Жаса, жайна, Қазақстан!’)=23,

ал Паскаль тілінде length (’Жаса, жайна, Қазақстан!’)=23

Бірде бір символы жоқ мәтін бос мәтін болып саналады. Оның ұзындығы 0-ге тең. ұзын(’’)=0



3 тобы

Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты

функциялар мен процедуралар


Copy функциясы бір сөз тіркесінен екіншісіне үзінді көшіру қызметін атқарады.

Ол үшін мына келесі параметрлерді көрсетуіміз керек:

  1. Үзінді көшіріліп алынатын сөз тіркесінің аты

  2. Сөз тіркесіндегі көшіріліп алынатын үзіндінің орны (позициясы)

  3. Көшірілетін символдар саны

Copy(St,Poz,N) – St cөз тіркесінің Poz нөмірлік (позициялық) символынан бастап қатар тұрған N символ көшіріліп алынады. St – тіркестік айнымалы, Poz, N – бүтін сандар. Егер сөз тіркесі ұзындығынан N артық болса, нәтиже бос символ (бос орын) болады.

Мысалы: S := ’Қазақстан’; R:=сopy(S,1,5);

Нәтижесі: R: = ’Қазақ’


Delete процедурасы сөз тіркесінен қажетті позициядан бастап символдар саны бойынша үзіндіні алып тастайды.

Delete(S,Poz,N) – мұндағы, S – cөз тіркесі, Poz – символ позициясы (орны) (Poz

Мысалы: S:=’Сырдария өзені’; Delete(S,9,6); S:=’Сырдария’;


Insert процедурасы бір сөз тіркесін екіншісіне көрсетілген орыннан (позициядан) бастап кірістіреді.

Insert(S1,S2,Pоz) – S1 - кірістірілетін сөз тіркесі, S2 – екінші сөз тіркесі, Poz – кірістірелетін орны (позициясы).

Мысалы: S1:=’Алау’; S2:=’та’; Insert(S2,S1,4)

Нәтиже: S1:= ’Алатау’



Жұмыс тобының мүшелері жаңа сабақты пысықтау мақсатында өз жанұяларына оралады.

ІІІ. Ой толғаныс

Әрбір жанұяға жаңа сабақ бойынша тапсырмалар беріледі. Жанұя мүшелері жұмыс тобында алған білімдерін ортаға сала отырып, тапсырмалардың бағдарламасын құрып, компьютерде Паскаль тілінде теріп, тексеріп, орындайды.



1-тапсырма

S1:=’Алматы’; S2:=’Орынбор’; S3:=’Астана’; S4:=’Шымкент’; S5:=’Ақмешіт’; Берілген тіркестерді Қазақстанның астанасы болу ретімен біріктіріп, ондағы артық қаланы (астана емес) алып тастау керек.(Delete, Concat)

2-тапсырма

Отан, еңбек, білім туралы мақалдар енгізіп, мәтінді үлкен әріптермен жазу және мәтін ұзындығын табу керек. (Length)


3-тапсырма

А:=’Қазақстан’; В:=’Астана’; Берілген сөз тіркестерінен жаңа сөздер құрау керек. (Insert, Copy, Delete)


4-тапсырма

«Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» атты қысқаша мәтін құр. Мәтіннің ұзындығын анықта және үлкен әріптермен шығар.

ІV. Қорытынды

Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады. (Сұрақтар жеке-жеке кеспелер түрінде дайындалып, таратылады.)

  1. Мәтін дегеніміз не?

  2. Символдар жолы дегеніміз не?

  3. Паскаль тілінде тіркестік айнымалылар қалай сипатталады?

  4. S1:=’рухани’; S2:=’астана’; S3:=’Түркістан – ’; S4:=concat(S3,’’,S1,’’,S2); Нәтижесі қандай болады?

  5. S:=’Менің отаным – Қазақстан!’; length(S); Нәтижесі қандай болады?

  6. S:=’Олимпиада’; copy(A,1,4)=? Нәтижесі қандай болады?

  7. B:=’Астана’; Delete (B,1,2); Нәтижесі қандай болады?

  8. S1:=’Мұса Байзақұлы’; S2:=’бек’; Insert (S2,S1,5); Нәтижесі қандай болады?

  9. Pred стандартты функциясының қызметі

  10. Ord стандартты функциясының қызметі

  11. Upcase стандартты функциясының қызметі

  12. Succ стандартты функциясының қызметі


Оқушылардың білімін бағалау. (бағалау парағы)


Үйге тапсырма: 4.2 тақырыпты оқу

Тапсырма: Қолданушының енгізген мәтінінің ұзындығын анықтайтын және мәтінді толығымен бас әріптерге ауыстыратын бағдарлама құру.

- 7 -




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Работа со строковыми данными на языке Паскаль

Автор: Бекеева Гульжамал Мейркуловна

Дата: 23.09.2014

Номер свидетельства: 114334

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Урок "Программирование разветвляющихся алгоритмов" "
    ["seo_title"] => string(59) "urok-proghrammirovaniie-razvietvliaiushchikhsia-alghoritmov"
    ["file_id"] => string(6) "163397"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422468699"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства