Білімділік: Microsoft Power Point ба?дарламасын ?олдану ма?саты, оны іске ?осу мен ж?мысты бастауды ?йрету. Презентация ??руда слайдтармен ж?йелі ж?мыс жасау да?дыларын ?алыптастыру. Студенттерді? ?здеріні? жетістіктерін ?здеріне талдатып, ?здік ба?алау ?рекеттерін ?йымдастыру.
Дамытушылы?: ?ткен саба?тармен байланыстыра отырып PowerPoint 2007 ба?дарламасынны? ?олдану айма?ын аны?тауды, программаны іске ?осу мен компоненттерін ажырата білуді, ойлау ?абілеттерін кемелдендіру, жа?ашыл ?ылым мен техниканы? жетістіктерін пайдалану ж?не ?ндірістік жа?дайда ?з бетімен шешім ?абылдауды дамыту.
Т?рбиелік: ж?мыс берушілермен ?арым-?атынас негізінде ж?зеге асыру, жеке т?л?алы?: компьютерлік шеберлігін, іскерлік, т?ртіп м?дениеті, ?зара к?мек к?рсету, ?жымда ж?мыс істеу т?різді ?асиеттерді т?рбиелеуге ?мтылу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«PowerPoint программасына т?сінік»
Оқытушы: Абдураимова Р.А
Тақырыбы: PowerPoint программасына түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Microsoft Power Point бағдарламасын қолдану мақсаты, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету. Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Студенттердің өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.
Дамытушылық: өткен сабақтармен байланыстыра отырып PowerPoint 2007 бағдарламасынның қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен компоненттерін ажырата білуді, ойлау қабілеттерін кемелдендіру, жаңашыл ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану және өндірістік жағдайда өз бетімен шешім қабылдауды дамыту.
Тәрбиелік: жұмыс берушілермен қарым-қатынас негізінде жүзеге асыру, жеке тұлғалық: компьютерлік шеберлігін, іскерлік, тәртіп мәдениеті, өзара көмек көрсету, ұжымда жұмыс істеу тәрізді қасиеттерді тәрбиелеуге ұмтылу
Әдістемелік: арнайы пәндерді оқытуда дуалды оқыту жүйесінің элементтерін көрсету
Сабақтың типі: қалыпты дағдыларды меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту пішімі: дербес тұлғамен және ұжыммен жұмыс
Оқыту әдістері:сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, топпен жұмыс, тест, кластер, интерактивті әдіс, видео.
Пән аралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, сурет.
Құрал жабдықтар: ActivInspile интерактивтік тақта, дербес компьютер,
Сабақ барысы және уақытының өлшемі
№
Сабақтың кезеңдері
Уақыты
1
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
2
Үй тапсырмасын тексеру
8 минут
3
Жаңа тақырыпты жеткізу кезеңі
8 минут
4
Студенттердің өздік жұмысы
20 минут
5
Сабақ қорытындысы
3 минут
6
Бағалау
2 минут
7
Үй тапсырмасы
2 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу
2.Топты түгендеу.
3.Студенттердің назарын сабаққа аудару.
4. Студенттерді психологиялық дайындау
5.Студенттерді екі топқа бөлу. (Есіл, Сарыарқа ауданы)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
2.1. Тест (MyTestStudent бағдарламасында)
1. Гипертекст принциптерiнiң мәнiнде Интернет қызметi қандай?
А) World Wide Web
B) E-mail
C) телеконференциялар.
D) HTML
2. Интернет. Орыс тiлiнде сұрауға есептелген iздеу машинасының атын көрсетiңiз:
А) Sahoo
B) Alta Vista
C) Yandex.
D) Ru
E) Access
3. Қайта бiлiмдеу үшiн саны ақбараттар сигналдарында және байланыс телефон каналдарында қызмет жасалуының аталуы ... деп аталады.
А) антена.
B) телефон.
C) телетайп.
D) компьютер.
E) модем.
4. Интернет. WWW–парғын көруге қызмет ететiн бағдарламаның жалпы аталуы:
А) Usenet
B) Browser
C) E-mail
D) Newsgrup
E) Navigator
5. Компьютердi Интернет желісiне қосылуында қызметiн орындаушының аталуы:
А) провайдер.
B) домен.
C) брандмауэр.
