kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Программалы? ?амтамасыз етуді? жалпы сипаттамасы ж?не жіктелуі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Информатикадан 5-сынып?а арнал?ан саба? жоспары. Та?ырыбы: "Программалы? ?амтамасыз етуді? жалпы сипаттамасы ж?не жіктелуі". Саба? жоспары стандарт?а с?йкес ??рыл?ан. жоспарда тест ж?мысы, ж?не жа?а саба?, та?ырыпты бекітуге арнал?ан де?гейлік тапсырмалар бар. Жоспарды саба? барысында пайдалану?а болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Программалы? ?амтамасыз етуді? жалпы сипаттамасы ж?не жіктелуі. »

Сынып 5.

Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: программалық қамтамасыз ету туралы оқушыларға жалпы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: өздігінен ізденуге, жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сынып тыныштығы мен тазалығын қадағалап, оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

§6,7. 39-58 бет оқу берілген болатын. Үй жұмысын тексеріп қорытындылайық.

Тест тапсырмасын орындау.

І нұсқа.

  1. Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді?

  1. Процессор

  2. Принтер

  3. Дискжетек

  4. Жедел жады

  1. Компьютерде деректерді сақтау үшін керек құрылғы.

  1. Жады

  2. Процессор

  3. Дискжетек

  4. Монитор

  1. Нені өшірсек компьютер жұмыс істей алмайды?

  1. Дискжетек

  2. Жедел жады

  3. Тышқан

  4. Принтер

  1. Ақпарат компьютердің қай құрылғысында өңделеді?

  1. Пернетақта

  2. Монитор

  3. Сыртқы жады

  4. Процессор

  1. Ақпаратты енгізу құрылғысы?

  1. Процессор

  2. Принтер

  3. Пернетақта

  4. Компьютердің жады.

  1. Графикалық ақпаратты (суреттер, сызбалар және т.б.) қағаздан компьютерге енгізу құралы:

  1. Сканер

  2. Принтер

  3. Монитор

  4. Пернетақта.

  1. Төменде көрсетілгендердің қайсысы компьютердің шығару құрылғысы?

  1. Сканер

  2. Пернетақта

  3. Тышқан

  4. Принтер.

  1. Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет?

  1. Монитор

  2. Колонкалар

  3. Сканер

  4. Микрафон

  1. Артығын көрсетіңдер:

  1. Сканер

  2. Тышқан

  3. Пернетақта

  4. Процессор.

  1. Микрофон, сканер, тышқан қатарын төменде көрсетілгендердің бірімен (мазмұны бойынша) аяқтаңдар:

  1. Пернетақта

  2. Жүйелік блок

  3. Дыбыс құлақтығы

  4. Монитор.

ІІ нұсқа.

  1. Компьютерде дыбыстармен жұмыс істеу үшін ... керек?

  1. Дыбыс картасы

  2. Желі картасы

  3. Видеокарта

  4. Процессор

  1. Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:

  1. Alt

  2. Tab

  3. CapsLock

  4. NumLock

  1. Орыс тілінде «,» белгісін жазу үшін нүктесі бар пернемен бірге қай пернені басу керек?

  1. Shift

  2. Alt

  3. Tab

  4. Ctrl

  1. Мәтін тергенде сөздердің арасында қандай пернені басады?

  1. Бос орын (пробел)

  2. Alt

  3. Tab

  4. Ctrl

  1. Enter пернесі не үшін керек?

  1. Енгізу

  2. Курсорды жылжыту

  3. Қосымша цифрлық пернетақтаны алмастыру

  4. Бас әріптер режимін алмастыру.

  1. Винчестер дегеніміз:

  1. Жұмсақ диск (дискета)

  2. Қатты диск

  3. Лазерлік диск

  4. Флешка

  1. Заманауи ақпарат тасығыштардың қайсысының көлемі ең үлкен?

  1. Жұмсақ диск (дискета)

  2. Қатты диск

  3. Лазерлік диск

  4. Флешка

  1. Принтер қандай құрылғы?

  1. Бір компьютерден басқасына ақпарат таситын

  2. Графикалық ақпаратты енгізетін

  3. Ақпаратты қағазға басып шығаратын

  4. Деректер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайтын

  1. Орындалатын кезде программа қайда сақталады?

  1. Видеожадыда

  2. Жедел жадыда

  3. Қатты дискіде

  4. ТСҚ-да

  1. Қайсысы ақпарат тасығыш емес?

  1. Қатты диск

  2. Лазерлік дискілер

  3. Флеш-жады

  4. Процессор.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Алдыңғы тарауларда біз адам өмірінде компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін қарастырдық. Бүгінде компьютер қолданылмайтын сала кемде-кем. Бұған түрлі программалық жабдықтаманы қолдану арқылы қол жетті. Программалық жабдықтамасыз компьютер – тек микротәсілдер жиыны ғана.

Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық жабдықтамасын (ПЖ) құрайды.

Программалық жабдықтамалар өздерінің қызметі бойынша түрлі топтарға бөлінеді.

Жүйелік программалық жабдықтама.

Компьютер іске қосылған соң, ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.

Жүйелік ПЖ-ға мына программалар жатады:

  1. Операциялық жүйе (мысалы, Windows). Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орынының директорымен салыстыруға болады.

  2. Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа - драйвер керек. Драйверді – құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады. Кең тараған құрылғылардың драйверлері операциялық жүйелердің құрамына енген.

  3. Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.


Қолданбалы программалық жабдықтама

Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы.қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар (мәтіндік редактор немесе процессор), фотографияларды қарау (графикалық редакторлар), Интернет желісіндегі жұмыс (шолушы программалар - браузерлер) болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.

Кез келген компьютерде мәтінмен, кестелермен, тұсау – кесерлермен, суреттермен жұмыс істеуге қажетті офистік қосымшалар орнатылады.

Интернет желісінде жұмыс істеу үшін желілік қосымшалар пайдаланылады. Оларға әртүрлі браузерлер (сайттардың мазмұнын қарайтын программалар), пошталық программалар және басқалары жатады.

Компьютердің үлкен көлемді ақпаратты сақтау мүмкіндігінің арқасында дерек қорлары, анықтамалықтар және энциклопедиялар сияқты қолданбалы программалар да орын алған.

Кейде сканердің көмегімен қағаздағы мәтінді компьютерлік программаларға көшіру қажеттілігі туындайды. Осы мәтіннің мәтіндік форматтағы нағыз құжатқа айналуына арнайы мәтіндерді тану программалары көмектеседі.


Программалау жүйелері


Жаңа программалар – олар операциялық жүйелер болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, программалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды.

Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.

Операциялық жүйесіз тұтынушыға компьютермен жұмыс істеу қиын болар еді. ОЖ әртүрлі құрылғылардың жүйелік блоктың ішіне орнатылуымен де сыртына қосылуымен де байланысты міндеттерді орындайды.

Операциялық жүйені компьютердің қатты дискіне компьютер сататын фирмалар орнатады. Қазіргі кезде операциялық жүйесіз компьютерлерді сатып ала алмайсың. Компьютер іске қосылғанда ОЖ жедел жадыға жазылады да, онда компьютер өшірілгенге дейін сақталып қалады.



Бұл үдеріс операциялық жүйенің жіктелуі деп аталады.

  1. операциялық жүйе;

  2. драйверлер;

  3. утилиталар

Программалық жабдықтама (ПЖ)

Жүйелік (ПЖ)

Программалау жүйелері

Қосымшалар

  • офистік қосымшалар;

  • деректер қоры;

  • желілік қосымшалар;

  • оқытушы программалар;

  • энциклопедиялар, анықтамалықтар;

  • мәтінді тану программалары;

  • шетел тілдерінен аударушы-программалар;

  • ойындар.




























IV. Сабақты бекіту.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

А деңгейі.

Адамдарға қандай программалық жабдықтама қажет екенін көрсетіңдер (тиісті бағанға «+» белгісін қойыңдар).

Жағдай

Жүйелік ПЖ

Қосымшалар

Программалау жүйелер

1-нұсқа

Сәулетші жаңа тұрған үй кешенінің пішінін жобалайды




Банк қызметкері банк желісі үшін жаңа қосымша жазады




Фотограф қала көріністерін түсіру нәтижесінде алған суреттерді өңдейді




2-нұсқа

Тілшілер жақында өткен мереке туралы ақпарат жинайды




Жасөспірім Интернеттегі сүйікті ойынын қолдайтын сайт құрады




Бірінші сынып оқушысы әріптерді компьютерлік программа көмегімен үйренеді




3-нұсқа

Супермаркет сатушысы сатылған тауар туралы деректер енгізеді




Дәрігер электрондық деректер қорына жаңа түскен науқастың ауыру тарихын жазады




Жаңа көпір салушылар компьютерде құрылған модель көмегімен оның беріктігін зерттейді





V. Үйге тапсырма беру.

§8. 59-63 бет оқу. 66 бет бақылау сұрақтары.

VІ. Қорытындылау, бағалау.

Тақырып бойынша алған білімдерін тексеріп, тиісті бағаларын қоямын.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Программалы? ?амтамасыз етуді? жалпы сипаттамасы ж?не жіктелуі.

Автор: Ильясова Маржан Байбатыровна

Дата: 21.11.2014

Номер свидетельства: 133849


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства