kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Процесор және оның сипаттамалары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын түгендеу, зер салу.

-Сыныпты «Пазл құрастыру»  арқылы екі топқа бөлу.(ортаға жүйелік блок пен аналық тақшаның суреттерінің қиындылары қойылады. Оқушылар таңдаған сурет қиындыларын біріктіру арқылы топтарға бірігеді).

«Миға шабуыл» әдісімен үй тапсырмасын сұрау.

Әрбір символ 1 байтпен кодталады деп есептеп, мына сөйлемдердің ақпараттық көлемдерін  есептеңдер.

І топ. «Компьютер электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын қабылдайды. Сигналдар нөл және бір сандары арқылы қабылданады. Олар бит деп аталады. Компьютердің ең негізгі құрылғысы – процессор болып саналады.»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Процесор және оның сипаттамалары»



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.1В Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары

Мектеп: «№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Новрузбайқызы Жансая


Сынып: 8 «А»

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

8.1.1. Процесор және оның сипаттамалары


Оқу мақсаттары

8.1.1.1. қарапайым деңгейіндегі процессордың қызметін және оның негізгі сипаттамасын түсіндіру


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін: қарапайым деңгейіндегі процессордың қызметін білу.

Көпшілік оқушылар үшін: қарапайым деңгейіндегі процессор модельдерін білу.

Кейбір оқушылар үшін: қарапайым деңгейіндегі процессордың негізгі сипаттамасын түсіну.

Бағалау критерийі

Білу және түсіну:

  • қарапайым деңгейіндегі процессордың қызметін біледі және түсінеді.

Қолдану:

  • қарапайым деңгейдегі процессор модельдерін қолдана алады

Талдау:

  • процессордың негізгі сипаттамасын талдайды;

Тілдік мақсаттар.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Процессор – процессор- Central Processing Unit (CPU)

Транзистортранзистор - transistor

нано-метрнано метр - nano-meter

техпроцесс – техпроцесс - tehprocess

арифметикалық-логикалық құрылғы- арифметико-логическое усторйство – arithmetic and logic unit

жад – память- memory

Құндылықтарға баулу

-Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

- сын тұрғысынан ойлау;

-қарым – қатынас жасау қаблеті.

- Индустрияландыру мен инновацияларға

негізделген экономикалық өсу

Пәнаралық байланыс

ағылшын тілі пәнімен : CPU( Central Processing Unit), GPU

физика пәнімен: процессор кристалы, транзистор өлшесі, техпроцесс, нанометр өлшемі

химия пәнімен: алюминиймен қапталған өткізгіш

математика: метр, диаметрі


Алдыңғы білім

Ақпарат көлемін қалай өлшеуге болатынын біледі. Ақпаратты өлшеудің алфавиттік тәсілін біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері.

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


7 мин.

Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын түгендеу, зер салу.

-Сыныпты «Пазл құрастыру» арқылы екі топқа бөлу.(ортаға жүйелік блок пен аналық тақшаның суреттерінің қиындылары қойылады. Оқушылар таңдаған сурет қиындыларын біріктіру арқылы топтарға бірігеді).

«Миға шабуыл» әдісімен үй тапсырмасын сұрау.

Әрбір символ 1 байтпен кодталады деп есептеп, мына сөйлемдердің ақпараттық көлемдерін есептеңдер.

І топ . «Компьютер электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын қабылдайды. Сигналдар нөл және бір сандары арқылы қабылданады. Олар бит деп аталады. Компьютердің ең негізгі құрылғысы – процессор болып саналады.»

ІІ топ. « Ақпараттық   процестерді зерттейтін  ғылым   информатика   деп  аталады.  Ақпаратық   процесті  жүзеге  асыратын  негізгі   құрылғы  компьютер   деп аталады. Компьютер енгізу және шығару құрылғыларынан, мәліметтерді өңдейтін – процессордан т.б. құрылғылардан тұрады.»

ҚБағалау: топтар бірін-бірі бағалайды


Оқушылардың мәтіндер бойынша білгендерін талдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыз: «Процессор және оның сипаттамалары»

Сабақ мақсаты хабарланады.



қағаздар





үлестірме карточкалар, таныстырылым

Сабақтың ортасы

Білу

Түсіну

12 мин.