D) сервер жиесi.
E) iздеушi жүйе.
6. Internet. Қаттама – бұл …
А) екi компьютердiң ақпараттармен ауысуда бiрiлгелiкте болуы туралы тәртiп.
B) электронды поштаны жеткiзудегi баяндама.
C) WWW-ке баяндау және тәртiп.
D) Интернет жиәсiне қосылудағы мәлiмет.
E) телеконференцияға енгiзудегi баяндама.
7. Компьютердiң қаблетiн беру және қабылдау анықтамасын қолдану үшiн, екi немесе бiрнеше компьютерлердiң қосылуы үшiн, бағдарламамен және берiлген тапсырықтардың бiрiккен жұмыстары үшiн. Компьютерлер ... арқылы қосылады.
А) Серверлi.
B) Жоғанған доступтың қосылуы.
C) Бiр рангтi желі.
D) Жергiлiктi желi.
Дұрыс жауабы жоқ
8. Компьютердiң қаблетiн беру және қабылдау анықтамасын қолдану үшiн екi немесе бiрнеше компьютерлердiң қосылуы үшiн бағдарламамен және берiлген тапсырыстардың бiрiккен жұмыстары үшiн компьютерлердiң бұлай қосылуы жергiлiктi желі деп аталады. Егер арнайы компьютер болмаса желінi қалай атайды.
А) Жоғалған доступтың қосылуы.
B) Жергiлiктi желі.
С) Бiр рангтi желі.
D) Глобальдi.
E) Интернеттi.
9. Компьютердiң қаблетiн беру және қабылдау анықтамасын қолдану үшiн, екi немесе бiрнеше компьютерлердiң қосылуы үшiн бағдарламамен және берiлген тапсырыстардың бiрiккен жұмыстары үшiн компьютерлердiң бұлай қосылуы жергiлiктi желі деп аталады. Егер желіде арнайы компьютер болса, компьютер қалай аталады?
А) Бiр рангтi.
B) Жергiлiктi.
C) Жұмыс станциясы.
D) Жоғанған доступтың қосылуы.
E) Серверлi.
10. Бiрнеше жергiлiктi желілердiң өзара қосылуының атаруы …
А) глобальдi желі.
B) интернет.
C) жоғалған доступтың қосылуы.
D) жұмыс станциялар.
E) бiр рангтi желі.
11.Барлық жергiлiктi желiлердiң жиынтығының өзара байланысының аталуы …
А) жоғалған доступтың қосылуы.
B) глобальдi желі.
C) интернет.
D) жұмыс станциялар.
E) бiр рангтi жие.
12. Компьютер қаттамасын қалай атайды? (Берiлген қаттамада жұмыс iстеушi, жалпы компьютерлердi түсiнетiн бұл жалпы команда «тiлi»).
А) TCP
B) TCP/IP
C) IP
D) WWW
Е) Топология.
13. Жергiлiктi желінiң конфигурациясы қалай аталады?
А) WWW
B) TCP
C) IP
D) Топология
Е) TCP/IP
14. IP–мәзiрiндегi (адрес) мекеме қалай аталады …
А) шлюзер.
B) брандмауэрлер.
C) провайдерлер.
D) домендер.
E) Топология.
15. Арнайы тiлде (электрлi) құжаттар тақырыбын пішімдеу:
А) HTML
B) FORTRAN
C) PASCAL
D) BASIC
E) FOTON
2.2. Сөзжұмбақ
Internet- миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізуге және түрлі амалдармен қатынас жасауға мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен ең танымал желі.
ІСQ-интернет желісінде адамдардың тегін қарым-қатынас жасауы үшін тегін таратылатын бағдарлама.
Ethernet — Кең тарататын жүйе. Бұл жүйенің барлық станциялары алады деген сөз
HTML- WEB-беттерді жасау құралдары
Modem– компьютерлерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы
Provider- ұйымдар мен жеке тұлғаларға интернет қызметтерін ұсынатын компания.
Yandex- Интернетте алуан түрлі ақпараттарды –іздеу порталы
Brawser – Интернет. WWW-парғын көруге қызмет ететiн бағдарламаның жалпы аталуы:
Chat-желінің өзге қатынаушыларымен шынайы уақыт режімінде тілдесуге мүмкіндік беретін.
ІІІ. Жаңа сабақ.
PowerPoint программасына түсінік
Берклинің университетінің студенті, Боба Гаскинса (Bob Gaskins), бұл жазу-сызудың интерактивті материалының ғасыры жолға қойыла бастады деп PowerPoint ой 1984 жылы
Ал 1987 жылы Microsoft фирмасы Forethought бағдарламасын 14 млн долларға сатып алды.1990 жылы Windows.операциялық жүйесінде шықты. осы жылы Microsoft Office-те қолданбалы бағдарламалар тобында жарыққа шықты Қазіргі таңда 2002,2003,2007,2010,2013 версиялары бар.
MS PowerPoint –көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Көрме-сіздің қандайда бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы.
MS PowerPoint-тың негізгі міндеті-ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.Көрме-бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірленген слайдтардан түратын қысқа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. PowerPoint көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедиа пәрмендерін қосуға мүмкіндік береді.
Power Point бағдарламасы – электронды презентация (слайд-шоу) құруға арналған. Бағдарламаның әрбір презентациясы слайдтар жиынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған объектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Power Point бағдарламасын мына әдістердің бірімен іске қосуға болады:
1) Меню арқылы Бастау батырмасы – Бағдарламалар - Microsoft Power Point;
2) Қолданушы тышқанның оң жақ батырмасын басып, Создать – Презентация Microsoft Power Point.
Power Point-та кез келген презентация жасау мынадай әрекеттер тізбегін орындаудан тұрады:
1. Презентация құру, тексті енгізу және редакторлеу, слайдтардың кезектесуін реттеу.
2. Презентация жоспарын құру. Жоспарды қажетіне қарай өзгерту.
3. Қажетіне қарай жеке слайдтарды форматтау.
4. Презентацияларға объектілер қосу.
5. Презентацияларға ауысуды, анимацияларды, эффектілерді, сілтемелерді қолдану және өзгерту.
6. Үлестірмелі материалды және баяндамашыға арналған ескертулерді әзірлеу.
7. Слайдаралық уақытты анықтау және қолдану.
8. Презентацияны демонстрациялау.
ІІ. Ағымды нұсқау (Өздік жұмыс):
PowerPoint терезесінің жоғары жағы елеулі өзгерістерге ең көп ұшыраған аймақ болып табылады. Әдетте көріп жүрген мәзірлер мен құралдар тақталарының орына бұл жерде топтарға реттелген көптеген өте көрнекі пәрмендері бар ұзын таспаны көруге болады.
Бұл таспа деп аталады және ол — көрмелерді жасауға арналған басқару орталығы. Оның жасақтамасы бойынша бұрынғы дағдыларды алып, құлымдарының толық мәліметтерін қарайсыз, сонда оларды пайдалану оңай болады.
PowerPoint 2007 бағдарламасының пернелер тіркесімдері, жылдам қатынау тақтасы және тағы басқалар сияқты басқа жайттары туралы көбірек мәліметтерді тауып алыңыз.
Таспаның бірінші қабаты немесе қойындысы ең көп пайдаланылатын пәрмендер жинағы және Басты қойынды деп аталады. Түймешіктер түрінде көрсетілетін осы пәрмендер ең жиі қолданылатын көшіру мен қою, слайдтарды қосу, слайд орналасуын өзгерту, мәтінді пішімдеу мен орналастыру және мәтінді табу мен ауыстыру сияқты тапсырмаларды қолдайды.
Таспада басқа да қойындылар бар. Қойындылардың әрқайсысы көрмені жасау барысында орындалатын жұмыстар түріне арналған. Әр қойындыдағы түймешіктер логикалық топтарға бөлінген. Әр топтағы ең көп пайдаланылатын түймешіктер өлшемдері бойынша ең үлкендері болады. Пайдаланушымен бұрынғы нұсқаларда сұралған, бірақ табылмаған жаңа пәрмендер енді көзге көрінетіндей етіп жасалған.
Таспа бірнеше қойындылардан жасалады. Басты қойындылары:
«Кірістіру» қойындысы Бұнда слайдқа орналастырылуы мүмкін барлық элементтер - кестелерден, суреттерден, диаграммалардан, және мәтін ұяларынан бастап, дыбыстарға, еренсілтемелерге, үстіңгі деректеме және төменгі деректеме бар.
«Жасақтау» қойындысы Өң жасақтамасын, қаріптерді және түсті схемаларды қамтитын слайдтың кемел көрінісін таңдаңыз. Одан кейін сол түрді теңшеңіз.
«Қимылдану» қойындысы Барлық қимылдану әсерлері осы жерде жинақталған. Тізімдерге немесе диаграммаларға негізгі қимылдануларды қосу енді әлдеқайда оңай.
«Слайдтарды көрсету» қойындысы Бастау үшін түсті қарындашты немесе нақты бір слайдты таңдаңыз. Жазба мәтіні, көрсетуді іске қосу және басқадай дайындық элементтері.
«Сараптау» қойындысы Емлені тексеру мен анықтамалық материалдар қызметін осы жерден таба аласыз. Егер тобыңызға көрмені қарап шығу үшін түйін жасап, одан кейін сол аңғартпаларға шолу жасау қажет етілсе, осында кіріңіз.
«Көрініс» қойындысы Ескерімдер бетінің көрінісіне жылдам ауысуды, тор сызықтарын қосуды немесе ашық тұрған барлық көрмелеріңізді терезеде үйлестіріңіз.
PowerPoint жаңа көрмені автоматты түрде жаңа пішімде сақтайды. Файл қандай пішімде сақталғандығын Басқаша сақтау тілқатысу терезесінен қарай аласыз. Microsoft Office түймешігі мәзірін басып, мәзірде Басқаша сақтау параметрін таңдаңыз.
Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде Басқаша сақтау түрі жолағын қараңыз: Жаңа файл пішімі бұнда әдепкі болып табылады. Ол PowerPoint көрмесі деп аталады.
Ескерім Егер файл атауының кеңейтімін көру үшін Microsoft Windows бағдарламасын орнату қажет етілсе, (файл атауындағы әріптер нүктеден кейін тұрады), файл түріне арналған файл атауының кеңейтімін келесі түрде де көруіңіз мүмкін: PowerPoint Көрмесі (*.pptx). Соңындағы "x" әрпі оның PowerPoint 2007 файл екендігін білдіреді.
ІV. Тәжірибелік жұмыс
Слайд шоудың негізгі мақсаты - кез келген ақпаратты оңай, көркем түрде жеткізу, көрсету.
4.1.Тапсырмалар. Power Point бағдарламасында әр студенттің компьютерлеріңіздің жұмыс үстелінде орналасқан “Туризм” деген папка дайын фоталарды пайдаланып, «Астана» туралы 3- 5 секунттық жарнама ролик дайындаңыз
1.Microsoft Power Point бағдарламасы жүктеу.
Бағдарламадан Пуск Microsoft Office Microsoft Power Point тауып аламыз. Бағдарлама мына түрде ашылады:
2. Бас менюдің жоғарғы жағындағы Макет батырмасын басып, өзіңізге ыңғайлы деп тапқан шаблонды таңдаңыз.
3.Туримз папкасындағы сурет қою керек. Ол үшін таудың суреті бейнеленген батырманы басу арқылы фотоны көшіреміз
4.«Жасақтау» қойындысы Өң жасақтамасын, қаріптерді және түсті схемаларды қамтитын слайдтың көрінісін таңдаңыз.
.
Дайын болған слайдтты бүкіл экран бетіне үлкейтіп көрсету үшін пернетақтаның жоғарғы жағында орналасқан F5 немесе Слайдттарды көрсету (показ слайд) қойындысындағы батырмасын басыңыз
Файлды Astana.pptx деп сақтаңыз.
4.2. Көзге арналған жаттығу. Microsoft Power Point бағдарламасында жасалған көзге арналған жаттығу.
4.3.Жарнама жасау (Интерактивті әдіс).
Астана қаласының Есіл, Сарыарқа аудандары бойынша туристік агенттің жарнамасы
V. Қорытындылау. Кластер құру. (PowerPoint программасына )
VІ. Бағалау. Топ спикері қарсылас топтағы студенттерді бағалайды.
VІ. Үйге тапсырма
1. К.Б. Есекеев ҚР ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу –әдістемелік құрал. 92-98 беттер конспекті жазу.
2. Шығармашылық жұмыс. «Қазақстандағы қалаларға экскурсия» тақырыбына презентация жасап келу.