Күні: 21.10.16 | Сабақ реті: 8.8 | Пәні: Информатика | Класы: 7 «А, В, Г, Д |
Сабақтың тақырыбы: Программалау тілдері |
Мақсаты: «Алгоритм» сөзі, программа, алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымдарын үйрету. Алгоритм жазу түрлерін, алгоритмдік және программалау тілдерін, символдардың жіктелуін меңгерту; Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, өз ойларын жеткізе алуға баулу; Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, білім, біліктерін дамыту. |
Жалпы ережелер | Сабақтың типі: Аралас сабақ Жұмыс формалары: жеке, жұппен, топпен. Әдістері: «Өрмекші торы», , «Екі жұлдыз, бір тілек». Жабдықтары: компьютер, слайдтар, проектор. |
Күтілетін нәтижелер: | Алгоритм және программалау тілдері ұғымдарын меңгереді; Алгоритмді жазу түрлерін ажырата алады; Салыстыру белгілері, логикалық амалдардың, арифметикалық амалдардың программалау тілінде жазылуын ажыратады. |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру | «Сәлемдесу» стратегиясы Оқушылармен "сәлемдесу" ойынын ойнау. Топқа суреттері бар қағаздар арқылы топқа бөлемін. | Мұғаліммен амандасып, бір-бірімен ойын арқылы амандасады. Сурет бойынша топқа бөлінеді | Үлестірмелер |
Қызығушылықты ояту | "Өрмекші торы" стратегиясы. Оқушылар бір - біріне жіпті беріп, сұрақ қояды. | Өткен тақырыпты қайталау сұрақтарына жауап береді. | |
Мағынаны тану | «Джигсо» әдісі арқылы 2 топқа мәтін бөліп беріледі. 1-топ. Программалау-алгоритмді жазудың формалды тәсілі.. 2-топ: Паскаль программалау тілінің алфавиті және синтаксисі. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс. А, В, С деңгейлері | Оқушылар мәтінді мұқият оқып, постер қорғайды. Компьютерде деңгейлік тапсырмаларды орындайды | Плакат, маркер |
Ой толғаныс | Жаңа тақырып бойынша тест жұмысын орындату. | Оқушылар тест жұмысын жеке орындайды. | Оқулық |
Рефлексия | «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша талқылау | Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа іледі | Ағаш суреті |
Үйге тапсырма | §8. Программалау тілдері. | Мазмұнын айту. | |
Бағалау | Ынталандыру жетондары арқылы бағаланады. | |