Қолдану


5 мин





















Талдау


5 минут







Жинақтау


5 минут

«Ой қозғау» әдісі арқылы видеоүзінді көрсетіледі. /жаңа тақырыпқа ой қозғау мақсатында/

1-тапсырма (Ж); (Т);

1-топ – «Процессор» (Процессордың атқаратын қызметі )

2-топ –«Аналық тақша» (Процессордың негізгі сипаттамалары.)

Жеке оқулықтан өздері оқиды,топта талдайды,постерге түсіреді,қорғайды.

Дескриптор:

- Тақырыпты түсінеді, ойын жеткізе біледі.

- Процессордың қызметін біледі.

- Процессордың негізгі сипаттамаларын біледі

2-тапсырма. Жұптық жұмыс

А деңгейі

«Кестені толтыру» әдісі

Айдын компьютерлік ойын орталығын ашуды жоспарлады. Ол орталық серверге және компьютерлерге екі түрлі процессор орнатып, жұмыс өнімділігін салыстырып көргісі келді. Ойын компьютеріне және серверге арналған процессорларды дұрыс таңдауға көмектесіңіз, себебін түсіндіріңіз.

Процессор моделі

Таңдау себебі

Intel Celeron




Intel I7





Дескриптор: - процессор модельдерін біледі.

- процессор модельдерін ажырата

біледі.

3-тапсырма (Ж)

Б деңгейі

Тест алуға арналған онлайн ресурс Learning app’s программасында тест тапсырмаларын орындау.

Процессор сипаттамаларының техпроцессі

Дескриптор: Білім алушы процессор сипаттамаларын біледі, тест тапсырмаларын орындай біледі.


С деңгейі

«Ромбтық» жіктелім әдісі.

Тақырып бойынша элементтерді жинақтау. Және оны ромбқа салып, түсіндіру.

Дескриптор: Білім алушы қарапайым білім беру деңгейіндегі процессордың ең маңызды қызметтерін және сипаттамаларын толық біледі.


https://www.youtube.com/watch?v=4NsuL08WiNA


А3 форматтағы қағаз, маркерлер







ҚБағалау: «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.




Үлестірмелі карточкалар












ҚБағалау: «Екі жұлдық, бір тілек».




Интерактивті тақта


https://learningapps.org/display?v=pgnid98t518


А4 қағаз, Ромбтық жіктелім суреті









ҚБағалау: «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.




Сабақтың соңы


6 мин.

Кері байланыс.

«Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жасау

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта, жұпта қалай жұмыс жасадым? Қімге көмектестім?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?


Үй тапсырмасы: «Процессор және оның атқаратын қызметтері» тақырыбына MS Power Point программасында таныстырылым дайындау.



А4 форматтағы қағаз


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.АКТ қолданудағдысы.


Блум таксономиясы бойынша деңгейлік тапсырмалар құрастырдым.

А деңгейнде

  • «Кесте толтыру» әдісі

Ғаламтор желісіннен мәлімет ала отырып, процессор түрлерін анықтайтын кестені толтыру

Б деңгейінде

  • Learning app’s программасында тест тапсырмаларын орындау. Процессор сипаттамалары

С деңгейінде

  • «Ромбтық жіктелім» әдісін қолдану.

Оқушыларды топқа бөлу үшін «Пазл құрастыру» әдісін, үй тапсырмасын сұрау үшін «Миға шабуыл» әдісін, «Кесте толтыру» әдісі, жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындаттым

Сабақ басынан соңына дейін әр орындалған жұмысты қалыптастыушы бағалаумен бағалаймын. Қалыптастырушы бағалау баланың алға жылжуына әсері орасан зор.

«2 жұлдыз, 1 тілек», дескриптор арқылы бағалау, ауызша мадақтау, ынталандыру, смайликтер бойынша қалыптастырушы бағалауды іске асыру.

Сабақ соңында «Бес саусақ» рефлексивтік нысана арқылы оқушы алған білімінің, белсенділігінің деңгейін өзі бағалайды


Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталып, оқушы жас ерекшелігіне қарай компьютердегі жұмыс істеу уақыты шектелді. Сергіту жаттығңулары жасалынды.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Процесор және оның сипаттамалары

Автор: Новрузбайқызы Жансая

Дата: 17.01.2019

Номер свидетельства: 495810


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства