Просмотр содержимого документа
«Практикалы? ж?мыс »
№235 орта мектеп
Тақырыбы:
«ҚАЙТАЛАУ САБАҚ»
Пән мұғалімі: Мырзаева М.С.
Сыныбы: 7А
Қызылорда қаласы, 2014 жыл
24 желтоқсан
Сабақтың тақырыбы: «Қайталау сабақ »
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру, берілген тапсырмаларға бағдарламалар дайындау, нәтижесін алу, оқушылардың алған білімдерін арттыру, жүйелеу, блок-схема және бағдарлама құру практикалық білімдерін тексеру; Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу, алган білімдерін бағдарлама құруда еркін қолдана білуге үйрету. Жаңа заман ағымына сай компьютерлік біліктілік қорларын өз беттерімен жетілдіре отырып, берілген жұмыстарды орындату арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқушылардың өткен тараулар бойынша алған білімдерін жинақтау, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде бағдарламамен жұмыс жасауда, әр-түрлі амал-тәсілдер арқылы алған білімдерін практикада қолдана білуге, интерактивті тақтаны еркін пайдалана білуге, ой – өрісін танымдылық қабілетін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптасытру Сабақтың түрі : Қайталау сабағы Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: оқулық, жұмыс дәптері, электрондық оқулық, PowerPoint бағдарламасы. Көрнекілік: интерактивтік тақта, плакат, суреттер, бейнероликтер
Ұйымдастыру бөлімі Топқа бөлу Постер арқылы топты қорғау
Есеп шығару Жұмбақ шешу
Блок- схема құрастыру
Мақал-мәтел айту Қорытынды Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Ал енді сабақта бәріміз түгел болсақ, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы өздерін көріп отырғандай алгоритм және паскаль программалау тілін қайталау, яғни сендер бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бойынша қандай мақсат қоюға болады.
Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өтейін отыр, өйткені топқа бөлініп топпен жұмыс жасаймыз. Ол үшін менің қолымдағы үлестірмелерді таңдап алу арқылы топтарға бөлінесіздер. Үлестірменің ішінде жасырын сөз жасырылған , осы сөзді таңдау арқылы топқа бөлінеді. Тапсырмалармен таныстыру. Әр тапсырмалар мына төмендегі критерий бойынша бағаланады.
Ең жоғарғы балл 10(«5») (30 баллдан жоғары «5» пен бағаланады)
Орташа балл «7»(«4») (25 балдан жоғары «4» пен бағаланады)
Төменгі балл «5»(«3») (20 балдан жоғары «3» пен бағаланады)
Топтың
аты
Постер қорғау
Есеп шығару
Жұмбақтар
Блок-
схема
құру
Мақал-мәтел
Қортындылау
1-Тапсырма
Әр топ өзінің атына қарай постермен қорғайды.
(Постерге жазу 5 минут, қорғау 2 минут) - 7мин
2- Тапсырма
Есеп шығару 2 топқа:
5 минут
1 топтың есебі:
Ауырлық күшін табу программасын құрыңыздар
program ecep1;
var F,m,g:integer;
begin
Read(m,g); ;
F:=m*g;
writeln (‘F= ‘,F);
end.
2 топтыңесебі:
Заттың тығыздығын табу программасын құрыңыздар
program ecep2;
var p,m,v:integer;
begin
Read(m,v); ;
p:=m/v;
writeln (‘p= ‘,p);
end.
3- Тапсырма
Жұмбақтар
4- Тапсырма
Блок- схема құру
5- Тапсырма
Мақал-мәтел құру
Сергіту сәті : қазіргі заманауи технологияның дамуы туралы видеороллик көрсету
ІҮ. Қорытындылау критерий бойынша әр топ бір-бірін бағалап, қорытындысын шығарады.